Ей, перзентім , есіңде болсын, жаман істерден өтіріктен , қанағатсыздықтан ұял ; тура сөз,ізгі тілек , жақсы бастамадан ұялма. Үмітсіздіктен сақтан , жақсылықтан үмітіңді үзбе , жақсы сөздерді айтуға әдеттен. Бұл шығыс педагогі Қайқауыстың айтқан сөздері
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Әдептілік - әдемілік»
Сабақтың тақырыбы : Әдептілік - әдемілік
Сабақтың мақсаты : Жас жеткеншіктерге білім бере отырып, жан –жақты өз елін сүйетін, ата –анасын сыйлайтын , бала бойынан әдептілікті , мейірімділікті , қазақ халқының салт- дәстүрін тани алатын әдепті баланы тәрбиелеу.
Мұғалім: Ей, перзентім , есіңде болсын , жаман істерден өтіріктен , қанағатсыздықтан ұял ; тура сөз ,ізгі тілек , жақсы бастамадан ұялма . Үмітсіздіктен сақтан , жақсылықтан үмітіңді үзбе , жақсы сөздерді айтуға әдеттен . Бұл шығыс педагогі Қайқауыстың айтқан сөздері.
«Адамның бір қызығы бала деген» - халқымыз тегін айтпаған . Шыр етіп бала дүниеге келгенде бөркін аспанға атып , қуанбаған жан бар ма? Сол дүниеге есігін ашқан сәбиге берілетін тәрбие отбасынан басталады. Енді сөз кезегін Асыл анамызға береміз.
(Ортаға ақ жаулықты ана шығады)
Асыл ана:
Қандай ана болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. «Ана үйдің берекесі, бала үйдің мерекесі», «Бала болсаң болғандай бол, айналаңа қорғандай бол» деген қағиданы берік ұстанған ата - бабаларымыз өз ұрпағын азамат деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Шырақтарым әдепті болыңыздар, ақылды болыңыздар.
Арай: Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ – табақты.
Жанар: Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны оң қолмен.
Нанды үгітпе ,қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Марат:
Салма аузыңа инені,
Үзбе жұлып түймені .
Ашуланбай ,долданып,
Жауап бергін ойланып.
Ару:
Ашуланып, долданып,
Жауап бергін ойланып.
Құр бекерге бұртима.
Болмашыға қылтима.
Саят:
Іштарлыққа жол берме,
Бақталастық білдірме.
Мақсат қоймай алдыңа,
Қыдырып құр, қаңғырма.
(«Болайықшы осындай» әні орындалады.)
Әдепті сөз .
-Кешіріңіз, ата кешігіп келдім....
-Айыбы жоқ, балам, «Жолаушының жолы біледі» деген.
-Ғафу етіңіз, Сізге сыйлайтын сый – сыяпатым да көңілдегідей емес.
-Оқасы жоқ, ботам! Маған инабатың мен ілтипатың бәрінен де қымбат.
-Қош келдіңіз! Қуаныштымын, - дедім мен.
Әдептілік: Ы.Алтынсарин.
Оқымысты кісі бір бай кісімен сөйлесіп тұрады. Оқымысты кісіге өтіп бара жатқан жарлы адам сәлем береді. Әлгі оқымысты да иіліп, сәлем береді. Сонда қасындағы бай тұрып:
-Тақсыр сонша біліміңіз бар ғалымсыз,осыншама бір бейшараға сәлем бергеніңіз қалай , - деп сұрапты.
Сонда ғалым кісі тұрып:
-Ешбір ғылым, білім үйренбеген кісі сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде менің оған әдепсіз болып көрінгенім лайықсыз болар ,- депті.
Сәлем беру де - парыз,
Сәлем алу да – парыз.
Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді .
Тегінде , әдеп, адамшылық амандасудан басталады.Сәлемдесудің мәні – ең алдымен бетпе – бет ұшырасқан сәттегі үнсіздікті жою, өздерінің аман - есен дидарласып тұрғанына қуану, ниеттерінің ақ , адал таза екенін білу.
(«Біз бақытты баламыз» әні орындалады.)
Мақал –мәтелдер.
Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік.
Жақсы мінез – жан азығы.
Әдептілік, ар – ұят – адамдықтың белгісі.
Асылдың сөзі – ақылдың кені.
Әдепті бала өсірсең , ауылдың абыройы.
«Сіз» деген әдеп, «біз» деген көмек.
Балалар не істеуге болмайды?
Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.
Кішкене баланы жылатуға болмайды.
Ағашты жұлуға болмайды.
Әдепсіз сөздерді айтуға болмайды.
(«Не деу керек?» әні орындалады)
«Не істеу керек?»
Үлкен кісіні сыйлау керек.
Кішілерге – қамқор болу керек.
Үлкендердің тілін алу керек.
Ұстаздың айтқанын тыңдау керек.
Сәнім:
Бізге ақылды, адалдықты , кішіпейілділікті, шыншылдықты үлкендер үйретеді.Ол біздің ата – аналарымыз , ақ сүт берген анамыз.
Олжас:
Әдепті, ақылды балалар қандай болу керек екеніне біздер көз жеткіздік.
Сапар:
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
Мұғалім:
Міне, балалар , сабағымызда аяқталуға жақын қалды.
Ата – асқар тау.
Ана – бауырындағы бұлақ.
Бала – жағасындағы құрақ, деген нақыл сөздер бар.Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады.
Ей, перзентім , ата –анаңды ешқашан ренжетуші болма...Олардың көңіл күйіне қаяу салып, қапаландырмағын. Сен ата – анаңа не істесең , саған перзентің де соны жасайды. Қайқауыс.
Асыл ана: Балаларым, мен сендерге ризамын.Әдепті болу – адамгершілік қасиет.Әдептілікті, әдемілікті ең бірінші өз араларыңыздан іздеңіздер дегім келеді.