kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Біз -тәуелсіз елміз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың өз Отанын, елін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Біз -тәуелсіз елміз»

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

№20 ЖОББМ

Газизова Айнур Кабдрахмановна

Тақырыбы : «Біз -тәуелсіз елміз»

   Әнұраным- жан ұраным,

   Айтар әнім- сөйлер сөзім.

   Туған жерім сағынарым,

   Алаңында ескерткіш орнатты. 

Мәңгі бақи шырқалады,

   Республика әнұраным.

    (Әнұран орындалады)

1991 жылы біздің еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап, тәуелсіз егеменді ел болдық. Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің «Тәуелсіз ел» атануы үшін ұзақ, талай қанды қырғынды, зорлық-зомбылықтарды көрді, қасірет шекті.

1986-шы жылы желтоқсан оқиғасы болды. Д. Қонаевтың зейнетке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды.  Көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті. Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына мұздай құрсанған солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылды. Қыз-жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Қайрат Рұсқылбеков, Ербол Спатаев, Лаззат Асанова Сабира Мұхаметжанова сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан талшыбықтай жастарымыздың өмірін көктей үзді. Арада бес жыл өткенде қыршын өлген жастарға



1-оқушы: Ильяс

Желтоқсан басталуы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір елесі. 16 желтоқсан! Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді.

Тәуелсіздік – баға жетпес бағымыз, 
Қымбаттан да, ең қымбатты барымыз. 
Тәуелсіздік – білектегі әліміз, 
Тәуелсіздік – жүректегі әніміз. 
Үлгі бізге аталардың ерлігі, 
Ұлағат, өнегесі, еңбегі 
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары, 
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі. 

2-оқушы. Каусар

Тәуелсіздік 11 әріптен құралған, 
Сан ғасырлар қазаққа боп арман. 
Талай дара, даналардың көз жасы,
Қанымен атты таң боп, бізге алдан. 
Тәуелсіздік – болашақтың бағдары, 
Тәуелсіздік – асулардың асқары.
Тәуелсіздік – адамдықтың белгісі, 
Тәуелсіздік – үлкен істің бастауы. 

3-оқушы: Салтанат  

Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық, Өзімізді құрсаудан да босаттық. Ақтадық біз ата-баба үмітін, Қолда қазір көк ту менен бостандық. Желтоқсанның қанды суық ызғары, Қалың әскер қазағымды қорлады. Тәуелсіздікті қолдаған жастардың Отан үшін табандары тозбады.



4-оқушы: Айгерім (Ағылшын тілінде)

5-оқушы: Арайлым(орыс тілінде)

6-оқушы:Айгерім

Тәуелсіздік тұғырына жету үшін,
Желтоқсанның жастары салды бар күшін,
Қанын төгіп, жанын қиды аямай,
Жанын қиды елі менен жері үшін.

Байлығы мол байтақ жерім кең,
Дүниедегі елу елмен керегең тең,
Осы күнге жеткен ұрпақ еңселі
Құтты болсын тәуелсіздік мерекең

7-оқушы: Жандос

Жаңа ғана қазағымның таңы атты 
Алу мақсат ел деп алғыс, сауапты. 
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам 
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты. 
Атыңнан айналайын, егеменді ел 
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер 
Мерейің құтты болсын тәуелсіздік 
Ғасырдың тойы болшы келе берер!

Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

«Жаса Қазақстан» әні жеке орындалады.

8-оқушы Нұржан:

Жүректе намыс оты сөнбейді

Кезінде ызғарына аяздың төзгендей-ақ

Түсінеміз,ұғамыз

Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.

Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!

Би: «Әке толғауы»

9-оқушы:

Тәуелсіз мемлекет, егеменді ел болудың қыруар қиындығы, ерекше жауапкершілігі мен қатар басты-басты белгілері бар екені мәлім. Солардың арасында елдің елдігін танытып тұратын айрықша  белгілер – рәміздер.

Олар: Ту, Елтаңба, Әнұран.

10-оқушы:

Рәміздерім – елдігімнің белгісі, Білу керек баладағы ең кіші. Қасиетін асқақтатар Отанның Рәміздерін ардақтайтын бар кісі.

Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы. «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу.

11-оқушы. 

«Қазақстан Жалауы» Көк аспандай көкпеңбек, Қазақстан Жалауы. Көк емес ол тектен тек. Елдің ашық қабағы. Ақ ниеті алтын күн, Асқақ арман қыраны. Жалауы бұл халқымның,

Мәртебесі, Ту ары.

12-оқушы:  

«Елтаңба»

Қатар шапқан қос тұлпар, Ай астында қазақ үй Қалықтаған жас сұңқар, Шарықтаған таза күй. Бұл таңбасы елімнің, Елдігімнің белгісі. Бейнелеп сан ғасырды, Елтаңбасы елімнің.

13-оқушы:

«Әнұран»
Әйгілісің әуеніңмен әлемге,
Әнұраным, пәктігіңді дәлелде.
Қазағыма қайсар шабыт бергендей,
Ұран болып айтыла бер әр елде

14-оқушы:

Кұтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!
Мықты болсын еліміздің керегесі.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
Әлі де шығар алаңға Отан үшін
Қарсы аққан өзеннен өтетіндер.
13-оқушы Жансая:

Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік таңдары
Бақ береді баршаға
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным!

Би: «Қаражорға»

16-оқушы:

Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың
Отан үшін табандары тозбады.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
Отан үшін олар шығып алаңға
Қарсы ағып өзендей тасқындаған.

Жеке орындауда: «Қазақстаным алға!»

17-оқушы:

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың.
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира,
Құрбаны болған жаланың. 
Мұғалім:- Жарайсыңдар, балалар. Біз, Қазақстанда тұрамыз, демек, Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан халқы. «Отан отбасынан басталады» деген мақал бар. Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар. Отан деген не? Қалай түсінесіңдер?

Оқушылар: Отан деген менің үйім, туған жерім.

Менің жүрегім Отан деп соғады. Ендеше, Топтастыру әдісін жүргізейік.

 

VI. Қорытынды сөз.

Мұғалім:

Атыңнан айналайын, егеменді ел,

Тәуелсіздік күнің туды, кенеле бер,

Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Барлығыңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып ашық аспан, жүздеріңізге күлкі, зор қуаныш шаттық тілейміз.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын демекпін.

-Қазақстан қандай ел?

Хормен:

Туымен – Тұғырлы,

Елтаңбасымен – Еңселі,

Әнұранымен – айбатты ел!

Ендеше балаларды ортаға шақырайық «Қазақстан» сөзіне мағлұмат берейік.

Қ – Қазағымыз аман болсын!
А – Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етем!
З – Заманымыз тыныш болсын!

А – Аман болсын Тәуелсіз елдің ұрпағы!
Қ – Қыран құстай биік болайық!
С – Сарыарқа даласындай кең болайық!
Т – Тәуелсіз ел туын көкке көтерейік!
А – Аман болсын Тәуелсіз қазақ елі!
Н – Намысты қолдан бермейік !
Хор: «Тәуелсіз елдің ұланымыз!»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Біз -тәуелсіз елміз

Автор: Газизова Айнур Кабдрахмановна

Дата: 12.01.2023

Номер свидетельства: 622911

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) ""Біз тәуелсіз елміз!""
    ["seo_title"] => string(18) "biz_t_uelsiz_elmiz"
    ["file_id"] => string(6) "493011"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1545891082"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(173) "Ашық тәрбие сағаты « Біз тәуелсіз елміз» және «Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік» кітап көрмесі"
    ["seo_title"] => string(80) "ashyk_t_rbie_sagaty_biz_t_uelsiz_elmiz_zh_ne_elimnin_erkindigi_t_uelsizdik_kitap"
    ["file_id"] => string(6) "598373"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1642666728"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "внеклассные часы "Т?уелсіз елді? ?ланымыз""
    ["seo_title"] => string(46) "vnieklassnyie-chasy-t-uielsiz-ieldin-u-lanymyz"
    ["file_id"] => string(6) "308039"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458491377"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Т?уелсіздікке тартуым""
    ["seo_title"] => string(23) "t-uielsizdikkie-tartuym"
    ["file_id"] => string(6) "287390"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454486512"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Тәрбие сағаты "Біз Тәуелсіз елміз""
    ["seo_title"] => string(32) "t_rbie_sagaty_biz_t_uelsiz_elmiz"
    ["file_id"] => string(6) "571501"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1611669652"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства