kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Т?уелсіздікке тартуым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Елімізді? е? басты мерекесі т?уелсіздік мейрамы к?н санап жа?ындап келеді. Б?гінгі бізді? 0 сыныпта?ы т?рбие са?атымызда осынау айтулы дата-т?уелсіздік к?ні ?арса?ында ?ткелі т?р ж?не осы мерекеге арналып отыр.
       Бізді? сыныбымыз о?ушылары мектепке дейінгі б?лдіршіндер бол?анды?тан ата-аналар да белсенді ?атынасып отырса іс-шараны? ма?ызы артып, б?лдіршіндеріміз Т?уелсіздік, Отан деген ??ымдарды тере?ірек т?сіне алады деп ойлаймыз. Сонымен барша?ызды келіп ?ал?ан т?уелсіздік мерекесімен ??тты?тай отырып, осынау ?лы той?а арнал?ан сыныпты? «Т?уелсіздікке тартуымыз» атты ша?ын т?рбие са?атын бастаймыз.
 Т?уелсіз елміз,
Ке?-байта? жерміз.
?ол жетпес биік,
Бой жетпес-белміз.
Елміз ?ой-Егемен,
?уанбайын неге мен.
Дос т?гел д?шпан?а,
Б?тенсі? демеген.      

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Т?уелсіздікке тартуым"»




«Ақсу кентінің №2 орта мектебі» ММ



«Тәуелсіздікке тартуым» атты

тәрбие сағаты

Мектепалды дайындық тобы





Мұғалім: Акназарова Ф. Е.






2015-2016 оқу жылы



Құрметті ұстаздар, ата-аналар, балалар бәрімізге белгілі еліміздің ең басты мерекесі тәуелсіздік мейрамы күн санап жақындап келеді. Бүгінгі біздің

0 сыныптағы тәрбие сағатымызда осынау айтулы дата-тәуелсіздік күні қарсаңында өткелі тұр және осы мерекеге арналып отыр.
Біздің сыныбымыз оқушылары мектепке дейінгі бүлдіршіндер болғандықтан ата-аналар да белсенді қатынасып отырса іс-шараның маңызы артып, бүлдіршіндеріміз Тәуелсіздік, Отан деген ұғымдарды тереңірек түсіне алады деп ойлаймыз. Сонымен баршаңызды келіп қалған тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, осынау ұлы тойға арналған сыныптың «Тәуелсіздікке тартуымыз» атты шағын тәрбие сағатын бастаймыз (Балалар ортаға шақырылып, ең бірінші тәуелсіздік туралы тақпақтарын орындайды).

1 бала
Тәуелсіз елміз,
Кең-байтақ жерміз.
Қол жетпес биік,
Бой жетпес-белміз.

2 бала
Елміз ғой-Егемен,
Қуанбайын неге мен.
Дос түгел дұшпанға,
Бөтенсің демеген.

3 бала
Әлемге танымал,
Баршаға бауырмал.
Қазақпыз, азатпыз,
Әрқашан озатпыз.

4 бала

Бірігіп барғанбыз,
Бостандық алғанбыз.
Біздерге жол ашат,
Жарқырап болашақ.

5 бала

Еркін ел-баласы,
Мен болам-қарашы.
Жаңарған санасы,
Жайнаған даласы.

Жарайсыңдар балалар, міне бүлдіршіндер тәуелсіздік туралы тақпақтарын сіздерге арнап айтып берді. Енді сабағымыз салмақты, тәрбиеміз жан-жақты болу үшін ата-аналарды да қатысып отыруға шақырамыз.
«Ұясыз-құс, апансыз-аң, Отансыз-адам болмайды» демекші ата-аналар Отан туралы бір-бір мақал-мәтел, қанатты сөз айтып берсін. Тек ғана Отан тақырыбында айтылуы керек. Қәне, кім бастайды? (Осылай етіп, айтып болған соң жақсы рақмет, онда кезекті балаларға береміз).
Бұл нөмірде балалар Тәуелсіздік тақырыбына арнап «Жұмыр қылыш» биін билейді. Жалпы «Жұмыр қылыш» биі азаттық үшін күрескен, тәуелсіздік жолында қаза тапқан атақты ақын Махамбеттің шығарған күйі. Би сол күйдің негізінде дайындалған.

«Жұмыр қылыш» биі, орындаушы Ерхат.


Рақмет, өте жақсы биледің, керемет көңіл күй сыйладың. Бұл тәрбие сағаты балалар мен ата-аналар сайысы болғалы тұр.

Енді тағы ата-аналарға кезек берейік. Бұл жерде біз «Ұшты, ұшты» деген ұлттық ойын ойнаймыз. Бұл ойын да тәуелсіздікке арналған. Ол үшін мемлекет рәміздерін, ондағы белгілерді жақсы білу керек. Мемлекет рәміздерін-Жалау, Елтаңба, Әнұран, Атазаң немесе Конституцияны бәріміз де білеміз.
Ойын шарты былай: «ұшты, ұшты ... ұшты» деп мен айтқан кезде ол нәрсе ұшсын, ұшпасын қол көтеру керек. Себебі, тақырыбымыз тәуелсіздік және сол тәуелсіз ел Қазақстанның мемлекеттік рәміздері. Ал, онда бастадық.

Ұшты, ұшты түн ұшты, (көтермейді)

Ұшты, ұшты күн ұшты. (көтереді)
Ұшты, ұшты бұлан ұшты, (көтермейді)

Ұшты, ұшты қыран ұшты. (көтереді)
Ұшты, ұшты құйрықты түлкі ұшты, (көтермейді)

Ұшты, ұшты қанатты жылқы ұшты. (көтереді)
Ұшты, ұшты құндыз ұшты, (көтермейді)

Ұшты, ұшты жұлдыз ұшты. (көтереді)
Ұшты, ұшты балапан бұлақ ұшты, (көтермейді)

Ұшты, ұшты Ата-заң кітап ұшты. (көтереді)
Ұшты, ұшты бұлаңдап жалын ұшты, (көтермейді)

Ұшты, ұшты ұран боп әнім ұшты. (көтереді)

Мұнда: күн мен қыран (көкбайрақта), қанатты жылқы мен жұлдыз (елтаңбада), кітап ұшты (Ата-заңда), ұран боп әнім (Әнұран) ұшады.

Рақмет ата-аналар, бүгінгі бүлдіршіндердің тәрбие сағаты мәнді, мазмұнды өтуі үшін қолдан келгенше үлестеріңізді қосып жатырсыздар, бәрі де балалар үшін ғой.

Енді, балаларды да бір ойнатып, көрейік, «Бала ойынмен өседі» дейді ғой. Бұл ойын да тәуелсіздік мерекесіне арналады. Балалар қолдарына Көкбайрақ, Елтаңба, Әнұран және Ата-заң суреттері салынған қағазды ұстап, сыныптың бір бұрышына барып тұрады. Қолдарында сурет-рәміз.

Балалар ойынның аты «Ақ серек пен Көк серек». Бұл халық арасында танымал бұрындары көп ойналған ойын. Мұнда «Ақ серегім көк серек, бізден сізге кім керек» деп айқайлағанда «Ақ серегім көксерек, Айдың жүзі дөңгелек, Бізге анау тұрған Айнабектің өзі керек» деп шақырады. Қазір мен мемлекеттік рәміздерді ұстап тұрған баланың қолындағы рәмізде бейнеленген суретті айтып, шақырамын, сол бала менің қасыма келіп тұрады. Ал балалар дайынсыңдар ма қазір мен шақырамын. Сол бала осында келеді:
Жүргізуші.

Ақсерегім, көксерек,

Бізге қыран мен күн керек.

(Қолына Жалаудың суретін салған қағазды ұстаған бала келіп тұрады.)

Жүргізуші.

Ақсерегім, көксерек,

Қос тұлпарлы ер керек.

(Елтаңба ұстаған бала келіп тұрады.)

Жүргізуші.

Ақсерегім, көксерек,

Бізге ұран ән керек.

(Қолына Әнұран текстін ұстаған бала келіп тұрады.)

Жүргізуші.

Ақсерегім, көксерек,

Бізге дана заң керек.

(Қолына Ата-заң (Конституция) деп сыртына үлкен етіп жазылған, кітап сияқты қағаз ұстаған бала келеді.)

Жүргізуші.

Ақсерегім, көксерек,

Ең бастысы Тәуелсіздік сен керек.

(Сыртына Тәуелсіздік Декларациясы деп үлкен етіп жазылған қағаз-парақ ұстаған бала келеді.)

Қорытынды.

(Мұғалім балаларды жан-жағына алып, өзі ортасында тұрып, бәрі бірге, жұртқа қарап «Тәуелсіздік құтты болсын» деп барынша қатты әрі бір дауыспен айтады.)

Сонымен құрметті халайық, біздің бүлдіршіндеріміздің Қазақстан мемлекетінің ең қымбат, ең үлкен, ең басты мейрамы-Тәуелсіздік мерекесіне арналған тәрбие сағаты өз мәресіне жетті. Келгендеріңіз үшін рақмет. Оқушыларға мақтау жарлықтары берілді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Т?уелсіздікке тартуым"

Автор: Акназарова Фариза Ерназаркызы

Дата: 03.02.2016

Номер свидетельства: 287390


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства