kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық тәрбие сағаты « Біз тәуелсіз елміз» және «Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік» кітап көрмесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағатының тақырыбы: « Біз тәуелсіз елміз» және «Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік»  атты кітап көрмесі

Мақсаты:
— Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата — бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға — апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
— Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
— Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.
Кіріспе
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық тәрбие сағаты « Біз тәуелсіз елміз» және «Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік» кітап көрмесі»

5 мектеп - лицейі







Ашық тәрбие сағаты « Біз тәуелсіз елміз» және

«Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік» кітап көрмесі



Сынып жетекші: Нұрымбетова Н.О

Кітапханашы:Шарипова К,Қ

2 «А» сынып








2021-2022


Тәрбие сағатының тақырыбы: « Біз тәуелсіз елміз» және «Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі

Мақсаты:
— Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата — бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға — апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
— Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
— Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.
Кіріспе
— Қазақстан Республикасының гимні. Хор.
Мұғалім сөзі
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
— Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.

Мұғалім сөзі



«Ой ашар» сұрақ — жауап әдісі
— Отан дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?
— Біздің Отанымыз -….
— Біз қай ұлтпыз?
— Қандай Республикамыз?
— Біздің ана тіліміз қандай тіл?
— Елбасымыз кім?
— Балалар, біз қандай елміз?
— Қай жылы тәуелсіздік алдық?
— Неше жылдығын тойлағалы жатырмыз?

Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда болды?

30 жыл бұрын Қазақ елі Ресейге бағынышты болды. Елімізде Дінмұхаммет Ахметұлы Қонаев атамыз бірінші секретарь болды. 1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК Пленумы өтті, ОК Бірінші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен босап, орнына осыған дейін Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбин қойылды. Бірақ бұл жолы жергілікті халық оған көнген жоқ. Қарсылықты қазақ жастары бастады

Оған  Алматыда бір топ жастар қарсы болып,, Қазақ елін қазақ басқару керек деген ұранмен алаңға шыққан

Демонстрацияны үкімет қарулы күшпен таратты.

Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. Тәуелсіздік  аңсаған жастар ұлттың намыс  құдіретін дүние жүзіне  танытқан бұл  оқиғаның  құрбандары  болған  Қ. Рысқұлбеков,

Л.Асанова,С.Мұхаметжанова,  Е.Сыпатаевтардың  жүректі  үні, ел  намысын  қорғаған ерліктері  мәңгі  өшпейді1986 жылы 16 — желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды

1 минут үнсіздікпен еске алу

Сонымен қатар біздің рәміздеріміз бар. Кәне, рәміздерді атап шығайықшы.
( әнұран, көк байрақ, елтаңба)

1-оқушы
Қазақстан Республикасының Гимні — бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етті. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.

2-оқушы
Көк байрақтың ортасындағы шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата, матаның сол жағында өрнегі бар.

3-оқушы
Елтаңбаның көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай — ақ аңызға айналған қос пырақ. Қазақстан деген жазуы бар. Қанатты пырақ биік самғайды, болашақ жайлы армандауды білдіреді.

4 — оқушы
Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,
Алатаудың көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.
Тәуелсіздік күресі енді басталды.

3 — оқушы
Қатыгездік жұдырығы түйіліп,
Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып,
Желтоқсанда шықты үлкен алаңға
Ата — баба аруағына сыйынып.

6 — оқушы
«Нашақор»- деп, «ұлтшыл»- деп,
Қазаққа күйе жаққан күн,
Базары кетіп, бір түнде


7 — оқушы.
Намыс үшін күрессең мазақтар кім?
Құлға айналу азабы азаптардың.
Қаны төгілді желтоқсан алаңында,
Бодандыққа көнбеген қазақтардың.

Көрініс:   «Қайратты тергеу сәті».

Тұрыңдар! Сот келеді.

Тергеуші:      Сот процесін бастаймыз!

1-ші куәгерді шақырамыз. Сізге сұрақ: Сіз алаңда Қайрат

Рысқұлбековтің Савицкийді өлтіргеніне куә бола аласыз ба?

1-куәгер: Боламын өз көзіммен көрдім. Керек десеңіз мен де қолында

                 таяғымен түскен суреті бар. Ол – ұлтшыл Қайрат оңбаған!

Тергеуші: 2-ші куәгерді шақырамыз. Сіз Қайрат Рысқұлбековтың

Савицкийді өлтіргенін бейнетаспаға түсіргеніңіз распа?

2-куәгер: Рас – рас ол Савицкийді аяғымен теуіп, таяқпен ұрды. Менің

қолымда түсірген бейнетаспа бар.

Тергеуші:      Енді Қайрат Рысқұлбековке сөз беремін.

Бекарыс :Мен ұлтшыл да, кінәлі де емеспін.

Сот: Барлық куәгерлерді тыңдай отырып Қайрат Рысқұлбековті айыпты деп

табамын.

Бекарыс:   Хақ. о халқым!

Өткен заманымызда бас кесер өлім алдында өлім жазасына

кесілгендердің соңғы тілегін орындайды. Менің де соңғы ақтық сөзім

бар.

(Қайғырған музыка журіп түрады)

Ақтық  сөзі:

Жалалы боп, қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма

Жігіттер ай, айтып айтпай не керек

Жазған екен маңдайыма сорыма,

Біріншіден мен анамды сағындым,

Екіншіден бұл құдайға не қылдым

Бостандықта еркін жүрген жан едім

Енді міне абақтыға жабылдым,

Әкетай ау Пайғамбардай жасың бар

Туа бермес сіз секілді  асылдар

Қартайғанда жүрегіңізді жаралап,

Кесір болды ай біз секілді масылдар.

Айналайын, қарындасым, қарағым,

Қолда кісен, мен айдауға барамын.

Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды,

Айтшы жаным, қандай жанға баладың.

Айналайын, інішегім, құлыным,

Сені ойласам үзіледі жұлыным.

Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,

Кетіп барам мен айдауға құлыным.

Күнәдан таза басым бар,

21-де жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар!

Мен не етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген хош бол, таңдарым,

Көре алмай мен өтермін.

Тергеуші: Сот процесі аяқталды.


—Мұғалім : Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22 — ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті.
8 Алинұр М

Қабірден хат 

(Қайрат Рысқұлбековтың монологы)

Армансызбын, Ажалсызбын, Азатпын, 

Мендегі мұң ғажап әрі азап мұң. 
Ұлтым үшін ұлтарақпын, 
Аз десең,
Сүйегіммен, сүтіммен де Қазақпын! 


Көкбөрінің сіңіріндей сірімін, 
Сол үшін де ажалсызбын, тірімін. 
Шындық үшін құрбандыққа шалынып 
Шырылдаған құлындардың бірімін. 


  1. Аят:

Талай-талай тоналдым да тапталдым, 
Өзімді-өзім жоғалтуға шақ қалдым. 
Көк көйлекті көктемде туылып 
Желтоқсанда еріп кеткен ақ қармын. 


Күңіренсе үн шығады көрден де, 
Шертілмеген шерім қанша шерменде. 
Өз тіліңде өмір сүріп, 
Сонан соң, 
Не жетеді өз тіліңде өлгенге.


  1. Ұлан:

Мен сұрасам – теңдігімді сұрадым, 
Теңдігімнің кемдігіне жыладым. 
Ай күзетіп Ару сүйер жасымда 
Мен ажалдың құ шағына құладым. 


Кек алатын кәріден де, жастан да, 
Қу тіршілік құпиясын ашқан ба?! 
Бауыр қалды өзегіне өртеніп 
Ана қалды сүтін сауып аспанға. 

Қорытынды
Сонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі — осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі — сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ
Хор: Көк тудың желбірегені



Қазақстан – қасиетті ұғым бұл

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал, толғайық жеткенінше қызыл тіл.

Т- білдіреді теңдікті,

Ә- әдептілік, әлдікті,

У-уайымсыз уақытты,

Е- егемендік елдікті.

Л-дейді лағып лепірме,

С-сенімділік секілді,

І-ілтипат пен ізетті

З- зиялылық тілек қой.

Д- шақырады достыққа,

І- ізденіс пен нәтиже

К- дейді күн боп көктегі

Көз алартып, көршілерге қол сұқпа.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Автор: Сынып жетекші: Нұрымбетова Н.О Кітапханашы:Шарипова К,Қ

Дата: 20.01.2022

Номер свидетельства: 598373


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства