kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауышым-балб?ла?ым сценарийй

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Бастауышым- балб?ла?ым" атты сценарий. 

ма?саты:4 жыл бойы бастауыш сыныпта о?ып ?з ?йренгендерін, білгендерін ата- аналары, ?стаздар?а, ?она?тар?а к?рсету.  о?ушылар ?стаздар?а, ата-аналарына, мектепке арнал?ан та?па?тар айтты. ?лдар ж?не ?ыздар мектеп туралы ?н айтты. ?ыздар би биледі, ?лдар ?н айтты. бастауыш сыныпты жа?сы ая?та?ан о?ушылар мада?талды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауышым-балб?ла?ым сценарийй»

«Бастауышым- балбұлағым»

Жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздер 4 жыл бастауышта білім алып, орта буынға қанат қаққалы тұрған 4- сынып оқушыларының «Бастауышым-балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын!

Толқимыз, толқып тұрмыз баршаңыз да,

Мұндай күн болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметпен шақырайық,

Төртінші сыныбын ортамызға!

Жүргізуші:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,

Әні менен жырына тамсандырып сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне жас ұлан,

Лаулап жансын болашағын шамшырақ!

Жүргізуші:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздерінен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер

Бүгін міне бастауышпен қоштасып

Азамат боп кешегі сәби еркелер!

Жүргізуші:

Алдарыңызда тұрған балдырғандар осыдан төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай бүлдіршіндер еді. Енді бойлары да, ойлары да өсіп, жоғары сыныпқа өткелі тұр.

Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз!

Сөз берелік құрметпен өзіңізге

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз. Құттықтау сөзін мектеп басшысы Кабдылуахитов Асыл Асығатұлына береміз.


Дипломдармен марапаттау

Жүргізуші:

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені- дей отырып сөз кезегін оқушыларға береміз.

Дәулет:

Болашаққа болашаққа жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

Максуд:

Армысыздар, құрметті ата-аналар,

Ұрпағыңбыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап, оқы деп,

Үйреткен ғой Яссауидей бабалар.

Аңсар:

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

Санжар:

Өнерге ошақ тәрбиең,

Бір сенен қуат аламын.

Жарылқашы тәңір ием,

Таудай ғой менің талабым.

Әр жыл сайын қаруланып білімнен

Алға дәйім мені бастап сүйредің.

Нәр аламын аяулы ұстаз үніңнен

Ардақтысын мектеп-алтын бесігім!

Ұлжан:

Әлі есімде мектепке келгеніміз

Келгеніміз, сыныпқа енгеніміз.

Жасқаншақтап, таңырқап тұрған шақта

Өзің болдың ұстазым сенгеніміз!

Ұқсаттың ба сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек, біз сізді анамызға.

Жақын тарттың, біртіндеп бауыр бастық.

Жүргеніңді ұнатып арамызда.


Аңсар:

Қоштасу тойын бастайық,

Ән мен биге басайық

Өнерімізді көрсетіп

Құрметіне бұл тойдың

Ән мен шашу шашайық.

Оразәлі:

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де

Үлкен, кіші жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,

Гүл-гүл жайнап бүгінгі сәніңізбен.

Шаттанамын мен бүгін шаттанамын

Ғылым сырын түсіндім мақтанамын

Осы сырды үйреткен бастауышым

Түстей болып міне бүгін артта қалдың.

Ұлан:

Білімнің қайнар бұлағы

Өнердің жарық шырағы

Тұрағы өзің, мектебім.

Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма?

Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?

Мектебімде алаулаған жас жалын.

Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға.

Сұлужан:

Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр, алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын

Мектебіме арналады бұл әнім.

Ән: «Мектебім»

Максуд:

Әріптерді үйретіп,

Жақын болған кім бізге?

Жамандықтан жиреніп,

Ақын болған кім бізге?

Десек, ол жан- мұғалім

Қапастағы елдердің

Мұңын айтқан кім бізге?

Көрікті сан жерлердің

Сырын айтқан кім бізге?

Рахмет, саған мұғалім!

Дәулет:

Отанның ұланын,

Баулыған мұғалім.

Өзінсің ағытқан

Білімнің бұлағын

Мен сенің көктемін

Нұрыңмен көктедім.

Сол үшін өзіңе

Алғысым көп менің!

Оразәлі:

Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен,

Көкейіме көрік беріп, гүл еккен.

Мені оқытып, өркенімді өсіріп,

Жалындатып, жанарымды нұр еккен.

Жадыраған жаздай жылы жаны бар,

Жақсылықтың шырағы боп жағылар.

Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған

Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.

Сұлужан:

Анамдай сүйем мен

Шеберін ғылымның

Ұстаздан үйренем

Өнерін білімнің

Үйретіп іс сазын

Мың жаса ұстазым!

Асылжан:

Сүйікті мұғалім

Бес алсам ұнадым

Екі алсам сынадың

Алдыңда әрқашан

Бас иіп тұрамын

Сүйікті мұғалім!

Аружан:

Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын

Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі ісін

Тыншымайтын асыл жандар аяулы

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

Нәріңді беріп құрғатпай

Сусаған шөлді қандырған

Сәулеңді шашып жүрекке

Жанымның отын жандырған.

Ән: «Ұстазым»

Жүргізуші:

Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі-ұстаз. Өйткені ол оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады. Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. Сондықтан да ұлы Абайдың:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегін кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға – деп айтуында терең мән жатыр. «Алғашқы ұстаз ерекше тұлға дара шың. Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалады» деп алғашқы ұстаз Арайлым Қайратқызына сөз береміз.

Ұлдардың орындауында би

Смагулова Асылжанның орындауында би

Қыздардың орындауында би

Жүргізуші:

Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,

Кең құшағын аясындай гүл бақтың!

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Ән: «анаға сәлем»

Санжар:

Кеп кешегі тосырқау қайда қалған

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан

Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе

Жан дүниесін баланың жайлап алған

Асылжан:

Есігіңді ашқан балаңа

Құшақ жайдың мектебім сен қуана

Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба

Сенен артық дүниені таба алам ба

Мектебім мәңгі бапкерім

Қарызбын саған бәріміз

Өзіңе деген парызды

Ақтаймыз талай әлі біз

Аружан:

Білім деген байлық бар

Еш байлық оған жетпейді

Жасыңда оқып жиып ал

Тепкілесең кетпейді

Өртіңе де күмейді

Ұрылар да тимейді

Жатып ішер жамбастап

Жалқауды ол сүймейді

Ұлан:

Өтті оқу, сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достасып

Бастауышпен қоштаспақ

Ұлжан:

Қош бол, құтты Бастауыш

Алғыстарым көп менің

Ақыл-білім тәрбиең

Ой- санама еккенің.

Ән: «Туған жер»

Жүргізуші:

Қанаттары қатайды

Биікке енді самғаңдар

Білім жолы- сара жол

Ізденіңдер талмаңдар!- деп бүгінгі мерекемізді аяқтаймыз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бастауышым-балб?ла?ым сценарийй

Автор: Кабдылуахитова Алия Нуртасовна

Дата: 01.04.2016

Номер свидетельства: 313575


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства