kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін – Нұрлы Отан !

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды  аса  маңызды  мемлекеттік  белгілер – рәміздермен  жан – жақты  таныстыру. Ұлттық  рәміздеріміздің  әрбір бөлшектеріне , халқымыздың  өткені  мен  бүгінгі  күндеріне  қысқаша  шолу  жасау.
  Оқушыларға  мемлекеттік  рәміздердің  аса  маңызды  екенін, оны  құрметпен  мақтан  тұту  керектігін  ұғындыру, ой-өрісін  кеңейту, Отанды  сүюге, рәміздерін  құрметтеуге  үйрету, өз  Отанының  патриоты етіп тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін – Нұрлы Отан !»



М.ӘУЕЗОВ АТ.№2 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ








Тақырыбы:

(ашық тәрбие сағаты)




Бастауыш сынып мұғалімі Б.Ж.Мендгалиева





2014-2015 оқу жылы

Ашық тәрбие сағаты:

Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін – Нұрлы Отан !!!

Мақсаты:
Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер – рәміздермен жан – жақты таныстыру . Ұлттық рәміздеріміздің әрбір бөлшектеріне , халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау .
Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой-өрісін кеңейту, Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу .

Жоспары :
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі
2. Рәміздер туралы не білеміз ?
3. Рәміздер сөйлейді / слайдтар арқылы мұғалім рәміздермен толық таныстырады /
4. Қазақстанның бас қаласы – Астана
5. Әдеби монтаж / оқушылар шығармашылығы /
6. Сабақты қорытындылау

Еліміздің Елтаңбасы

Шаңырақ – Отан отбасынан басталады. Ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар – үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел–жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді .

Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ – арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгізідң қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді .

Бес бұрышты жұлдыз – “ Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін ” деген асыл арманды арқалап тұр .

Елтаңбаның жоғарғы жағында жұлдыз орналасқан, ал төменгі жағында – Қазақстан деген жазу бар.

Елтаңбаның реңдік бейнесі алтын және көгілдір түсті.

Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

Туған елімнің байрағы

Туымыздың аспан көк болуы шексіз кеңдікті көрсетеді. Ту ортасындағы алтын күн халқымыздың азаттық күні. Ол бүкіл әлемге нұрын шашып тұр. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұшып бара жатқан қыран құс - ерлік белгісі. Кең пейілді, кеңістігі таза, жері кең еліміздің азат күні жарқырап тұр !

Тудың жобасын жасаған: Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының кең байтақ жері






Мемлекеттік Гимн

Сөзі : Ж.Нәжімеденов , Н.Ә.Назарбаев

Әні : Ш.Қалдаяқов

Алтын күн аспаны

Алтын дән даласы

Ерліктің дастаны

Еліме қарашы

Ежелден ер деген

Даңқымыз шықты ғой

Намысын бермеген

Қазағым мықты ғой

Менің елім, менің елім

Гүлің болып егілемін

Жырың болып төгілемін, елім

Туған жерім менің – Қазақстаным

Ұрпаққа жол ашқан

Кең байтақ жерім бар

Бірлігі жарасқан

Тәуелсіз елім бар

Қарсы алған уақытты

Мәңгілік досындай

Біздің ел бақытты

Біздің осындай


Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Назарбаев Н.Ә.


Жылдар шежіресінен:

1990 жылы 24 сәуір күні Республиканың Жоғары Кеңесі Қазақстанның Тұңғыш Президентін сайлады.

1991 жылы 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін жариялады.

1992 жылы 3 наурызда Қазақстан Республикасы БҰҰ – на мүше болды.

1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер: Ту, Елтаңба, Гимн бекітілді.

1998 жылы 10 маусымда Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы болып жарияланды.

2006 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Гимні қабылданды.

Астана - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі.

Қазақстанның бас қаласы – Астана.

Астана Қазақстанның саяси өмірінің орталығы. Мұнда Президент, Үкімет және Парламент орналасқан.

АСТАНА – Қазақстан Республикасының елордасы

Астананың аумағы 710,2 шаршы километр, тұрғындардың саны 2007 жылдың 1 маусымында – 584,8 мың адамды құрады.
Астана халықаралық іскерлік және мәдени орталыққа айналып келеді. Қалада әкімшілік, іскерлік, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-білім беру және бизнес-орталықтардың, тұрғын үй кешендерінің, алдыңғы қатарлы мемлекеттер астаналарының стандарттарына сай келетін елордалық инфрақұрылым нысандарының құрылысы жанданып, бой көтерілуде. Әкімшілік орталық аймағында ҚР Президентінің резиденциясы, ҚР Парламенті мен Үкіметінің ғимраттары орналасқан. Елорданың іскерлік орталығында кеңселер мен компаниялар, сауда орталықтары, мейманханалар, ал әлеуметтік-мәдени орталығында театрлар, мұражайлар, демалыс орындары, спорт залдары, ойын-сауық орталықтары орналасады.

Астана – алып құрылыстар қаласы. Қысқа мерзім ішінде Үкімет және Бәйтерек атты ғимараттары салынды.

Астана (1998 жылдың 6 мамырына дейін - Ақмола) Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Парламентінің мақұлдауымен 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.
Қазақстанның жаңа Елордасы – Астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өткізілді.
1920 жылдан бастап Қазақстанның тұңғыш астанасы Орынбор қаласы (қазірде Ресей Федерациясындағы) болды.
1925 жылы Қазақстанның астанасы Қызылорда қаласына көшірілді.

Астана – Қазақстанның астанасы, әлемдегі ең әсем қалалардың бірі.


Қала жөнінде жалпы мәліметтер:
Құрылған жылы – 1832 ж.
Темір жол бекетінің атауы – Астана станциясы.
1961 жылға дейін – Акмола қаласы.
1961 жылдан 1992 жылға дейін – Целиноград қаласы.
1993 жылдан 1998 жылға дейін – Ақмола қаласы.
1997 жылғы 20 қазандағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.
1998 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.

“Рәміздер” сөзжұмбағы

"Қазақстан Республикасының астанасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 қыркүйектегi Заң күшi бар Жарлығына, "Қазақстан Республикасының астанасын көшiру туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 6 шiлдедегi N 106 қаулысына сәйкес қаулы етемiн:

1. Ақмола қаласы 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып жариялансын.

2. Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы ретiнде ресми тұсаукесерi 1998 жылғы 10 маусымда өткiзiлсiн.

3. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы, Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссия осы Жарлықтың орындалуын қамтамасыз ететiн болсын.

4. Осы Жарлық жарияланған сәтiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi
Н.Назарбаев


Жаңа Астана - тәуелсіз Қазақстан үшін жарқын келешектің нышаны





Рәміздер сөзжұмбағының сұрақтары

1. Елтаңбадағы бейнеленген нәрсенің бірі .

2. Гимннің сөзін жазған авторларының бірінің тегі .

3. Астананың бұрынғы атауы .

4. Гимннің әнін жазған автордың есімі.

5. Мемлекеттік Туымыздың авторы кім?

6. Елтаңба автоларының бірінің есімі .

7. Гимннің сөзін жазған авторларының бірінің тегі.

8. Мемлекеттік Туда бейнеленген құс.




Қазақстан –

Елтаңбасымен еңселі ,

Туымен тұғырлы ,

Гимнімен айбатты !!!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін – Нұрлы Отан !

Автор: Шамелова Гульбадан Оразаевна

Дата: 07.04.2017

Номер свидетельства: 407332

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) ""Мені? Президентім" та?ырыбында?ы ашы? т?рбие са?атыны? жоспары 2-сынып"
    ["seo_title"] => string(78) "mienin-priezidientim-tak-yrybyndag-y-ashyk-t-rbiie-sag-atynyn-zhospary-2-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "286329"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454326872"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Елін с?йген -Елбасы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(32) "ielinsuighienielbasytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "290462"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1454953621"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Конспект урока на тему "Т???ыш президент""
    ["seo_title"] => string(39) "konspiekturokanatiemutungyshpriezidient"
    ["file_id"] => string(6) "289098"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454740186"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "«Елбасы к?ні — елдікке ??рмет» "
    ["seo_title"] => string(32) "ielbasy-kuni-ieldikkie-k-u-rmiet"
    ["file_id"] => string(6) "181985"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425445996"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) ""К?ш басында - Кеме?гер!" т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(42) "kosh-basynda-kiemien-ghier-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "207819"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430658344"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства