Жүру барысы: Шаттық шеңберін құру . Армысың, алтын күз!
Армысың ,жомарт күз!
Алтын күзде береке,
Құтты болсын, мереке!
Армысыздар ата -аналар мен ұстаздар!
«Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер!
-Балалар, табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын бесігі, құт берекесі. Табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, мерекесі мен берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше. Күз- адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл.
4. Жетті желмен Алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.
Мол өнімді жинаймыз,
Елге бәрін сыйлаймыз.
5.Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар білгендей.
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей.
-Балалар, ортамызға мерекеміздің сәнін келтіретін Күз Ханшайымын шақырайық. Хормен айтады.
Келші, келші Алтын күз,
Келші, келші Жарқын күз!
Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным.
Шелек шелек бағымыз,
Жеміс- жидек алыңыз.
Сәлеметсің бе, Алтын күз! Хормен айтады.
Тәрбиеші: Қолыңдағы жеміс -жидекті балаларға алып келдің бе?
Иә, әрине, мен балалармен ойын ойнайын деп тұрмын. Ойынның аты « Кім біледі?»
Қазір музыка ойнауымен билей жүріп, музыка тоқтағанда қай балаға не көкөніс, не жемісті ұстата қоямын, сол бала қайда өсетінін, жеміс пе, көкөніс пе екенін ажыратып айта қояды . Ойын жалғаса береді.