Қош келдіңіздер құрметті қонақтар,ұстаздар! Бүгінгі “Балдәурен” тобының балалары дайындаған “Мы в мире,дружбе будем жить ” атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Армысыздар,халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңіздер қарсы алайық!
-Қараңдаршы,бүгін залдың іші қндай болып кеткен.Қолымызга не ұстап келдік?
-Жапырақтар.
-Осы жапырақтардың түсі қандай?
-Сары.
-Балалар,тыңдаңыздаршы бұл не шу ?
(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді.)
Күз ханшайымы:Сәлеметсіздер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы: Уа Халайық дархан,далам армысың,
Табиғатым жаны жайсан тал мүсін
Ханшайымы күздің,бүгін келіп тұр.
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен күз ханшайымымын,көргеніме қуаныштымын.
Тәрбиеші: Қош келдің,Күз ханшайымы төрлет.
Күз ханшайымы: Балалар,мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі,
Шықса-жасыл
Түссе сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар,жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтармды ала келдім.Әр жапырағымда тапсырмалар бар.Кәне балалар тапсырмамды орындайсындарма?
Тәрбиеші:Әрине қымбатты күз ханшайымы.Біздің балалар күз туралы тақпақтар,жұмбақтар шеше алады.Сіз жайланып отырып,балалардың қнерін тамашалаңыз.
Ән: Күзде.
Тәрбиеші: Міне балалар ханшаиымның бірінші тапсырмасы.
Сұрақ: Күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар: 3 ай бар(Қыркүйек,Қазан,Қараша)
Тәрбиеші: Ендше ортаға күз айларын шақырайық.
1.Хангерей (Қыркүйек)
2. Майсун (Қазан)
3.Жанель (Қараша)
Мінеки балалар куз айларымен таныстындар.
Өнім биыл тамаша
Көз тоймайды қараса
Сәбіз бұршақ, қызылша,
Қызана.қызанақ, орамжапыраққа қарашы,
Көк бір жерде жиыла қалып дауласты.
(Наурыз,Нұргүл,Амина,Асылжан,Жанерке,Мариям)
Жиналып қапсыз бәріңіз,
Қайсыңыз ең дәмдісіз
Тиеді көп пайдаңыз.
Наурыз: Кәшкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдарымен
Сый жасаймын бәріңе
Нұргүл: Мен де бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды
Винегретте үстелде
Амина: Мақтанғаннан не пайда
Менсіз дәмді щи қайда
Мені қосса самсаға
Бәрі жейді тамсана
Асылжан: Дәмді тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсене
Жанерке: Кім білмейді шалқанды
Талайлар маған таң қалды
Бәріне сый боламын
Тауып көр менен дарханды
Мариям: Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де
Тәрбиеші: Рахмет балалар,жарайсыңдар. Осы мерекеге биші қыздарымызда да келіпті,қарсы алайық.
Би “Көбелек”
Күз ханшайымы: Балалар мен сендерге бір ойын ойнатқым келіп тұр,ойнайсыздарма?
Ойынын аты “Кім жылдам”
Шарты: 2 баланы ортаға шағарып,көкіністер мен жемістерді карзинаға салу.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар.Ендігі кезекті балалардың тақпақтарын тыңдайык.
(Олжас,Жания,Еркін,Ғалымжан,Расул,Мансур)
Олжас: Сап-сары маңай
Сап-сары тоғай
Соңғы –әнін айтып
Құс кетті қайтіп
Жания: Қарашы күз келді,күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді
Құс біткен керуен тізеді
Қара бұлт қабағын түйеді
Еркін: Алтын сары қызыл көк
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Ғалымжан: Жаздың үміт үзгеніме
Келіп капты күзде міне
Расул:Алақай алақай
Шаттанды балақай
Береке –салты күз
Мереке алтын күз
Мансур:Көрініп еліме
Күндері мереке
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке
Жараисыңдар балалар,ендігі кезекті балаларымыздың әндеріне берейік.
Ән:Жаңбыр
Күз ханшаймына арналған тағыда таппақтарымызға берейік
(Зульфия,Ерасыл,Аружан,Адия,Іңкәр,Насиба,Айару)
Күз ханшайымы:Балалар сендер өте өнерлі балалар екенсіңдеркөп көп рахмет. Балалар мен қоштасады.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,бүгінгі Ақбөбек пен Балдәурен топтарынын күз мерекесіне арналған ертенгілігіміз аяұталды.
Қош сау болыңыздар