Просмотр содержимого документа
«"Ана тілім- арда?ым!"»
«Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп»ММ
(Тілдер мерекесіне арналған сыныптан тыс іс-шара)
6-сыныптар
Пән мұғалімдері: Иманбаева Зауреш Жумабаевна
Солтанова Анар Амиргалиқызы
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Ана тілім-ардағым» атты танымдық сайыс Мақсаты: а) Ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілдің қоғамдық - әлеуметтік қызметін таныстыру, тіл мерейін көтеру; ә) Ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, шешендік сөздердің мән - мағынасын түсіндіріп, бойларына сіңіру; б) Ізденімпаздыққа, шешендікке, ізгілікке тәрбиелеу, ана тілін қастерлеуге баулу. Көрнекілігі: қанатты сөздер, суреттер. Түрі: танымдық ойын Әдісі: сайыс Өту барысы: - Құрметті ұстаздар, оқушылар. Мектебімізде 22 қыркүйек тілдер мерекесі апталығы ұйымдастырылған болатын. Сол апталықтың аясында өткелі отырған бүгінгі шарамызға қош келдіңіздер. Тіл мерекесі құтты болсын! Адамзат дүниеге келген соң ана тілінде сөйлеп, ана тілінде ән салады. Ана тілі – біздің ар - ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ. Тіл - халықтың ажырамас бөлігі. Ұлы Абайдың өзі «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» деп таңырқап тағзым еткен тіл. Тілімізге құрмет жасау арқылы біз елімізге құрмет жасаймыз. Тіл туралы қаншама кестелі сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Сондықтан, Ана тілім, дана тілім - Тәңірім Сақтай білген сан ғасырлар жарығын Тілім менің, Абай, Ахмет сөйлеген Бұғаулауға, шұбарлауға көнбеген. «Ана тілім-ардағым» атты танымдық сайысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
( бейнебаянды тамашалаңыздар.)
Сәлем - сөздің анасы, сөз атасы Ұстаздардың қабыл болсын батасы Қол соғып, ортамызға тарландарды Шақырсақ, болмас сөздің еш қатесі - деп ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырамыз. 6 «а» сынып оқушылары.......
2. «Зерделі болсаң, биік шыңға жетесің». Кім көп біледі? Қойылған сұрақтарға келіскен-келіспегенін білдіріп, «ия» немесе «жоқ» деп жауап беруі қажет. 3. Кім білгір? (мақалды жалғастыру) 4. «Қызықты қазақ тілі әлемі» ойыны. Берілген суреттерді таңдап, сұрақтарға жауап беру. 5. “Өнер алды-қызыл тіл” капитандар сайысы
1. Сайысымызды топтардың таныстыруынан бастаймыз.
І топ:«Білгірлер».
Ұраны:«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады».
ІІ топ:«Тапқырлар».
Ұраны:«Пайда ойлама ар ойла, Талап қыл артық білуге». 2. «Зерделі болсаң, биік шыңға жетесің». Кім көп біледі? Қойылған сұрақтарға келіскен-келіспегенін білдіріп, «ия» немесе «жоқ» деп жауап беруі қажет.
А) 1989 жылы –Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы қабылданып, қазақ тілі- мемлекеттік тіл дәрежесін алды. ИЯ
Ә) Әліпби дегеніміз- дыбыстың жазудағы таңбасы. ЖОҚ
Б) Қазақ тілінде 25 дауысты, 12 дауыссыз бар. ЖОҚ
В) Буынның үш түрі бар.
Ғ) Саясат сөзінде 6 әріп, 6 дыбыс бар. ЖОҚ 3. Мақал - мәтел - бабадан қалған мұрамыз, Ықыласымызды мәйектей сөзге бұрамыз. Мақалбай атай сұрағын алып келіпті, Сайыскер топтар, көңілмен тыңдап тұрамыз. «Кім білгір?» (әр топ берілген мақалдың жалғасын табу) 1. Шешен сөз бастар... 2. Жақсы байқап сөйлейді...(жаман шайқап сөйлейді) 3. Тіл - адам ойының.... (кілті 4. Ең тәтті де тіл,...(ең ащы да тіл).
1. Айтылған сөз...(атылған оқ) 2. Аңдамай сөйлеген...(ауырмай өледі) 3. Бал тамған тілден.... (у тамар) 4. Шебердің қолы ортақ....(шешеннің сөзі ортақ) 5. Мектеп-кеме, ...(білім- теңіз).
6.Тіл- қылыштан ...(да өткір).
7.Отан ...(оттан да ыстық). 4. Кейінгі ұрпақ жырларын жаттап қанықты, Үлгі тұтып бәйтеректей сан алыпты. Көкірегі ояу, сезімді ұрпақ, қайдасың, Берілген суреттерді таңдап,өзіңді - өзің танытшы!- деп, келесі кезекте «Қызықты қазақ тілі әлемі» ойынына береміз. 5. Ана тілім - ардағым, мәртебелім, Сен ғайып боп кеткенде қайтер едім? Қадірін де халқымның біле алмай, Қалар ма еді айтылмай сөзім - дегендей топ басшыларын ортамызға шақырамыз. Әр топтың мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.
І топ:
1.Жизнь-өмір, уголь-….(көмір).
2.Число-сан, кровь- ...(қан).
3.Молоко-сут, жди-… (күт).
4.Человек –адам, шаг- ...(қадам).
5.Таможня- кеден, пол-...(еден).
ІІ топ:
1.Возьми- ал, мед-…(бал).
2.Рыба- балық, народ-…(халық).
3.Дверь- есік, колыбель-…(бесік).
4.Город- қала, ребенок- …(бала).
5.Игра-ойын, шея-…(мойын).
Қорытынды: Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шындарына.
Бүгінігі сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі әділқазы алқасына.
Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік.(Жеңімпаздарды марапаттау)
«Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Б.Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір-бірімізбен қазақша сөйлесейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт, – дей отырып бүгінгі «Ана тілім-ардағым» атты 6-сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылып отырған сайысымыз осымен өз мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар!
Сыныптан тыс іс-шараға сараптама
Тақырыбы: “Ана тілім –ардағым!”
Қатысқан сыныптар: 6 «А», 6 «Ә»
Күні: 16.09.2016 жыл
Оқушылар саны: 12
Өту орны: №19 қазақ тілі кабинеті
Мақсаты: а) Ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілдің қоғамдық - әлеуметтік қызметін таныстыру, тіл мерейін көтеру; ә) Ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, шешендік сөздердің мән - мағынасын түсіндіріп, бойларына сіңіру; б) Ізденімпаздыққа, шешендікке, ізгілікке тәрбиелеу, ана тілін қастерлеуге баулу. Көрнекілігі: қанатты сөздер, суреттер. Түрі: танымдық ойын Әдісі: сайыс Өту барысы: Ұйымдастыру. М.Шахановтың «Рух пен тіл» сөзіне жазылған бейнебаянды тамашалау. Сайыстың жоспары:
І Таныстыру.
ІІ «Зерделі болсаң, биік шыңға жетесің». Кім көп біледі? Қойылған сұрақтарға келіскен-келіспегенін білдіріп, «ия» немесе «жоқ» деп жауап беруі қажет. ІІІ Кім білгір? (мақалды жалғастыру) ІҮ «Қызықты қазақ тілі әлемі» ойыны. Берілген суреттерді таңдап, сұрақтарға жауап беру. Ү “Өнер алды-қызыл тіл” капитандар сайысы І топ:«Білгірлер».
Ұраны:«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады».
ІІ топ:«Тапқырлар».
Ұраны:«Пайда ойлама ар ойла, Талап қыл артық білуге».
Сынып оқушылары екі топқа бөлініп, топтың аты мен ұранын таныстырып өтті.
М.Шахановтың «Рух пен тіл» сөзіне жазылған бейнебаянды тамашалады. Тіл өнеріне қатысты сұрақтар беріліп, әр топ өздеріне ұпай жинады.
Мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, толықтырды, қызықты ұйқастар ойлап, орысша, ағылшын тіліне аударды. Суреттер таңдап, сұрақтарға жауап берді.
Ұпай жағынан «Білгірлер» тобы алда болды.
Соңында оқушылар қорытынды жасап, өз ойларымен бөлісті, ескерткішке фотаға түсті. Тапсырмалармалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылды.