kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ана-өмір тірегі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Ана-өмір тірегі

Мақсаты: Оқушыларға ата-ана алдындағы парыз бен қарыз туралы түсінік беру.

 «Ана»-деген сөзге елең етпейтін жан, жоқ сірә да. Барлық жақсылықтың атаулы күннің нұрынан, ананың сүтінен таралғанын оқушылармен пікір алмасу. Бұл іс-шара 1-7 сыныптар аралығында өткізіліп төмендегідей оқушылар ат салысып, аналарға арналған арнауларын тарту етті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ана-өмір тірегі»

Б.Бейсекбаев атындағы орта мектеп















Ана-өмір тірегі

(дөңгелек үстел)









Кітапханашы: Боранбаева А.Б.





2016-2017 оқу жылы

Тақырыбы: Ана-өмір тірегі

Өткізілген күні: 6 ақпан 2017 жыл

Өткізілген жері:Мектеп кітапханасы.

Қатысқандар:

Мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Мектеп психологтары

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері

Ата-аналар

Мектеп кітапханашылары

1-7 сынып оқушылары


Мақсаты: Оқушыларға ата-ана алдындағы парыз бен қарыз туралы түсінік беру.

«Ана»-деген сөзге елең етпейтін жан, жоқ сірә да. Барлық жақсылықтың атаулы күннің нұрынан, ананың сүтінен таралғанын оқушылармен пікір алмасу. Бұл іс-шара 1-7 сыныптар аралығында өткізіліп төмендегідей оқушылар ат салысып, аналарға арналған арнауларын тарту етті.

1а сынып оқушысы Омархан Іңкәр

Ана –көркі көгімнің,

Ана –нұры жерімнің,

Ана –бағы баланың,

Мақтанышы елімнің,

Әлпештеген баласын,

Ана –бақыт, ана күн


2а сынып оқушысы Ғалымжан Аяжан

Анашым мен өзіңді мақтан етем,

Жол жүрсем сағынамын ойға кетем,

Санамды сарғайтады-ау жалғыз арман,

Қайткенде –ақ сүтіңді ақтар екем.


2б сынып оқушысы Әділ Аруна

Ардақты анаү аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағы –аясында гүл бақтың.


3а сынып оқушысы Талғатұлы Темірлан

Асыл анам, сенен қуат алайын,

Алдым сенен атар таңның арайын.

Сенің ғана жанарыңда тұратын,

Мейірімді қайдан ғана табайын?!.


3б сынып оқушысы Саутқан Қазбек

Жыласам тербететін бесігімді,

Өзге түгіл білмегенде есімімді.

Ып –ыстық құшағыңа салып алып,

Аштың маған өмір атты есігімді.


2ә сынып оқушысы Дүкенбай Марғұлан

Түн ұйқыңды төрт бөліп аяладың Аяладың

Мен үшін жаныңды да аямадың

Өмір дейтін бақытты тарту еткен

Сенің ғана бағыңды саяладым.


4а сынып оқушысы Кегенбай Мадина

Анашым!

Аққуымсың –көл бетінде қалқыған,

Күн нұрындай жаралғансың алтыннан.

Қарлығашсың қанат жая самғаған,

Балапанмын еріп жүрген артыңнан.


4б сынып оқушысы Есенқұл Еркежан

Анашым !

Жарық жұлдызымсың –аспандағы жайнаған,

Күлімдесең, құлпырар барлық айналам.

Сен менің шабытымсың шарықтаған

Сенсіз жырым қанатын да жаймаған.


4б сынып оқушысы Ғалымжан Аяла

Анашым!

Сен күнімсің мен билейтін шаттана,

Мен жүремін қуанышыңнан бақ таба,

Мына ғалам ұланғайыр болғанмен,

Сол әлемге атыңды айтам мақтана!!!

5а сынып оқушысы Берік Диана

Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,

Бар шуағын баласына арнаған.

Біз өзіңнен қуат алып өмірде

Сенің салған сара жолды жалғағам.


5а сынып оқушысы Таңат Ақзер

Бақытымсың, Жаным анам, жан анам.

Мен өзіңді періштеге балағам.

Ауырмашыү қартаймашы ешқашан.

Мақсатыңа жетші әр кез қалаған.


7а сынып оқушысы Ерікұлы Ернұр

Қымбат жансың,мен үшін ең асылсың!

Аллам сенен жамандықты қашырсын.

Әкемменен мәңгі шалқып бақытқа

Жастарыңды жүзден дағы асырсын!


7б сынып оқушысы Болат Айдос.

Өзіңсің ғой өмірімнің тірегі.

Аман жүрсең –маған сол ғой керегі.

Бақытты бол, ауырма деп тілейді

Сәбиіңнің жұдырықтай жүрегі!


Іс шараға ата-аналардан Нұрхан апа сөз алды. Балалар жүрегіңе жасырған мұң мен сырыңды Анаңмен бөліс. Сәбидің ең биік қорғаны аяулы анасының ып-ыстық, мейірімге толы, дархан даладай кең құшағы деп, ойын ортаға салды.

Одан кейін 5а оқушысы Берік Диананың апасы Гүлсім апа өз ойын былай деп, ортаға салды.

Балалар сендер ананың айтқан бір ақылын тыңдамай сен өмірде мың қателік жіберуің мүмкін. Сондықтан да Анаң бар кезінде бағалап, қадірлей біліңдер.

Келесі кезекте ата-аналарға сұрақтар қойылды:

1.Балаңыздың оқуына көп көңіл бөлесіз бе?

2.Балаңызды болмаса,немереңізді мектепке кім әкеледі?

3.Өз балаңызды қалай мақтайсыз немесе қандай жетістіктерімен мақтана аласыз?

4.Балаңыздың сізге ең алғаш берген көмегі қандай?

5.Балаңыз отбасында ашық-жарқын, өз ойын толық айтта білеме?


Сұрақтарға ата-аналармен, ұстаздар толық қанды жауап берді.

«Ана-өмір тірегі»-атты іс-шарадан әр оқушы, аналарына деген мейірім, қуаныш жылылық сыйласа, аналар.

Ана –әлемдегі ең сұлу,ең мейірімді, ең мейірімді,ең қамқор адам.

Жыласам тербеттің бесігімді,

Өзге түгіл білмегенде есімімді.

Ып –ыстық құшағыңа салып алып,

Аштың маған өмір атты есігімді.

«Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін Анашым» деп жазды.Т.Айбергенов.

Шынымен де Ананы сыйлау үшін байлық та қажет емес. Тек аяулы Анамыздың бізге сыйлаған мейірімін біз де дәл осылай сыйлай білсең болғаны.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ана-өмір тірегі

Автор: Боранбаева Алма Бейсахметовна

Дата: 20.02.2017

Номер свидетельства: 394060

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Ана – ?мір тірегі "
    ["seo_title"] => string(19) "ana-omir-tirieghi-1"
    ["file_id"] => string(6) "185435"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426179660"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "«Ана – ?мір тірегі» "
    ["seo_title"] => string(17) "ana-omir-tirieghi"
    ["file_id"] => string(6) "164437"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422636072"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(200) "Казақ әдебиеті пәнінен 7 сыныпқа арналған "Әке - отбасының тірегі" тақырыбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(80) "kazak_diebiieti_p_ninien_7_synypk_a_arnalg_an_kie_otbasynyn_tirieghi_tak_yrybynd"
    ["file_id"] => string(6) "457570"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518679064"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Ана - ?мір тірегі "
    ["seo_title"] => string(19) "ana-omir-tirieghi-2"
    ["file_id"] => string(6) "194818"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427814826"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(174) "" Ана тілі-тірегіміз ",со?ып т?р?ан-ж?регіміз атты ана тілі апталы?ыны? ашылуына арнал?ан сценарий."
    ["seo_title"] => string(107) "ana-tili-tirieghimiz-sog-yp-tu-rg-an-zhurieghimiz-atty-ana-tili-aptalyg-ynyn-ashyluyna-arnalg-an-stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "301096"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456849019"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства