Сабақтың тақырыбы: Алтын күз Аруы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ұйымшылдығын,қызығушылығын арттыру,ой-
өрісін кеңейту.Табиғат сұлулығын сезіне білуге, оны аялай білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: күзгі табиғатқа арналған картиналар,шарлар,қызыл-жасыл
жапырақтар,жеміс – жидектер мен тағамдар қойылған дастарқан.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып мерекеге сай безендірілген.Сыныпта баяу әсем әуен қосылып тұрады.
1- бөлім: «Мерекелі,берекелі Күз келді!»
2- бөлім: «Алтын күз Аруы.»
2.Негізгі бөлім.
1- жүргізуші:Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар көптен сағынып күткен «Алтын күз» атты кешімізге қош келдіңіздер!
2- жүргізуші:Жиылған қауым,армысыздар,бәріңіз
Келіп жетті алтын дәнді сары күз
Бірге болып қуанышта бәріміз
Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз.
1- жүргізуші:Күз - мереке,күз – ырыстың белгісі
Қайтып барады мекеніне жыл құсы
Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз
Шат – шадыман халқымыздың тұрмысы.
2- жүргізуші:Күз дегенің ақындардың дастаны,
Қандай ғажап,бейбіт күздің аспаны!
Бізбен бірге болыңыздар бәріңіз
Алтын күздің той думаны басталды.
Алтын күзді тойлау үшін біз «күз патшалығына» жиналып отырмыз.
1-жүргізуші:Күз патшасы,алтын күздің таңы атты
Алау ойнап жарқыратты алапты
Күз мейрамын тойлайтұғын біздерде
Салт дәстүрі халқымыздан тарапты.
2- жүргізуші: «Алтын күз» деп жыр жырлап,ән саламыз
Алтын күздің көркіне тамсанамыз
Тамашалап бәріміз ән мен күйді
Күз патшасын кәнекейқарсы аламыз.
Күз патшасы:Сәлем,өрен достарым
Өмірге көп қосқаным
Қымбатты сый алыңдар
Молайтыңдар шаттықты
Ән айтыңдар бақытты!
жүргізуші:Ал,қанеки күз патшасына арнап дайындаған сый- сияпаттарымызды тарту етейік!
Қуандырып біздерді
Берекелі күз келді
Нұрландырып өңірді
Мерекелі күз келді!
Тоқшылықтың белгісі
Күздің көп ақ еншісі
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз!
Көбейді құт – береке
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.
Өнім үйіп тастадық
Оқуды да бастадық.
Берекелі Алтын күз
Ашық боолсын аспаның!
Күз де келді,алтын дәнін сапырып
Күз де келді,той думанды шақырып
Күздің күні алтын нұрын шашады, Жердің жүзін шұғылаға батырып.
:Мереке бүгін,күздің міне келгені Күздің бізге бақыт – байлық бергені
Құтты болсын мерекесі «Алтын Күз»
Бәрімізді қуаныш күйі тербеді.
Астық,жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды Ардақты,Күз мыңалғыс
Алдық өнім сыйыңды.
Қыстың жақын қалғанын
Жапырақтар білгендей
Желмен ұшып барады
Жерге қонып үлгермей
Тербеледі ағаштар
Қызыл,сары,атырап
Сусып жерге түседі
Алтын түстес жапырақ
Еңбек қызып қырларға Бидай толды қырманға
Алтын таулар секілді
Сап-сары боп тұрғаны
Алқаптан бидайды
Қоймаға ағалар жинайды
Құстарды тізілген
Ұнатам кұзді мен
Күз патшасы:Міне бәрекелді,рахмет,балалар!Менің сендерге арнаған біраз жұмбақтарым бар.
2-жүргізуші: Ал балалар,балалар
Күзді енді тыңдаңдар
Қандай жұмбақ айтса да
Шешпей оны қоймаңдар!
Күз жұмбақтарын жасырады.Жұмбақтарды шешкен балалар марапатталады.
1-жүргізуші: Өте жақсы балалар,енді Күзді «Алтын күз Аруын»тамашалауға шақырайық,.
Күз патшасы:Барлығыңды қимаймын
Барымды мен сыйлаймын.
Күз аруын сендермен
Бірге тамашалаймын.
Хор: Жаса,жаса Алтын Күз!
2 – бөлімде 4 қыз бала өздеріне ұнаған жеміс болып киініп,сайысқа түседі.Олар арнайытөрт белгіні жеңіп алады:
1. «Алтын күз Аруы»
2. «Күз еркесі»
3. «Күз жанары»
4. «Күз Сәулесі»
Бағдарламасы:
1.Таныстыру
2.Жас қаламгер
3.Жас аспаз.
4.Өнерлі өрге жүзер.
5.Білімді мыңды жығар.
6.Сән сұлу.
Әділқазылар алқасымен таныстыру.Оқушылар сайысқа түсіп,марапаттау.
3.Қорытындылау.
1-жүргізуші:Сезімдері жүрегіне сыймаған
Бірін-бірі мәңгі бақи қимаған
Төлеген де Қыз Жібектей сұлуға
Қырдың гүлін үзіп алып сыйлаған.
2-жүргізуші:Гүлдей нәзік гүлдей әсем бар ма екен
Гүлдей нұрлы болса дерсің жан еркем
Көркемдікті бағаласаң шынында
Бұл өмірде бәрінен де гүл көркем!
Аруларымыз әрқашан гүлдей жайнап жүре берсін деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз!
Екеуі бірге:Сау болыңыздар!