kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Алтын күз 2015

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алтын  күз  мерекесіне  арналған  мерекелік  шара. 5-11-сыныптарға  арналған тәрбиелік  шара.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Алтын күз 2015»

«Аяулы күз, алтын күз» мерекелік шараның бағдарламасы.

Жүргізушілер: Бақыт, Дана, Ертілеу.

Мереке музыкамен басталады. Саханаға Бақытен Ертілеу шығады. Бірін бірі түзеткендей енді бастай бергенде саханаға Дана билеп шығады. Біраз билегеннен кейін екуі таңданып бір-біріне қарайды . Музыка баяу ойнап тұрады. Екеуі бірге:

-Дана, саған не болды, билеп? Ненің қуанышы?

Дана:

-Достар, Сендер не, бүгін Алтын күз кеші екенін ұмытып кеттіңдер ме? Біз нағыз кештің өзін бастайық деп жатырмыз ғой. Ал Сендер әлі дайындықта жүрсіңдер.

Ертілеу:

-ААААА, мен осынша халық не үшін жиналып қалған десем.

Бақыт:

  • Ендеше не тұрыс, мерекемізді бастасақ бастайық.

Дана:

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай, ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Айтыңдаршы, бұл қай кезде болады?

Ертілеу:

Қазан болды молшылық,

Дәулет қорын қалады.

Заңғар көкке жол сызып ,

Құстар қайтып барады.

Бұл құбылыс Данажан,

Күзде ғана болады.

Бақыт:

Жайдары жаз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ен далам,

Дариядай шалқар күз.

  • Дана,бұл Алтын күздің келгені.

Ертілеу:

-Армысыздар, қымбатты ханымдар мен мырзалар!

Дана

-Қайырлы кеш, ұлағатты ұстаздар, жалынды да жас достарым. Берекелі де мерекелі Алтын күз мерекесі құтты болсын!

Бақыт:

  • Мінеки табиғаттың ерекше құбылып, айналамыз сары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айы да келді.

  • Ертілеу:

Күз айы мерекелі ай. Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай. Келесі күзге дейін есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі асқақ мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай. Ендеше, халайық келіп отырған Алтын күз мерекесі әрбір жанға құт пен береке, ырыс пен табыс әкелсін демекпіз.

Бақыт:

-Құрметті халайық бүгінгі өткізгелі отырған байқауымыздың негізгі мақсаты жаңа ғасырдың ұлы көшінде егемендігі еңселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын көтеру арқылы өнерге, сезімталдыққа, сыпайылыққа, мейірбандылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып отыр.

Дана:

-Олай болса бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз» байқауымызға қатысатын үміткер топтарымызды ортаға шақырамыз.

Осы кезде күй қосылады. Топтар кезекпен ортаға шығады. Жүргізіушілер бірге сөйлеп тұрады.

Ертілеу:

-Қарсы алыңыздар кешіміздің үміткер ханзадалары мен ханшалары!

Бақыт:

-«Аяулы күз, алтын күз» байқауының үміткерлеріне ақ жол тілеп, қошеметтеп қояйық, құрметті көпшілік!

Дана:

  • Әділ қазы, ақазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.

Бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын қазылармен таныс болыңыздар.....

Ертілеу:

Ендеше бүгінгі сайысымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар.

1 «Кел танысайық». Топтың аты, ұраны және таныстыру әні.

2 «Өнерліге өріс кең» деп аталатын кезеңде әр топ өз өнерін көпшілікке ұсынады.

Дана:

3 « Сән мен сымбат» сайысында топ мүшелері өздерінің күзгі сән үлгілерін ұсынады.

4 Күзгі көрме. Бұл күзгі көкөністермен және жемістерден ұйымдастырылған көрме сайысы.

5 «Күз келбеті» сайысында әр сыныптан шығарған газеттер сайысы.

Ертілеу:

6- Топ мүшелері әділқазылар алқасы әзірлеген сұрақ- жауап сайысы «Білімді мыңды жығарға» қатысып, бақ сынсады.

7 Келесі сайысымыз күзгі бау-бақша байлығы көкөністерді жарнамалау сайысы болса, соңғы шешеуші сайысымыз «Күзгі вальс» атты би бәйгесі.

Бақыт:

-Құрметті көпшілік көреременім,

Жақсылыққа әрдайым артақан сенім.

Ақжол тілеп үкілі үміттерге,

Таныстыру шартына кезек бердім-дей келе топтарға өздерін таныстыруға кезек береміз.

Барлық топ аттарын, ұрандарын және таныстыру әндерін орындайды.

Сайыстар арасында баяу музыка орындалып тұрады.

Дана:

- Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі сайыста бәйге алуға

Үміткерлер аянбай жан салыпты.

Бақыт:

  • Баршаға өнер сүйер жар саламыз,

Үкілі үміттерді қарсы аламыз.

Күйге енейік баршамыз ерекше бір,

Сіздер үшін би билеп, ән саламыз.

Құрметті көреремендер, ендігі кезекте үміткерлеріміздің дайындап келген өнерлерінің куәсі болыңыздар.

Топтар өнерлерін көрсетіп болған соң Ернұр қағазын оқып жатады. Ертілеу мен Дана сән көрсетуге дайындалады, Бақыт таңданып:

-Әй, достар сендер қайда жиналдыңдыр? Жол болсын.

Дана:

  • Қазір сән сайысы ғой. Соған біздің де қатысқымыз келіп кеткені.

Ертілеу:

  • Сәнімен күздің көркін көрікті етіп,

Бір қыз өтіп барады желіп кетіп.

Иығына төгіліп қара шашы,

Жан біткенді өзіне еліктетіп.

Сайыскерлеріміз өздерінің ұстанымдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен , сергек сезімталдығымен бірге сырт пішініне киім сәніне немқұрайлы қарамаған.

Ендігі кезекте сайыскер топтарымыздың сән үлгілерін көрсетуге ортаға шақырамыз.

Бақыт:

- Достар, сендер білесіңдер ме, қазіргі біздің сайысымыздың ерекшелігін?

Ертілеу

-Ернұр, біз білгенмен де , көрермен білмейді ғой. Сол үшін көрермендерді таныстыра кетсеңші.

Дана:

  • Жігіттер сайыс түрімен мен таныстырайыншы.

Бақыт пен Ертілеу:

-Ал таныстыр.

Дана:

  • . Бұл әр топтың күзгі байлықтардан құрастырып ерекше бір ғажайып дүние жасап шығарған, өз еңбектері мен өнерлерінің туындысы. Қане барлығымыз көрелік, қай топ озық болуға лайық екен.

Ортаға барлық топ өз көрме заттарын алып шығады. Музыка қосылып тұрады.

Бақыт:

  • Сайыскерлерімізге көрсеткен күзгі сыйлықтары үшін алғыс айта отырып, сайысымыздың келесі кезегін бастаймыз.

  • Ал, топтар сайысқа қалайсыңдар,

Сендер өтер әлі талай сын бар.

Тапсырма ал қазыдан қымсынбай кеп,

Жауап берсең сұраққа жарайсыңдар-дей келе сайыскерлеріміздің білімдерін сынға алайық.

Дана:

-Бұл сайыстың сұрақ тапсырмаларын Сіздерге қазылар алқасы береді. Ендеше барлықтарыңызға сәттілік.

Қазылар әр топқа сұрақтар мен тапсырмалар береді.

Ертілеу:

  • Достар осы теледидар көргенді сондай жақсы көремін. Әсіресе мультфильдерді, «Балапан» арнасын. Бірақ сондай ұнатпайтын бір бағдарламам бар. Білесіңдер ме, ол не?

Дана,Бақыт:

  • Жоқ, айтсаңшы енді ынтықтырмай.

  • Ертілеу:

  • Ол-жарнама. Дәл бір кино немесе мультфильнің ең қызықты жеріне келгенде үзіп тастап, тақ бір отыз минут жарнамасын сайратады ай келіп. Қалайша соған ызаланбайсың. Әй... деп ренжіген кейіп танытады.

  • Дана:

  • Жоқ, Ертілеу, сен бүгінгі біздің жарнамамен өзіңнің теледидарыңдағы жарнаманы шатастырма. Біздің жарнама -ол тірі көкөністердің жарнамасы.

Ертілеу:

  • Ол қалай, тірі көкөністер жарнамасы?

Бақыт:

  • Дана, сен бұған айтып шаршама. Қазір өзі көреді де түсінеді. Сол үшін ортаға жарнамашы көкөністерді ортаға шақырайық.

Тағы да музыка ойнайды. Топ мүшелері ортаға шыққан кезде үшеуі топ аттарымен айтып хабарлап тұрады.

Жарнама біткеннен кейін үшеуі де ортаға шығып би билейді. Біраз ғана.

Ертілеу:

-Сен екеуіңді білмеймін, мен өз басым бір сергіп қалдым. Өйткені би менің ең сүйікті ісімнің бірі. Бір билесем тоқтай алмайтын әдетім де бар еді.

Дана:

- Жарайды болды мақтана берме. Бәріміз білеміз сенің атақсыз биші екеніңді. Бірақ мына көрермендер мен қазылардың сенің емес, сайыскер бишілеріміздің биін тамашалағылары келіп отыр.

Бақыт:

  • Ендігі шартарымыздың бірі- «Күзгі вальс». Үміткер топтар әдемі әуенмен ырғақты билеп, бүгінгі кештің нағыз жеңімпазын көрсете білулері керек. Барлықтарыңызға сәттілік болсын.

Топтардың би сайысы.

Дана:

-Сонымен құрметті көреремендер, жан дүниесі, рухани әлемі таза, адам баласының ең тамаша қасиеттерін бойына сіңірген, арыстандай айбатты, жолбарыс жүректі нағыз «сегіз қырлы, бір сырлы» ер жігіт атағына лайық жігіттеріміз бен

Ертілеу:

-Сыпайы да мейірбанды, ақ маңдай ашық жүзді, айдай сұлу жылы жүздерінен күннің нұры төгілген нағыз ханшаға лайықты парасатты қыздарымызды анықтайтын кез келді.

Бақыт:

-Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес жеткізе ме мұраттын?

«жеңбедім, жеңілді» деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын.

Дана:

  • Келешекте әлі талай сайыс бар

Өнерлерің шыңдалсын, қалыспаңдар.

Өнерлілер көбейсін күннен күнге,

Өмір күрес әлі талай жарыстырар.

Ертілеу:

  • «Аяулы күз, алтын күз» байқауының нағыз өнерпаздарын анықтап, жеңімпаздарын жариялау үшін ортаға әділқазыларымызды шақырамыз.

  • Қазылар сайыстың қорытындысын жариялайды.

Бақыт:

-Қымбатты көрермендер! Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз.

Дана, Ертілеу: Тамашалағандарыңызға рахмет, сау саламат болыңыздар.






















«Аршаты орта мекебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі




Мерекелік бағдарлама





Жауапты: Касенова С.Б.








«Аршаты орта мектебі»КММ

2015- 2016оқу жылы






9.10.2015 Ата-аналар жиналысы


Ата- аналар жиналысының жоспары:

Күн тәртібімен таныстыру

Баяндама: «

Ата- аналар комитеті мүшелерін сайлау.

Ата- аналар комитетінің жұмыс жоспарымен, жаңа міндеттерімен таныстыру.

Ата- аналарлдың сабаққа қатысу туралы хабарлау.

Оқушылардың тәртібі және оқу үлгерімі жайлы ақпараттандыру.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Алтын күз 2015

Автор: Касенова Самал Болатовна

Дата: 31.12.2016

Номер свидетельства: 374755

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Арайлы, Алтын к?з!"
    ["seo_title"] => string(18) "araily-altyn-kuz-2"
    ["file_id"] => string(6) "249603"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446921361"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "План урока "Алтын Орда" "
    ["seo_title"] => string(21) "plan-uroka-altyn-orda"
    ["file_id"] => string(6) "110056"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1405462858"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Алтын к?з ?сем айналам "
    ["seo_title"] => string(22) "altyn-kuz-siem-ainalam"
    ["file_id"] => string(6) "194772"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427811248"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) ""Алтын к?з" т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(27) "altyn-kuz-t-rbiie-sag-aty-2"
    ["file_id"] => string(6) "243181"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1445656852"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(18) "Алтын   к?з"
    ["seo_title"] => string(9) "altynkuz4"
    ["file_id"] => string(6) "285384"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454158724"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства