Просмотр содержимого документа
«Ал?а, ?аза?стан! »
«Алға, Қазақстан!» атты интеллектуалды ойын
Сыныптар: 8-10
Күні:30.11 2013 жыл Уақыты: 17.30
Мақсаты: оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, ел тарихын білу; Отанды сүйуге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыруға дағдылау. Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.
Өтілу барысы:
Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар,ойынға қатысушылар,көрермендер! Сіздерді «Алға, Қазақстан» атты «Тұнғыш Президент» күніне арналған интеллектуалды ойынымызда көруге қуаныштымыз!
Ал енді ортаға бүгінгі интеллектуалды ойынымыздың қатысушыларын шақырайық! «Алаш қырандары» 8 «А» сынып оқушылары! «Сақтар» 9 «А» сынып оқушылары!, «Атажұрт» 10 «А» сынып оқушылары!
Ойынға көшпестен бұрын бүгінгі ойынымыздың әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
_________________________________
_________________________________
__________________________________
Ал енді ойын шарттарымен таныс болыңыздар:
1тур «Таныстыру»
2тур «Кім жылдам?»
3тур «Бірлікте біздің күшіміз»
4тур «Сыр сандық»
5тур «Топ басшыларының сайысы»
1 тур.
Топтың атауы, ұраны, эмблемасы. Бұл турдың ең жоғарғы ұпай саны 5 ұпай.
2 тур
Барлық топтарға ортақ 10 сұрақ беріледі. Қай топ жылдам және дұрыс жауап береді, сол жеңімпаз аталады.Әр сұрақ 1 ұпай санымен бағаланады.
1. М.Мақатаев ағамыздың өлеңі бойынша бірінші бақыт халық, екінші байлық тіл болса, ал үшіншісі ол...? Отан
2. «Асар» деген не?жамыла күш біріктіру, бір біріне көмек беру.
3.Киіз үйді тіккенде ең бірінші неден бастайды? кереге жайылып,оның сығанақтарын таңғыштармен біріктіреді,есігін орнатады.
4.ҚР Мемлекеттік Елтаңбасында алтын қанатты қос пырақ бейнеленген.Ол ненің белгісі?
5. Ұлттық теңге пайдалануға еңгізілген уақыт?1993 жыл 15 қараша
6. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласы қандай қала деп жарияланды? Әлем қаласы.
7. ҚР тұңғыш Ата заңы қабылданған жыл? 1993 жыл 28 қаңтар
8.Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім? Ол қай жылы дүниеге келген? Н.Ә Назарбаев 1940 жыл 6 шілде
9. Еліміздің тәуелсіздігі жарияланған жыл? 1991 жыл 16 желтоқсан
10. «Алаш» сөзінің мағынасы?
3 тур
«Бірлікте біздің күшіміз».Әділқазылар алқасы бұл турда топтың ұйымшылдығын байқап соған қарай бағалайды.Әр топқа үш сұрақ қойылады. Әр сұрақ 1 ұпаймен бағаланады.
«Алаш қырандарына» қойылатын сұрақтар:
Үш биді ата.
Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата.
1926- 1929 жылдар аралығында болған Қазақстанның астанасын ата.
«Сақтар тобы»
Үш дананы ата.
Қазақ халқының ұлттық тағамдарын ата
Целиноград қаласының казіргі атауы
«Атажұрт тобы»
Үш арысты ата. Қазақ халқының салт дәстүрлерін ата
Қарағанды облысындағы ең көне қаланы ата.
4 тур
«Сыр сандық»
Ұпай саны бойынша алда келе жатқан топ сандық таңдайды.
Берілген сұрақтар бойынша әр бір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. Жауап бере алмаған топтың сұрағына басқа топтар жауап бере алады.
1 сандық. Бәйтерек символының биіктігі 97 метр екендігін білеміз.Оның себебін түсіндір.
2 сандық. Еуразия жүрегінде теңіздің бір бөлшегі бар. Онда теңіз тұрғындарының 2000 түрі бар. Ол қай жерде орналасқан және қалай аталады.
3 сандық.Хан сайланатын адамды ақ киізімен бірге көтеріп жұртты аралайды. Жиналған халық «Хан!» деп айқайлайды.Хан отырған киізді жұртшылық не істейді? Киізді жұртшылық тәбәрік ретінде бір жапырақтан бөліп алады
5 тур
Топ басшыларының сайысы. Әр топ басшысына минут уақыт беріледі, сол уақытта
«Тәуелсіз Қазақстан –ол...» деп сөйлемді әрі қарай жалғастыру қажет, уақыт аяқталған соң жазып үлгерген әңгімені қорғау.
Ойынды қорытындылау және жеңімпаздарды анықтау үшін, сөз кезегі біздің құрметті әділқазылар алқасына беріледі.
Осымен «Алға, Қазақстан» атты интеллектуалды ойынымыз өз мәресіне жетті, жеңімпаздарымызды құттықтай отырып осы ойынды тамашалаған көрермендерді 1желтоқсан «Тұңғыш Президент » күнімен тағыда шын жүректен құттықтаймын, еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын! Кездескенше сау саламат болыңыздар!