Абай атаның ғұламалығы керемет қой. Біз Абайымызбен мақтанамыз.
Просмотр содержимого документа
«Абай ғибраты»
Абай айтқан «өлмейтұғын сөз» қандай сөз?
Хакім Абайдың сөзі қайда айтылмайды. Мақалдай болып кеткен мағыналы тіркестері өмірдің түрлі жағдайларына дөп келіп тілімізге тиек болып жатады. Қолына домбыра ұстап өлең айтқан ақын немесе ақ қағазды сыялап қалам тартқан қайбір қазақ қайтыс бола қалса, жақын-жанашырларын, «өлді деуге сия ма ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған», – деген Абай атамыз…», -деп жұбатамыз. Онымызға ағайын көңілі жұбанар мүмкін, Абай көңілі жұбанар ма? Ақиқат ащы әрине. Ендеше, Абай айтқан «өлмейтін сөз» қай сөз?
Толық шумақ:
«Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.», – дейді.
Сонда қалай? Дүние қуғанды қоя тұрып, сөзбен, жазумен, рухани мұра қалдырумен айналыс дей ме? Нақты қалай? Абай сөзін діннен бөліп қарастырудың қиянат һәм бос әуре екенін есті оқырман жақсы біледі. Ал, дінде бос сөз жоқ. Оған нақтылық тән. Онда адам өлгенен кейін (ораза, намаз, зекет секілді өз құлшылық амалдары тоқтағаннан кейін) соңынан мынадай үш амалының сауабы үнемі барып тұрады делінген: Бірінші – мешіт, медресе, құдық, жол салу секілді көпшілік үнемі пайдаланатын іс істеу, соған адал еңбекпен тапқан ақшасын салу, екінші – сәлихалы ұрпағының, яғни, Құран танытып, намазға үйретіп, тақуалыққа баулыған балаңның, неремеңнің қылған дұғалары. Үшінші – Алланы ұлықтайтын, Алланың адамзатқа түсірген қағидаларына сай өмір сүруге жетелейтін пайдалы ілім, мағыналы сөз қалдырсаң, сол сөзді кім тұтынып пайдаланған сайын сізге сауабы барып тұрмақ екен. Яғни, сіз өлгенмен, салған мешітіңізге кірген жамағаттан баратын сауап өлмейді, балаңызды тақуалыққа тәрбиелегендегі ісіңіз үшін оның сізге жасаған әр дұғасының сауабы өлмейді және қалдырған ілім сөзіңіздің сауабы өлмейді. Қанша көп пайдаланса сонша көп сауап жетпек. Өз амалдарың тоқтаған, (өлген) бірақ, дұрыс сөзіңіздің амалы (сауабы) өлмек емес. Ендеше, түсінікті. Абай айтқан өлмейтін сөз – осы!
Басында айтады, «көп адам дүниеге бой алдырған, бой алдырып аяғын көп шалдырған», – деп. Бұл екі жолда көп адамның бұ дүниелік іспен ғана айналысып, сонда да алқып-шалқып бақытқа жетпей көп қиындыққа тап болатынын баян етеді. Себебін үшінші, төртінші жолда көрсетеді. Өлмес нәрсенің қамын ойламауынан дейді.
Әлдебір жаназада бір ақсақал Абай атамыздың осы өлеңінің соңғы екі тармағын айтты. Қайтыс болған адам бір шумақ өлең, бір сөйлем қарасөз жазбаған адам еді. Жұрт елең еткендей болды, ақсақал сөзін ары қарай жалғады. «Бұ кісі балаларына Құран жаттатып, тақуа қылып тәрбиеледі. Қайтыс болған адамның соңында сәлихалы (тақуа) ұрпақ қалса, ол, әкесі үшін, анасы үшін дұға қылса, сол дұғаның сауабы үнемі барып тұрады. Абай айтқан «өлмейтін сөз» деген сол дұға сөзі!», – деді қария. Ақсақлдың сөзінің де жаны бар әрине. Сол кезде «Абай айтқан сөлеймін сөз» деген бір сөйлем ми ішіне ұялап ала қойған-ды. Ары қарай Мұсылманбек ағам екеуміз талқыладық кеп. Сөйтіп, ұрпағына пайдалы ілім – өлмейтін сөз қалдыра білген Абай атамыз даналығына тағы да тәнті болдық. Дұға қылдық.
Блинчики өте оңай және дәмді
Сут - 500 мл,
Жұмыртқа - 3 шт,
Ұн - 280 г,
Қант - 1-2 ст лсоль -
Тұз 1шай қасық жарты
Ас майы,сливычный масло жағуға