Собственное сочинение стихотворении про Абая
Просмотр содержимого документа
«Абай ата»
А
байға арналған шығармалар
Абай біздің атамыз
А
бай біздің атамыз,
Қуантады әрқашан
Жырын оқып, көңілді,
Жұбатамыз жүректі.
Абай ақынның
Абай ақынның,
Жырларын біз жаттаймыз
«Болашағым бол» деген,
Сенімен де ақтаймыз.
Абай атаға
Абай ата ақын ғой,
Сөздері оның нақыл ғой
Бізге күнде үйретіп,
Сайыс өтіп жатыр ғой.
Өлең жыры
Өлең жырын қазағына арнаған,
Елдің қамын тебірентіп толғаған.
Халқы үшін мыңмен жалғыз алысқан
Бұл заманда Абай сынды бар ма адам?
Өтер айлар, өтер жылдар, ғасырлар,
Ұмытылмас өзің сынды асылдар
Ойы ұшқын, сөз қадірін түсінер
Ұрпақтарың өнеріңе бас ұрар.
Ұлылығы бар әлемге тараған,
Қасиетіңе басын иген бәр адам
Абай ата – мақтанышы қазақтың,
Бар өмірін өлең – жырға арнаған.
Абай деген өшпес мәңгі аты бар,
Бізге арнап жазып кеткен хаты бар
Ө
негелі сөздерінен тәлім алып
Өсе берсін, Абай сынды асылдар!
Елімнін ұлы ақыны
Елімнін ұлы ақыны,
Қазақтың ең асылы
Абай деген атамыз,
Өшпес мұра қалдырды
Елдің жайын жырлаған,
Абай елі сыйлаған
Жас кезінен талпынып,
Ақындықты ойлаған
«бес нәрсеге асық бол»,
Үлгі беріп үйреткен
«Бес нәрседен қашық бол» - деп,
Жамандықтан жиреткен,
Ұ
рпақтарың біздерге,
Үміт артып бір кезде
Үлгі алар деп жырынан,
Тарту еткен әлемге
С
ондықтан да мәңгілік,
Самғайсың сен жаңғырып
Біз бар жерде әрдайым,
Жарқырайды жыр – алып
Абайдың қара сөзінен,
Бәрі біліп үйренер
Оқып, тыңдап жүрген соң,
Жамандықтан жиренер.
Қазағымның ақындары
Қазағымның ақындары көптеген,
Абай, Сәкен, Ыбраймен бітпеген
Мұқағали, М ұхтар, бар-дағы
Өз елінің төрін көкке көтерген
Мұқағали аққуларды еске алса,
Мұхтар атам Абайды елге танытқан
Сауат ашып қазақтардың көзін ашқан,
Ыбырай, Абай өз халқын ұмытпаған
Үлгі қылған атам қазақ сендерді,
Сол тәрбиемен өсірген мына біздерді
Ақындар келешекті еске алып,
Қалдырған бізге мына өлеңдерді.
Абай рухына
Сөзің өткір қанжардай,
Сынға түсіп сынбаған
Сендей ақын жоқ, сірә
Поэзияны жырлаған
Қарсы аларсың бізбенен,
Талай - талай ғасырды
Жыр сыйлаған Абай аға!
С
аған ием басымды!