kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

8-наурыз "Құрбылар сайысы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Внеклассное мероприятие про 8-марта среди начальных классов

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«8-наурыз "Құрбылар сайысы"»

Тәрбие сағаты «Құрбылар сайысы»

Мақсаты: 8-наурыз-аналар мен қыздар мерекесін атап өту.Отбасының берекесі,бүкіл адамзаттың өмірі,өмір гүлі-аналарды,нәзік жанды ару-қыздарды сыйлауға тәрбиелеу.Қыз балаларды өнерлі,инабатты,ақылдыда парасатты болуға баулу.Ер балаларды қыз балаларға қамқор,жанашыр болуға,қыздарды сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:плакаттар «Мерекеңізбен!», «Ана-біздің күніміз!», «Өмір гүлі-арулар»,гүлдер,шарлар.

Құрбылар сайысының өтілу жоспары:

1-бөлім: «Аналарға арнаймыз».

2-бөлім: «Құрбылар сайысы»

3-бөлім: Қорытынды.

Өту барысы: «Аналарға арнаймыз!» (әдеби-музыкалық монтаж)

1-оқушы:Мереке құтты болсын,аналарым,

Мәпелеп,еркелеттің,аяладың

Лебізіңе алғысты айта келе

Ән жырды қабыл ал аналарым!

2-оқушы:Қош келіпсіз,кұрметті ата-аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Балғын шақты біз бақытты балалар!

3-оқушы:Армысыздар,мұғалімдер,әз жандар,

Білім іздеп,инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би-биленіп,ән де бүгін шырқалар!

4-оқушы:Ана деген асқақ ән,

Орындайтын әрқашан.

Анадай қымбат сыйлықты,

Таба алмайсың ешқашан.

5-оқушы:Ана деген ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Қасыңда кім болса да,

Тек анаңа жақынсың!

6-оқушы:Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

7-оқушы:Мамам менің ақ мамам,

Менсіз таңы атпаған.

Менсіз күні батпаған,

Мен ұйықтамай жатпаған.

8-оқушы:Теңдесі жоқ данасың,

Арқа тұтар панасың.

Еңбегіңді ақтайын,

Аман болшы анашым!

9-оқушы:Құрметтейік,о адамдар,аналарды,

Бізге өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан гой,

Ойлауменен істелік әр қадамды.

10-оқушы:Ақ сүтінен жаралған

Ақ сүтінен нәр алған

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз!

11-оқушы:Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,

Адалдықты ар-намысты сақтаған

Мен ананың сонысына мақтанам.

12-оқушы:Анам менің аялап,әлдилеген

Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген

Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы

Қалайша ұмытамын бал татыған

Анашым алдыңызда қарыздармын

Өтеуден оны әрқашан қарыздармын

Ананың баласына махаббаты

Мәңгілік алаулаған шам-шырағы

13-оқушы:Ана-біздің күніміз!

Ананың біз гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз!

14-оқушы:Келбетіңде ұлылық,

Ана деген- жылылық,

Ана деген –мейірім

Ақыл құйған санама

Күннен де артық,расында

Күн алыста ,ал анам

Ылғи менің қасымда

15-оқушы:Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген-алтын қазық,алтын бақ.

16-оқушы:Ана деген –асыл жандар болаттай

Ана деген-мөлдір жандар бұлақтай

О,адамдар,қадірлей біл Ананы

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай

1-оқушы: Сан мың шәкірт өзіңнен тәлім алды.

Аяулы Ұстаз-ана,ісіңнің бәрі ұнамды.

Әр күн сайын атыңды қайталаймын.

Еске алғандай таң сайын ән ұранды.

2-оқушы:Сәуле апай басшылардың бірі ғой

Басшылардың ішіндегі гүлі ғой.

Мектебімнің жақсы атанып жүргені,

Осы апайдың арқасында біліп қой.

3-оқушы:Бәрімізге анасың,

Біз үшін көп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым!

4-оқушы:8-наурыз келді,

Шаттық сезім алып келді.

Қуанышты күніңмен,

Құттықтаймыз сіздерді!

Ән: «Мереке күніңмен!

2-бөлім: «Құрбылар сайысы»

Ақ көңілмен,ниетпен,әділ баға берсін деп,

Шаршамай ,еш жалықпай,айтқаныңызға көндік деп,

Әділқазы алқасын,сайлап алсақ жөн болар.(әділқазылар сайланады).

Біздің қыздар-білімді,

Меңгерген бар ілімді.

Біздің қыздар-елгезек,

Алады тез тіліңді.

Сыныбымыздағы ақылды,білімді,елгезек,инабатты,парасатты аруларымыз алдарыңызда өнерлерін ортаға салмақшы.Қарсы алыңыздар! «Қызғалдақ»

тобы!, «Бәйшешек»тобы!

Өнер қуып арулар өтер деймін,

Өздерінің өнерлері жетер деймін.

Бәсекеге түсер топтар кезектесіп,

Таныстырып өздерін кетер деймін!

1.«Қызғалдақтар-сарғалдақтар,қызғалдақты әркім мақтар!»

«Бәйшешек-алғашқы гүл,жарыста алға ұмтыл!»

2.Үй тапсырмасы:(Дайындап келген тағам түрін,жасалу жрлын айтып беру).

3.Ширату сұрақтары.Шарты:әр топ мүшелері ортаға шығып 1 әріп таңдап,берілген сұраққа сол әріптен басталатын сөздермен жауап береді.

1.Атың кім?2.Құрбыңның аты кім?3.Қайдан келдің?4.Нені жақсы көресің?

5.Қай жануарды жақсы көресің?6.Қандай өсімдікті білесің?Қандай көлікке

міндің?т.б

4.Өнер сайысы:Қазақ жұрты киелі,өнерліні сүйеді,

Қыздар шығып ортаға ,ән де салып береді.

5.Мәнерлеп оқу сайысы.Әр топ ана,көктем тақырыбына арнап жаттаған өлеңдерін оқиды(авторын айту керек )

6.Мақал- мәтелдер сайысы.

7.Суретшілер сайысы.(8-наурызға арнап сурет салады).

8. «Сән-2016»киім үлгісі сайысы.


Сыры мен қарап барлық сымбатына,

Қызды жұрт қылығымен әсем деген.

Бүгінгі мерекеде біздің қыздар,

Көрсетеді киімдерді «Сән-2016»дегенді!

9.Би сайысы.

10.Қорытынды.

Көңілді көтердік біз мерекеде ,

Әжелер ,аналар мен қыздар үшін.

Қаттырақ соғайықшы алақанды

Келгенде алдымызға қыздар біздің.

Әділқазылар алқасына сөз кезегі беріледі.Марапаттау сәті.

Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,

Бақ-дәулет шалқи берсін жерімізде.

Аман-сау болайықшы көріскенше,

Көк байрақ,желбірей түс көгімізде!
































Ишимское орта мектебі


Тәрбие сағаты



«Құрбылар сайысы-2016»


3 «А» сынып



Дайындаған:Мухангалиева Д.С.












2016жыл.Наурыз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
8-наурыз "Құрбылар сайысы"

Автор: Мухангалиева Дурия Султангазиевна

Дата: 14.01.2017

Номер свидетельства: 379226

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Армысы? ?з Наурыз 2015ж. "
    ["seo_title"] => string(23) "armysyn-z-nauryz-2015zh"
    ["file_id"] => string(6) "230146"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1441996479"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Тарбие са?аты. Наурыз "
    ["seo_title"] => string(22) "tarbiie-sag-aty-nauryz"
    ["file_id"] => string(6) "162992"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422435125"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Пай-пай, шіркін,  ?аза?ты? келіндері-ай! "
    ["seo_title"] => string(41) "pai-pai-shirkin-k-azak-tyn-kielindieri-ai"
    ["file_id"] => string(6) "192576"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427472913"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства