kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Пай-пай, шіркін, ?аза?ты? келіндері-ай!

Нажмите, чтобы узнать подробности

І. Кіріспе б?лім.

а) ?йымдастыру кезе?і.

б) ?азылар ал?асын сайлау

ІІ. Негізгі б?лім.

а) Сайыс?а ?атысушы келіндермен танысу

б) Сайыс шарттарымен таныстыру.

  1. «С?лем – с?зді? анасы!» (Таныстыру)
  2. «Ойлы болса?,озып к?р!»( Салт-д?ст?рлер аясында?ы с?ра?тар)
  3. «?нерлі келін – с?йкімді!» ( ?з ?нерін к?рсету)
  4. «С?з тап?ан?а – ?ол?а жо?!» ( Ситуациялы? с?ра?тар)
  5. «Кім жылдам?» (Картоп ашу, шаш ?ру)
  6. «Сауса?ынан бал там?ан келіндер-ай!» ( ?аза?ты? ?лтты? та?амдарын жасау)
  7. «?ылы?ына сай екен киімдері-ай!» ( ?аза?ты? ?лтты? киімін киіп,таныстыру)

ІІІ. ?орытынды б?лім.

а) Сайыс же?імпаздарын марапаттау.

б) Сайысты ?ортындылау. 

Диалог (жай музыкамен о?ылады)

Наурыз шыр айнал?ан жылды? басы,

Адамны? ?лшенеді ?мір жасы.

?аза?ты? пейіліне жарасады,

?р ?йде дастархан?а тол?ан асы.

 ?мірі? ?те келе шал боларсы?,

Томардай от?а т?скен д?л боларсы?.

Ойнап к?л елмен бірге Наурызда,

Б?л к?нге ?мір ?тсе зар боларсы?. 

?шады а??у к?лден ?азыменен,

Ж?реді к?л жа?алап жазыменен.

Жарасар ойын к?лкі осындайда,

Ойы?ды баурайт??ын назыменен. 

К?рінер а?аш с?лу алмасымен,

Со?ады ?ста темір бал?асымен.

Барады жыл айналып к?рмегелі,

Аман ба ауыл айма? мал басымен?

 ?ар еріп, жер к?ктемей жаз болама,

М?з кетпей айдын к?лге ?аз ?она ма?

Ойнамай наурызда думандатып,

К??ілі адамдарды? м?з болама?

 Бол?анда ж?лдыз кіші, ай к?лемді,

Ас?ар?а те?емейсі? ?ай белі?ді.

?уанам елмен бірге ?лыс к?ні,

?осылып ??рбыларым айтса ?ле?ді.

 (Екі ?ыз екі жа?тан шашу шашып кіріп келеді)

Барлы?ы бір бірімен к?рісіп, амандасып,??тты?тап жатады. Киіз ?йге кіріп жай?асады. Бір жа?та барлы? ?ыздар ??гіме ??рып отырып,?лы той ?арса?ында ?ызмет к?рсетіп ж?рген же?гелерін к?ріп ?ызы?ады. 

Баян: ?ыздар,?ара?даршы осы ?лы той ?арса?ында тынбай е?бек етіп ж?рген осы же?гелерімізді? ар?асы ?ой,мен жалпы ?аза? келіндеріне арнап мынадай бір ?ле? о?ып бергім келіп отыр, ?алай ?арайсы?дар? 

?ыздар:  ?рине, н?р ?стіне н?р болар еді. Біз де болаша?та осы же?гелеріміз сия?ты ?аза? келіндері,бір ?йді? От Анасы болатынымыз аны?. 

Баян:

?ыз атта?ан, келін кеп, а? боса?а,

А? боса?а мерейлі ба? боса?а.

?асиетті хал?ымны? д?ст?ріне

К?? болып ?асырлар жатты осы ара.

 Пай пай, шіркін, ?аза?ты? келіндері,

К?л дария секілді пейілдері.

«Абысын тату болса ас к?п» деген,

Ма?алды? айтылуы тегін бе еді.

 ?ариялар батасын береді екен,

Бата деген а? тілеу керек екен.

Жа?сы д?ст?р, жа?сы с?з, игі тілек

?рпа?тар?а жал?асып келеді екен. 

Татулы?пен тамсант?ан ауылымды,

Арда? т?т?ан а?а, іні бауырымды.

Ізеті мол ?аза?ты? келіндері,

Ба?алатты? барша?а ?адірі?ді. 

(Арасында ?ыздар ?осылып «Пай-пай» деп айтып отырады.)

Сол кезде ?ыздар?а ризашылы?ын білдіру ?шін же?гесі келеді

?лболсын:  Ай, ?андай жа?сы, осындайда ?ол?абыс білдіретін ?айын сі?ілілерімізді? бол?аны, риза болып ?ал?анымыз ай, шарша?анымызды ?мыттырып,к??іліміз сергіп ?алды, рахмет, Ерке?ыз! 

Баян: О?асы жо?, же?еше мен осындай ?лы той ?арса?ында сіз сия?ты бас?а да келіндерді? ?нерлерін к?ріп, ?лгі алып сайыс ?йымдастыр?анды ж?н к?ріп отырмын, ?алай ойлайсыз, осы сайысты менімен бірге ж?ргізуге к?мегі?ізді берсе?із? 

?лболсын: ?рине, Ерке?ыз, мынандай той ?арса?ында ?аза?ымызды? келіндерін жинал?ан ж?рт?а к?рсетіп сайыстырса? оны? несі айып? ?уана ?уана келісемін. 

Баян:Олай болса, Барлы? жинал?ан  ?стаздар мен студент жастар?а б?гінгі ?ткелі отыр?ан «Пай-пай, ?аза?ты? келіндері-ай!» сайысына хош келді?іздер дейміз!

Сонымен б?гінгі сайысымызды? ма?саты: Келіндерді? ізеттілігін, инабаттылы?ын ба?алау. Жас ?рпа? бойында?ы жан с?лулы?ы мен ?атар салт-д?ст?рімізді? ?алыптасуына, заман талабына сай ?лтты? ?нер мен

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Пай-пай, шіркін, ?аза?ты? келіндері-ай! »

Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай!

І. Кіріспе бөлім.

а) Ұйымдастыру кезеңі.

б) Қазылар алқасын сайлау

ІІ. Негізгі бөлім.

а) Сайысқа қатысушы келіндермен танысу

б) Сайыс шарттарымен таныстыру.

  1. «Сәлем – сөздің анасы!» (Таныстыру)

  2. «Ойлы болсаң,озып көр!»( Салт-дәстүрлер аясындағы сұрақтар)

  3. «Өнерлі келін – сүйкімді!» ( Өз өнерін көрсету)

  4. «Сөз тапқанға – қолқа жоқ!» ( Ситуациялық сұрақтар)

  5. «Кім жылдам?» (Картоп ашу, шаш өру)

  6. «Саусағынан бал тамған келіндер-ай!» ( Қазақтың ұлттық тағамдарын жасау)

  7. «Қылығына сай екен киімдері-ай!» ( Қазақтың ұлттық киімін киіп,таныстыру)

ІІІ. Қорытынды бөлім.

а) Сайыс жеңімпаздарын марапаттау.

б) Сайысты қортындылау. 

Диалог (жай музыкамен оқылады)

Наурыз шыр айналған жылдың басы,

Адамның өлшенеді өмір жасы.

Қазақтың пейіліне жарасады,

Әр үйде дастарханға толған асы.

 Өмірің өте келе шал боларсың,

Томардай отқа түскен дәл боларсың.

Ойнап күл елмен бірге Наурызда,

Бұл күнге өмір өтсе зар боларсың. 

Ұшады аққу көлден қазыменен,

Жүреді көл жағалап жазыменен.

Жарасар ойын күлкі осындайда,

Ойыңды баурайтұғын назыменен. 

Көрінер ағаш сұлу алмасымен,

Соғады ұста темір балғасымен.

Барады жыл айналып көрмегелі,

Аман ба ауыл аймақ мал басымен?

 Қар еріп, жер көктемей жаз болама,

Мұз кетпей айдын көлге қаз қона ма?

Ойнамай наурызда думандатып,

Көңілі адамдардың мәз болама?

 Болғанда жұлдыз кіші, ай көлемді,

Асқарға теңемейсің қай беліңді.

Қуанам елмен бірге ұлыс күні,

Қосылып құрбыларым айтса өлеңді.

 (Екі қыз екі жақтан шашу шашып кіріп келеді)

Барлығы бір бірімен көрісіп, амандасып,құттықтап жатады. Киіз үйге кіріп жайғасады. Бір жақта барлық қыздар әңгіме құрып отырып,ұлы той қарсаңында қызмет көрсетіп жүрген жеңгелерін көріп қызығады. 

Баян: Қыздар,қараңдаршы осы ұлы той қарсаңында тынбай еңбек етіп жүрген осы жеңгелеріміздің арқасы ғой,мен жалпы қазақ келіндеріне арнап мынадай бір өлең оқып бергім келіп отыр, қалай қарайсыңдар? 

Қыздар:  Әрине, нұр үстіне нұр болар еді. Біз де болашақта осы жеңгелеріміз сияқты қазақ келіндері,бір үйдің От Анасы болатынымыз анық. 

Баян:

Қыз аттаған, келін кеп, ақ босаға,

Ақ босаға мерейлі бақ босаға.

Қасиетті халқымның дәстүріне

Күә болып ғасырлар жатты осы ара.

 Пай пай, шіркін, қазақтың келіндері,

Көл дария секілді пейілдері.

«Абысын тату болса ас көп» деген,

Мақалдың айтылуы тегін бе еді.

 Қариялар батасын береді екен,

Бата деген ақ тілеу керек екен.

Жақсы дәстүр, жақсы сөз, игі тілек

Ұрпақтарға жалғасып келеді екен. 

Татулықпен тамсантқан ауылымды,

Ардақ тұтқан аға, іні бауырымды.

Ізеті мол қазақтың келіндері,

Бағалаттың баршаға қадіріңді. 

(Арасында қыздар қосылып «Пай-пай» деп айтып отырады.)

Сол кезде қыздарға ризашылығын білдіру үшін жеңгесі келеді

 

Ұлболсын:  Ай, қандай жақсы, осындайда қолғабыс білдіретін қайын сіңілілеріміздің болғаны, риза болып қалғанымыз ай, шаршағанымызды ұмыттырып,көңіліміз сергіп қалды, рахмет, Еркеқыз! 

Баян: Оқасы жоқ, жеңеше мен осындай ұлы той қарсаңында сіз сияқты басқа да келіндердің өнерлерін көріп, үлгі алып сайыс ұйымдастырғанды жөн көріп отырмын, қалай ойлайсыз, осы сайысты менімен бірге жүргізуге көмегіңізді берсеңіз? 

Ұлболсын: Әрине, Еркеқыз, мынандай той қарсаңында қазағымыздың келіндерін жиналған жұртқа көрсетіп сайыстырсақ оның несі айып? Қуана қуана келісемін. 

Баян:Олай болса, Барлық жиналған  ұстаздар мен студент жастарға бүгінгі өткелі отырған «Пай-пай, қазақтың келіндері-ай!» сайысына хош келдіңіздер дейміз!

Сонымен бүгінгі сайысымыздың мақсаты: Келіндердің ізеттілігін, инабаттылығын бағалау. Жас ұрпақ бойындағы жан сұлулығы мен қатар салт-дәстүріміздің қалыптасуына, заман талабына сай ұлттық өнер мен өнегеге баулу.  Танымдық қабілетін арттыру. 

Ұлболсын:

Сайыс, сайыс, көңіл шіркін тасысын,

Сайыс сайыс жанкүйерлер қол ұрсын

Өнерлерін аямайтын біздерден

Сайыскерлер ортамызға кеп енсін, – дей отырып бүгінгі сайысқа қатысушы келіндерімізді қол соғып қошеметтеп ортаға шақырамыз.

  1. Досанова Маржан

  2. Әлібаева Мадина

  3. Есмухамедова Мұнараш

  4. Оразова Ақдана

  5. Суханбердиева Меруерт

Ал ендігі кезекте сіздерге сайысымызға өз ой пікір, тұжырымдарын білдіретін сарапшыларымызбен таныстырып өтейін. 

Көп сөйлеп, жөн жобадан біз аспайық,

Қандай сайыс болсада біз қашпайық,

Ал, ендеше рұқсат болса.

Колледжішілік «Ең үздік келін!» сайысын біз бастайық!- деп алдымен сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.

Сайыс шарттарымен таныстыру.

  1. «Сәлем – сөздің анасы!» (Таныстыру)

  2. «Ойлы болсаң,озып көр!»( Сал-дәстүрлер аясындағы сұрақтар)

  3. «Өнерлі келін – сүйкімді!» ( Өз өнерін көрсету)

  4. «Сөз тапқанға – қолқа жоқ!» ( Ситуациялық сұрақтар)

  5. «Кім жылдам?» (Картоп ашу, шаш өру)

  6. «Саусағынан бал тамған келіндер-ай!» ( Қазақтың ұлттық тағамдарын жасау)

  7. «Қылығына сай екен киімдері-ай!» ( Қазақтың ұлттық киімін киіп,таныстыру)

 1 шартымыз.

Армысыздар, айналайын дана халқым.

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.

Ата-баба шежіресін жіктеп,

Таныстыру парызы әрбір жастың,

Өнерлерін паш етер отбасылар,

Сәтте келіп қалғандай танысатын дей келе алғашқы шартымыз бойынша

«Сәлем – сөздің анасы!» таныстыру кезеңі. Ортаға 1 санымыз бойынша біртіндеп сайыскерлерімізді шақырайық .

(Қазылар алқасынан бағасын сұрау)

Күй нөсерін төгейік,

Жырдан моншақ өрейік.

Уа, жамағат, ал енді

Күйге кезек берейік. 

Күй: «Келіншек» Орындайтын: СБ-21 тобы студенті Бітімбай Самал 

Баян: Жеңеше сен келін болып түскелі біршама уақыт болды. Сол уақыт аралығында салт дәстүрдің бәрін меңгерген шығарсың, менің оған күмәнім жоқ, ендеше осы келіндер салт дәстүрге байланысты сұрақтарға қалай жауап береді екен, соны байқап көрсек қайтеді? 

Ұлболсын: Әрине, қазақтың келіні салт дәстүрді бес саусағындай білуі керек,білмегенімізді енемізден үйреніп, сен сияқты қайын сіңілілерімізге дәріптеу біздің міндетіміз ғой. 

2 шартымыз.

Көңілін халқыңның таптың бүгін

Емес қой мынау бізге жат күн бүгін.

Бір-бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық.

Байқайық  келіндердің  тапқырлығын – дей келе бұл шартымыз бойынша келіндерімізді ортаға шақырып «Ойлы болсаң, озып көр!» атты кезеңнің сұрақтарына  жауап аламыз

Сұрақтар:

  1. Байғазы деген не?

  2. Киіз үйдің сүйектерін ата?

  3. Сүзбе қалай жасалады?

  4. Тұсаукесер дегеніміз не?

  5. Табақ жасау нешеге бөлінеді?

  6. Малта дегеніміз не?

  7. Сыбаға деген не?

  8. Бойжеткен қыздарға байланысты қазақы кәделерді ата?

  9. Бұжы қалай жасалады?

  10. Бәсіре деген не?

  11. Күйеу табаққа, қыздардың табағына не салынады?

  12. Наурыз көже қалай жасалады?

  13. Жаушы жіберу қандай салт дәстүр?

  14. Күйеу жігіттің қайын жұртқа беруге тиісті кәделері?

  15. Ірімшік қалай жасалады?

  16. Сыйыт дегеніміз не?

  17. Қазақтың аяқ киімдерін ата?

  18. Жент қалай жасалады?









Жауаптар

  1. «Байғазы» деп балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін ақшалай, заттай берілетін сыйды айтады.

  2. Киіз үйдің сүйектері: кереге, сықырлауық, уық, шаңырақ.

  3. Сүзбе. Жақсы ұйыған қатықты қапқа салып, асып қойып, сорғытып сүзеді.

  4. Тұсаукесер.Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді.

  5. Табақ жасау төртке: бас табақ, сый табақ, орта табақ, аяқ табақ деп бөлінеді. Оның бер жағында күйеу, құдағи, қыздардың, соғымшының, малшының табағы деген табақтар бар.

  6. Малта. Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ сапарларда ауызға салып, суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.

  7. Сыбаға (дәстүр). Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-туыстарына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері «Сыбаға» деп аталады.

  8. Бойжеткен қыздарға байланысты қазақи кәделер: үкітағар, өлі тірі, сүйінші, шашу, жасау, құйрық бауыр, киіт, көрімдік пен байғазы.

  9. Бұжы. Бүйенге толтыра тығып салынған қой етінің шұжығы.

  10. Бәсіре (дәстүр). «Жастайынан бағып ем, Бәсіре ғып торы тайым» (Х.Талғаров). Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң – солын таныған соң, «сүндет тойына» немесе мектепте барғанда атасы немесе өз әке – шешесі оған тай атайды. Оны «бәсіре» тай дейді. Бала оны ерекше күтімге алады, бағады, үйретеді. Және сол арқылы мал бағуға, еңбекке үйренеді. «Бәсіре» атау баланың көңілін өсіреді, өмірге бейімделеді. Өз қатарына «бәсіре тайым бар» деп мақтанып, өсіп жүреді. Мұның бәрі баланың көңілін өсіріп, ынталандырып тәрбиелеудің бір жолы.

  11. Күйеу табаққа: бір сан жілік пен төс салынады. Қыздардың табағына: жүрек, бүйрек, жақ пен тіл салынады.

  12. Наурызкөже. Жеті түрлі тағамнан соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, сүт, езілген құрт, бидай т.б салып қазан толы пісіріледі. Қойдың басы мен сүр ет салынуы қыс тағамымен қоштасуды, ақтың қосылуы жаз тағамымен қауышуды білдіреді.

  13. Жаушы қыз айттыруға баратын өкіл. Ол жөн жосық білгіш, сөзге шешен, әзіл қалжыңға жүйрік адам болуы керек. Оның міндеті қыз әкесін көндіріп, бойжеткенге құда түсіп құдалыққа келер күнді белгілеп қайту. Жаушы айтатын сөзі: сіздерде лашын бар, біздерде сұңқар бар. Сол лашынды сұңқарға ілгізгелі келдім деп тұспалдай сөйлейді.

  14. Сүт ақы, балдыз көрімдік, жеңгетай, отау жабар, ентікпе, атбайлар, қолұстатар, шаш сипатар, ит ырылдар, кемір өлді, күйеу аттандырар.

  15. Ірімшік. Жаңа сауылған сүт мәйекпен ұйытып, одан кейін су алғанша қайнатады. Қайнаған ірімшік қызыл сары түске айналады, оны сүзіп алып, дорбаға салып, желге, күнге қойып кептіреді. Кепкен ірімшік бұзылмай көп сақталады.

  16. Сыйыт (дәстүр). Ежелгі дәстүрде қайтыс болған адамның тұтынған киімдерін оның сүйегін жууға кірген адамдар мен өзі қатарлас адамдарға үлестіретін салт болған. Егер киімі берілмей үй – іші қараулық жасаса аруақ жалаңаш жүреді деген ұғым бар.

  17. Қазақтың аяқ киімдері: байпақ, етік, кебіс, мәсі. Етік. Ертеде илеген теріден бертінде былғарыдан киген.

Мәсі. Етіктен айырмасы өкшесі болмайды, сыртынан кебіс киеді.

Кебіс. Былғарыдан тігілген қонышсыз аяқ киім.

Байпақ. Қысты күні малшылар етіктің ішінен қозы жүнінен басылған байпақ киген.

  1. Жент. Түйген қызыл ірімшікке қант, құрт, өрік мейіздердің ұнтағын, сары май немесе шыртылдақ, кейде жаңғақ, өрік дәндерін, бал қосып жасалатын өте дәмді тәтті тағам. Бейнелеп айтқанда қазақтың ұлттық шоколады деуге болады.

( Қазылар алқасынан бағасын сұрау)

(Жеңешесі ән айтып, қолөнермен айналысып отырады)

Баян: Жеңеше дауысыңыз әдемі екен ғой, бұрын мұндай өнеріңізді қалай байқамағанмын. Не тігіп отырсыз?

Ұлболсын: Иә, бұл да бір бойымдағы өнерімнің бірі шығар, ұлттық кәжекей тігіп едім, сыртын әдемілеп моншақтап отырмын.

Баян: Керемет екен, олай болса бүгінгі келіндеріміздің қандай өнерлері бар екенін байқап көрелік.

3 шартымыз.

Шеберлердің өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз көрейік таланттының өнерін – дей келе бұл сайысымыз « Өнерлі келін – сүйкімді!» деп аталады.

( Қазылар алқасынан бағасын сұрау) 

4 шартымыз.

Өнері өрге жүзер талаптының,

Таланты талмай ұшар қанаттының,

Әртістер бар өмірде даңқы асқан.

Көрейік біз өнерін әртістердің – деп  «Сөз тапқанға – қолқа жоқ!» сайысында ситуациялық көріністерден келіндеріміздің әртістік өнерін байқайтын боламыз. 

Жағдаяттар:

  1. Ененіңізден төркіндеп қайтуға қалай сұранар едіңіз?

  2. Келін болып түскеніңізге 5 жыл болды,қайныңызда үйленді,сіз бөлек шығып, енші алғыңыз келеді,енеңіз сізді жібергісі келмейді,күйеуіңіздің де шығатын ойы жоқ.

  3. Енеңіз бен қайны сіңіліңіз сіздің жұмыстарды жай істейтініңізді әңгімелеп отырады, естіп қойдыңыз, не істейсіз?

(Қазылар алқасынан бағасын сұрау) 

Көрініс: Таңсәріден ерте тұрған келін түйе сауып жатады, 

Баян келіп:Жеңеше, бүгін нағашыларымыз көрісуге қонаққа  келеді екен, дастархан жасау керек, мама етті салып қойсын деп еді,бәріне үлгере аласызба,мен сабаққа кетіп бара жатырмын. 

Ұлболсын: Иә,иә бара бер мен өзім үлгерем ғой, қалма сабағыннан

Үйге келіп, үйін жинастырып,тамақ істеп асығып жатқан келінге,күйеуі келіп: 

Айнаш:Ұлболсын, мен асығыспын, жұмысқа баруым керек, шалбарымды үтіктеп береғойшы 

Ұлболсын: Иә,қазір (Тездетіп үтіктеп беріп жібереді.)

Бұдан кейін қызы келіп шашын өріп беруін сұрайды: 

Гүлсім: Мама, сабаққа барам, шашымды өріп берші

(Бәріне үлгеріп үстел басында демалып отырамын.) 

Баян: Ой жеңеше барлығына үлгеріп демалып отырсыз ба, қандай пысық едіңіз 

5 шартымыз.

Пысық келін болар іске жауапты,

Ақылына көркі сай боп талантты.

Осы емес пе келін деген нағыз ат,

Кең пейілді асыл жанды,сымбатты, дей келе, «Кім жылдам?» кезеңінде келіндеріміздің жылдамдығын,іске ептілігін,пысықтығын көретін боламыз.



( Қазылар алқасынан бағасын сұрау)

Мың бұралған биіменен әр қилы,

Меңгеріп ап сол бойына бар биді

Шығар қазір ортамызға бір ару,

Қылығымен сан бұралып билейді.

Би: «Қазақ биі» Қыратқожақызы Индира

6 шартымыз.

Осындай болып жатты ұлы жиын.

Жиынның мыңнан бірін айту қиын.

Еті тау, қамыры көл деуге болар

Айтқанда тартыңқырап астың сыйын. Яғни,«Саусағынан бал тамған келіндер-ай!» деп аталатын бұл шартымызда үйден жасалынып әкелінген қазақтың ұлттық ас мәзірін көрсетіп, таныстыру.

( Қазылар алқасынан бағасын сұрау)

Ән: « Қыз сыны » Орындайтын Бітімбай Самал 

7 шартымыз.

Сымбатына өнері жарасатын.

Аспандағы айменен таласатын.

Өздеріне сай келіп тұрған жоқ па,

Сайыскерлерге қызығып қарасаң шын – дей келе, «Қылығына сай екен киімдері-ай! атты кезеңде келіндеріміздің ұлттық киім үлгісін таныстыруына кезек береміз.

( Қазылар алқасынан бағасын сұрау)

Ән: «Жангүлім» Сәдуақасова Ақмарал 

Қорытындылау.

Сайыскерлерді мараппаттау 

Осымен, бүгінгі мерекелік шарамыз аяқталды. Назар қойып, алтын уақыттарыңызды бөліп тыңдағандарыңызға көп рахмет.Жылдан жылға аман есен жетейік,жаңа жылымыз бәрімізге құт-береке әкелсін! 




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Пай-пай, шіркін, ?аза?ты? келіндері-ай!

Автор: Алиева Балжан Сейт?азы?ызы

Дата: 27.03.2015

Номер свидетельства: 192576


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства