kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

16-желтоқсан ҚР тәуелсіздік күні.

Нажмите, чтобы узнать подробности

сабақ оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылған.Оқушылар қызыға,белсене қатысты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«16-желтоқсан ҚР тәуелсіздік күні.»

Тақырыбы: Желтоқсан ызғары

Сыныбы: «4» - сынып

Мақсаты:

1.Білімділік. Оқушыларды Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру.

2.Дамытушылық. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу.

3.Тәрбиелік. Патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі:Слайд, Қазақстан Республикасының рәміздері, мақал-мәтелдер, видео, суреттер, викториналық сұрақтар.

Өту барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі: Қайырлы күн оқушылар! Оқулықтар мен жұмыс үстелдеріңді ретке келтіреміз. Орындарыңа жайғасыңдар!

2.Кіріспе бөлімі: -Балалар! Адам өміріндегі ең басты байлық не екенін білесіңдер ме?! Ол- денсаулық! «Бірінші байлық- денсаулық» деген әдемі сөз бар. Ендеше сол денсаулығымыз мықты болуы үшін тазалықты сақтау керек.

Әнұран айтылады

Мұғалім: Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресінің тарихи нәтижесі.

Ән: Өркендей бер Қазақ елім

Викториналық сұрақтар:

1 Біздің Отанымыз қалай аталады?

2 Біздің Президентіміз кім?

3 Қ.Р рәміздерін ата?

4 Тәуелсіздікке неше жыл болды?

Слайд бойынша нақты мәліметтермен таныстыру.

Таңнұр
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
Айдана
Жазалаушы қара құрттай қаптады,
Қазағымды қырып – жойып таптады.
Сонда елімнің ұл – қыздары ардақты,
Қарсы шығып ел сенімін ақтады.
Алихан
Жалғыз Отан –адамның жүрегі ғой,
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.
Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,
Ербол, Қайрат – нағыз ердің бірі еді ғой.

Бексұлтан

Желтоқсанның қанды суық ызғары

Қалың әскер қазағымды қорлады

Тәуелсіздікті қолдаған жастардың

Отан үшін табандары тозбады

Мархаба

Жүректе намыс оты лапылдаған

Күш-жігері жастардың сарқылмаған

Отан үшін олар шығып алаңға

Қарсы ағып өзендей тасқындаған

Елжас

Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын

Желтоқсанда шықты алаңға жастарын

Әр ұрпақтың құрбандары жетерлік

Дербестікке кім сұрамақ басқа күн

Тілек

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі

Мықты болсын елімнің керегесі

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан

Кетпесін туған жердің берекесі

Ән:Жас ұлан

Еске алу


Мұғалім:Желтоқсан оқиғасының құрбандары кім? Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев.

-Видеоролик: Болмыс


Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар,
Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.
Болашаққа даңғыл жол салып берген,
Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.

Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,
Ерттеп мініп ар – ождан сәйгүлігін
Ерлерім елдік үшін атой салып,
Еншілер қайтарған бәйгелі күн.

Көрініс.

Тергеуші: Сен өзің Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба? Жоқ па?

Қайрат: Жоқ, мен Савицкийді көргенім жоқ!

Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар! Орындарыңыздан тұрыңыздар сот келе жатыр!

Үкім: Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот мәжіліс із алындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтің айыптау ісін қарай келіп, Қазақ КСР Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287,299 және 301 баптарына сәйкес сот алқасыҮкім етеді»:

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп танылып мынадай қылмыстық жазаға тартылсын:

Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 60 бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65 бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 173-1 бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына, атуға кесілсін.

Қайрат:

Күнәдан таза басым бар,

21-де жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты құрбандық»

Атам десең атыңдар!


Видео-клип «Желтоқсан желі». .

Ән: Жас ұлан

Мұғалім:Тәрбие сағатымызды мақалдармен жалғастырайық. Қане, балалар Отан, Туған жер туралы қандай мақал-мәтел білеміз?

Отан- отабасынан басталады.

Отан-оттан да ыстық.

Туған жерге туыңды тік.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Туған жердің-түтіні де ыстық.

Отан үшін отқа түс күймейсің.

Ән:Туған жер Кең байтақ

4.Қорытындылау

Бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағатымыз өз соңына жетті. Барлықтарың белсенді атсалыстыңдар, әрқашан да сабаққа осылай ынтамен қатысып отырыңдар. Жарайсыңдар! Назарларыңа рақмет, сабақ аяқталды сау болыңдар!


















































Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі









Сабақ жоспары


Тақырыбы: «16-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні!»



Орындаған: 2-ШК-1 тобының білім алушысы

Мерзоянова.Б.Ж

Тексерген: оқытушы











Өскемен қаласы, 2016 жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
16-желтоқсан ҚР тәуелсіздік күні.

Автор: Назарова Баян Солтанбековна

Дата: 03.02.2017

Номер свидетельства: 387304

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(188) "16 желто?сан-Т?уелсіздік к?ніне  "Ар намысым,?асіретім,ма?танышым Желто?сан" та?ырыбында ашы? т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(120) "16-zhieltok-san-t-uielsizdik-kuninie-ar-namysym-k-asirietim-mak-tanyshym-zhieltok-san-tak-yrybynda-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "142926"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1418392999"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Желтоқсан- тәуелсіздіктің бастауы"
    ["seo_title"] => string(36) "zhieltok_san_t_uielsizdiktin_bastauy"
    ["file_id"] => string(6) "358993"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479156914"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Желто?сан-  т?уелсіздікті? т?п тамыры "
    ["seo_title"] => string(39) "zhieltok-san-t-uielsizdiktin-tup-tamyry"
    ["file_id"] => string(6) "149824"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420313392"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Внеурочная работа на тему: "Желто?сан – т?уелсіздік шежіресі""
    ["seo_title"] => string(68) "vnieurochnaia-rabota-na-tiemu-zhieltok-san-t-uielsizdik-shiezhiriesi"
    ["file_id"] => string(6) "272953"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452093440"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "16-желто?сан Т?уелсіздік мерекесіне "Т?уелсіздік - тірегім" танымды? са?аты"
    ["seo_title"] => string(72) "16zhieltoksantuielsizdikmieriekiesinietuielsizdiktirieghimtanymdyksagaty"
    ["file_id"] => string(6) "312069"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459279778"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства