О?ушыларды топпен отыр?ызып, сергіту с?тін ?йымдастыру. Биыл Т?уелсіздік ал?анымыз?а 20 жыл болса, Т?уелсіздікті? т?п тамыры Желто?сан о?и?асына 25 жыл. ?ос бірдей мереке немесе ата-бабамыз а?сап кеткен ?лы той деуге де болады. Ал ?аза? хал?ы ?ай тойды да шашумен аш?ан, б?гінгі саба?ымызды да шашумен бастайы?.
Досты??а ??ша? ашайы?,
Cаба??а назар ?осайы?.
?аза?ты? бір салты деп,
Той?а шашу шашайы?!
Шашу с?ра?тары:1. Т?уелсіздік дегеніміз не?
2. 1986 жыл?ы желто?сан о?и?асы туралы не білесіздер?
Просмотр содержимого документа
«Желто?сан- т?уелсіздікті? т?п тамыры »
Тақырыбы: Желтоқсан- тәуелсіздіктің түп тамыры
Мақсаты:а) 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының себебін түсіндіру, қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен оқиғаның тарихи маңызын ұғындыру.
б) Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу.
в)Тарихи тағылым арқылы ұлттық тәрбиені қалыптастыру, ұлтжанды қазақ азаматын тәрбиелеу. Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын сезіндіру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, сыныптан тыс өнеге сағаты
Оқушыларды топпен отырғызып, сергіту сәтін ұйымдастыру. Биыл Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл болса, Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына 25 жыл. Қос бірдей мереке немесе ата-бабамыз аңсап кеткен ұлы той деуге де болады. Ал қазақ халқы қай тойды да шашумен ашқан, бүгінгі сабағымызды да шашумен бастайық.
Достыққа құшақ ашайық,
Cабаққа назар қосайық.
Қазақтың бір салты деп,
Тойға шашу шашайық!
Шашу сұрақтары:1. Тәуелсіздік дегеніміз не?
2. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы туралы не білесіздер?
3. Тәуелсіздік жолында қандай күрестер болып еді?
ІІ. Жаңа сабақ:
Дауылға желтоқсанның желі айналды,
Ашуға мінді Алатау әрі айбарлы,
Күтпеген іс ақыры не болды деп,
Күллі әлем Алматыға қарай қалды.
Кез емес жауапкершілік «Аттан»атты,
Алаңың шеруі емес салтанатты емес,
Қытымыр қыстың басы сол бір айда,
Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.
Жаңа сабақты баяндау: -видео көрсетіледі.
ІІ. Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар:
Тұлға:
1. Желтоқсан оқиғасына қатысып, қазақ елінің бостандық туын көтерген желтоқсан құрбандары кімдер? 2. Желтоқсан оқиғасына байланысты шыққан қандай ақындарымыздың өлеңін білесіздер? 3.1986-1989 жылдары Қазақстан үкіметін басқарған кім?