Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлттық ою-өрнектерін үйрету үстінде шәкірттердің эстетикалық талғамдары мен өнерге деген шеберлік ынта-қабілетін арттырып, дамыту.
Білімділік: Ою үлгілерін компьютерге түсіріп, сызып, бояудың әдіс-тәсілдерін меңгерту, «құс қанаты» элементінен ою-өрнекті қиып көрсету.
Дамытушылық: ойлау, қиялдау арқылы шығармашылық қабілеттерін, әсемдік сезімдерін дамыту.
Тәрбиелік: табиғат сұлулығын, байлығын бағалай отырып, оларды қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, түсіндіру, сұрақ-жауап. Сабақтың түрі:Жаңа сабақты түсіндіру. Пәнаралық байланыс: информатика, сурет, тарих, әдебиет,сызу. Сабақтың құрал-жабдықтары:компьютер, 60х40 см қағазға жасалған құс қанаты өрнегігің элементі, қайшы,желім,сызғыш,бояулар, қарындаш,өшіргіш,түрлі-түсті қағаз,картон,бор,мата, акварель бояу, қылқалам, су құятын ыдыс.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, қағаздан қиылған ою үлгілері, суреттер,буклеттер, тест сұрақтары.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. 1. Оқушыларды сабаққа даярлау,түгендеу. 2. Техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
3. Сынып бөлмесінің санитарлық жағдайын жасау. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Өткен сабақты «ыстық орындық» ойыны арқылы қайталау,бекіту.
ІІІ.Жаңа сабақ. - Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Құс қанаты» элементінен ою-өрнек жасау,яғни ою үлгілерін компьютерге түсіріп, сызып, бояудың әдіс-тәсілдерін меңгеру және оны қиып үйрену. Ою-өрнек қазақ даласында әр түрлі үлгіде дамыған. Оның негізгі элементі мүйіз тектес болып, қазақ халқының тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, құрау, еріту, балқыту, қию арқылы үй жиһаздарын, құрал саймандарды, киіз үйлерді, құрылыстарды зергерлік ұйымдарды, кілем, алаша, сырмақ, ыдыс-аяқ, киім-кешектерді ою-өрнектермен әшекейлеп, безендіріп отырған, оны Ахмет Ясауи, Қарахан, Айшабибі мавзолейлерінен көруге болады.
Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп. Ғалымдар әзірше 230-дай түрін ғана анықтады.Біз солардан халық арасында көп тараған мүйіз тектес ою-өрнектерді сөз етпекпіз. Ою өрнектің бұл тобын, қазақ халқының ою-өрнектерінің төркіні деуге болады. Өйткені барлық жаңа буындар осының негізінде жасалып, тек атаулары ғана өзгертіліп отырған. Мысалы: қошқар мүйіз, арқар мүйіз, қос мүйіз, қос алқа, құс қанаты, қаз табан және т.б. ою-өрнектердің негізгі арқауы. Қазақтың ою-өрнегін салып, қиып үйренбей қолданбалы өнерді игеру мүмкін емес. Сондықтан оюды өзіміз ойып үйренуіміз керек.
1) Ою-өрнек дегеніміз –латын тілінен алынған «орнамент» мағынасы, сәндеу, әсемдеу. 2) Композиция дегеніміз – өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру. Мысалы: көлемі шағын бұйымға ірі өрнек салмайды. 3) Симметрия дегеніміз –ою-өрнектің екі жағының тең болуы. Мысалы: кітаптың екі бетіндей. 4) Колорит дегеніміз –ою-өрнектегі бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы. Мысалы: қара түсті қызыл, ақ, сары түстердің ашуы. 5) Ритм дегеніміз – ою-өрнекте бір элементтің қайталанып келуі. - Балалар, сендер «мүйіз» тектес ою-өрнектерді танып білдіңдер десе болады. Енді ЭЕМ арқылы жұмыс жасаймыз.Компьютерді іске қоспас бұрын техника қауіпсіздігін еске түсірейік. 1.Кабельдердің қосылған орындарына тиюге; 2.Жұмыс істеп тұрғанда экранға,монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиюге; 3.Мұғалімнің рұқсатынсыз аппаратураларды тоқ көзіне қосуға,үзуге; 4.Кітап,дәптер және тағы басқа заттарды монитордың, пернетақтаның үстіне қоюға; 5.Су киіммен,су қолмен компьютерде жұмыс істеуге қатал тыйым салынады. Компьютермен жұмыс жасағанда PAINT графикалық редакторын пайдаланамыз. Іске қосу үшін мына командаларды орындаймыз: Бастау-Барлық бағдарламалар-Стандартты-Paint. «Paint» (ағылшын сөзі) –қазақша сызып, бояп үйрену деген мағынаны білдіреді.
Мұғалім алдын-ала «құс қанаты» элементінен салған суретін интерактивті тақта арқылы көрсетеді. Оқушылар ою-өрнекті салып, бояп балған соң, мұғалім қолына қағаз,қайшы алып, ою-өрнекті оңай, аз уақыт алатын тәсілмен «құс қанаты» элементінен түрлендіріп қиып көрсетеді. Оқушылар ілулі тұрған көрнекі құралға қарап және мұғалімнің көрсеткен әдістерін пайдаланып, түрлі-түсті қағаздан қайшымен ою-өрнек қияды.
IV. Сабақты бекіту.Тест сұрақтарын компьютердің көмегімен шешіп, компьютер бағасын өзі қояды. 1.Ең көне ою А) қошқармүйіз Б) тұмарша В) қызғалдақ Г) жұлдызша 2.Магиялық ою А) тұмарша Б) гүл В) шимай Г) қазмойын 3.Түйе баласына қатысты ою А) шеңбер Б) жапырақ В) ботакөз Г) өрмекші 4.Жануар тектес ою А) сынақ мүйіз Б) шиыршық В) шұғыл Г) қармақ 5. Өсімдік тектес. А) жауқазын Б) қос мүйіз В) өркеш Г) тұмарша 6. Оюдың неше түрі бар? А) 250 Б) 200 В) 150 Г) 170 7. Геометриялық ою. А) сүйір Б) айшық В) бітпес Г) өрмекші 8. Ғарыш тектес А) шеңбер Б) үшжапырақ В) қазмойын Г) шынжыра 9. Ұннан әзірленген ұлттық тағамның атымен аталатын ою А) бауырсақ Б) табанан В) шелпек Г) қарманан 10. Түс киізге салынатын өсімдік тектес ою. А) жауқазын Б) қызғалдақ В) мак Г) раушангүл 11. Оюдың камзолға салатын түрі А)шимай Б) ағаш В) сыңармүйіз Г) ботакөз
V. Ой толғаныс кезеңі (Рефлексия). Ал енді балалар, бүгінгі сабақты қорытындылай келе, мына кестені толтырамыз.
Маған бәрі түсінікті
Көмексіз қиынсынамын
Мен түсіндім және көмектесе аламын
Түсінбедім
VІ. Бағалау VІІ. Үйгетапсырма беру: «Құс қанаты» элементі ою-өрнегін ағаш бетіне сызып түсіру.