Сабақтың көрнекілігі: электр аша, картон, ажыратқыш, бұрауыш, Венн диограммасы, перфокарта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі;
ІІ. Теориялық бөлім;
ІІІ. Сарамандық жұмыс;
IV. Бағалау;
V. Үйге тапсырма.
Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, түгендеу. Электротехникалық жұмыстар тарауы бойынша оқушылардың білімдерін тиянақтау мақсатында кубизм стратегиясын пайдаланып, сұрақтарға жауап алу.
І. Кубизм
Қарапайым электр тізбегі неше элементтен тұрады? (Қарапайым электр тізбегі 4 элементтен тұрады. Олар тоқ көзі, ажыратқыш, электр өткізгіш, қабылдағыш).
Электр тізбегін құрастыру неше амалдан тұрады? (1 – сымды ұштау, 2 – электр арматурасына жалғау.
Электр сымдарының ішкі және сыртқы қабатты неден жасалады? (электр сымдарының ішкі қабаты мыс пен аллюминийлен , сыртқы қабаты тоқ өткізбейтін оқшалауыштан жасалады.
Электр аспаптырының қатарына нелер жатады? (электр аспаптарының қатарына тістеуіш, монтер пышағы, қысқаш, жұмыр қысқыш т.б.)
Өндірісте тоқ көзі ратінде нелер пайдаланылады? (өндірісте тоқ көзі ретінде гальваникалық элемент, аккумулятор немесе генератор пайдаланылады).
Электр материалдарының қатарына не жатады? (электр материалдарының қатарына электр сымы, түтікшелер, оқшаулауыш таспа, бау т.б. жатады).
Электр тұтынушыларға нелер жатады? (электр тұтынушыларға электр шамы, үтік, телевизор,тоңазытқыш т.б. жатады).
Қандай материалдар ток өткізбейді? (ток өткізбейтін материалдарды оқшалауыш деп атайды. Оларға пластмасса, резеңке, құрғақ ағаш, фарфор жатады).
ІІ. Сәйкестендіру тесті.
– + а) электрсұқпа разетка
– – – ә) электрсұқпа шанышқы
б) сымдарды құрастыру
в) ажыратқыш
г) Гальваникалық элемент
д) электр шамы
ж) сымдардың қиылысуы
з) аккумулятор
Тест кілті: 1 – з, 2 – г, 3 – ә, 4 – б, 5 – д, 6 – а, 7 – ж, 8 – в.
ІІІ. Электр арматурадағы ақауларды түзету, перфокарта толтыру.
№
Ақаулардың түрлері
Түзету жолдары
1.
Бір шамды шырақтың шамы күйген
2.
Шырақтың шамы бос бекітілген
3.
Электр тізбегін тоққа қосқанда шам жанбайды
4.
Электр патрондарының тірек түйіспесі сынған
ІV. Венн диаграммасы
Электр- жылуға, дыбысқа, айналдырлы
1.Тізбекті тоқты
қосу, ажырату.
2.Жарық
аламыз.
3.
эл.ажыратқыш эл.разетка
Оқушылар Венн диаграммасы бойынша бір-бірінің жазған жұмыстарын тексереді.
Оқушылар өздерін-өзі тексеру мақсатында электр ажыратқыш пен электр разетканың айырмашылығы мен сәйкестігін тексереді.
V. Электр ажыратқыштың, патрон мен электр ашасының құрылысымен таныстыру,
оларды монтаждау, жұмыстарын көрсету.
Патрондар – электр шамдарын электр тізбегіне қосу үшін қажет. Олардың төбеге, қабырғаға бекітілетін және асып қойылатын бірнеше түрі бар. Патрондардың корпусы тоқ өткізбейтін марериалдан әзірленген. Оның ішкі бөлігінде екі түйіспелі бұрауышы бар, ол мателл пластикаға бекітіледі.
Электр ажыратқыштар – электр тізбегін қосу және ажырату үшін қолданылады.
Электр ашасы – токтың тұтынушысы мен тізбегі қосылады. Олардың екі түрі бар, бөлшектенетін және бөлшектенбейтін.
Бүгінгі сабақта электр ашасының бөлшектенетін түрін қарастырамыз. Оқушыларғы электр патроны, электр ажыратқыш, электр ашасы, бұрауыш көрсетіледі. Қауіпсіздік ережесімен таныстырылады.
Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі:
Электр тізбектерін жинағанда, оны тоқтан ажырату керек.
Электр құрастыруға арналған құрал-саймандарда ешқандай ақау болмауы тиіс.
Электр сымдарын оқшаулағанда, оны мықтап бекіту керек.
Сабақты бекіту:
1. Тұрмыстық электр арматураларының корпустары неліктен пластмассадан жасалады?
Электр арматураның контактілері қандай материалдан жасалған?