kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер қолөнер және дизайн туындыларының ерекшеліктері

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары»


«Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары» тақырыбына қысқа мерзімді жоспары

Ноғайбаев Ермек Ембергенұлы

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы

«Қуат Терібаев атындағы орта мектебі,

мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

Көркем еңбек. Ұлдар 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары.. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:   

СЫНЫП:  5 

Қатысқан оқушылар  саны: 14

Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

5.1.2.1-Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу

5.1.3.1 -Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу (ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы)

Сабақ  нәтижесі: 




Барлық оқушыларӘлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін түсіндіре алады. АКТ мен жұмыс істейді

Басым бөлігі: Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер қол өнер дизайн туындыларын АКТ ны қолдана отырып, талдай алады.

Кейбір оқушылар: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау  критерийі

Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдарына түсінік береді

Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын айтады


Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка,сурет,математика, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланған

уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5  минут

 Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту мақсатында «Аялы алақан» әдісі бойынша жағымды ахуал туғызамын.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

 

Оқушылар қорапшадан өздеріне ұнайтын түске сай маркерлер алады.

 


Жаңа білім

10 минут

 

 

 

 

 

БО «Түсіндіру және сипаттау» түрін қолданып, «Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі арқылы оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Берілген жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады. Көшбасшының қалауынша мәтінмен жұмыс жүргізу.

Бейнелеу өнері дегеніміз – айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі.

Бейнелеу өнері сан ғасырлық даму тарихына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Олар: живопись, графика, мүсін, сәулет өнері және сәндік-қолданбалы өнер.

Живопись – қағаз, тақтай, картон, кенеп бетіне әртүрлі бояулармен орындалатын шығарма.

Графика – қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын сурет.

Мүсін — әртүрлі материалдармен (тас, ағаш, металл, сазбалшық, ермексаз) дөңгелек көлемді кеңістікке сомдалған көркем шығарма.

Сәулет өнері – үйлер, ғимараттар, көшелерді жобалау және оны жасау өнері.

Сәндік-қолданбалы өнер – халық тұрмысында кеңінен қолданылатын көп салалы өнер. Әрбір халықтың шығармашылығымен байланысты өнер. Бұл өнер түріне қазақтың ұлттық қолөнері жатады.

Графика өнерін қағаз бетіне алғаш түсіргендердің бірі – жерлесіміз - Исатай- Исабаевтың 100 ден артық шығармаларының жарық көргенін білеміз.

Живопись орындалу ерекшелігіне қарай бірнеше жанрға бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет, маринистік жанр, анималистік жанр, тарихи жанр, батальдық жанр.

Живопись жанрларымен танысу үшін галереяға саяхат жасайық. Сөзжұмбақ шешу «Галерея».

Галерея – көркем шығармалар қоры жинақталған орын. Қазақстандық суретшілердің шығармалары, жалпы Қазақстан бейнелеу өнері туындылары жинақталған орын ең алғаш рет 1935 жылы Алматыда ашылды. Ол Қазақ Мемлекеттік көркемсурет галереясы деп аталды. 1976 жылы Қазақ қолөнер мұражайымен бірігіп, 1984 жылы оған Әбілхан Қастеев есімі берілді. Қазір Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы деп аталды.

Балалар, біздің галереямызда живописьтің түрлі жанрындағы шығармалар жинақталыпты.

Алдын-ала берілген тапсырма бойынша оқушылар әр жанрға түсініктеме беріп, мұғалім толықтырады.

Натюрморт – жансыз заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнеленген шығарма. «Натюрморт» — француз сөзі, аудармасы «өлі табиғат» дегенді білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғасырда Голландияда пайда болды.

Пейзаж – табиғат көріністері бейнеленген шығармалар. Пейзаж жанры әр алуан. Кейбір пейзаж шығармалары өмірде бар нақты көріністерді бейнелесе, кейбіреулері суретшінің ой-қиялынан туады.

Портрет – адамның бет пішіні бейнеленген көркем шығарма. Портрет жазушы суретшінің басты мақсаты – адамның сырт ажары ғана емес, ішкі жан дүниесін, рухани келбетін көрсете білу.

Тарихи жанр – белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығармалар.

Батальдық жанр – соғыс оқиғалары, Отан қорғау, жер қорғау көріністері бейнеленген көркем шығарма.

Маринистік жанр – теңіз, көл, мұхит сияқты табиғат көріністері бейнеленген шығармалар.

Анималистік жанр – жан-жануарларды бейнелеген көркем шығарма. Ол латынның «animal» (хайуанат) деген сөзінен шыққан.

 

 

 

Оқулық,

мәтіндер.

 

 

 

 

«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі

 

Ортасы

10 минут

 

 

 

Дәптермен жұмыс.

«Ыстық орындық»  әдісі

(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.


Жаттығудың сипаттамасы:

 

Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.

 

Оқулық,

қабырғаға ілінген  ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

«Ыстық орындық» 

әдісі, сұрақтар, орындық.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Белсенді оқу. «Бекіту жəне қолданысқа енгізу» түрін қолданып, «Таңда да таста» әдісі арқылы сабақты бекіту

 Пейзаж қандай шығарма?

а) жануарлар бейнеленген сурет

ә) табиғат көрінісі бейнеленген сурет

б) адам келбеті бейнеленген шығарма

 

https://www.akavideos.com/watch?v=RAo-zw5U8gQ


Бағалау 

5 минут

 

Рефлексия.

«Шамадан», «Еттартқыш» , «Себет»


Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтау.

Саралау – Сіз қосымшакөмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардыңүйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланысҚауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Сабақ барысында «Көшбасшылар және тыңдаушылар» әдісі арқылы барлық оқушыларға қолдау көрсетемін. «Ыстық орындық» әдісі арқылы басым бөлігіне көмек көрсетемін.

ҚБ «жарайсың», «Сенің қолыңнан келеді»


РефлексияСабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

  

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдауҚандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары

Автор: Ногайбаев Ермек Ембергенұлы

Дата: 29.05.2019

Номер свидетельства: 512692

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(143) "Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары"
    ["seo_title"] => string(79) "beineleu_onerindegi_korkem_ku_raldary_beineleu_onerinin_turleri_men_zhanrlary_1"
    ["file_id"] => string(6) "512694"
    ["category_seo"] => string(11) "tehnologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1559122090"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Бейнелеу ?неріні? жанрлары."
    ["seo_title"] => string(33) "bieinielieu-onierinin-zhanrlary-1"
    ["file_id"] => string(6) "253597"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447610824"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Бейнелеу   ?неріні?  т?рлері"
    ["seo_title"] => string(29) "bieinielieuonierininturlieri1"
    ["file_id"] => string(6) "302183"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1457085149"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Бейнелеу өнерінің түрлері"
    ["seo_title"] => string(30) "bieinielieu_onierinin_turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "404406"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490761840"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Буйнелеу өнерінің түрлері"
    ["seo_title"] => string(29) "buinielieu_onierinin_turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "407569"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491583176"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства