Жақсылықтың нышанындай,жаны сүйген адамның жып-жылы құшағындай,саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін,жайма шуақ сәулелерін төгетін,көңілдерге қуаныштар егетін,имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі,той атаулының қызығы мен берекесі –8 НАУРЫЗ ортамызға келді!
Осы мерекенің иелері,бар адамзаттың табынары мен киелері,қуанғанда қасынан табылып, қиналғанда сүйенері,мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары,адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары,сүйкімді қылығымен сағындырған,қажет десе аһ ұрғызып сабылдырған,әсем көркімен, жүрегінің өртіменен бір дана мен данышпандарды табындырған, сүйкімді қыздар,аяулыаналар, асыл әжелер мерекелеріңіз құтты болсын!
Пәле-жала, жамандық атаулы келмеске кетсін,асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын тепсін!Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздарСіздерге дүниедегі барлық бақытты тілейміз!
Бүгінгі «Ана-өмірдің гүлі» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.
Ерасыл : Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде
тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын
жүректен құттықтаймыз.Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін,
көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні
де сіздерсіздер!
Сандуғаш:Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық
құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың
шапағат мейіріміне жетпейді. Анаңды Меккеге үш рет арқалап
барсаң да, қарызын өтей алмайсың.Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі
ең жақын, ең әзиз жан ол – анамыз.
Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді.
Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім
жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты
сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен
өмірде?!
Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.
Олай болса, барша аналарымызды, әжелерімізді мерекелерімен тағы да құттықтай отырып, сіздердің өлшеусіз зор еңбектеріңіз үшін алдарыңызда басымызды иеміз.
Келесі кезекте назарларыңызды бейнефильмге аударуларыңызды сұраймын.
1.Бейнефильм: Соқыр ана
Міне, балалар, бұл көріністен біз ана баласы үшін өзінің жанын беруге дайын екендігін көрдік. Олай болса, аналарымызды ешқашан да, ешқандай жағдайда да ренжітіп, көңіліне қаяу түсіруге ешқандай құқымыз жоқ екенін түсінеміз. Аналарымызды құрметтейік.Аналарымыз аман болсын!
2. «Кубизм» әдісі
1. «Мақал-сөздің мәйегі»
Аналар туралы мақал-мәтел айту.
2. «Анам менің осындай!»
Анаңды суреттеп, айтып бер.
3. «Әнім сенсің, жан анам!»
Ана туралы ән айту.
4. «Бақыты үшін балаңның, аман-сау жүр, ақ мамам»
Анаңа тілек.
5. «Мен анамның қолғанатымын»
Анаңа қалай көмектесесің?
3.Мерекелік құттықтау.
Даяна: Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті, жан аналар!
Е.Аян: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап. Ана дейді жас сәби де жарқылдап. Ана деген – бәйтерегі өмірдің Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Арсен: Ана деген асыл жандар болаттай, Ана деген мөлдір жандар бұлақтай. О, адамдар қадірлей біл ананы, Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.
Айдана: Ана десем шешек ашып жанары, Өмірімнің бастау алар жанары. Ана деген тіршілікке пана боп, Әрбір үйде жұлдыз болып жанады
Асылбек: Ана деген ақылшың, Анаң барда батырсың. Қасыңда кім болса да , Тек анаңа жақынсың. Аян: Ақыл құйған санама, Күннен артық, расында. Күн алыста, ал анам, Ылғи менің қасымда.
Алина: Ана ол біздің елде ардақты адам, Кішісі де, үлкені де ардақтаған. Өзінің аяулысы Отанын да, «Ана» деп біздің халық текке айтпаған, –деп кезекті көрініске береміз.
Көрініс «Дүниеде не қымбат?»
Әжесі-Ирина, немересі-Ақбота
Немересі: -Әже деймін, әже, Сұрақ қойғым келеді сізге. Мен түсінбейтін бір жәйт бар. Түсіндірші соны бізге. Бірінші сұрағым сізге: Дүниеде не қымбат? Әжесі: -Адам қымбат, қалқам. Немересі: -Адамға не қымбат? Әжесі: -Бала қымбат, қалқам. Немересі :-Балаға не қымбат? Әжесі: -Ана қымбат, қалқам. Немересі: -Иә, десеңші әже! Түсінбеппін осы жайды. Тағы бір сұрағым бар сізге, Қатты мен жұмсақ жайлы. Әжесі: -Сұрай ғой, қалқам.
Не сұрасаң да жауап берейін. Немересі: -Әже дүниеде не тәтті? Әжесі: Ананың сүті тәтті. Немересі: -Дүниеде не қатты? Әжесі: -Атаның жүрегі қатты. Қарағым, сауал қойдың көп маған. Бір ақыл айтайын саған Тату болса –ағайын жақын, Ақылшы болса-апайың жақын. Бауырмал болса-інің жақын, Алдыңа тартқан адал асың, Қимас жақын қарыңдасын. Немересі:-Түсіндім, әже.
Дүниеде не қымбат екенін енді мен айтайын: Алтын ұяң - Отан қымбат, Құт берекең - атаң қымбат. Аймалайтын - анаң қымбат. Мейірімді - әжең қымбат. Асқар тауың - әкең қымбат. Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!
Ән: Ана туралы жыр. Орындайтын
.оқушы: Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам мені мәпелеген жасымнан
Мен қуансам қуанады ол бірге
Мен қиналсам табылады қасымнан
Бишілер тобының орындауында «Кап-кап» биін тамашалайсыздар.
1-ойын «Ананың алақанын сипап сезу»
Үш баланың көздерін жауып байлаймыз. Аналардың орны ауысқаннан кейін, балалар көздері байлаулы күйде барлық аналардың алақанының арасынан, өз анасының алақанын сипап сезу арқылы табу керек.
2-ойын «Жылы сөздер».
Аналар өз балаларына берілген әріптерден басталатын жылы сөздер айтады.
3-ойын: «Кімнің даусы табайық» (аналармен) 5 бала шығады да, теріс қарап тұрады. Мен қолыммен кімді көрсетем, сол адам бір сөз айтады. Мыс: ботақаным – дейді. Флешмоп.
Ардақты, аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.Деңдеріңізге саулық, бала–шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт–береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!