Просмотр содержимого документа
«Ағаш өңдейтін құрал саймандар»
Маңғыстау облысы,
Жаңаөзен қаласы
№17 орта мектебінің технология пәні мұғалімі Атаназаров Марат
Сабақтың тақырыбы: Ағаш өңдеу құралдары Сабақтың мақсаты: - оқушыларды ағаш өңдеу құралдарымен таныстыру. - Өскелен жас ұрпақтарды ағаш өңдеу шеберлігін үйрете отырып, шығармашылық қабілетін дамыту. - Оқушыларды еңбекке тәрбиелей отырып, еңбек ететін адамдарды құрметтеп, құрал-саймандармен саналы жұмыс жасауға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: әртүрлі құрал - саймандар, интерактивті тақта Оқыту әдісі: СТО әдісі,иологтік әдісі Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларын түгендеу. Қане, балалар, маған назар аудара отырып, жаңа сабаққа әзірлену. 1. Қызығушылықты ояту. Тақтада ағаш өңдейтін құралдары. Балта,Ара, Балға, Сүргі, Пышақ, шот, Қашау
Бұл құралдардың аттарын кім біледі? Не үшін пайдаланатынын білетіндер бар ма? Балалар пікірін тыңдап, жаңа сабаққа өтеміз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ағаш өңдеу құралдары.
II. Жаңа сабақ. Бұрын қолөнер шеберлері өздері осы құралдарды пайдаланған.Ағаштың барлығын ұсталар тікелей осы құралдармен қол жұмысы арқылы жасаған. Мыс: киіз үйлер, сандық, кебеже, асадал, жүкаяқ, жастық ағаш. Олар ағашты уақытында таңдап,кесіп, пішінге кептіріп отырған. Ағаштан материал жасап, шабу, кесу, тегістеу, өңдеу жұмыстары құрал – сайманмен жүзеге асқан. Ағаш өңдейтін құралдармен танысып көрейік. 1. Кескіш құралдар. Бір жағы біркелкі жақталған, ұшы өткір құралдарды кескіш құралдар дейміз. Оларға қос қолды пышақ, бір жақты пышақ, ауыспалы жүзді әшекей пышақ жатады. 2. Шабуға қажетті саймандар: шаппашот, ағаш балға, балта, ыңғыру құралдары. 3. Кесуге арналған құралдар: қол ара, ара, екі ұстағышты ара. 4. Тегістеу құралдары: сүргі, шерхебель, фуганок. Кесу әдістері: Ағашты кесетін құрал – ара. Кесу ара қалыңдығы әр түрлі болаттардан жасалады, оны төсем деп атайды. Төсем өте қатты, иілгіш, тегіс болуы тиіс. Ара тістері үшбұрышталып қиғаш қайралады. Ара тісі екі түрлі қызмет атқарады: біріншіден ол ағаш талшығын кеседі, екіншіден кескенде пайда болған ағаштың ұнтағын сыртқа ысырып, шығарып отырады. Ағаш кесу кезінде жасалатын бұйымға ағаш түріне қарай әр түрлі араны пайдалануға болады.
Арамен кесу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау керек.Ағашты арамен кесу кезінде денеңді, араны дұрыс ұстап, ара оң қолыңда, сол қолыңмен кесетін ағашты жақсылап ұстап тұрасың.. Оң аяғың сол аяқтан сәл алшақтау болсын. Араны күшпен кесуге болмайды. Бірқалыпты жұмыс жасау керек. Ағашты көлденең кескенде кесу бағыты ағаш талшығына перпендикуляр, ал ұзын бойы кескенде параллель болады. Көлденең кесу үшін ара тісінің кескіні үшбұрыш, ал ұзына бойы кесу үшін қиғаш болады. Арамен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін мұқият сақтаған жөн.
III. Құрал сайманды пайдалану Құрал - саймандар --- Кескіш құрал --- Шабу құралы --- Жону құралы ---- Тегістеу құралы --- Ұрғыш құралы Балта Ара Қос қолды пышақ Сүргі Балға Шаппа шот қашау
Сонымен балалар, бүгінгі сабағымызда ағаш өңдеу құралдарымен таныстық. 1. Ара не үшін керек? 2. Сүргіні қандай кездепайдаланамыз? 3. Ара тісі не үшін қиғаш болады? 4. Арамен жұмыс кезінде өзіңді ұстау керек? 5. Ағаштың қандай түрлері бар? 6. Ағаш қанша бөліктен тұрады? Жұмбақтар шешу. Жауабын құрал - саймандарды көрсету арқылы табу. 1. Азулы хайуан – темір ер, Әндетіп сүйек кемірер. ( ара) 2. Бір қыры - балта, Бір қыры - балға. Ағаштан шапқан, Шегені қаққан. (шаппа шот) 3. Қолға алсаң қызмет етер, Бүтінді бөлшектеуге шебер. (пышақ) 4. Кедір - бұдыр тақтайды, Тегістейді тілімен. Жеген асын татпайды, Шығар желке түбінен. (сүргі) 5. Болат түкті Көсеу мықты Тозаңдатып темірді үкті.(егеу) 6. Қалпақты жымырады, Төбесінен ұрады, Түзетуге қыңырды, Дәйім дайын тұрады. (балға)
IV. Бағалау. V. Үйге тапсырма Өнер туралы мақал - мәтелдер жазып келу