Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Бейнелеу өнері кітабы, альбом, қарындаш т.б.
Пән аралық байланыс: Тарих
Сабақтын барысы мен мазмұны:
Кіріспе бөлім:
Сабақтың ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу
Оқушылардың сабаққа толық қатысқанын тексеру
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
Негізгі бөлім:
Балалардың зейінін аудару
Сурет пәні дегенді қалай түсінесіңдер?
Шығу тарихы жайында не білесіңдер?
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Ежелгі Египетті даналықтың бесігі, ұлы философ, ғалым, суретшілер мен мүсіншілерді дүниеге әкелген ғажайыптар елі деп жиі атайды. Ежелгі Египет мәдениеті ең көне және жоғары деңгейде дамыған. Олардың үй қабырғаларына, тұрмыстық бұйымдарға салған бейне көріністері мазмұнға бай әрі осы елдің тарихы туралы қызықты ақпараттар береді. Египеттіктер суретті көмірмен, қылқаламмен, қызыл және қара бояулармен салған. Тас пен саз балшықтан жасалып, өңделген тегіс бетке бейнелерді металл таяқшалармен қырлау, қашау арқылы түсірді.
Ежелгі Египетте суретшілер шәкірттерін сурет салу техникасына баулитын арнайы мектептер болды. Олар өрнек элементтерін, адамдар мен жануарларды қалай бейнелеу керектігін шыдамдылықпен көрсете білді. Біртіндеп сурет салудың әдіс-тәсілін игеру арта түсті. Сурет салу өнеріне баулу техникалық тәсілдерге өте көп көңіл бөлген. Ежелгі Египет суретшілері оқиға көріністерінің бірізділік барысы жайлы айтуға ұмтылыс жасағанда, олардың ойынша басынан аяғына дейін жазық бойынша тұрған денелердің бәрін белдеумен, жиектермен орналастырған сияқты болып көрінеді. Денелерді бұлай орналастыру жер бетін жазық тік сызық түрінде жиектің төменгі шекарасында және көрерменнен шалғайда жатқан элементтерді бүркемелеп бейнелеуге алып келді. Бөлшектік бүркемелеу параллель картиналық жазықтықтағы қозғалысты ғана беріп қоймайды, сонымен қатар фигуралар арасындағы қашықтықты, олардың суретшімен арақатынастық орналасуын көрсететін тереңдікті жеткізуге мүмкіндік береді.
Алайда ежелгі Египет суретшілері шынайы кеңістік қатынастарды жасауды біле бермейтін еді. Патшалардың денелері ірі көлемде, оның жанында жүретін ақсүйектер ұсақтау, ал жауынгерлер одан да ұсақ фигуралармен бейнеленген. Олардың түсінігінде, фигураларды әр түрлі көлемде бейнелеу әлеуметтік ерекшеліктерді көрсететін болған.
Египет суретшілері портреттік суретсалу техникасына баса назар аударатын болған. Олар әрбір бейнелленген адамның физикалық ерекшеліктерін дәл бере алатын портреттік галерия жасады. Бұл кездейсоқ емес еді. Портреттік ұқсастықты беруге ұмтылыс - мәңгілікке қалу үшін, яғни жоғалып кетпеудің маңызды қажеттілігінен туындаған болатын.
III.Қорытынды бөлім:
Жаңа материалды бекіту:
а) Ежелгі Египет суретшілері қандай метериалдарды пайдаланған?
ә) Олар өз шәкірттерін өнерге қалай баулыған?
Практикалық тапсырма: ежелгі Египет жазбаларын көшіру.
Үйге тапсырма беру
Суретті аяқтау.
Сабақты қорытындылау:сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.