kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақтың тақырыбы: Көйлек сызбасының негізін құрастыру.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың білім, білік, дағды деңгейлерін тексеру. Есептеу формуласы арқылы негізгі тор құрылымының сызбасын жасауды қайталау, оқушының теориялық білімдерін жетілдіру, техникалық мәлімет беру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: Көйлек сызбасының негізін құрастыру.»

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ

«Орал «Сервис» технологиялық колледжі» МКҚК





Бекітемін»

Директордың ОІ жөніндегі орынбасары

___________________

К.К. Джумалиева







«Көйлек сызбасының негізін құрастыру. Қайталау»

тақырыбына «Тігінші» мамандығы бойынша «Киімді құрастыру» пәнінен өткізілген сабақ дайындамасы









Дайындаған: арнаулы пәндер оқытушысы Муратова Г.Е.










Орал қ. – 2016ж.


«Бекітемін»

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

____________________

Джумалиева К. К.


Бағдарлама тақырыбы: Иықты бұйымдар негіздерін құрастыру

Сабақтың тақырыбы: Көйлек сызбасының негізін құрастыру. Қайталау.

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Оқушылардың білім, білік, дағды деңгейлерін тексеру. Есептеу формуласы арқылы негізгі тор құрылымының сызбасын жасауды қайталау, оқушының теориялық білімдерін жетілдіру, техникалық мәлімет беру.


Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, пәнге

қызығушылығын арттыру, шығармашылық жұмыстарды орындатуда дағды қалыптастыру.


Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, іскерлікке, ұқыптылыққа, эстетикалық талғаммен сәнді киінуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Білімді тексеру және бағалау сабағы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, сыни  тұрғыдан ойлау, көрнекілік, қайталау, ойын әлементтерін пайдалану.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, кестелер, суреттер, лекалдар.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (1-2 мин)

1. Оқушылардың сәлемдесуі.

2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.

3. Мақсат қою кезеңі.

Сызбалар, кестелер үлестіріледі.

II. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. (25-30 мин) Оқушылар, өздерің көргендей кереметтей сән үлгісіндегі киімдердің сызбасын жасап, тігу үшін ең алдымен біз өлшем алу тәсілдерін, қосымшаларды таңдай білуіміз керек және есептеу формуласы арқылы негізгі тор құрылымының сызбасын жасауымыз керек.  

Көйлек иықты бұйымдарға жатады.

Көйлек түрлері сан алуан болатынын білесіңдер. Түрлі түрлі үлгілерді бір-ақ негізгі сызба арқылы пішуге болады. Негізгі сызбаны дайындап болдыңдар, енді түрлі үлгілерді модельдеуге кірісуге болады.

Мысалы: көйлектің мойын ойындысы күлтеленген, кеуде бүкпесі мойынға ауысқан.


Немесе, көйлек пішіні кең, иығы енділеу.


Әдемі ме? Керемет, ең бастысы негізгі сызбаң болса болғаны.


Негізгі тор дегеніміз не?

Негізгі (базистік) тор – бұйымның енін және ұзындығын анықтайтын тік және көлденең сызықтардың жиынтығы. Негізгі тор бұйымның ½ сызбасын көрсетеді.

Негізгі тор сызбасында қандай бөлшектер орналасады екен? 

Көйлек сызбасын құрастыру үшін ең алдымен көйлек қандай бөлшектерден тұратынын білу керек.


артқы және алдыңғы бой бөлшектері

Сызбада артқы және алдыңғы бойдың жартысы құрастырылады.


Алдарыңыздағы үлгіде керемет мысал келтірілді.

Көйлектің негізгі сызбасы осы төртбұрыштың ішінде орналасады.

Қосымша дегеніміз – еркін қимыл-қоғалыс және ауа қабатын жасау үшін қосылатын керекті шама, яғни адам денесі мен киім арасындағы белгілі ауа аралығы.  


«Кім жылдам» ойыны. (өлшемдердің шартты белгілерін дәптерлеріне 2 минут уақытта жазу) таймер қою.


Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру:


  • Негізгі тордың ені қалай анықталады?

Аа1= ЖКIII + ҚК


  • Негізгі тордың ұзындығы қалай анықталады?

Етек сызығының тұсы қалай анықталады?

АЕ = Ұм.т ± Ү



  • Негізгі тордың көлденең сызықтарын атаңыз:

Негізгі тордың көлденең сызықтары бар, олар кеуде, бел, мықын және етек сызықтары.








Кеуде сызығы

Кеуде сызығы немесе қолтық ойындысының тереңдігі болып есептеледі.

Кеуде сызығында кеуде бүкпесінің ұшы орналасады;

Артқы бойда бел бүкпенің жоғарғы ұшы орналасады;

Қолтық ойындысының төменгі шеті кеуде сызығы бойынша өтеді.

  • Кеуде сызығының тұсы қалай анықталады?

АК = Бқ.о II + Ққ.кең + 0,5∙Құ.а.б


Бел сызығы

Бел сызығында бұйым қыналады, силуэты айқындалады.

Б ел сызығында бел бүкпелері орналасады.

  • Бел сызығының тұсы қалай анықталады?

АБ = Ұа.б.II + Құ.а.б




Мықын сызығы

Мықын сызығы бойынша көйлектің етегі кеңейеді.

  • Мықын сызығының тұсы қалай анықталады?

БМ = 0,5∙Ұа.б.II – 2,0

Негізгі сызбаның жоғарғы жағын сызу сәл күрделірек.

  • Негізгі тордың ені неше учаскеге бөлінеді?

Негізгі тордың ені үш учаскеге бөлінеді: арқасы, кеудесі және колтық ені.

.

Артқы бойда мойын ойындысы мен иық қиығы сызылады.

Алдыңғы бойда мойын ойындысы, кеуде бүкпесі және иық қиығы, ал қолтық ойындысында артқы және алдыңғы бойдың қолтық сызықтары жүргізіледі.

  • Артқы бойдың ені қалай анықталады?

Аа = Еа + Қе.а

  • Алдыңғы бойдың ені қалай анықталады?

А1а2 = Ек + (ЖкIIЖкI) + Қе.к

  • Қолтық ойындысының ені қалай анықталады?

аа2 = Аа1 – (Аа + а1а2)

Артқы бойдың учаскесінде мойын ойындысы мен иық қиығын құрастырады.


  • Мойын ойындысын құрастыру үшін қандай өлшем қажет?

м – жартылай мойын орамы)

  • Мойын ойындысының енін қалай анықтайды?

А0А1 = Жм / 3 + Қм.е

  • Мойын ойындысының тереңдігін қалай анықтайды?

А1А2= А0А1 /3 + Қм.б

Артқы бойдағы бүкпелер.

  • Иық және бел бүкпелері не үшін қажет?

  • Артқы бойдың иық нүктесі қалай анықталады?

Доғалар арқылы құрастырылады:

Бірінші доға: А1И1= Еи + бүкпенің ені

Екінші доға: Б3И1 = БқиII + Құаб + Қиж

  • Иық бүкпесінің орналасуы неге байланысты болады?

Иық бүкпесінің орналасуы үлгіге және дене бітімнің қалыптасу ерекшеліктеріне байланысты болады.

Орташа есеппен иық бүкпесі мойын ойындысының жоғарғы нүктесінен (А1) 4,0 – 4,5 см қашықтықта орналасқан. Ұзындығы 7-8 см.

  • Алдыңғы бойдың құрастырылуы мойын ойындысының жоғарғы нүктесінің қалай анықталады?

Б1А3 = Ұк.бII + Құ.к.б + Қө

  • Алдыңғы бойдың мойын ойындысының енін қалай анықтайды?

Алдыңғы бойдың мойын ойындысының ені артқы бойдың мойын ойындысының еніне тең. А3А4 = А(А01

  • Алдыңғы бойдың мойын ойындысының тереңдігі қалай анықтайды?

А3А5 = А3А4 + 1,0 см

  Алдыңғы бойдағы бүкпелер.  Кеуде бүкпесі, мысалы тегіс мата киындысына дөңес форма беру қажет, бүкпе жасау керек.

мата қиындысы

бүкпенің орнын белгілейді
 
белгі бойынша бүктейді

бүкпенің ұшы қайда бағытталса, дөңес сол жақта болады
 
теріс жағынан көрініс

  • Кеуде бүкпенің ұшын қандай өлшем арқылы табады? кII)

  • Кеуде бүкпенің енін қалай анықтайды?

А4А9 = 2 (ЖкII – ЖкI) + 2,0

Бірақ үлгілерде кеуде бүкпесі ешқашанда иықтан басталмайды, оның орнын әдетте колтыққа немесе бүйірге ауыстырады.

Колтық ойындысы дегеніміз не? Алдыңғы бойда оның ойындысы тереңірек.


 
Колтық ойындысын кез-келген формада пішуге болады, тек оның көлемі негізгі сызбадан тар болмау керек.

Келесі кезек бел бүкпелеріне келді.

  • Бел бүкпелерінің жиынтығы қалай есептелінеді?

Б = ( ЖкIII + Қк) – ( Жб + Қб) – ББ3

Бір бүкпенің ені: Бені = Б / n


III. Сабақты бекіту. (3 мин)


«Адасқан сөздер» ойыны. Орны алмасқан сөздердің орнын табу. 


IV. Жаңа техникалық мәлімет беру. Видео көрініс. (5 мин)

Ақпараттық-коммуникациялық технология GULIVI CLO3D

Негізгі сызбаны құрудың есептік-графикалық тәсілі сендерге белгілі, ал ақпараттық-коммуникациялық технологияның жаңа түрдегі жаңа құралы бар екенін мәлімдегім келіп тұр.

Жаңа жұмыс орындарын ашу, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, ел аумағында тұрғындарға көрсетілетін тұрмыстық қызметті жолға қою міндеттері білікті мамандардан сұранысқа тез жауап беруді талап етеді. Осы мақсаттарға орай ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану білім берудің бір шарты деп түсінген жөн. Ақпаратты технологияны оқыту үдерісінде қолданылатын жаңа түрдегі құрал -GULIVI CLO3D бағдарламасы бойынша тігін бұйымдарының негізгі құрастырылуының сызбасын дайындау.

Бұл нақты адамның денебітімі бойынша киім модельдерінің виртуалды үлгілерін құрастыру (белдемше, шалбар немесе иықты киім), жасалған формаға модельді сызықтар түсіру, оны түсірілген сызықтар бойымен қию, лекалаларды түзететін арнаулы жазба алу мүмкіндігі. Лекало басып шығарылуға жіберіледі де, сол бойынша киім үлгісі тігіледі. Бұл әдіс бұйымды құрастырып пішу кезеңінде-ақ түзетіп, тапсырысшы қажет ететін киім үлгісінің дәл көшірмесін тігуге мүмкіндік береді. Көбі тапсырысшыға таңдап алған киім үлгісі ұнайтынын, ұнамайтынын білмегендіктен жеке адамдар киім тіккізуден бас тартады, өйткені нәтижесі қандай боларын, нені болса да түбегейлі өзгертуге енді болмайтын өлшеп шақтау кезеңінде ғана көруге болады. 3D құрастыру әдісі бізге виртуалдық өлшеп шақтау өткізіп, қажет болған жағдайдада үлгіні өзгертуге мүмкіндік береді. 3D құрастыру әдісі жазықтық әдісімен салыстырғанда дәлме дәл керісінше жұмыс жасайды. Әуелі адам денесін дәл қайталайтын адамның-манекеннің үш өлшемді моделі құрастырылады, содан соң бұл модель жазық пішімге қиылады.

Клиенттің қалауы бойынша, мысалы силуэті немесе бұйым ұзындығына қажетті түзетулер еңгізеді. Мұндай өлшеп шақтау көбінесе ғаламтор арқылы өткізіледі, яғни ательеге тапсырысшының келуі қажетті емес. Барлық өзгерістерді еңгізген соң, модель басылып шығатын пішімдерге айналдырылып, жұмысқа жіберіледі.

3D киімді құрастыру әдісі бойынша дайындалған бұйымдар көзбе көз өлшеп шақтау кезінде аса көп түзету енгізілмей, құйып қойғандай қонымды болады. GULIVI CLO3D – бұл пішу мен тігу әлеміндегі инновация!
Тест сұрақтары. ( 3-4 мин)

V. Рефлексиялық- бағалау кезеңі. ( 1-2 мин)

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсері туралы өз ойларын айтады. Сабаққа жақсы  қатынасқан оқушыларды мадақтау.

VI. Сабақты қорытындылау ( 1-2 мин)

VII. Үйге тапсырма беру ( 1-2 мин)

Өз өлшемдері бойынша 1:1 масштабпен негізгі сызбасының құрылымын жасап келу. 


Колданылған әдебиет:

Негізгі әдебиет:

[1] Е.А. Янчевская «Конструирование и особенности изготовления легкой одежды», М., 1981

[2] А.Асанова, Ж. Айдынбекова, С. Нұрпейісова «Киімді конструкциялау», Астана, 2008

[3] С.М. Саламатова «Основы конструирования одежды», М., 1981

[4] Е.М. Матузова, А.И. Назарова, Т.Н. Реут, И.А. Куликова «Швейное производство предприятии бытового обслуживания», Справочник, М., 1988

[5] Единая методика конструирования одежды. Женская одежда. М., 1967

Қосымша әдебиет:

[6] Е.Б. Коблякова, А.Б. Савостицкий «Основы конструирования одежды», М., 1968

[7] Т. Н. Дунаевская, Е.Б. Коблякова, Г. С. Ивлева «Размерная типология населения с основами анатомии и морфологии» М., 1980

[8] Е. Никитина, А. Талғатбекова «Киімді конструкциялау», Астана, 2008

[9] Л.П. Шершнева «Основы конструирования женской и детской одежды», М., 1987

[10] Т.О. Бердник «Швея. Портной легкой женской одежды», Ростов-на-Дону, 2001

[11] И.М. Братчик «Конструирование женских пальто сложных форм и покроев», М.,1987

[12] Е. А. Янчевская «Конструирование одежды», М., 2005

[13] Б.С. Сакулин «Конструирование мужской и женской одежды», М., 1998

[14] М.Г. Стасенко-Закревская, В.М.Закревский «Полный курс кройки и шитья», Ростов-на-Дону, 2012



Оқытушы: Муратова Г.Е


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Сабақтың тақырыбы: Көйлек сызбасының негізін құрастыру.

Автор: Муратова Гульнара Ерсаиновна

Дата: 07.06.2017

Номер свидетельства: 420858

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Же?і т?тас пішілген иы? б?йымы ?шін ?лшем алу."
    ["seo_title"] => string(46) "zhienitutaspishilghieniykbuiymyushinolshiemalu"
    ["file_id"] => string(6) "320671"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461131905"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Ашы? саба? "К?йлек, Сызба жасау""
    ["seo_title"] => string(28) "ashyksabakkoilieksyzbazhasau"
    ["file_id"] => string(6) "302429"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457175524"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства