1.Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақтар 1. Әрлеу тігісі дегеніміз не? 2.Тігіс түрлерін ата 3. Әрлеу тігісіне қандай тігістер жатады? 2.Жаңа сабақ Батик сөзі яван тілінен аударғанда ыстық балауызбен сурет салу дегенді білдіреді. Бұл матаны ерітілген балауызбен әшкейлеу әдісі. Өнердің бұл түрімен әлемнің көптеген халқы (үөндістер, қытайлықтар, мысырлықтар, перуліктер) ежелден айналысып келген. Яван батиктері көркемділігімен, әсемділігімен бүкіл әлем халқын таң қалдырды, ал индонезиялықтар үшін бұл қарапайым ғана өрнек. Батикке салынатын суреттер бірнеше түрге бөлінеді: геометриялық, түрлі денелер, өсімдіктер бейнесіндегі өрнектер. Жалпы бұл техниканы матаға салынатын әдісіне қарай бірнеше түрге бөлінеді: ыстық, суық, аралас батик. Қазіргі таңда көптеген елдерде осы өнер түрі көрмелерде, мұражайларда кеңінен пайдаланылады. |