Просмотр содержимого документа
«Матаны пішуге дайындау»
Сабақтың тақырыбы: Матаны пішуге дайындау.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік : оқушыларға белдемшенің бөліктерін өңдеу технологиясы арқылы білімдерін бекіту, пішу, тігу және өңдеу технологиясының тәсілдерін үйрету
2.Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, оны қайта жаңғыртуға үйрету
3.Тәрбиелік: білімдерін тереңдету, теориялық алған білімдерін сарамандық жұмыспен дамыту, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шеберлікке, жұмысты өз бетінше орындауға тәрбиелеу.
Қай ғасырдан бастап әйелдер белдемшесі қарапайым болды?
Силуэтіне қарай балдемше қалай бөлінеді?
Жаңа сабақты түсіндіру.
Технология бойынша практикалық жұмыстарды орындау кезінде мыналарды есте сақтау қажет:
-матаны үнемдеп жұмсау
— санитарлық – гигиеналық талаптарды сақтау ,
— техника қауіпсіздігін, жұмыс орнын ұйымдастыру ережелерін сақтау,
— қол және машина жұмыстарын сақтау, ылғалды-жылу өңдеу жүргізу.
Орындау жоспары
Пішу
Матаны пішуге дайындау.
Пішім бөлшектерін матаға орналастыру.
Пішім бөлшектерін тігіске арналған шеттік қалдыра отыра, контуры бойынша сызып шығу.
Пішім бөлшектерін қиып шығу.
Пішу кезінде мына мәселелерге көңіл аудару керек:
-матаның түрі мен қасиеттері: қиып пішілетін жұмыстарға кіріспестен бұрын, табиғи және басқа да талшықтардан алынатын маталарды дымқылдағанда отыратынын еске түсірген дұрыс.
— матаны бумен немесе жылы сумен өңделеу, яғни жазбалау (дымқылдау, үтіктеу, кептіру) қажеттілігін анықтау.
-тігіске қалдырылған шеттіктерінің көлемін анықтау.
-суреттің сипатына (оның бағыты мен бөлшектерінің орналасу симметриялығына) назар аудару.
Матаны төсемдеудің екі түрі бар: бүктеп және жайып.
Әдетте пішу үшін матаны бүктеп төсейді. Егер де пішілетін бөлшектердің көлемі өте үлкен немесе бұйымның ортасында тігіс, я болмаса ілмек болуы керек жағдайда мата жазылып төселеді.
Сарамандық жұмыс : Тік белдемшені үлгі бойынша пішу
Құралдар мен жабдықтар: мата, үлгі, қайшы, сантиметрлік таспа, сызғыш, бор немесе сабын алқындысы, түйреуіш инелер, оқулық.
Жұмыстың орындалу технологиясы
Матаның сапасын тексер.
Матаның оң және теріс жағын анықта.
Матаның негізгі жібін тап.
Мата мыжылған болса, негізгі жіп бойынша үтікте
Матаны жұмыс үстелі бетіне жайып тегісте.
Матаны екіге бүктеп, үлгіні мата бетіне түйреуіш инелермен қыстыр.
Үлгінің сыртын матаға бормен немесе сабынмен сызып ал. Тігіске берілетін қосымшаны қалдыруды ұмытпа.
Үлгіні мата жылжып кетпейтіндей етіп жинап ал. Сызық бойынша бөлшектерді қиып ал.