Білімділік: тігін машинасының тігіс түрлерімен таныстыру.Машинатану негіздері туралы жаңа білімдерін қалыптастыру. Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, көргендерін еске сақтап, оны қайта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, үйрету. Тәрбиелік: жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтауға, көмек көрсетуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
К.Э. ЦИОЛКОВСКИЙ АТЫНДАҒЫ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП
Ашық сабақ
«Тігін машинасының тігіс түрлері және жұмысқа дайындау»
Технология пәнінің мұғалімі
Жанқуатова С. М.
Байқоңыр қаласы
Күні: 4.12.2013жыл
6 «В» сыныбы Сабақтың тақырыбы: Тігін машинасының тігіс түрлері және жұмысқа дайындау. Сабақтың мақсаты: Білімділік: тігін машинасының тігіс түрлерімен таныстыру.Машинатану негіздері туралы жаңа білімдерін қалыптастыру . Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, көргендерін еске сақтап, оны қайта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, үйрету. Тәрбиелік: жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтауға, көмек көрсетуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың әдіс - тәсілі: баяндау, түсіндіру, көрсету, ойлау стратегиясы,сарамандық. Сабақтың көрнекілігі: медиапроектор , тігін машинасының тігіс түрлері тігілген альбом. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгелдеп, сабаққа, сарамандық жұмысқа әзірлігін тексеру. II. Үй тапсырмасын сұрау
Қол тігіс түрлері: 1. Көктеу тігісі 2.Жөрмеу тігісі 3. Көмкеру
4.Қиғай көмкеру
5.Майда қайшы тігіс 6. Ірі қайшы тігіс 7. Тор тігіс
8. Қайып тігу
«Тігіс түрлері» сызбасымен жұмыс
Сызба түрлері
Тігіс
Түрі
Көктеу
Түзу
Жөрмеу
Түзу
Көмкеру
Қиғаш
Қиғай көмкеру
Қиғаш
Ірі қайшы тігіс
Айқас
Тор тігісі
Ілмек
Қайып тігу
Ілмек
Майда қайшы тігіс
Айқас
III. Жаңа сабақ 1. Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі – тігін машинасы. Осы тігін машинасының шығу тарихына жалпы тоқтала өтейік. XV ғасырда Леонардо да Винчи тігін машинасының жобасын ұсынды. 1755 жылы Карл Вайзенталь бір жіпті тігін машинасын ойлап тапты. 1870 жылы АҚШ - та Исаак Зингер “Зингер” фирмасын ашты. 1900 жылы Ресейде Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашты. 1917 жылы Кеңес елінде Подольск қаласында тұңғыш механикалық зауыт іске қосылды. Машинаның сыртқы дизаиндары жасалып, фирманың белгісін жазатын болды. Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Бірақ олардың құрылысы, реттеуі және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ. Тігін машинасының қол машина, аяқ машина және электр машина деп аталатын түрлері бар
2. Сызбамен жұмыс. Машина тігістерінің атауы.
Тігіс
Операция
Қолданылуы
Сызбасы
Шартты белгілері
Қайып тігу
Қайып тігу
Екі бөлшекті бір-біріне біріктіру
Жабық қиықты бастыра тігу
Бастыра тігу
Бір бөлшекті екіншісіне бастыру жолымен біріктіру
Әдіптеу
Әдіптеп тігу
Бөлшектерді біріктіріп, соңында қайыру
Ашық қиықты жөрмеп тігу
Жөрмеу
Ішкі бөлшектің шетін өңдеу
Жабық қиықты жөрмеп тігу
Жөрмеу
Бөлшектің шетін өңдеу
Тігін машинасында жұмыс жасаудан бұрын оны жұмысқа әзірлейді.Жоғарғы және төменгі жіптерді өткізеді,тігістің ұзындық жүрісін винт арқылы реттеп отырады. Егер маховик дөңгелекті айналдырғанда ине қозғалса, ол жұмыс істеуге дайын болғаны. Бос жүрісте маховик дөңгелек айналып ине қозғалмайды. Жіпті инеге дұрыс өткізбесе машина дұрыс жүрмейді. Төменгі жіпті шөрікке кигізеді, жіптің тартылысын реттеп отыру үшін шөріктің қабын қолданады.
ІV. Бекіту бөлімі
Сарамандық жұмыс
Машина тігісінің тігілу ережесі:
1. Инешаншым дегеніміз матадан жіптердін айқасуы арқылы аяқталған процесс.
2. Тігім- бірнеше рет қайталанған инешаншым орны.
3. Тігіс – бөлшектердің біріккен орны.
4. Тігістің ені деп бөлшектің шеткі қиығынан тігіске дейінгі ара қашықтықты айтады.
Тігін машинасында дұрыс отыру тәсілдері:
1. Жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсіп тұру қажет.
2.Отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15 см болуы керек.
3.Құрал – жабдықтар арнайы қорапта тұруы керек.
4.Тігін машинасының айналатын бөлшектеріне жақындауға болмайды.
Тігін машинасының жоғарғы жібін өткізу ережесі:
1. Тігін машинасын жұмыс қалпына келтіріп инені жоғары көтеріп қой.
2. Жіпті қорабымен арнайы шегеге кигізіп ,қажетті тетеіктерден өткіз
3. Жіпті жоғары жіптің тартылуын реттейтін екі сақинаның арасынан компенсациялық серіппенің ілмегінен өткіз.
4.жіпті инеге сабақтау.
Тігін машинасының төменгі жібін өткізу ережесі:
1. Жібі оралған шөрікті қабына кигіз.
2. Жіпті шөрік қабының жіпті тартып тұратын серіппесінің астынан өткіз. Жіптің ұшын 10-15 см артық қалдыр.
3. Шөрікті тігін машинасының астыңғы құрылғысына орналастыр,сырт еткен дыбыс естілгенде шөрік дұрыс орналасқаны.
4. Ысырмалы қақпақшаны жауып,инені жоғары-төмен қозғап төменгі жіпті суырып шығару керек Жоғарғы жіп пен төменгі жіптің ұшын тартып,табан астынан кері жібер.
V.Сабақты қорытындылау
1.Сұрақтар беру:
1.Машина тігіс түрлерін ата ?
2.Әдіптеу дегеніміз не ?
3.Ашық қиықты тігісті бөлшектің қандай жерінде қолданады ?
4.Жабық қиықты тігіспен бөлшектің қай жерін өңдейді ?
5.Қайып тігіу қандай тігіс?
2.Сөзқұрақ құрастыру
Жаңа сабақта қолданылған сөздерді әріптер арқылы құрастыру.
(әдіптеу, жабық, қайып, ашық) сөздері шығады.
VІ. Үйге тапсырма: машина тігіп үйрену, тақырыпты оқу.