Пәні: Бейнелеу өнері
Мұғалімі : Әжіғалиева Айымхан
Сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің жанрлары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бейнелеу өнерінің жанрларымен таныстыру.Бейнелеу жанрларына арнап сурет салған суретшілердің шығармаларын талдап үйрету.
Дамытушылық: Өнер шығармалары жайлы түсінігін кеңейту ; жанрлар ерекшеліктерін ажырата білу қабілетін дамыту , өнерге деген қызығушылығын арттыру , оқушылардың сезіну және шығармашылық қабілетін дамыту
Тәрбиелілігі: Эстетикалық тәрбие беру, суретші шығармалары арқылы оқушыларды әсемдікке , сұлулыққа тәрбиелеу. Өз елінің тарихын және өнерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Сабақтың типі : Жаңа оқу материалын меңгерту.
Сабақтың әдісі : түсіндіру , сурет салу , ойын ойнату.
Сабақтың барысы :
І. Үй тапсырмасы:Үй тапсырмасын көрме жасай отырып тексеру . Оқушылар тақтаға суреттерін іліп қояды өздерінің жұмыстарын іштей бағалайды.
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау:
Тақтада суреттер көрсітіледі , сол суреттің бейнелеу өнерінің қай түріне жататынын түсіндіру.
1.Пейзаж дегеніміз не?
2.Натюрморт дегеніміз не?
3.Дизайн дегеніміз не?
4. Мүсін дегеніміз не?
5.Перспектива дегеніміз не?
6.Сәулет өнері дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Тақырыпты баяндау:
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Бейнелеу өнерінің жанры»
-Алдын ала дайындалып келген слайдты интербелсенді тақтада көрсете отырып жаңа тақырыпты түсіндіремін.
Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы, музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж ”, “портрет ” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс ”, “жыр ”, “әңгіме”, “роман ”, “эпопея ”, т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес.
Бүгінгі біздің білетініміз кескіндеме жанрларының түрлері. Кескіндеме жанры 4 түрге бөлінеді: Живопись орындалу ерекшелігіне қарай бірнеше жанрға бөлінеді: маринистік жанр, анималистік жанр, тарихи жанр, батальдық жанр.
Живопись жанрларымен танысу үшін галереяға саяхат жасайық.
Галерея – көркем шығармалар қоры жинақталған орын. Қазақстандық суретшілердің шығармалары, жалпы Қазақстан бейнелеу өнері туындылары жинақталған орын ең алғаш рет 1935 жылы Алматыда аш
Ол Қазақ Мемлекеттік көркемсурет галереясы деп аталды. 1976 жылы Қазақ қолөнер мұражайымен бірігіп, 1984 жылы оған Әбілхан Қастеев есімі берілді. Қазір Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы деп аталды.
Балалар, біздің галереямызда живописьтің түрлі жанрындағы шығармалар жинақталыпты.
Алдын-ала берілген тапсырма бойынша оқушылар әр жанрға түсініктеме беріп, толықтырамын .
Тарихи жанр – белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығармалар.
Батальдық жанр – соғыс оқиғалары, Отан қорғау, жер қорғау көріністері бейнеленген көркем шығарма.
Маринистік жанр – теңіз, көл, мұхит су әлемі табиғаты көріністері бейнеленген шығармалар.
Анималистік жанр – жан-жануарларды бейнелеген көркем шығарма. Ол латынның «animal» (хайуанат) деген сөзінен шыққан.
ІV. Сарамандық жұмыс:Бүгінгі тақырыбымызға байланысты бейнелеу өнерінің жанрларының бір түрі маринистік жанрына сурет саламыз. Сурет салу ережесін түсіндіре отырып оушылармен бірге тақтада сурет саламын.
Алдымен сурет салу дәптерін сулап аламыз.
жоғары бөлігін сары түспен ,төменгі бөлігін көгілдір түспен бояймыз содан соң үш түсті араластырып бояймыз .
Ортанғы бөлігін қою көк түстен ,көгілдір түспен түртіп араластырамыз.
Үшінші бөлігін сарытүспен және жасыл түспен ,қоңыр түспен түртіп барлығын араластыра бояймыз .
Сонда бізде Аспан,теңіз, теңіз жағасы шығады ,Енді ұсақ сызықтар арқылы кеме , құс тағы басқа ұсақ элементтер саламыз.
V. Жаңа тақырыпты бекіту : «Қоян қалай секіреді» ойыны арқылы жаңа тақырыпты қалай меңгергендіктерін сұрақ арқылы тексеремін .
VІ. Үйге тапсырма:
Тақырыпты қайталап оқу.Анималистік жанрына сурет салу.
VІІ. Бағалау:
Сабаққа қатысқан ж әне суреттерін аяқтап үлгерген оқушыларға баға қою. Алған бағалары
жөнінде қысқа айтып өту. Қате салынған суреттер болса ескертулер жасау. Дұрыс жақсы салынған суреттерді көрсетіп олардың жетістіктерінің себебін түсіндіру.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, Т. РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ.
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі: Күзенбердиева Райхан Ноғаевна
Бейнелеу өнері. 4-сынып Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы:
Әріп таңбасының әсерлі мүмкіндіктері.Сиқырлы әріптер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әріп таңбаларын өрнектеп жазу мүмкіндіктерімен таныстыру.
Дамытушылық:Оқушының ой-қиялын дамыту, өрнектеп жазуды , сөз мағынасын сезіну және әріп таңбасының көмегімен оны жеткізе білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Таза сыза білуге, сызу заңдылықтарын сақтай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ,әңгімелеу.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, Қазақ тілі.
Көрнекі құралдар: Әріп таңбасын өрнектеп жазу арқылы безендірілген балалар жұмыстары, әр түрлі заттардың қораптары, жарнамалық журналдар,әріп таңбасын өрнектеп жазу үлгілерін тақтаға жазып көрсету.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Қағаз, жай қарындаш, түрлі-түсті фломастер.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а)Оқушыларды белгілеу.
ә)Жұмыс орнын дайындау.
б)Күнделіктеріне сабақ тақырыбын жазғызу.
ІІ.Оқушылардың қызығушылығын ояту.
Жұмбақ шешу.
Алмада бар, Әжеде бар,
Жүзімде жоқ. Анада жоқ.
Анарда бар, Әкеде бар,
Шиеде жоқ. (А) Атада жоқ. (Ә)
Өнерде бар, Күнде бар,
Талапта жоқ. Айда жоқ,
Өрнекте бар, Күйде бар,
Оюда жоқ.. (Ө) Әнде жоқ, (К)
Ауылда бар, Халықта бар,
Елде жоқ. Отанда жоқ.
Дауылда бар, Халатта бар,
Желде жоқ. (У) Көйлекте жоқ. (Х)
Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім.
Қырық екі дос- жаран. (42 әріп)
ІІІ.Мағынаны ажырату.
1.Газет-журнал бетіндегі жазулар ,өнердің қай түріне жатады ?.
2.Әріптерді біз қандай жерлерден кездестірміз ? Топтастыру әдісін қолданайық.
Жарнамалар Мекен-жай аттары
байланыс құралдары газет
құжаттар журналдар
шекара оқулық-кітаптар
белгілері
теледидар
азық-түлік қораптары
ІҮ.Жаңа сабақты түсіндіру.
Әріп те суреттің бір түрі. Себебі олар белгілі сызықтардан құралады, ал сызықтар өте әсерлі бола алатынын сен білесің. Демек әркімнің өз қиялына қарай әріп жазуда да сурет салғандай әсерлеуге болады екен.
Суретші-бізді қоршаған әдеттегі нәрселерден өзгешелікті көре алатын және басқаларға оны көруге жәрдем беретін адам. Бүгін біз әріптер еліне барамыз. Әріптер бізді несімен қызықтырады?. Бірақ біз суретшілерміз ғой. Әріптерге мән бере қарап, одан өзгешелік табайық. Мысал ретінде «Я» әрпін алайық, ол неге ұқсайды?.
Балалар өздерінің нұсқаларын атап көрсетеді. Мәселен, үлкен қарынды адам, балыққа,т,б. ұқсатады. Әріптер туралы қызықты оқиғалар айтуға болады. Мысалы, «К» әрпі өзін өте әдемі сезініп, айна алдында өзіне-өзі қызығып айнала-айнала «Ж» әрпіне айналыпты. Ал тәттіні жақсы көретін «Р» әрпінің тісі ауырып, жағы ісіп, қандай әріпке айналды ?. Әрине «Ф» әрпіне. Тісінің ісігі тарқаған соң қайтадан «Р» әрпіне айналады.
Сурет сабағында мәнерлеп жазуды көрсетуге тамаша мүмкіндік бар, яғни әріптер мен сөзбер арқылы белгілі бір көңіл күйді, мінез-құлықты көрсетуге болады.
Әріптерден сөз құралады. Сөздер де әріптер тәрізді әсерлі бола алады. Мына суреттерге қарап, суретші қай суретті әсерлеп, қайсысын әсерлемей жазғанын анықтап айтып беріңдер.
Ү. Жаңа білімді бекіту кезеңі.
Мен қазір жұмбақ жасырамын, сол жұмбақтың жауабын «Бейне-сөз» етіп жазасыңдар.
Жаздай інге тығылып, Көп моншақ үй үстіне қойдым шашып, Жатқан қызыл түлкіні Қарасаң толып жатыр көзің ашып. Құйрығынан суырып, Үйіме сәулеленіп түссе жарық,
Әкелді әжем бір күні. Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып.
(сәбіз) (жұлдыз)
Жаурағанды күлдірер, Айдаһар аузын ашса,
Өз еркіне жіберсең, Арс етеді.
Дүниені бүлдірер. Гауһары жерге түссе,
(от) Жарқ етеді. (найзағай)
Алдым да әр түрінен жібек жіптің, Суға салсаң батпайды,
Аспанға әшекейлеп кесте тіктім. Отқа салсаң жанбайды.
(кемпірқосақ) (мұз)
ҮІ.Сарамандық жұмыс.
Жұмбаққа жауап берген оқушы сол сөзді әсерлі етіп бейнелеп, жазу жазады.
Мысалы «МҰЗ» деген сөзді жазатын болса, көк немесе көгілдір түсті фломастер таңдап алып әріптерді мұзға айландырып жазады. Әр әріптің таяқшалары мұздың суреті болып тұрады.
ҮІІ. Жұмыстарын бағалау.
Жұмыстарын көрмеге қойып оқушылар суреттерді салыстыра отырып,бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.
ҮІІІ.Үйге тапсырма.
Үйден аяқталмаған жұмыстарды аяқтап келіңдер.Келесі сабаққа құттықтау ашық хат жасау үшін түрлі-түсті қағаз, желім, фломастер, форматтарыңды әкеліңдер.
Мұғалім:
Бойларыңда от бар екенін байқадым,
Жүректеріңде шоқ бар екенін байқадым,
Әрқашанда өс өнерді өшірмей,
Жалындап шарықтаңдар әрдайым!
-«Өнерлі елден өнерлі ұл-қыз шығады» дегендей, біздің оқушыларымыз да өнерлі екен,-деп сабағымызды аяқтаймыз
пәндік: Оқушыларға мүсін өнерінің көлемді бейнелеу жұмысының ерекшеліктері туралы ұғым қалыптастыру;
жүйелік-қызметтік: Мүсін сомдау жұмыстары үшін қажетті білімдер мен дағдыларды дамыту; зейін мен бақылау қабілетін дамыту; қолдарының ұсақ моторикасын дамыту;
тұлғалық: Зейін мен ыждағаттылықты қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Жемістер мен көкөністер бейнеленген фотосуреттер, жемістер мен көкөністер муляждары, дайын үлгі ретіндегі көкөністер,жұмбақтар, ермексаздар, тақтайша, таяқша, қолорамал.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, топтық тапсырма, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі мен құрал- жабдықтары:
Мұғалім үшін: көрнекі материал- жемістер мен көкөністер суреттері, презентация, жұмбақтар.
Оқушылар үшін: ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.
Пәнаралық байланыс: еңбек.
Сабақ жүргізу үлгісі:
Ұйымдастыру кезеңі- 2 м.
Үй тапсырмасын тексеру- 1 м.
Жұмбақты шешу-3 м.
Жаңа сабақ-12 м.
Топтық тапсырма-5 м.
Сергіту сәті-3 м.
Топтық жұмыс-15 м.
Қорытындылау-3 м.
Үй тапсырмасы-1 м.
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Қызығушылықтарын ояту.
Үй тапсырмасын тексеру. Сабаққа қажетті құрал- саймандарды түгендеу.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың шешуі бүгінгі оқу іс- әрекетіміздің тақырыбы болмақ.
Дайынсыңдар ма?
Іші толған шәрбат
Дәмі қандай айбат
Үзесің бірден жүзін
Оның аты…… /жүзім/
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. /алма/
Көкпеңбек еді көктемде
Қызарды күз жеткенде. /қызанақ/
Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады. /пияз немесе жуа/
Жер астында темір қазық. /сәбіз/
Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям. /қияр/
Сонымен, балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы жемістер мен көкөністер жайлы әңгімелейміз. Жемістер бақшада яғни ағашта, ал көкөністер бақта өседі.
Жемістер мен көкөністердің құрамында көптеген дәрумендер бар. Жалпы жемістер мен көкөністер біріншіден дәрумен берсе, екіншіден тағам ретінде, ал үшіншіден дастарханға сән ретінде қоя аламыз.
Сонымен қоса сабағымызды мүсін өнерімен байланыстырамыз. Ең біріншіден мүсін туралы қысқаша мәлімет тындайық. (Презентация)
Мүсін дегеніміз- ермексаз, сазбалшық, тас, ағаш, металл секілді материалдардан мүсіндеп жасалған көлемді кескін.
Мүсін екі түрге бөлінеді:
Жұмыр мүсін- барлық жағынан көрінетін мүсіндік бейнелеу.
Бедер мүсін- бейне жазықтық бетке орналасады және көлемі жартылай ғана беріледі.
Топтық тапсырма: әр топқа тапсырма беріледі.
Оқушылар орындарынан тұрып, екінші топпен арласып отырады. Кімде ағаш жемістері, ағаш суреті бар жерге отырады. Ал бақшада өсетін көкөністер, бақша суреті баржерге отырады.
1 топ: Жануарлардың сүйсініп жейтін жемістері мен көкөністері.
2 топ: Жеміс пен көкөністердің адам өміріне тигізетін пайдасы мен зияны.
Сергіту сәті. Бәріміз орынымыздан тұрып би билейік!
Топтық жұмыс: 1 сынып оқушыларына жұмыр мүсінін орындау тапсырылады.
Балаларға мүсіндеу кезінде қандай тәсілді қолдану керектігі айтылады:
Жұмыс барысы:
біріншіден керек ермексаздын түсін жұмсарту;
Қызанақ- қызыл домалақталған ермексаздың жоғарғы бөлігіне саусағымызбен батырып баса отырып шағын ойықша жасаймыз, ойықшаға жасыл ермексаздан жасалған сағағы мен жапырағын орнатамыз;
Қияр- жасыл ермексаздан жасалған цилиндрдің екі шетін домалақтап тегістейміз, тіс шұқығыш шидің көмегімен қиярдың бетіне бүртіктер саламыз;
Сәбіз- цилиндр пішінді ермексаздың бір ұшын аздап созып, тіс шұқығыш шидің көмегімен үстіне жіңішке сызықтар түсіреміз, жоғарғы бөлігіне жасыл ермексаздан жапырағын біріутіреміз;
Қызылша- күрең қызыл домалақтанған ермексаздың бір бүйірін созу тәсілімен тамырын шығарамыз, жоғарғы бөлігіне жасыл ермексаздан жапырағын бекітеміз.
Ал, 2 сынып оқушыларына бедерлі мүсін жасау тапсырылады.
Жұмыс барысы:
Қорытындылау: бүгінгі оқу іс әрекетімізді қорыта келе жемістер мен көкөністерді бөлек себеттерге салып қоюмыз керек.
Үй тапсырмасы: Мүсін өнерін қайталау. Өзін сүйсініп жейтін жемістің және көкөністердің сурет салу.
Конкурстар
Рубрикалар
Конец формы
Poll Options are limited because JavaScript is disabled in your browser.
Біздің сайт туралы қайдан білдіңіз?
Начало формы
Интернеттен
Әріптестерден
Әлеметтік желіден
Басқа жауап
Визитка арқылы
Results
Конец формы
Poll Options are limited because JavaScript is disabled in your browser.
Ашық сабақтар Ағылшын тілі Балабақша Балабақшада Балабақшада мектепте және т.б. жерлерде өткізілетін шаралардың және мерекелердің сценарийлері. Балалардың зерттеу жұмыстары мен жобалары Бастауыш мектебі Биология Вокалдық және музыкалық шығармашылық География Денешынықтыру Дүние тарихы Жаңалықтар Информатика Колледж және ЖОО Кроссворд (қазақша) Кулимбетова ОК Логопеду Математика Мақалалар Менің жеткіліктерім Музыка Онлайн-конкурс Оқушылардың кәсіби бағдары Педагогтардың шығармашылық жұмыстары мен әдістемелік әзірлемелері Психологтың жұмысы СЦЕНАРИЙЛЕР ЖИНАҚЫ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс істеу тәсілдерін оқушыларға
меңгерте отырып, олардың түс үйлесімділігін табу.
Дамытушылық:Бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс істеуге
дағдыландыру, ой-өрістерін дамыту, қорытынды жасай білуге үйрету.
Тәрбиелілік: Белсенділігін арттыра отырып, бір-біріне көмектесу
мақсатымен оқушыларды ұйымшыл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Түрлі түсті қарындаштармен орындалған жұмыстар
(слайд), мультфильм, сиқырлы қарындаш.
Қажетті құрал-жабдықтар: Сурет альбомы, түрлі түсті қарындаштар.
Пәнаралық байланыс: Геометрия, сызу, әдебиет, орыс тілі, химия.
Әдіс -тәсілдері: Ауызша баяндау, тақтада жұмыс, сұрақ – жауап, тест.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеп, топқа бөлу (сары, көк, қызыл қарындаштар арқылы).
б) Бүгінгі сабаққа дайындығын тексеру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру «Графика» тест.
1. Арнаулы әк тасқа салынып, арнайы ерітіндімен шайылып өңделетін графиканың түрі?
А) Литография, Б) Натюрморт, В) Гравюра.
2. Француздың grower «қию», «тырнау» деген сөзінен шыққан графиканың қазақша баламасы қалай аталады?
А) Гравирлеу, Б) Портрет, В) Сәулет өнері.
3. Шетіне сурет ойып салынған тақтаны да, сондай - ақ одан алынған басылымды да, не деп атайды?
А) Гравюра, Б) Литография, В) Офорт.
4. Француз тілінен аударғанда «ащысу» деген, азот қышқылы мен бір - біріне қосылып, әсерлену процесі қалай аталады?
А) Офорт, Б) Графит, В) Ағаш.
5. Көшірме түсірілетін бедерлі ағаш тақта немесе білік арқылы шыныға жазылған типографиялық бояу қалай аталады?
А) Оттиск, Б) Қарындаш, В) Эстамп.
6. Грекше xylon - кесілген ағаш, grarho - деп аталады яғни ағашқа жасалған гравюраны ата?
А) Ксилография, Б) Пейзаж, В) Мүсін.
7. Линолеумге жасалған гравюра қалай аталады? А) Линогравюра, Б) Графит, В) Офорт.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
— Менің қолымнан қандай бейнелеу өнеріне қажетті құралды көріп тұрсыңдар?
- Қарындаш қандай жұмыс атқарады?
— Қарындааштың қандай түрлерін білесіңдер?
— Бүгін біз қандай тақырыпта жұмыстанамыз деп ойлайсыңдар?
Ендеше оқушылар! Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс.
Менің қолымдағы қарындаш жай қарындаш емес «Сиқырлы қарындаш». Бұл қарындаштың сендерге берер тапсырмалары бар. Сабақ барысында осы тапсырмалармен танысып, орындайсыңдар!
Оқушылар өз беттерімен оқулықпен жұмыстанады, жаңа тақырыпты оқып өз түсінгендерін айтады. 48-49 бет.
Түрлі түсті қарындаштар — графиканың тамаша құралы. Бірақ, өкінішке орай, олар қазіргі кезде көп пайдаланыла бермейді. Көптеген белгілі суретшілер сурет салуда түрлі түсті қарындаштарды қолданған. Түрлі түсті қарындаштарды біз көбіне сәби балалардың ермегі деп санаймыз. Бірақ қарындашпен салган суреттің өзі біршама еңбектену мен дағдылануды талап етеді. Түрлі түсті қарындаштың акварель мен гуашь бояуларынан айырмашылығы жұмыс жасау тәсілі қарапайым, езілмейді, артық жағылып, қағаз бетін былғамайды. Бұл құрал жазда пайдалануға өте ыңғайлы. Ал бояулар кебу үшін ұзақ уақытты алатын техникалық қиындықтар пайда болмайды. Түрлі түсті қарындаштар - суретшіге ұзақ жолда, жұмыста да қажетті құрал. Жұмыс істеу барысында алдын ала жұмыс орнын дайындап, әуреленудің де қажеті жоқ. Сонымен қатар басқа сурет құралдары сияқты қарындаштардың да өзінің техникалық қиындықтары болады. Мысалы, олар сулы бояу сияқты бір-бірімен палитра бетінде араласа алмайды, бірақ олар қағаз бетінде бір-біріне қосылып, басқа түс бере алады. Түрлі түсті қарындашпен жұмыс жасаған кезде, өшіргішті аз қолдануға тура келеді. Өйткені өшіру барысында қағаз беті түтіліп, салынған сурет әсем көрінбейді. Қарындаштармен салынған суреттер пастельмен жасалған жұмысты еске түсіреді. Бірақ пастельге қарағанда қарындаш қағаз бетіне жақсы жұғады. Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасау үшін беті аздап бедерленген қатты қағазды пайдаланған жөн. Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасауды меңгеру үшін түсті қағазды пайдаланудан бастайды. Егер дайын түсті қағаз болмаса, оны өздерің дайындауларыңа болады. Ол үшін ақ қағазды планшетке тартып, акварель бояуымен, қызыл шаймен немесе кофемен бояп шығуға болады. Бояу түсі солғын да ашық болу тиіс. Пайдалануға ыңғайлы болу үшін түсті қарындаштарды түсінің жақындастығы бойынша таңдайды. Сары, көк, қызыл, жасыл түстілерді бір бөлек топтайды. Жасалынып біткен жұмысты кәдімгі шашқа себетін лакпен бекітуге болады. Ол үшін салынған суретті 30-50 см қашықтықта тік қалпында қойып, лакты себелеп шығады. Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасауды меңгеруді өсімдіктердің, кішкентай натюрморт, табиғат көріністерін, ағаш бұтағын, гүл және жапырақтарды салудан бастаган жөн.
Кезекті «Сиқырлы қарындашқа» берейік. Қарындаштың тапсырмалары. Слайдпен жұмыс.
1 тапсырма - «Жұмбақ шешу» Әр топқа жұмбақтар таратылады.
Жұмбақтар
Қабы сояу,
Дiнi – бояу. (Қарындаш)
Қысқа таяқ дiңi бар,
Шиырлаған iзiнде
Сайрап тұрар тiлi бар. (Қарындаш)
Жіп жіңішке денесі,
Ортасында шегесі. (Қарындаш)
Бір жорға бар шабысты,
Ақ қағазға жабысты.
Жорғаласа тайпалап,
Келтірер көп табысты. Қарындаш
Бір нәрсе ала шұбар, қара тұмсық,
Қарасаң басқан ізі қисық-қисық.
Өзі жансыз, жандының күшіменен,
Борайды ат үстінде желдей есіп. Қарындаш
Өзгені бақытты етем деп,
Өзі қажалып кетеді. Қарындаш
2 тапсырма – Топтық тапсырмалар.
Сары қарындаштар тобы: «Қарындаштар спектакілі».
Қызыл қарындаштар тобы: «Ақындар». Қарындаш туралы төрт жол өлең шығару.
Көк қарындаштар тобы: «Ертегілер әлемінде» Қарындаш туралы қысқа ертегі жазу.
3 тапсырма – «Біз галереяға барамыз» Әр оқушыға жеке тапсырмалар таратылады. Оқушылар суреттерді көшіріп салып, түрлі-түсті қарындаштармен бояп түс береді.
4. «Сиқырлы қарындаштың сыйлығы» мультфильм «Мышка и карандаш».
Бекіту:
Венн диаграммасы. Тақтаға сызу, оқушылар дәптерлеріне сызбаны көшіріп, жазумен толықтырады.
Айырмашылығы
Жай қарындаш ұ Түрлі-түсті қарындаштар
қ
с
а
с
т
ы
ғ
ы
«Галереяға саяхат» Оқушылардың жұмыстарын тақтаға іліп көрме ұйымдастыру, бағалау.
Қорытынды:
1. Түрлі түсті қарындаштармен орындалған сурет қай өнерге жатады?
2. Графиканың бейнелі құралдары?
Үйге тапсырма беру: Натюрморт салу
Сабақ: №1
Сабақтың тақырыбы:
Оқушыларға арналған сурет салу ережесі.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді
қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,
оқушы санасына терең сіңіру.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,
ұқыптылыққа үйрету.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: 1-сынып оқулығы, қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу түрлері және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ең алдымен оқушыларға бейнелеу өнері жайлы түсіндіріп беремін. Содан соң сурет салу ережелерімен таныстырамын. Сурет салғанда көп сөйлемейміз, алдымен құрал-саймандарымызды дайындап аламыз. Содан соң барып сурет салуға кірісеміз. «Бейнелеу өнері» оқулығы оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие береді. Бұл кітап жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына арналып, оқулық ретінде ұсынылып отыр. Оқулық оқушылардың бейнелеу өнері туралы теориялық білімін дамытуға ықпал жасайды. Оқулық мазмұны сурет салуға, қабылдауға, бейнелі ойлауға, шығармашылық қабілетін арттыруға, көркем шығарманы танып түсінуге бағытталып құрылған. Үйлесімдік шешім табуға баулу, олардың бейнелік ойлау қабілеті мен талғампаздық дағдысын жетілдіреді. Жүйелі түрде бейнелеу өнерін оқыту оқушылардың сапалы да сауатты білім алуына жағдай туғызады. Практика жүзінде жүргізілген сабақ барысында оқушылардың меңгеретін дағдылары сан алуан. Олар: ойлау, қабылдау, есте сақтау, көркемдік, талғампаздық, т. б. Есте сақтау, қиялдау, ойлау немесе тақырып бойынша сурет салу арқылы оқушылардың ойлау қабілеті дамып, тереңдей түседі.
Бейнелеу өнерінің түрлері туралы түсінік беріліп, кітапта көрсетілген шығармаларға талдау жасалады. Талдау барысында мұғалім оның өнер шығармасының қандай түріне жататындығын түсіндіреді. Бұл оқулық оқушы жүрегіне жол тауып, көркемдік білім алуда кажетіне жарап, бейнелеу өнері жайлы мағлұмат беруге лайықты қызмет етеді деген ойдамын.
Үйге тапсырма беру: Келесі сабаққа құрал-саймандарды дайындап келу.
Сабақ: №2
Сабақтың тақырыбы:
Бейнелеу өнеріне қажетті құрал-жабдықтар.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға бейнелеу өнері құралдарын қолдану амал
тәсілін үйрету, жаңа мағлұмат беру және т.б.
ә) Дамытушылық: Бейнелеу өнері сабағы үстінде әр-түрлі құрал-
жабдықтармен таныстыру;
Олар жайлы қысқаша мағлұматтар беру.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам, қаламұш.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Оқушыларға бейнелеу өнері құрал-жабдықтары жайлы түсіндіремін. Бейнелеу өнері сабағында әр түрлі құрал-жабдықтар қажет. Әрбір құралмен дұрыс жұмыс істеудің маңызы зор. Қарындашты ХVII ғасырда француз оқымыстысы Н. Конте ойлап тапты. Кезінде Италия суретшілері сурет салуға арнаулы графикалық қарындашты пайдаланған. Ол жәй қарындаштардан жуан, қағаз бетіне жұмсақ, өте қанық болып түседі. Сурет салуға арналған жәй қарындаштар қатты және жұмсақ болып екі топқа бөлінеді. Сондықтан оның сыртында екі түрлі жазу болады. «Т», «Н» - қатты; «М», «В» - жұмсақ. Бұл таңбалар орыс және ағылшын әрпімен белгіленген. Сурет салуға ең қолайлы және өшіруге көнгіш қарындаштар «Т, М, ТМ» болып табылады.
Сурет салатын қағаздар жұқа, қалың, тегіс, бұдыр болып бірнеше түрге бөлінеді. Қарындашпен сурет салуға қатты және тығыз қағаздар ыңғайлы. Олар «ватман» немесе «жартылай ватман» деп аталады. Су бояумен (акварель) жұмыс істейтін қағаздың беті бұдыр болып келеді. Сонымен қатар сурет альбомын пайдалануға болады. Қолданылатын бояу түрлері: субояу (акварель), гуашь және тушь.
Акварель бояуы қағаз бетіне мөлдіреп түседі әрі әдемі өң береді. Бұл бояу сапасының құндылығын көрсетеді. Акварель бояуы бірнеше заттардың құрамынан тұрады: бал, қант, глицерин т.б. 16-17 ғасырда акварель бояуын суретшілер өсімдік тамырларынан жасаған. Ертеде жапон суретшілері күлге желім қосу арқылы тушь бояуын жасаған.
Акварель бояуымен дымқыл қағазда тез жжұмыс істеуге болады және кептіріп отырып ұзақ мерзімдіжұмыс істеуге болады. Бояумен жұмыс істеу барысында бір түспен екінші түсті араластыру екі-үштен аспауы керек. Одан артық болса, бояу құсып кетеді. Бояуды әрқашанда құрғақ, салқын жерде сақтаған абзал.
Гуашь – қағаз бетіне қалың жағылатын қою бояу. Көбінесе сәндік сурет салуға әбден қолайлы бұл бояумен жұмыс істеудің тәсілі өте көп. Жеке және бірнеше қосымша түстермен жұмыс істеуге болады.
Қара түсті қоймалжың бояу – тушь деп аталады. Оның құнды қасиеті – өте жылдам кебеді әрі жайылып былғанбайды. Тушьпен жұмыс істеуде қолданылатын қосымша құрал қаламұш болып табылады. Ол сызық арқылы сурет салуға өте қолайлы әрі ұқыпты жұмыс істеуге үйретеді.
Бояумен жұмыс істеуде ең басты құралдардың бірі – қылқалам.
Акварель бояуына арналған қылқаламдар ақ тиін, күзен, бұлғын сияқты ұсақ жануарлардың қылынан жасалады.
Қылқалам негізінен жұмыс және жалпақ юолып екі түргее бөлінеді. Жұмыс соңында қылқаламды жуып, сүртіп, құрғатып қою керек.
Өшіргіш – қарындашпен сурет салуда қате кеткен сызықтарды түзеу үшін қажетті құрал. Өшіргіштің болғаны тиімді.
Мольберт – сурет салуда пайдаланылатын өте ыңғайлы және қолайлы жабдықтың бірі.
Ермексаз – мүсіндеуге арналған құрал. Ол – қолға көнбіс, тез иілгіш, өзгертуге қолайлы. Мүсіндеу барысында қосымша қалақша және мүсін орнатылатын тұғыр керек.
Үйге тапсырма беру: Келесі сабаққа құрал-саймандарды дайындап келу.
5-сынып
Бейнелеу өнері
Алматы
«Атамұра»
2010 жыл
34 сағат
Сабақ жоспарлары
Сабақ: №1
Сабақтың тақырыбы:
Бейнелеу өнерінің түрлері.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді
қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,
оқушы санасына терең сіңіру.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оларды тазалыққа,
ұқыптылыққа үйрету.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Альбомдар, плакаттар, Қарындаштар, ақ қағаз, 5-сынып оқулығы және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Оқушыларға бейнелеу өнерінің түрлерін терең таныстырамын. Бейнелеу өнері өмірді қолмен ұстап, көзбен көргендей етіп, көркем бейнелер арқылы баяндайды. Көркем шығармалар айналамыздағы дүниені жақсырақ, толығырақ түсінуге үйретіп қана қоймай, ол біздің ой-санамыз бен түйсік-сезімімізге тікелей әсер етеді. Сол себепті біз бейнелеу өнері туындыларын әр деңгейде қабылдаймыз. Олардың мазмұнына мән беріп қараймыз. Бейнелеу өнерінің адам үшін берері мол. Көркем шығармалар арқылы өткен өмір тарихына назар аударып, оны көз алдымызға елестете аламыз. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі – суретшінің өз көзімен көріп, түсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде. Суретші образдардың, өмір шындығының типтік жағын таңдап ала отырып, заманның тыныс-тіршілігін жинақтап, жан-жақты бейнелейді. Адамзат өмірінде бейнелеу өнерінің маңызы өте үлкен, оның қоғам өміріндегі рөлі де аса зор. Суретшінің сұлулықты дұрыс түсіне білуінің маңызы зор. Біреулер кемелдікке суреттің композициялық құрылысы арқылы, енді біреулері живописьтік құрылысы арқылы ие болады. Бәрін бірдей үйлестіріп келтіру барлық адамның қолынан келе бермейді. Әр суретшінің шығармасы оның өзіндік ерекше белгілерімен, қолтаңбасымен айқындалады.
Бейнелеу өнері алуан түрлі де, алуан қырлы. 19 ғ-ға дейін сәулет, мүсін және живопись өнердің басты үш түрі болып есептеледі. Ал 19 ғ. Аяғына қарай графика қызметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және мүлдем дербес бір түріне айналды. Соңғы 20 жылда өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бейнесін тапты.
Мүсін – бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол адамдарды да, хайуанаттарды да, түрлі заттарды да бейнелейді. Оның сәулет өнерімен ортақ жайттары бар. Мүсін биіктік, ендік, аумақтық деп аталатын үш өлшемнен тұрады және ол қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан, яғни ағаштан, тастан, кеуделік мүсін металдан да жасалады. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін көп уақыт және көп еңбек керек, әсіресе мүсінді тастан шапқан кезде, тіпті жай дене күшінің өзі көп қажет. Мүсін – ең ежелгі өнердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Мүсін өнері латынша «скульптура» деп те аталады. Ол «қашау» деген мағынаны білдіреді. Әр өнердің төңірегіміздегі дүниені өзінше бейнелеп, өзінше түсіндіретін өз тілі бар. Сурет өнерінің түрі – бояу. Ал мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдан қашайды не саздан жасайды. Ол өз ойын картинадағыдай бір жызықтық бетінде бейнелеймей, кеңістікте сомдайды. Суретші сияқты мүсінші де өзі бейнелеп отырған адамның мінез-құлық, ішкі сырын ашуға тырысады. Оны біз бет әлпетінен, қимыл-қозғалыстарынан аңғарамыз, тіпті мүсіндегі адамның үстіндегі киімнің әр қыртысына дейін оның жан дүниесінен бірер сыр танытып тұрады. Көптген мүсіншілер ағашты қолданады. Мәселен, мүсінші С. Коненковтың таңғажайып «Орман адамдарының» мүсіндері және В. Мухинаның небір әсем шығармалары ағаштан қашалып жасалған. Металдан мүсін жасау үшін алдымен оның моделі жасалады, сонан соң барып сол бойынша қола мен шойыннан мүсіннің өзі құйылады. Сурет өнерінің шығармалары сияқты мүсін өнерінің туындылары да көлемі жағынан шағын, станокты және монументтік түрлерге бөлінеді.
Статуя – адам барлық бойымен тұтас бейнеленген монументтік мүсін. Мүсіннің әсемдік құралдары графикамен, әсіресе живописьпен салыстырғанда өте шектеулі, яғни мүсінші композицияға қоршаған ортаны кіргізе алмайды, кеңістік тереңдігін бере алмайды, бәрі де фигуралардың өзімен – олардың формаларының жинақталуымен, материалымен, фактурамен білдірілуі тиіс. Қаланың сәулетімен, оның алаң, көшелерінің кеңістігімен байланысты болып келетін монументтік мүсінде образдың жинақтылығы, оның аллегориялығы ерекше айқын көрінеді.
Ескерткіштер ұзақ ғасырларға арнап салынады, сондықтан олардың бірегей де біртұтас образы өз уақытының үлкен идеяларын нақтылы түрде көрсетуге тиіс. Мүсіндер өздерінің формалары жағынан қарапайым да айқын болуы, алыстан оңай қабылданатындай әсерлі силуэтке ие болуы тиіс. Мүсінге материал таңдау да ешқашан кездейсоқ болмайды. Бұл – образдың құрама сипаттамаларының бірі, суретші жұмысты ой елегінен өткізе отырып, оған арналған белгілі материалды да міндетті түрде есте сақтайды.
Живопись – бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі кемел түрі, онда бейнелеудің сан алуан құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиярсыз осы саласына өздері сүйген әуен-тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портрет жазғанды ұнатады, екіншілері пейзажды, үшіншілері тарихи, соғыс немес тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнгерінің бұлай сипатталуы оның жанрларға бөлінуі деп аталады. «Жанр» - француз сөзі, «түр» немесе «тек» деген мағынаны білдіреді.
Үйге тапсырма беру: Бейнелеу өнерінің түрлерімен тереңірек танысу.
Сабақ: №2
Сабақтың тақырыбы:
Бейнелеу өнерінің жанрлары.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлері жайлы қысқаша
мағлұмат беру.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,
оқушы санасына терең сіңіру.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оларды тазалыққа,
ұқыптылыққа үйрету.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Дидактикалық материал, альбом кітаптар, плакаттар.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Оқушыларды бейнелеу өнерінің жанрларымен таныстырамын, олардың эстетикалық талғамын оятып, көркемдік білімін тереңдете түсемін.
Бастауыш сынып оқушылары көркем шығармаларды көруге құмар. Сондықтан оларды бейнелеу өнерінің жанрларымен жеке таныстырғаным жөн. Бейнелеуді негізгі төрт жанрымен таныстыруға болады. Олар – живопись, натюрморт, пейзаж, портрет, графика.
Живопись.
Кескіндемедегі басты құрал - бояу түстері болып табылады.
Живописьті қылқаламмен және бояқтармен орындайды.
Живопись – шындықты бейнелеуде көрерменге тікелей әсер ететін өнер құралы. Оқушыларға бірнеше суретшілер шығармаларын көрсетіп, олардың мазмұн-мәнін, қай жанрға жататындығын әңгімелейміз. Живопись жанрларының ішіндегі ең маңызды орын алатын көркем шығарма – табиғат жанры. Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қоямын, жауаптар аламын.
Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?
Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?
Мына шығармалардың қайсысы табиғат жанрына жатады?
Көрнекілік құралдар ішінен бір шығарманы таңдап алып, сол шығарманың авторы және сол шығарманың өзі жайында әңгіме өткіземін. Мысалы, қазақ халқының алғашқы суретшісі, бейнелеу өнерінің шебері, тума талант Әбілхан Қастеев туралы оқушыларға қысқаша былай баяндауға болады:
- Әбілхан Қастеев 1904 жылы, қарлы қаңтарда қазіргі Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Шежін аулында туған.
Бала жастан жыр-аңыз, дастан, қиссаларға құмар Әбілхан атамызға қазақ халық ауыз әдебиеті өте жақын таныс болады. Ол суретшінің тақырыптық шығармалар жазуына әсер етті.
Ол кісі ертегідей ғажап табиғаттың таңғажайып құбылысын көріп, дыбысын тыңдап, одан көл-көсір әсер алып, тамаша табиғаттың сан түрлі бояуын санап, жан-жануарлар, өсімдіктің, тіпті топырақтың да түр-түсін саралап өсті.
Суретшінің тума таланты одан әрі туындап, осыншама биік дәрежеге жетуіне, әрине, туған табиғаттың әсері мол болды.
«Әуелі табиғат – суретші, біз оған жан бітіріп, сөйлетеміз», - дейтін Әбілхан атамыз.
Ә. Қастеев табиғат көріністеріне салған суреттері – бір-бірінің қайталамас көркімен көзге түсетін шығарма. Жыр болып төгіліп, ән болып шалқып, күй болып күмбірлеп, әркімге айрықша әсер етеді.
Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің жанрлық жағынан жедел де жан-жақты өсіп, өркендеуіне өлшеусіз ұлес қосқан жасампаз қылқалам шебері.
Суретші есімімен көше ғана емес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы, көркемөнер, сурет мектептері мен колледждері аталады.
Оқушыларға суретші өмірбаянын осылайша қызықты, әсерлі етіп әңгімелеймін.
Натюморт – француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғ. басында Голландияда пайда болды. Натюрморт өнердің дербес жанры ретінде 18 ғасырда Батыста кеңінен дамыды. Әр ғасыр натюрморт шеберлерінің өзіндік қолтаңбасы бар. Натюрморт Ж. Б. С. Шарден, П. Сезанн, М. Сарьян, А. Матисс, И. Машков, К. Коровин А. Герасимов, т. б. көркем шығармаларында да натюрморт жанрын жиі кездестіруге болады. Атап айтқанда, А. Ғалымбаева,
Г. Ысмайылова, Т. Тоғысбаев. С. Айтбаев, Ш. Сариев, Н. Нұрлыбаев, т. б. еңбектерінен айқын байқай аламыз.
Пейзаж – француз сөзі, ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Пейзаж қайсыбір жерлерді жай ғана айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Пейзаж өнері де әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады.
Портрет. Бұл жанр басқа жанрлардан бұрын пайда болды. Ежелгі Египет мүсіндік портреттері, бұдан 2000 жыл бұрынғы мозаикалық Рим және темпералық фаюм портреттері соның дәлелі. Адамдар әрдайым өз бейнесін көргісі келді, ал ежелгі египеттіктер типті қайтыс болған адамның жаны портретке көшеді деп есептеді. Графика. Қарапайым сөзбен айтқанда, «графика» дегеніміз – ақ түсті қағазға немесе картонға қарындашпен, қаламұшпен, көмірмен салған көркем суреттер. Графикада қолданылатын басты тәсіл: штрих сызығы, ақ қара дақ, таңба.
Графика гректің «грапо» деген сөзінен шыққан, қазақша «жазамын», «сызамын», «суретін саламын» деген мағынаны білдіреді. Қарындашпен, тушьпен салынған сурет немес гравюралар графикаға жатады. Ол бейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады. Кітаптағы иллюстрациялар, газеттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі товарлардың орауыштарын безендіру, көшедегі плакаттар – осының бәрі график суретшілерінің туындылары.
Үйге тапсырма беру: Бейнелеу өнерінің жанрларымен тереңірек танысу.
6-сынып
Бейнелеу өнері
Алматы
«Атамұра»
2002 жыл
34 сағат
Сабақ жоспарлары
Сабақ: №1
Сабақтың тақырыбы:
Сурет салуды меңгеру. Сурет салу кезеңдері.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету.
ә) Дамытушылық: Сурет салудың заңдылықтарына баулу.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Көрнекілік құралдар, альбом, қарындаш, қағаз, оқу құралы, әдістемелер.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Оқушыларды заттардың өзіне қарап бейнелету арқылы суатты сурет салуға үйрету мәселелеріне көңіл бөлінеді. Ең алдымен бейнеленетін заттың жалпы пішінін қағаз бетіне дұрыс белгілеуден бастау қажет. Ол үшін оқушыларға бейнелеу өнеріне байланысты заңдылықтардан теориялық білім беремін.
Компоновка – қағаз бетіне бейнеленетін затты үйлесімді орналастыру деген сөз.
Пропорция бейнеленетін заттардың үлкенді-кішілі бөлігінің арақатынасын салыстырып белгілеу деген ұғымды білдіреді.
Жарық деп бейнеленетін заттардың күн сәулесі түскен бөлігін атаймыз.
Көлеңке дегеніміз заттардың бетіне жарық түспеген бөлігі. Яғни ол меншікті көлеңке деп те аталады. Бейнеленетін заттың көлемі және формасы жарық пен көлеңке арқылы беріледі.
Сондықтан затты қарапайым қарындаш арқылы бейнелеуде сурет салу ережелеріне сүйенген дұрыс. Сурет салуға үйрету бейнелеу өнерінің ең негізгі міндеті болып табылады. Сондықтан сызық арқылы нобай, долбар жасауға үнемі жаттығамыз. Көзбен көрген нәрсесін есте сақтап, жылдам бейнелеуге үйренеміз. Долбар жасауда нақты заттың пішіні жіңішке әрі жуан тұтас сызық арқылы бейнеленеді. Суретте түзу сызықтан гөрі қисық сызық әлдеқандай жанды болып келеді. Әсіресе қимылды жануарлар мен адам образын бейнелеуде долбардың рөлі зор. Сондықтан жанды нәрселерді бейнелеуден бұрын, ең алдымен қарапайым заттардың суретін салып үйренгеніміз дұрыс. Тек қана әрбір заттың пішіндік ұқсастығын тауып қана қоймай, оның реңдік қатынасына да баса назар аударған жөн. Реңдік қатынастар жарық пен көлеңке бөліктерін беру арқылы шешіледі.
Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады.
1-кезең. Ең алдымен бейнелейтін геометриялық денелердің
жалпы нұсқасын тұтастай қабылдап, оны қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару. Сонан кейін әрбір геометриялық денелердің
биіктігі мен енін шама жағынан салыстыра отырып бейнелеу.
2-кезең. Суреті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Бейнелейтін заттардың өлшем бірліктері қатынасының дұрыс болуына айрықша
көңіл бөлу қажет. Сурет салу барысында әрбір затты салыстыра
карау үшін көмекші жіңішке сызықтар пайдаланған жөн. Заттардың негізгі конструкциялық құрылымы табылған соң жарық пен
көлеңкенің шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек.
суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады.
3-кезең. Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олар-
дың пішінін, көлемін шығарамыз. Заттың өңі жарық пен көлеңке
арқылы айқындалады. Әрбір заттың өңінің көмескі не қараңғы
болуы жасанды және табиғи жарықтың түсуіне байланысты.
Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Мешиікті көлеңке дегеніміз - заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп табиғи сәуле мен жасанды жа- рық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз - жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады. Түспе көлеңке дегеніміз - нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке. Жартылай көлеңке дегеніміз - меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз - заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс. Сонымен затты штрихтау арқылы өңін, пішінін, көлемін анықтауда жоғарыда аталған сурет салу заңдылықтарына сүйену керек.
4-кезең. Бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Мұнда сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Біртұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз.
1-кезең 2-кезең 3-кезең 4-кезең
Үйге тапсырма беру: Нәрсеге қарап сурет сал. Натюрморт орында.
Сабақ: №2
Сабақтың тақырыбы:
Ежелгі Египет мектебі.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді
қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,
оқушы санасына терең сіңіру.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Көрнекілік құралдар, альбом, қарындаш, қағаз, оқу құралы, әдістемелер.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Оқушыларға Ежелгі Египет мектебі, өнері жайлы түсіндіремін. Ежелгі Египетті даналықтың бесігі, ұлы философ, ғалым, суретшілер мен мүсіншілерді дүниеге әкелген ғажайыптар елі деп жиі айтады. Ежелгі Египет мәдениеті ең көне және өте жоғары деңгейде дамыған. Олардың үй қабырғаларына, тұрмыстық бұйымдарға салған бейне көріністері мазмұнға бай әрі осы елдің тарихы туралы қызықты ақпараттар береді.
Египеттіктер суретті көмірмен, қылқаламмен, қызыл және қара бояулармен салған. Тас пен саз балшықтан жасалып, өңделген тегіс бетке бейнелерді металл таяқшалармен қырнау, қашау арқылы түсірді.
Ежелгі Египетте суретшілер шәкірттерін сурет салу техникасына баулитын арнайы мектептер болды. Олар өрнек элементтерін, адамдар мен жануарларды қалай бейнелеу керектігін шыдамдылықпен көрсете білді. Біртіндеп сурет салудың әдіс-тәсілдерін игеру арта түсті. Сурет салу өнеріне баулуда техникалық тәсілдерге өте көп көңіл бөлінген. Ежелгі Египет суретшілері оқиға көріністерінің бірізділік барысы жайлы айтуға ұмтылыс жасағанда, олардың ойынша басынан аяғына дейін жазық бойында тұрған денелердің бәрін белдеумен, жиектермен орналастырған сияқты болып көрінетін. Денелерді бұлай орналастыру жер бетін жазық тік сызық түрінде жиектің теменгі шекарасында және көрерменнен шалғайда жатқан элементтерді бүркемелеп бейнелеуге алып келді. Бөлшектік бүркемелеу параллель картиналық жазықтықтағы қозғалысты ғана беріп қоймайды, сонымен қатар фигуралар арасындағы қашықтықты, олардың суретшімен арақатынастық орналасуын көрсететін тереңдікті жеткізуге мүмкіндік береді.
Алайда ежелгі Египет суретшілері шынайы кеңістік қатынастарды жасауды біле бермейтін еді. Патшалардың денелері ірі көлемде, оньщ жанында жүретін ақсүйектер ұсақтау, ал жауынгерлер одан да ұсақ фигуралармен бейнеленген. Олардың түсінігінше, фигураларды әр түрлі көлемде бейнелеу әлеуметтік ерекшеліктерді көрсететін болған.
Египет шеберлері портреттік сурет салу техникасына баса назар аударатын болған. Олар әрбір бейнеленген адамның физикалық ерекшеліктерін дәл бере алатын портреттік галерея жасады. Бүл кездейсоқ емес еді. Портреттік үқсастықты беруге ұмтылыс - мәңгілікке қалу үшін, яғни жоғалып кетпеудің маңызды қажеттілігінен туындаған болатын.
Сондай-ақ оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын:
1. Ежелгі Египет суретшілері кандай материалдарды пайдаланған?
2. Олар өз шәкірттерін өнерге калай баулыған?
Ежелгі Египеттің сурет үлгісі
Үйге тапсырма беру: Ежелгі Египеттің өнері жайлы қызықты ақпараттар жинақтау.
Сабақ жоспарларының толық нұсқасын жүктеу ақылы.
Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне (әр сынып) 500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті сабақ жоспарларын айтасыз немесе [email protected] поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті сабақ жоспарларын жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған сабақ жоспарларының толық нұсқасы салынады.
Осы сайттан басқа да сабақ жоспарларын, сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!
Выберите специальность, которую Вы хотите получить:
Мектеп:
47
Сыныптар:
6-сыныптар
14.10.2014
Бейнелеу өнері
Махамбеткеримова И.Б
Оқушы саны:
24
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық нақыштар
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың ұлттық нақыштар туралы көркемдік білімдерін арттырып, ой қиялы арқылы топтық композиция құрастыруға бейімдеу, бейнелеу дағдыларын жетілдіру, бірлесіп жұмыс жасау, достарымен пікірлесу, талдау жұмыстары арқылы өзін-өзі дамытуға жағдай жасау.
Нәтиже:
Қазақтың ұлттық нақыштарының мәні мен мазмұнын түсінеді;
Ұлттық нақыштағы заттардан құралған композициялық натюрморт құрастырады;
Сабақ мазмұнында кластер дайындайды.
Тақырып мазмұнында ойлаудың қырларын түсінеді.
Топтық жұмыс арқылы өзін-өзі дамытады, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.
Әдіс-тәсілдері:
«Ойлан жұптас талқыла», критериалды бағалау, «ойлаудың алты қалпағы», «комплимент айту», «кластерлер», шығармашылық жұмыс дайындау, сергіту,кері байланыс парағы
Негізгі дереккөздер:
Слайдтар, Арғынбаевтың Қазақ қолөнері, А.Ғалымбаева «Қазақтың ұлттық киімдері» альбомы, «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті», үлгі жұмыстар
liveinternet.ru .gmirk.kz сайты sunny-art.ru http://www.babyblog.ru/community/post/Advertising/1697722kaz.alemproject.kz
www.vkoem.kzmassaget.kz www.info-tses.kz www.kamila.kz
bilimdiler.kz kk.wikipedia.org
Психологиялық ахуалды орнату. Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
1. Сәлемдесу.
2. Ұйымдастыру.
3. психологиялық ахуал тудыру. /комплимент айту/
4. Топқа бөлу. /ұлттық нақытар суреттері арқылы/
5. Үй тапсырмасын сұрау.
Әлемнің атақты суретшілері.
Өзіндік жұмыс дайындау.
6. Сабақтың мақсатымен, міндеттерімен, сабақтың барысымен таныстыру.
Сәлемдесу.
Өздерін ретке келтіру. Кітап құралдарды, сурет дәптерлерді дайындыққа келтіреді.
Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне комплимент айтады.
Үй тапсырмасын дайындайды.
Өзіндік жұмыстарын қорғайды.
Сабақтың тақырыбын анықтайды.
Қызығушылықты ояту. 7 мин (барлық сыныппен)
Видеоролик «Көкшетау қолөнершілері»
Берілген видео бойынша тобымен талқылап, ортақ ой түйеді. Ойды жеткізу.
Сабақтың негізгі бөлімі. Мағынаны тану (Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Тапсырманың мақсатына тоқталады) 25 мин.
Мұғалімнің іс әрекеті
Оқушының іс әрекеті
Ойлан, жұптас, талқыла 10 минут
Оқушыларға ұлтық нақыштар тақырыбында ресурстар таратылады. Сол бойынша жұмыс жасайды.
1-топ Ұлттық ыдыс-аяқтар
2-топ Ұлттық музыкалық аспаптар
3-топ Зергерлік бұйымдар
4-топ Ұлттық киімдер
(1 қосымшада)
Сергіту сәті. Көңілді күн.
Практикалық жұмыс 15 минут
Берілген ресурс бойынша сәндік сурет пен кластер құрастыру тапсырмасын беру.
Жұмыстарға бағыт беру.
3. Суреттерді бағалау критерийлері:
1.Қағаз бетіне үйлестіру./суретшілер/
2.Бейнелеу заңдылықтарының сақталуы. /суретшілер/(Жарық, көлеңке, түстік, тондық ерекшеліктер)
3. Тақырыптың ашылуы. /Өнертанушылар/
4. Эстетикалық сапа./екеуіне ортақ/
5. Уақыт./екеуіне ортақ/
Бес балдық жүйемен:
22-25 ұпай - «5» «ең үздік сурет»
18-21 ұпай –«4» «көркем сурет»,
14-17 ұпай – «3» «қанағаттанарлық сурет»
Жұмыстар формативті бағаланады.
Рерурс бойынша жеке ойланып, жұбымен пікірлесіп, одан соң топпен талқылайды. Бейнелеу өнері оқулығынан материалдармен танысады.
67-75 бет.
Берілген тапсырмалар бойынша топ ішінде «суретшілер» және «өнертанушылар» болып бөлініп, суретшілер сәндік сурет салумен, өнертанушылар кластер құрастырумен айналысады
Тапсырмаларды бағалаудың ортақ критерийлерімен танысады..
Топтар
критерийлер
1
2
3
4
5
1
2
3
4
5
жалпы
Бағасы
Топтар бір бірлерінің суреттерін бағалайды.
1-2-3-4-5-1 әдісімен.
Ой толғаныс 6 мин
«Қазіргі кезде қазақтың ұлттық киімінің орны қандай?» тақырыбында Эдуард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» бойынша жұмыс.
Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру
Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру
Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”
Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»
Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар
Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды
Қорытындылау
Оқушылардың ойын қорыту.
Бүгінгі сабақтан алған білімдерін қорытады.
Бағалау 2 мин.
Мұғалімнің іс әрекеті
Оқушының іс әрекеті
Критерийлерді ескере отырып, жиынтық баға шығару
2-қосымшада
Бірін-бірі формативті бағалайды.
Үйге тапсырма 1 мин
Мұғалімнің іс әрекеті
Оқушының іс әрекеті
Тапсырмаларды түсіндіру
Ұлттық нақыштардың нобайлық эскиздерін салып келу, ою өрнектермен әшекейлеу.
Тапсырмаларды күнделіктеріне белгілеп алады.
Рефлексия 2 мин
Мұғалімнің іс әрекеті
Оқушының іс әрекеті
Бүгінгі сабақтан алған білімдерін, «Не ұнады?», «Не ұнамады?», әдісі бойынша пікірін білу.
Өздерінің пікірлерін, стикерге жазып іледі.
Сабақты бағалау критерийі
/2-қосымша/
Бағалау критерийлері
Орындалатын деңгейлер
Межелі
ұпайлар
Өзінің
ұпайы
Мұғалімнің
ұпайы
Үй жұмысына атсалысуы
Жартылай
1
9-10 ұпай- «5»
6-8 ұпай- «4»
4-5 ұпай- «3»
толықтай
2
Берілген тақырып бойынша топтық талқылауларға қатысуы
Жартылай
1
толықтай
2
Берілген уақытты тиімді пайдалануы
Жартылай
1
толықтай
2
Практикалық жұмыстағы белсенділігі
жартылай
1
Толықтай
2
Сабақ барысында басқаларға сұрақ қоюы.
аз мөлшерде
1
айтарлықтай
2
Жалпы
/1-қосымша/ Ресурстар
1-топ
Көшпенді өмір салтына байланысты қазақтардың ыдыс-аяқтары алғашқыда тек теріден және ағаштан жасалған. Себебі, азық салуға, ас дайындауға сынбайтын ыдыс қажет болды. Ошақтың негізі болған мыс қазан біздің заманымыздан бұрынғы 3-4 ғасырда пайда болған дейді тарихшы ғалымдар.
Жылқының, өгіздің мойын терісінен жасалатын, қымыз құюға арналған торсықтың негізінен екі түрі бар. Біріншісі, дөңгелене келіп, ағашпен жиектеліп, терімен қапталады. Қылқа мойынды ұзынша, тығын салатын аузы бар. Екіншісі, айбалта пішінді. Үлкен иіннен жоғары шыққан қошқар мүйізді қос қапталы бар және мойыны ұзын. Торсық тек қымыз құю үшін ғана емес, оны бабында ұстауға да ыңғайлы. Ұзақ сапар кезінде шайқалып, қымыз қашанда бабында сақталады. Ал қымыз ашытатын ең үлкен ыдыс – саба. Ол тұтас теріден (екіден бес теріге дейін) тігіледі. Әрқайсысының өз аты болған, мысалы «бес биенің сабасы», «тай жүзген» деген сияқты. Сондай-ақ түйенің мойын терісінен қымыз ашыту үшін сүйретпе жасаған. Оның емдік қасиеті де бар екен.
Ыдыста да ырыс бар...
"Шешесін көріп – қызын ал, ыдысын көріп – асын іш" деген қазақ мақалында пәлсапалық, әлеуметтік ой жатыр. Демек, ата- бабаларымыз ұлт тұрмысында ас сақталатын ыдыс аяққа да үлкен мән берген. Олар ыдысты көбіне ағаштан (еменнен, қайыннан), малдың (жылқының, ешкінің) терісінен, металдан (мыстан, жезден) жасайтын болған.
Қазақ дәстүрге, ырымға, қолөнерге өзінше бай, оның ішінде ұлттық ыдыстарымыз да. Біз бүгін өскелең ұрпаққа ұмыт қалып бара жатқан осындай ыдыстарды таныстыра кетуді жөн көрдік. Қарапайым деген шәугімнің орнын тефаль, күбінің орнын сепаратор басқан заманда мұны білу маңызды. Өзіңіз біліңіз, өзгеге айтыңыз...
Аяқ – ағаштан жасалған көлемі шұңғыл табақтан кіші, әсем, сырлы ас құятын ыдыс.
Аяққап – киізден, былғарыдан істелген, кереге басына ілетін, аяқ сақтайтын ыдыс.
Астау – ет салатын, көлемі табақтан үлкен, ұзынша ағаш ыдыс.
Бұлқыншақ – жылқының, ешкінің бітеу сойылған сан терісінен жасалған сұйық құятын ыдыс.
Бақыраш – су құйып алуға арналған темір ыдыс.
Бүйен – ал бүйенінен жасалған, май сақтауға арналған ыдыс.
Жанторсық – жолаушы жанында жүретін, сусын құятын шағын тері ыдыс.
Жуаз – май шайқайтын ағаш ыдыс.
Зерен – шара тәріздес, беті қақпақты, күміспен, сүйекпен шекетулеген кәделі ағаш ыдыс.
Күбі – талдан, аршадан қиып жасалатын, айран, қымыз пісуге арналған іші кең ыдыс.
Кеспек – еменнен жасалып, сырты темірмен құрсалған, су немесе іркіт құятын үлкен ыдыс.
Керсен – ағаштан жасалған шұңғыл табақтың үлкені.
Кесекқап – кесе сақтайтын аяққап тәріздес ыдыс.
Көзе – қыштан жасалатын, түбі кең, аузы тар сұйық құятын ыдыс.
Көнек – теріден қатырып жасалынған, шүмегі бар бие сауатын шелек.
Қазан – шойыннан жарты шар үлгісінде құйылған, ұстауға қолайлы, төрт құлағы бар, көлемі әр түрлі, бетінде қақпағы бар тамақ пісіруге арналған ыдыс.
Қарын – бұзаудың, қойдың қарнынан жасалған май сақтайтын ыдыс.
Қасық – ағаштан, темірден жасалған сұйық тамақ ішетін ыдыс.
Құты – су, сусын құятын шағын ыдыс.
Құмыра – қыштан жасалған, сұйық ас құятын ыдыс.
Құман – қолға су құятын шәйнектің бір түрі.
Құманша (ақ құман) – шай бұқтыратын шағын ыдыс.
Ожау – сұйық құятын сапты ыдыс.
Мес – ас құятын, сақтайтын тері ыдыс.
Саба – жылқы терісінен тігілетін, қымыз құятын кәделі ыдыс.
Самаурын – шай қайнататын ыдыс.
Табақ – ет тартатын, кәделі, жиекті ағаш ыдыс.
Таба – отқа салып нан көметін екі бетті ыдыс.
Торсық – су, сусын құятын шағын тері ыдыс.
Тостаған – ағаш аяқтың шағын түрі.
Тегеш – металдан жасалған мескенің бір түрі.
Тегене – ағаштан жасалған шұңғыл тік жиек ыдыс.
Топатай – су, сүт құятын кішкене ыдыс.
Түйемойнақ – түйенің мойын терісінен жасалған, су құятын тозбайтын үлкен ыдыс.
Піспек – сабадағы, күбідегі асты шайқайтын дөңгелек басты сапты құрал.
Шөген – шойыннан жасалған шұңғыл, қазан тәрізді ыдыс.
Шелек – су таситын, мал сауатын қаңылтыр не ағаш ыдыс.
Бие – шелек тек бие сауатын шелек.
Шәугім – құманның бір түрі.
Шара – ағаштан ойып жасаған қымыз немесе сұйық ас құятын шұңғыл тік жиек ыдыс.
Шәйнек – жезден, мыстан жасалған құманның бір түрі.
Шөміш – қазаннан ас құятын ыдыс
2-топ
Домбыра аспабының қалай пайда болғанына байланысты қазақ халқының ортасында сақталған аңыз аса мол. Солардың біразын Б. Сарыбаев, Қ. Жұбанов, Ө. Жәнібеков, А. Сейдімбеков еңбектерінде жақсы көрсеткен.
Домбыра және домбыра күйі туралы сөз қозғағанда осы зерттеушілердің еңбектеріне сүйенеміз. Ақселеу Сейдімбек «Күй шежіре» еңбегінде осы аңыздардың екеуіне ерекше назар аударады. Соның бірі Шығыс Қазақстан обылысы Күршім ауданының тумасы Арғынбек Қилыбаев ақсақалдың айтуымен хатқа түскен «Қос ішек» күйінің аңызы.
Ертеде бір аңшы жігіт болыпты. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы - маралды аулап, кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып, биік таудың қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек – қарынын алып тастайды. Содан арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал жер еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі дейді. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішек - қарынын қарға - құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге бөлейді. Сол жерде аңшы жігіт «қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын» - деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады. (күй тыңдату Құрманғазы «Адай» орын: Мұрат Әбуғазы)
Шаңқобыз - қазақтың көне музыкалық аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен жасалады. Ағаштан жасалған шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы ортасындағы тілше тербеліп, дыбыс шығарады. Ол ашалы сым темірден немесе күмістен жасалған.
Сыбызғы - қазақтың үрмелі көне музыкалық аспабы. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 - 650 см
Адырна - қазақтың көп ішекті шертпелі аспабы. Аспаптың шанағы қуыс, беті көн терімен қапталады. Б. з. б. аңшылар ұстанған көне аспап саналады. Оның көне үлгісі әуелде садақ тәріздес болған. Кейін бұғы, марал, киік, бөкен тәрізді аңдарға ұқсастырып жасап, мүйіз бен құйрықтың екі арасына ішектер тартып ойнаған.
Жетіген – (жеті ішекті) көп ішекті шертіп ойналатын музыкалық аспап. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тәріздес, бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген аспабының жасалуы да, ойнау әдіс - тәсілі де өте күрделі. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі - берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап жетіген аталған.
Зергерлік сәндік әшекей бұйымдар
3-топ
Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау, т.б.), ұсталары – батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлері – үй іші мүліктерін (кебеже, жүк аяқ, ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдақ, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай) әсем жасай білген. Қазақтың зергерлік заттарында жан-жануарларға байланысты мифтік ұғымдағы өрнек түрлері (қошқар мүйіз, түйе табан, таңдай), көкөніс өрнектер (жапырақша, гүл, сабақша), ұласымды өрнектер (ырғақ, сағақтау, айқас), геометриялық өрнектер кездеседі.
Қазақтың қыз-келіншектерін ажарландыра түсу үшін, оларға арнап алуан түрлі әшекейлі бұйымдар жасаған. Олардың ішіндегі ең көрнекті де қымбаттысы – сәукеле.
Қазақ әйелдерінің ең көп тұтынатын бұйымы – білезік. Ол көбінесе жұмыр, төрт қырлы және ширатпалы болып келеді. Білезіктің ашылып жабылатын түрі де болады. Әйелдерге арналған әсем бұйымның бірі – жүзік. Оның үстіңгі бетіне әр түрлі тастардан не өңді әйнектерден ою-өрнек жүргізіледі.
Жүзікке көбінесе күмістен көз, балдақ, құс тұмсық орнатылады. Соған орай көзді, балдықты, құс тұмсық жүзік деп аталады. Сондай-ақ мөр жүзіктер де болады. Әйелдерге және ерлерге арналған сақиналар да соғылады. Күміс сақиналар көбінесе шапқымен шикіліп, бізбен ғана безіледі.
Беті көлемді құдағи жүзіктерде істеледі. Әйелдер құдағи жүзігін көбінесе келіндеріне, не қызының біріне мұра ретінде сыйға тартқан. Шебер ұсталар сақина мен жүзікке есімдерді де өрнектеген. Аса қадірлі жүзікке Мұхамедтің атын жазған.
Қазақ әйелдеріне арналған көркемдік бұйымның тағы бір түрі – сырға. Сырғаны көбінесе бойжеткен қыздар құлаққа тағады. Сондықтан сырғалар әсем де жеңіл жасалады. Сырғаның ай, айшықты, тұмар қозалы, салпыншақты, тас алтын, күмісті, қоңыраулы, күмбезді т.б. түрлері болған.
Қазақ әйелдерінің ең жеңіл бұйымдарының бірі – алқа. Ол бір-бірімен шығыршық арқылы жалғасады және бірнеше төрт бұрыш, үш бұрыш, дөңгелек әшекейлерден көрініп тұратын болғандықтан асыл тастармен өңді әйнектермен безендіріледі.
Мойынға тағатын әшекей заттың бірі – бой тұмар. Оны ертеде әйелдер ғана емес, еркектер де тағатын болған. Тұмар іші қуыс, әдемі былғарыдан тігіліп, ою-өрнектеліп күміс шынжырмен мойынға асып алады. Адамды пәле-жаладан, тіл-көзден сақтау үшін оның қуысына қасиетті дұғаны қағазға тығып қояды.
Қазақтың бойжеткендері шолпы таққан. Шолпының ызған не кестелі бауға тағып, шашпен бірге өріп қойған. Жас әйелдердің көп қолданылған әсем бұйымының бірі – шаш қалта. Оны тана моншақпен безендіріп өрген шашты соған салып қояды.
Әйелдер мен еркектер үшін істеліп, көп тұтынатын заттың бірі – түйме. Шебер зергерлер бойжеткен қыздың немесе батырдың түймесін алтын, күміс, мыс т.б. металды қолданып, әшекейлеп, оюлап жасайды. Дөңгелек, үш бұрыш, төрт бұрыш түймелер істелген. Түйменің сабағы, сағағы жоғын тана деп атайды.
Қазақ зергерлері қыздар мен келіншектердің ісмер, шебер болуы үшін және қолды жарақаттап алмауы үшін оларға арнап әдемі оймақтар жасаған. Оймақ көбінесе күміс пен мыстан өрнектеліп, ине тоқтар жері көп шұқыланып бейнеленген. Оймаққа өте жіңішке күміс бау да тағылған. Оймақ былғарыдан да жасалады. Оны матадан көйлек, камзол т.б. іш киімдер тігуде қолданады.
Қазақ келіншектерінің ең әдемі, ең көп қолданған әшекей заты –түйреуіш. Әсіресе, кербез әйелдер алтындаған, күмістеген және оқшантайлы белбеу буынған. Қазақ әйелдері алтындаған, күмістеген, әрі жіңішке әрі жібекпен шеккен, шығыршықты ілмекті үзбелі белбеу тұтынған. Оның қалай және неден істелгенін, қалай әшекейленгенін, нендей қосымша пайдаланатын құралы барлығын білдіреді.Оның қалай және неден істелгеніне байланысты «шығыршықты белбеу», «мақпал белбеу», «дүрия белбеу» т.б. аттары бар.
4-топ
Әйелдердің бас киімдері
Қазақ әйелдері жасы мен отбасы жағдайына байланысты өзіндік ерекшелігі бар баскиімдер киген. Олар-дың жазғы, қысқы түрлері болады. Әйелдердің негізгі баскиімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы ж.т.б.).
Ұлттық киімдердің түрлері Бас киімдерXIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жүргізген И.В.Захарова мен Р.Р.Ходжаева ер адамдардың бас киімдерін 6 топқа бөледі. Олар мынандай:
1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас- киім – тақия.
2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген баскиім – төбетей.
3. Киізден тігілген баскиім – қал-пақ.
4. Қалың матадан тігілген башлық (күләпара).
5. Тері қапталған жылы баскиім – бөрік.
6. Аң терісінен жасалып, суықта киетін баскиім – тымақ.
Ерлердің бас киімдері
Тақия – шағын сәтен, шұға, барқыт тәрізді маталардан тігіледі. Ол зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа тәрізді бірнеше түрге бөлінеді. Қытайдағы Шыңжан қазақтарының найман тайпасындағы қызай руында «Қызай тақия» бар.
Қалпақ – ақ киізден, қалың матадан жасалады. Ол биік төбелі болып келеді. Қойдың ақ жүнінен, қозының ақ күзем жүнінен, ешкінің ақ түбітін қосып басқан шымыр киізден тігеді.
Мұрақ – екі жағы қошқар мүйізді, лауазымды адамдар киетін қалпақ. Оны сән – салтанатқа киеді.
Тымақ – аңның, малдың терісінен тігілген қысқы баскиімдердің жылысы. Биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, артқы етегі желке, жотаны жауып тұрады.
Вл. Плотников 1859 – 1862 жылдары тымақтың 15 түрі туралы жазған. Олардың бізге жеткен кейбір түрлері мынандай: жаба салма тымақ; қайыр-ма тымақ; дөңгелек төбелі тымақ; шошақ төбе тымақ; жекей тымақ.
Құлақшын – бағалы аң терілері мен бұзау, құлын, қозы – лақтың бұйра терісінен (елтірі) тігіп, киеді. Қысқы баскиім.
Киімге байланысты ырымдар
Жас қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі.
Жаңа түскен келін киім-кешегін қысқартса, нәрестесі кем туады немесе ол түсік тастайды.
Нәрестенің иткөйлегін далаға тастамайды. Олай жасаса, сәбиге сырқат жұғады. Сәбидің бақыты иткөйлегін кигеннен басталады.
«Қазақтың ұлттық киімдері» альбомының авторы, қазақстанның халық суретшісі А.Ғалымбаева, көптеген эскиздер салумен айналысқан.
Сызу пәні 9-сынып
Тақырыбы: Негізгі көріністер
Мақсаты:
1)Білімділік: Негізгі көріністер туралы білім алуға, сызбаны оқи білуге, денелердің (фигуралардың) көріністерін көре білуге үйрету.
2)Дамытушылық: Оқушылардың байқығыштық, салыстыра білу қабілеттерін, нәрсені үш жазықтықта дұрыс көре білуін дамыту.
3)Тәрбиелік: Жүппен, топпен жұмыс жасау барысында дұрыс қарым-қатынасын, топ алдында жауапкершілігін тәрбиелеу.
Оқушы құзыреттілігі:
1) Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі: Негізгі көріністерді тану, сызбада көріністерді орналастыру жолын табу
2) Ақпараттық құзыреттілік: Электрондық оқулықтан негізгі көріністер туралы ақпарат алу, интербелсенді тақтадан слайд түрінде берілген тест тапсырмаларын көріп орындау.
3) Коммуникативтік құзыреттілік: СТО стратегияларын қолданып жүппен, топпен жұмыс жасау қарым-қатынасы.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілі: Сөз әдісі (сұрақ-жауап); оқулықпен жұмыс; көрнекілік (эл.оқулық, слайд); тәжірибелік (тест тапсырмаларын орындау); логикалық (байқау, зерттеу, ойлау, салыстыру). СТО стратегиялары.
Құрал-жабдықтар: оқулық, дәптер, сызу құралдары, сабақ жобасы жазылған парақтар, қайталау карточкалары, электрондық оқулық,, шығу парақтары.
Пәнаралық байланыс: геометрия, сурет, технология
Сабақтың құрылымы:
ұйымдастыру кезеңі
қайталау
жаңа тақырыпты меңгерту
рефлексия
бағалау, шығу парағын толтыру
үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
Оқушыларды қарсы алу, журналға белгілеу. Сабақ жобасын тарату
Оқушыларға берілетін сабақ жобасы:
Екі топқа бөлініп отырыңдар.
Әр топ мүшелері карточкада берілген қайталау сұрақтарына жауап беріңдер /топпен жұмыс/, жауабын спикер айтады.
«Көрініс» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Жауабын жалпы топқа шығар.
Параграф 26 жеке-дара оқып, ортаға салып топпен талдау жаса.
Электрондық оқулықта көрсетілетін мәліметтерді қарап өзіңе ақпарат ал.
Слай-презентацияда берілген тест тапсырмаларын орында.
Тақырып бойынша қорытынды жасап, қарсы топқа сұрақтар дайында.
Әр топ спикері жалпы топ алдында қорытындысын айтып топ жұмысын қорғайды.
Қарсы топ сұрақтарына жауап бер.
Бір-біріңді бағала.
шығу парағын толтыр.
Үй тапсырмасын ал: 26-параг. оқу, соңында берілген екі тапсырманы орында.
Оқушыларды бағалау: Журналға және күнделіктеріне баға қою.
Шығу парағын жинап алу.
Сызу пәні. Ашық сабақ 9-сынып Тақырыбы: Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекциялары. Оқу-тәрбие істерінің мақсаттары мен міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларға жазық жақты нәрселердің фронталь диметриялық және изометриялық проекцияларын салуды үйрету. Нәрсенің аксонометриялық проекциясын тұрғызу үшін Хₒ,Уₒ,Zₒ координат осін орындауды және деталь сызбасын салудың жалпы кезеңдерін ретімен үйрету. 2. Дамытушылық: Жазық жақты нәрселердің сызбаларына қарап, кеңістікте көз алдарына елестетіп, оның пішінін толық талдай алуға үйрету, яғни нәрсенің сыртқы және ішкі көріністері мен ерекшеліктерін түсіну, тиісті білімдерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Әдемі сызба сала білуге, салынған сызбаны түсіне білуге, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, әсемдікке тәрбиелеу. Құрал-жабдықтар: Координата жүйесінің макеті, дәптер, сызба аспаптары, жиналмалы кубиктер т.б. Сабақтың типі: Оқу материалдарын бекіту сабағы. Сабақ түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау. Сабақ үш бөлімнен тұрады: 1.Қызығушылықты ояту. 2.Мағынаны ажырату. 3.Ой толғаныс. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. - оқушыларды түгелдеу - оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау - оқушылардың зейінін сабаққа аудару. І.Қызығушылықты ояту. 2.Топқа бөлу а) «Үшбұрыш» тобы ә) «Төртбұрыш» тобы оқушылар өз тобының атын қорғайды. 3. Үй тапсырмасын тексеру. Жазық фигураның аксонометриялық проекциясы. 3-кесте. Алтыбұрыш сызбасы 2.Сөзжұмбақ «Проекция» * Сызбаларда бұрыштарды өлщеу және салу үшін қолданылатын құрал. (транспортир) *Қорапқа салынған сызу аспаптарының жиынтығы. (даярша) *Қисық сызықтарды сызу үшін қолданылатын шаблон. (лекало) *Сызу барысында параллель сызықтарды жүргізу үшін қолданылатын, бекітелген ролигі бар сызғыш. (рейсшина) *Симметрия осьтері болып табылатын осьтік сызықтарды, сондай-ақ доғалар мен шеңберлердің центрін сызатын жіңішке сызық. (штрихпунктир) *Егер нәрсенің кескінін салуға көмектесетін проекциялаушы сәулелер бір нүктеден шығатын болса, мұндай проекция қалай аталады?. (центрлік) *Бақылаушының бүйір жағынан орналасқан жазықтық қалай аталады (профиль) *Детальдың екі жағы бірдей (симметрия) т р а н с П о р т и р д а я Р ш а л е к а л О р Е й с ш и н а ш т р и х п у н К т и р Ц е н т р л і к п р о ф И л ь с и м м е т р и Я
ІІ. Мағынаны ажырату . 4. Өткен тақырыпты қайталау. - аксонометриялық проекциялар осьтері қалай орналасады? -сызбаны орындағанда изометриялық және фронталь диметриялық проекциялардағы осьтердің бойына қандай өлшемдер түсіріледі? -аксонометриялық проекцияларды салудың жалпы кезеңдерін ретімен атаңдар.
5. Жаңа білімді қалыптастыру. Нәрсенің алдынғы көрінісін мысалға алып, жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекцияларын салудың тәсілін қарастырайық. Өткен тақырып бойынша тік бұрышты изометриялық проекция мен қиғашбұрышты фронталь диметриялық проекцияны салу ережелері жалпы алғанда бірдей екендігін көрдік. Олардың айырмашылығы осьтердің орналасуында және фронталь диметриялық проекциядағы у осінің бойына салынатын кескіндердің өлшемінде. Аксонометриялық проекцияларды салуда: 1.Осьтерді жүргізеді. Нәрсенің нақты өлшемдерін: биіктігін z осінің бойына, енін х осінің бойына түсіріп, алдынғы жағана салады. 2.Мұнан шыққан фигура төбелерінен қырларды у осіне параллель жүргізеді. Олардың бойына нәрсе қалыңдығының өлшемдерін: фронталь диметриялық проекция үшін екі есе кішірейтіліп, ал изометрия үшін нақты өлшемін салады. Осыдан шыққан нүктелер арқылы нәрсенің алдыңғы жағының қырларына параллель түзулер жүргізеді. 3.Артық сызықтарды өшіріп тастайды. Көрінетін контурды бастыра жүргізіп, өлшемдерді түсіреді. Нәрсенің өлшемдерін аксонометриялық проекцияға түсіргенде шығарма сызықтар аксонометриялық осьтерге параллель, ал өлшем сызықтары өлшенетін кесіндіге параллель жүргізіледі.
ІІІ. Ой толғаныс 6. Жаңа білімді бекіту. Венн диаграммасы. «Аксонометриялық проекциялар» Фронталь диметриялық проекция мен изометриялық прооекцияның айырмашылығы мен ұқсастықтарын дәптерге орындау.
7. Сабақты қорытындылау. - тақырып бойынша сұрақтар қою; - жұмыстарын тексеру; - бағалау 8. Үйге тапсырма: Пішім А4-ке жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекцияларын сызу. Рейтинг статьи: |
|
Ұқсас жаңалықтар:
Сызу Пәні Авторлық бағдарлама
9 сынып оқушыларының бағдаралды дайындығын ұйымдастыру бағытында құрылған «Қызықты сызу» қолданбалы курс бағдарламасы
Алжапқышты өңдеу
Проекциялаудың түрлері
Сызба сызықтарының түрлері.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Мәләмет