3.«Ойлан тап» Жасырыл?ан суреттердегі бейнелеу ?неріні? жанрларын айтады.(графика,кескіндеме,анималистік жанр,н?ктелермен сурет салу,пуантализм,пейзаж,натюрморт)
?нер десе ?ртеніп жанып т?рар,
Сусындап сол ?нерден ?анып т?рар,
Сегіз ?ырлы, бір сырлы сайыскерлер
Кез келді деп же?іске жетуге деп- сайыскерлерді ба?алау ?шін ?азылар ал?асына с?з беріледі.
4.Геометриялы? пішіндермен ж?мыс
Б?л сайыста айт?аны бойынша сурет саламыз атты ойынын бастаймыз. «Пара? ортасына ?шб?рыш саламыз,?шб?рышты? т?бесінде д??гелек бар,д??глекті? ішінде та?ы бір ?шб?рыш,?шб?рышты? астында екі тік б?рыш бар . Б?дан кейін о?ушылар ?здері сал?ан суреттерді к?рсетіп,нені? суретін сал?анын айтады.
Просмотр содержимого документа
«мероприятие по ИЗО»
Сұрақтар Натюрморт дегеніміз не? Жылы және суық түстерді ата? Анималистік жанр дегеніміз не? Табиғатты бейнелейтін жанр. Бейнелеу өнеріне қажетті құралдарды ата? Графика жанры қандай түстермен орындалады? Сәндік қолданбалы өнерге мысалдар келтір. Қазақ халқынан шыққан суретшілерді атаңдар? Геометриалық пішіндерді атаңдар. Дизайн дегеніміз не? Дизайнердің қолынан шыққан бұйымдар қандай болуы керек?
Күні:
Құрметті ұзтаздармен мектеп оқушылары.Мектебіміздегі 3-4 сыныптар арасындағы мектепішілік апталығында өткізіліп жатқан«Ғажайып сурет әлемі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысымызға 3«А,Ә,Б,В» сыныптар қатысуда.Бүгінгі сайысымызды бағалайтын қазылар алқасымен танысыңыздар.
1. Сырлыбаева Айна мектебіміздің психологы
2. Максимова Анаргүл музыка пәні мұғалімі
3. Малбасова Баян дене тәрбиесі мұғалімі
Ғажайып сурет әлемі атты сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.
1.Өнер ағашы.(Сұрақ жауап)
2.Суретшілердің шығармаларын табу.
3.«Ойлан тап» Бейнелеу өнері жанрлары табу.
4.Геометриялық пішіндер мен жұмыс.
5.Натюрморт
6.Сезімтал саусақтар
Солай етіп , сайысымызды бастаймыз.
Өнерпазды жарау аттай баптасын,
Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын
Өнерімен танылып бүлдіршіндер
Ел сенімін еңбегімен ақтасын!
Оқушылар өнер ағашынан сұрақтарды алып жауаптарын айтады.
3.«Ойлан тап» Жасырылған суреттердегі бейнелеу өнерінің жанрларын айтады.(графика,кескіндеме,анималистік жанр,нүктелермен сурет салу,пуантализм,пейзаж,натюрморт)
Өнер десе өртеніп жанып тұрар,
Сусындап сол өнерден қанып тұрар,
Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер
Кез келді деп жеңіске жетуге деп- сайыскерлерді бағалау үшін қазылар алқасына сөз беріледі.
4.Геометриялық пішіндермен жұмыс
Бұл сайыста айтқаны бойынша сурет саламыз атты ойынын бастаймыз. «Парақ ортасына үшбұрыш саламыз,үшбұрыштың төбесінде дөңгелек бар,дөңглектің ішінде тағы бір үшбұрыш,үшбұрыштың астында екі тік бұрыш бар . Бұдан кейін оқушылар өздері салған суреттерді көрсетіп,ненің суретін салғанын айтады.
Өзгеге ісі ,үлгі болып тұрған деп,қазылар алқасына сөз беріледі.
5.Енді бесінші сайысымызды бастаймыз .Бұл сайыс Натюрморт деп аталады,
Ыдыс-аяқтар,оқу –құралдары ,әр түрлі ойыншықтар,жануарлардан натюрморт құрастырып ,оқушылар өздерінің жұмыстарын атайды.
Ендігі кезек қазылар алқасына беріледі.
Ал кімнің өнері қаншалықты ,
Сурет салып өнерін паш етуге ,
Бүгінгі сайыста, бәйге алуға,
Бүлдіршіндер аянбай-ақ жан салыпты деп алтыншы сайысымызды бастаймыз.Бұл сайысымыз»Сезімтал саусақтар «ойыны деп аталады .Бұл сайысқа қатысушы ортаға шығады. Оның көзін байлап, қоржындағы бір затқа қолын тигізіп ұстауға беріледі.Бұдан кейін қолындағы затты алып қоямызда, қатысушының көзін шешеміз .Оқушы саусағы тиген нәрсенің суретін салып көрсетуі тиіс. Мысалы ,тарақ ,көбелек,алма,жұмсақ ойыншықтар
Бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын марапаттау үшін қазылар алқасына сөз беріледі.
Бүгінгі 3-сыныптар арасында өткізілген «Ғажайып сурет әлемі « атты сайысымызды аяқтаймыз.
«Үстірт орта мектебі» ММ Жақсыбаева Айман бейнелеу пәні
Мұғалімі
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы.
«Ғажайып сурет әлемі»
Мектепішілік апталығында 3-сыныптар арасында өткізген сайыс