Жалпы мақсаты: Тәуліктік меню құруды үйрету. Таңғы, түскі, кешкі дастарханды жабдықтап үйрету. Міндеттері: 1. Тәуліктік меню құруды үйрету 2. Дастархан мәзірін дайындауды үйрету. 3. Шығынын есептеп шығаруды үйрету. Оқыту нәтижесі: Жұптық, топтық жұмыс жасауға үйренеді. Меню құруды үйренеді, шығынды есептеп шығады. Тапсырмалар: І. Үй тапсырмасын сұрау ( Уақыт шеңбері) ІІ. Жаңа сабақ ( рольдік ойын ) алдын - ала тапсырма беру ІІІ. І тапсырма ( Өз жұбыңды тап. (калория)) ІҮ. ІІ тапсырма ( тест) Қорытынды Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі: - оқушылармен амандасу. - сынып тазалығын тексеру - Оқушылардың сабаққа даярлығын құрал - жабдықтарын қадағалау Бағалау. Бағалау парақшасы таратылады. Үй тапсырмасы: «Уақыт шеңбері» 1. Тортты әрлеу тәсілдерін айтып бер. 2 Қандай кондитерлік өнімдерді креммен әрлейді? Сен көбіне қандай әрлеу түрін қолданасың? 3 Қандай өнімдерді пісірместен бұрын әреп алады? Сен осы тағамның қандай түрін пісіре аласың? 4. Тағамдарды дастарқанға үсынбас бұрын әрлеу жұмысын не үшін жасау керек деп ойлайсың? 5. Қонақ шақырғанда ең бірінші жасалатын қағида. Жаңа сабақ «Рольдік ойын» Рольдік ойын үш топқа таңғы ас, түскі ас, кешкі ас. Ресторан даяршы ас мәзірін құрастырып қорғап шығу. Есепшісі кететін шығынды есептеу керек. Бақылаушы бағалайды. Сергіту сәті. Өз жұбыңды тап. (калория) Мұғалім жүп карточкаларын дайындайды: біреуінде - Сұрақтар, екіншісінде – жауаптарға арналған тірек кестелер. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған карточкалардың түсі бірдей болады. Оқушылар кез келген түсті карточканы (әрқайсысы – біреуін) таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп, бірге отырып, жұмыс істейді. Таңертеңгілік ас 600 - 700 Түскі ас 900 - 1000 Кешкі ас 600 - 700 Балалар 7 - 10 жас 2380 Балалар 11 - 13жас 2860 Жасөспірім ер балалар(14 - 17) 3160 Жасөспірім қызбалалар (14 - 17) 2760 Студент жастар жігіттер 3300 Студент жастар қыздар 2800 Спортсмендер ер адамдар 4500 - 5000 Спортсмендер әйел адамдар 3500 - 4000 Ауыр жұмыспен айналысатын ер адамдар 45000 - жоғары Салтанатты түрде тамақтану кезінде дастархан жабдықтау әртүрлі болады.
Тамақтану кезінде үстелде аз құралдар (қасық, шанышқы, тәрелке) және қағаз сүлгілер қолдану заманы өтті. Енді өзгеше қатаң талап қойылады: дастархан жабдықтау түрлерінің ерекшеліктері туралы білімі, кез-келген жағдайда өзін еркін сезінуге көмектеседі: зайырлы қабылдауда, мейрамханада, шақырылған кешкі аста. Құралдардың қолданылуы туралы оқушыларға әңгімелеу.сызба бойынша қосымша 1.
Пышақ май жағуға арналған. 2. Тарелка – нан және май жағуға арналған. 3. Қасық (бірінші тағамға арналған). 4. Шанышқы (салқын тағамға арналған). 5. Пышақ (барлық тағамға арналған). 6. Шанышқы ет және салатқа негізгі тағамға арналған. 7. Асханалық пышақ. 8. Сәндік тәрелке. 9. Көже құйатын тәрелке. 10. Десертке арналған қасық. 11. Шанышқы-десертке арналған. 12. Су ішуге арналған стакан. 13.Бокал шампан құюға арналған. 14. Бокал қызыл виноға арналған. 15. Бокал ақвино құюға арналған.
Дастархан жабдықтау кезінде қолданылатын қажетті кездемелік сүлгі.Қолданылуына қарай оларды әртүрлі әдістермен бүктеледі, тез, оңай ашылуы ескеріледі, ерінді сүрту үшін немесе тізеге жайып қою үшін. Сонымен бірге тазалық ережелерін сақтау үшін де қолданылады. Егер де дастархан жабдықтауға дәмханада тәрелке берілмеген жағдайда, оның артына төрт бүктелген кездемелік сулықты қойып қояды.
Оқулықта схема бойынша, кездемелік сүлгіні бүктеу тақырыбында сарамандық жұмыс өткізіңдер. Эксперимент үшін кездемелік сүлгінің орнына қағаз салфетканы қолдануға болад
1. Фуршет үстелінің банкет үстелінен айырмашылығы қандай?
2. Салфетка этикетінің ережелерін атаңдар?
IV. Қорытынды Дастархан мәзірі қалай жасалады
Мәзір түрлері V. Бағалау. Білемін Үйрендім Білгім келеді VI. Үйге тапсырма