kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Еңбек мерекесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Технология пәнінен үйренгендерін, алған білімдерін көпшілікке көрсету.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Еңбек мерекесі»

Тақырыбы «Еңбек мерекесі» 9-10 сынып

Мақсаты:

1. Технология пәнінен үйренгендерін, алған білімдерін көпшілікке көрсету.

2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

1-топ «Өнерлілер», 2-топ «Шеберлер»

1.Сөз анасы сәлем деп алғашқы топ мүшелерінің өздерін таныстыруы

2. Шеберлік пен шешендік мақал мәтелдер сайысы

Бұл ойынның шартында әр топқа бес-бестен мақалдар бастап айтып ары қарай келесі топ жалғастырады.

1. Ою оймаған ------------------ (ойсыз)

2. Ою ойғанның ойы---------- (ұшқыр)

3. Жегеннің тісіне, жемегеннің түсіне кіретін ас --------- (ет)

4.Бір қарын майды шірітетін не -----------------------(бір құмалақ)

5.Ырыс алды...-------------------------------------------- (ынтымақ)

6.Бейнет түбі ...------------------------------------------- (зейнет)

7.Қыз еркем,кестесімен ...----------------------------- (көркем)

8.Өнер таусылмас ... -------------------(қазына),... ---------жұтамас (байлық)

9.Өнер...--------------------------------- (өрге) жетелейді.

10.Қолөнері...---------------------- (мол) өнер.

3 «Тапқыр болсаң тауып көр» салт-дәстүрге байланысты сұрақтар. Мақал –мәтелдер сайысынан кейін әділқазылар алқасы үздік топты анықтап одан кейін сайысымыздың келесі сатысына өтеміз. Ал енді балалар біздің келесі сайысымыздың шарты өзіміздің ұлттық салт дәстүрге байланысты екі топқа кезек сұрақтар қоямын ойланып барып қол көтеріп жауап бересіңдер. Әр топқа үш сұрақтан қойылады

1 «Базарлық» дегеніміз не? Алыс сапарға,саяхатқа,сауда жолына шыққан адамдар сыйлас адамдарына,жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі

2 «Иткөйлек» деген не? Жаңа дүниеге келген сәбиге кигізнтін көйлек

3 «Тоқымқағар» қандай дәстүр? Жас адам алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүр

4 «Бата» деген не? Ақ тілеудің белгісі

5 Жеті атаңды ата! Әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат

6 «Бастаңғы» деген не? Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде жастардың сол үйде бас қосуы. Ұлттық салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берген соң сайысымыздың келесі бөлімі

4 Екі топ өздері дайындаған мақал мәтелдерді айтады

Еңбексіз өмір сөнген көмір. Еңбек түбі береке,Көптің түбі береке.Кім еңбек етсе сол тоқ.

5 Сән үлгісі бұл сайыста топ оқушылары бір баланың шашын сәндейді,қалғандары орындарында отырып шашқа тағатын әшекей бұйымын жасайды.Осыдан кейін керек емес заттардан дайындалған киім үлгісін көрсетеді.

6 Тығырықтан шығар жол (ситуациялық тапсырма)

1. Әпкеңіз мұғалім. Ал сенің досың әпкеңіздің сабағын өткізуге еш мүмкіндік бермейді.

Саған айтып еді, досыңа айтып ескерттің.Аз уақыттан кейін әлгі жағдай қайтып жалғасты. Сіз не істер едіңіз.

2.Сыныпта досың екеуің оқу озатысыңдар. Достықтарың кішкентай кезіңнен жалғасып келеді. Бірде мектеп әкімшілігі әр сыныптан бір оқу озаты ғана жолдамамен «Балдәурен»

демалыс лагеріне баратынын айтты.Осы жағдайда досыңызбен қандай шешімге келер едіңіз?

3. Құрбы досыңыз математика сабағынан есеп шығарып беруді өтінді. Сен шығарып бердің. Осылайша бірнеше рет қайталанды. Бірде досыңнан география пәнінен көмектесуін сұрадың. Досың «басқалардан сұрасаңшы» деп, теріс айналып кетті. Досыңды қалай бағалар едің?


4. Сен сабаққа дайындалып жатырсың, орындайтын тапсырмалар көп. Кенеттен апаң сені дүкенге барып келуіңді сұрады. Сен осы уақытқа дейін анаңның тілін қайтарған жоқсың. Сен дүкенге барарма едің,әлде басқаша істер ме едің?

7 «Қазақы дастарқаным» деп аталады. Ұлттық тағам түрін дайындау және осы дайындалған тағамды топтан бір оқушы шығып қорғайды.


8 «Өнерпаз болсаң арқалан» Бұл сайыста әр топтан бір оқушыдан шығып өзі дайындаған ән немесе биді көрсетеді.

Сайыстың соңынан әділқазылар алқасы әр бөлім бойынша берілген бағаларды есептей келіп жеңімпаз топты анықтады.










































Сыныптан тыс сабақ. -сынып

«Қызықты сағат» ойыны. ( Ер балалар мен қыз балалар)


Мақсаты: Білімділігі: технология пәнінен үйренгендерін, алған білімдерін көпшілікке көрсету.Оқушыларды өз ойларын еркін, ашық айта білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету.

Жас ұрпаққа ата-баба дәстүрі,әдет-ғұрып туралы мағлұмат беру.

Дамытушылығы: еңбек туралы ой-өрісін дамытып өз бетімен әрекеттеніп жұмыс жасауға баулу және іскерліктерін арттыру. Оқушылардың танымдық, жеке шығармашылық икемділігін дамыту.

Тәрбиелік: эстетикалық талғамын ұштап,өнерге,шығармашылыққа тәрбиелеп,ұқыптылыққа үйрету.


Көрнекіліктер, құрал-жабдықтар: нақыл сөз,конкурс тапсырмалары,қағаз,қалам,парақ, түрлі түсті бояулар,қайшы ине жіп,үлгілер шаблондар.



Сабақтың түрі: ойын, сайыс сабағы.

Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып екі командаға бөлінеді, әр команданың өз капитаны және атауы болады.

I-бөлім: «Бой сергіту»

Талпынған әр шыңдарға жас таланттар,

Ақ Орда аспанына ән қалықтар.

Күтіп тұр арман қуған өрендерді,

Ән-жыр мен ойға толы сын сағаттар.

Командаларға 10 сұрақтан беріліп,оларды талдауға5 мин .бөлінеді. Команданың бір өкілі жауап береді,ал бәсекелестеріжауаптың дұрыстығын қадағалап отырады.Сұрақтарға ең көп әрі дұрыс жауап берген команда фишканы ұтады.

I-топ. 1. Ұлттық ет тағамдарының түрлерін атаңдар (қазы,қарта,жал-жая,ет,шұжық). 2.Ұлттық сүт өнімдерді атаңдар( қымыз, шұбат,сүт,айран,құрт,сүзбе).

3. Мал терісінен жасалатын ыдыстар (саба,мес, торсық).

4. Зергерлік бұйымдарды атаңдар. (Алқа,білезік,сақина,сырға,шолпы).

5. Қол тігістері түрлері (көктеу,көшіру,көмкеру,қиғаш көмкеру,қайшы тігіс,тор тігіс, қайып тігу).

6. Ағаштан жасалған бұйымдарда ата (күбі, құмыра,зерен,тегене,ожау,кебеже,асадал,кеп- сер,тостаған).

7. Жұқа фанерлыДВП оятын ара (лобзик)


8. Ағашты көркемдеп оятын құрал (қашау).

9. Қалдық маталарды құрастырып жасалатын бұйымды ата ( құрақ)


10. Заттар мен бұйымдар бейнеленген көркем шығарма қалай аталады (натюрморт)

II топ. 1. Ұлттық киімдер түрлері (көйлек,бешпент,қамзол,шапан,сәукеле,тақия)

2. Ұлттық ұн тағамдарын ата (бауырсақ,шелпек,кеспе нан)

3. Былғары бұйымдардың түрлерін ата (торсық,мес,саба)

4. Белдемелі бұйымдар деп қандай киімдерді атайды (шалбар, белдемше,шорты)

5. Тігін машина тігіс түрлері (сырып тігу,қосып тігу,көмкеру,қондыру,бастыру,айыра, қайып тігу)

6. Токты өткізбейтін қорғаныш зат ( резеңке)

7. Ағашты түйіндестіріп қиылыстыратын шеге ( ағаш шеге)

8. Қатты ағаш (емен),жұмсақ ағаш (бал қарағай)

9. Қазақтар киім тігуге өздері өндірген қандай материалды жиі пайдаланады (жүн тері)

10. Табиғи көрністі бейнелейтін көркем шығарма (пейзаж)

II бөлім «Қалтадан шыққан сый»

Өнер,білім негізінен,

Өтеді енді сынақтар.

Мазалайтын,ойланатын,

Қойылады сұрақтар.

Команда мүшелері қалтадан нөмірлері бар түрлі-түсті асықтар алып шығады. Асықтың түсімен тақтада тығылып тұрған сұрақты таңдап, өз тобына барып 1-2 мин ішінде талқылаған соң,жауап береді.

1. Екі семсер айқасқан, оқта-текте шайқасқан. (Қайшы)

2. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастарқан)

3. Қимылдаса қос шебер,қыруар-қыруар іс өнер. ( Қол)

4. Адамның сәні,онсыз жоқ мәні. ( Киім)

5. Дорбаға тығып бас бағын,байлай салдым бас жағын. (Тымақ)

6. Іші егіс,сырты тегіс. (Тон)

III- бөлім: «Тапқыр болсаң тауып көр»

Қолөнері халқымның өрістесін,

Әрқашан алла берсін берекесін.

Өнерін ортаға сап өскен өркен,Мақал-мәтел айтысып сөз сайыссын.


Бір топ мақалды бастайды екіншісі жалғасын тауып айтады. Қай команда көп жауап берсе,оларға фишка беріледі.

Мақал-мәтелдерді тауып айт.

1. Өнерді үйрен дежирен.

2. Білім көп жерде-өнер көп.

3. Үйренгенің өзіңе,істегенің өзіңе құт.

4. шебердің саусағы алтын.

5. Ою ойғанның ойы ұшқыр.

6. Ырыс алды ынтымақ.


Бөлім «Адамды адам еткен-еңбек» Көрсетті өрендерім әр салада сайысып,

Ал кімнің өнері бар қаншалықты, Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.

Би билеп ал біреуі ән салыпты. Қлөнердің сан алуан түрін меңгерген,

Осы бір сайыстардан бәйге алуға, Жанкүйерлер ат салыссын осы апада жарысып.

Барлығы аянбай ақ жан салыпты.


Әр команданың қатысушылары қағаздармен жұмыс жасайды. Ою өрнектер қиып алаша жапсырмалайды.


3. Қорытынды.

Көгере бер,өсе бер

Өмір жолы еңбекпенен шешілер.

Шыңға шығар шынар болып шынайы,

Кездеспесін ешқашанда кесірлер.

Барына риза болсын көрермендер,

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Байқауда білгенді де,білмегенді,

Тағы да үйренерміз аман болсақ.


Жеңімпаз топты анықтап марапаттау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Еңбек мерекесі

Автор: Аринова Сауле Зейнуллина

Дата: 21.02.2017

Номер свидетельства: 394439

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) ""Армысың,әз Наурыз!" атты наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(69) "armysyn_z_nauryz_atty_nauryz_mieriekiesinie_arnalg_an_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "403197"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490450439"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Қазақтың ұлттық мерекелері"
    ["seo_title"] => string(33) "k_azak_tyn_u_lttyk_mieriekielieri"
    ["file_id"] => string(6) "419825"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1496239242"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Конспект урока на тему «Наурыз мерекесі»"
    ["seo_title"] => string(43) "konspiekt_uroka_na_tiemu_nauryz_mieriekiesi"
    ["file_id"] => string(6) "427494"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1504766499"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "Мектеп  о?ушыларыны? т?л?асын ?алыптастыруда?ы  е?бекке т?рбиелеуде м??алімдерді? ролі "
    ["seo_title"] => string(102) "miektiep-ok-ushylarynyn-tu-lg-asyn-k-alyptastyrudag-y-ien-biekkie-t-rbiielieudie-mu-g-alimdierdin-roli"
    ["file_id"] => string(6) "180184"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1425137035"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "тіл мерекесіне арнал?ан ерте?гілік "
    ["seo_title"] => string(43) "til-mieriekiesinie-arnalg-an-iertien-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "136403"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1417100995"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства