kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Эссе "Моя профессия"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп өмірінде оқылатын пәндер саны әр алуан, алайда адам өмірінде әрдайым орын алатыны санаулы. Сол пәндердің бірі-табиғат Ананың негіздеген адамдардың жыныстық қатысына сүйене отырып оқытатын бірден бір пән, ол – технология пәні. Бұл пән барысында қыз балалар тәтті тағам әзірлеуді, көйлекті пішіп-тігуге үйренеді, үйде тазалық орнатып, сәнін келтіруге үйренеді, сонымен қатар отбасы бюджетін қадағалауға да жаттығады, яғни әйел-ананың болашақта айналысатын шаруасымен танысады. Бұның бәрі бір ғана пән аясында, технология деген пән атауына сыйып тұрады. Мен өз басым бұрынғы мектеп өмірін есіме түсірсем, еңбекке баулу сабағында винегрет салатын жасауды, печенье пісіріп, фартук, жатар көйлек тігіуді алғаш үйренгенім есімде.

Мектеп – бұл қоғам үшін үздіксіз жұмыс қарқыны. Ұлы ағартушылардың бірі айтқандай, «Мұғалім-мектептің жүрегі» деп, ендеше мұғалімдік қызмет адамнан денсаулықты, күш-жігерді, айқын өмірлік ұстанымды, балаға деген сүйіспеншілікті, мейірімділікті, үлкен жүректілікті талап етеді. Бүгінгі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты міндет – өз өміріне жауапты, қоршаған ортамен, басқа адамдармен үйлесімді қарым-қатынас жасай білетін, көптілді коммуникативтік құзырлықтары қалыптасқан, көп мәдениетті, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Бұл жұмыс үлкен жауапкершілікті талап етеді, сонымен қатар айырықша қызықты да маңызды іс екені сөзсіз.

Технология пәні мұғалімі ретінде мен ең алдымен әр оқушыны еңбекке баулып, сәндік-қолданбалы өнер әлемінің алғашқы білік, дағдыларын қалыптастырамын. Оқушы болашақта ол өнер түрімен айналыспауы да мүмкін, алайда пәнді меңгеру барысында игерілген дағды оның өмір жолында пайдалы болуы мүмкін. Болашақта оның сүйікті ісіне айналуы мүмкін, сөйте отырып тетігін тауып, қосымша табыс көзіне айналуы да мүмкін екені сөзсіз.

Ата-анам маған бойымдағы бар асыл құндылықтарды берді, олар – жауапкершілік, еңбекқорлық, қажырлы еңбек ету, әр жастағы адамдармен тіл табыса отырып бірлесіп жұмыс істей білу, жаңалыққа құмарлық, әзілдесе білу, қарапайымдылық, мейірімділік, үлкенге деген құрмет, т.б.  соның ішінде, әрине, балаға деген сүйіспеншілік, баланың жүрегіне жол таба білу қасиеті. Ал балалар оны жақсы сезінеді, ондықтан да олар әрдайым менің жанымда және әрқашан қызығушылықтарымыз бір жерден шығып жатады.

Мен – мұғаліммін. Менің ойымша, бұл мамандық та емес, кәсіп те емес, бұл – адамның ішкі жан дүниесі. Сөзсіз, біз таңдаған мамандық оңай емес, әсіресе қазіргі жағдайда. Балалар әр қилы, жауапкершілік өте жоғары, нақты белгіленген уақыты жоқ, сонымен қоса жалақының барлық қажеттілікті жаппайтынын айтпасқа болмайды. Алайда жанарларында от ойнаған балалардың саған қарсы қуана жүгірген сәті, бітіріп кеткен түлектердің кездейсоқ кездескенде ілтипатпен амандасқаны, қызықты өткен сабақтардан соң алған әсерлерің – бұлардың бәрі жаңа атап өткен қиындықтардың бәрін бір мезгілде шайып өтеді.

Мен – мұғаліммін, педагогпін. Және де тек мектепте ғана емес. Сөзсіз, біздің мамандық үлкен табандылықты, қажырлықты талап етеді, бірақ біз шын беріліп жұмыс істей отырып, өз отбасымызды да, өз балаларымызды да ұмытпауымыз керек. Менің ойымша, ұстаз өз балаларын тәрбиелеу барысында асқан шеберлікті көрсете алады. Бұл менің қолымнан келеді деп ойлаймын. Анасына айналасындағы адамдардан «қызыңызға жақсы тәрбие беріпсіз» деген сөзді естігеннен артық бақыт жоқ шығар.

Мен –мұғаліммін, және де мен мұғалім болғанымды мақтан тұтамын! Қазір мен өзімнің педагогикалық өтілімді тараздай отырып, әрине аз да емес, көп те емес 15 жыл ішіндегі еңбегім зая болмағанына сенімдімін, себебі менің тәрбиеленушілерімнің көбі өмірде лайықты орындарын тапты, ең бастысы қоғамға пайдасы бар жақсы азамат болды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Эссе "Моя профессия"»



Эссе

Мектеп өмірінде оқылатын пәндер саны әр алуан, алайда адам өмірінде әрдайым орын алатыны санаулы. Сол пәндердің бірі-табиғат Ананың негіздеген адамдардың жыныстық қатысына сүйене отырып оқытатын бірден бір пән, ол – технология пәні. Бұл пән барысында қыз балалар тәтті тағам әзірлеуді, көйлекті пішіп-тігуге үйренеді, үйде тазалық орнатып, сәнін келтіруге үйренеді, сонымен қатар отбасы бюджетін қадағалауға да жаттығады, яғни әйел-ананың болашақта айналысатын шаруасымен танысады. Бұның бәрі бір ғана пән аясында, технология деген пән атауына сыйып тұрады. Мен өз басым бұрынғы мектеп өмірін есіме түсірсем, еңбекке баулу сабағында винегрет салатын жасауды, печенье пісіріп, фартук, жатар көйлек тігіуді алғаш үйренгенім есімде.

Мектеп – бұл қоғам үшін үздіксіз жұмыс қарқыны. Ұлы ағартушылардың бірі айтқандай, «Мұғалім-мектептің жүрегі» деп, ендеше мұғалімдік қызмет адамнан денсаулықты, күш-жігерді, айқын өмірлік ұстанымды, балаға деген сүйіспеншілікті, мейірімділікті, үлкен жүректілікті талап етеді. Бүгінгі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты міндет – өз өміріне жауапты, қоршаған ортамен, басқа адамдармен үйлесімді қарым-қатынас жасай білетін, көптілді коммуникативтік құзырлықтары қалыптасқан, көп мәдениетті, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Бұл жұмыс үлкен жауапкершілікті талап етеді, сонымен қатар айырықша қызықты да маңызды іс екені сөзсіз.

Технология пәні мұғалімі ретінде мен ең алдымен әр оқушыны еңбекке баулып, сәндік-қолданбалы өнер әлемінің алғашқы білік, дағдыларын қалыптастырамын. Оқушы болашақта ол өнер түрімен айналыспауы да мүмкін, алайда пәнді меңгеру барысында игерілген дағды оның өмір жолында пайдалы болуы мүмкін. Болашақта оның сүйікті ісіне айналуы мүмкін, сөйте отырып тетігін тауып, қосымша табыс көзіне айналуы да мүмкін екені сөзсіз.

Ата-анам маған бойымдағы бар асыл құндылықтарды берді, олар – жауапкершілік, еңбекқорлық, қажырлы еңбек ету, әр жастағы адамдармен тіл табыса отырып бірлесіп жұмыс істей білу, жаңалыққа құмарлық, әзілдесе білу, қарапайымдылық, мейірімділік, үлкенге деген құрмет, т.б. соның ішінде, әрине, балаға деген сүйіспеншілік, баланың жүрегіне жол таба білу қасиеті. Ал балалар оны жақсы сезінеді, ондықтан да олар әрдайым менің жанымда және әрқашан қызығушылықтарымыз бір жерден шығып жатады.

Мен – мұғаліммін. Менің ойымша, бұл мамандық та емес, кәсіп те емес, бұл – адамның ішкі жан дүниесі. Сөзсіз, біз таңдаған мамандық оңай емес, әсіресе қазіргі жағдайда. Балалар әр қилы, жауапкершілік өте жоғары, нақты белгіленген уақыты жоқ, сонымен қоса жалақының барлық қажеттілікті жаппайтынын айтпасқа болмайды. Алайда жанарларында от ойнаған балалардың саған қарсы қуана жүгірген сәті, бітіріп кеткен түлектердің кездейсоқ кездескенде ілтипатпен амандасқаны, қызықты өткен сабақтардан соң алған әсерлерің – бұлардың бәрі жаңа атап өткен қиындықтардың бәрін бір мезгілде шайып өтеді.

Мен – мұғаліммін, педагогпін. Және де тек мектепте ғана емес. Сөзсіз, біздің мамандық үлкен табандылықты, қажырлықты талап етеді, бірақ біз шын беріліп жұмыс істей отырып, өз отбасымызды да, өз балаларымызды да ұмытпауымыз керек. Менің ойымша, ұстаз өз балаларын тәрбиелеу барысында асқан шеберлікті көрсете алады. Бұл менің қолымнан келеді деп ойлаймын. Анасына айналасындағы адамдардан «қызыңызға жақсы тәрбие беріпсіз» деген сөзді естігеннен артық бақыт жоқ шығар.

Мен –мұғаліммін, және де мен мұғалім болғанымды мақтан тұтамын! Қазір мен өзімнің педагогикалық өтілімді тараздай отырып, әрине аз да емес, көп те емес 13 жыл ішіндегі еңбегім зая болмағанына сенімдімін, себебі менің тәрбиеленушілерімнің көбі өмірде лайықты орындарын тапты, ең бастысы қоғамға пайдасы бар жақсы азамат болды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Эссе "Моя профессия"

Автор: Уатаева Эльмира Султанмуратовна

Дата: 06.02.2018

Номер свидетельства: 455233

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Эссе "Моя профессия воспитатель ДОУ""
    ["seo_title"] => string(35) "esse_moia_professiia_vospitatel_dou"
    ["file_id"] => string(6) "496406"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1548045712"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Эссе "Моя профессия - учитель!""
    ["seo_title"] => string(31) "essie_moia_profiessiia_uchitiel"
    ["file_id"] => string(6) "369027"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1481575122"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Эссе "Моя профессия - педагог-психолог""
    ["seo_title"] => string(38) "esse_moia_professiia_pedagog_psikholog"
    ["file_id"] => string(6) "474692"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1530595803"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "Эссе "Моя профессия- инструктор по физической культуре""
    ["seo_title"] => string(54) "esse_moia_professiia_instruktor_po_fizicheskoi_kulture"
    ["file_id"] => string(6) "530887"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1575819314"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Педагогическое эссе "Моя профессия-педагог""
    ["seo_title"] => string(44) "pedagogicheskoe_esse_moia_professiia_pedagog"
    ["file_id"] => string(6) "565507"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1607161455"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства