kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өлшемді фигура бойынша түсіру

Нажмите, чтобы узнать подробности

ұстаздарға оқушыларға арналған сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өлшемді фигура бойынша түсіру»

Технология 10

Сабақ тақырыбы: Өлшемді фигура бойынша түсіру
Сабақтың мақсаты: оқушыларға өз бетінше өлшем алуды үйрету. Оқушыларды әсемдікке, талғаммен әдемі киіне білуді үйрету.
Сабақтың міндеті:
Білімділігі: оқушыларға өлшем алу туралы толық мағлұмат беру, өлшем алуды үйрету;
Дамытушылығы: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой - өрісін дамыту;
Тәрбиелілігі: оқушыларды, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, икемділікке тәрбиелеу, өнерге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың әдісі. Сарамандық, әңгімелеу, түсіндіру

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеу;
• Оқу - құралдарын тексеру.
• Оқушылардың зейінін сабаққа аударту;
Өткен сабақты қайталау.
• Сән сөзінің мағынасы қандай?
• Сән сөзі қай елден шыққан?
• Сән журналдарын атаңдар?
• Материалдық шығын дегеніміз не?
• Қосымша парақ дегеніміз не?
• Түсініктеме мәтін дегеніміз не?

Жаңа сабақты түсіндіру.
Пішімді көшіріп алу үшін мынадай құралдар қажет: сантиметрлік таспа, калька, қарындаш немесе қалам, сызғыш, қайшы, түйрегіштер.
Пішімді көшіріп алудан бұрын әркім берілген кесте бойынша өзінің өлшемін алу қажет. Ол үшін мынандай тәртіппен әрбір жеке өлшемдерді біліп алу керек (оқулықтың 108 бет 44 сурет).

1. Кеуде орамы – сантиметрлік таспамен кеуденің ең шығыңқы тұсынан айналдыра орап алғандағы өлшем;
2. Бел орамы – белді айналдыра алғандағы өлшем;
3. Мықын орамы – мықынның барынша шығыңқы тұсын айналдыра алғандағы өлшем;
4. Кеуденің биіктігі – мойынның иыққа өтетін тұсынан айналдыра алғандағы өлшем;
5. Алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы – мойынның дәл ортасынан бастап кеуденің ең шығыңқы жері арқылы бел сызығына дейінгі өлшем;
6. Белдемшенің ұзындығы – белден бастап қажетті деңгейге дейінгі өлшем;
7. Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы – жетінші мойын омыртқадан белге дейінгі өлшем;
8. Иықтың ұзындығы – мойынның иыққа өтетін тұсынан иықтың қолға өтетін тұсына дейінгі өлшем;
9. Жеңнің ұзындығы – иықтың қолға өтетін тұсынан бастап шынтақ арқылы білекке дейінгі өлшем;
10. Мойын орамы – мойынды айналдыра орағандағы өлшем;
11. Аяқтың сыртқы жағының ұзындығы – белден еденге дейінгі өлшем;
12. Аяқтың ішкі жағының ұзындығы – шаптан еденге дейінгі өлшем;
13. Бой – еденнен мойынның ең биік нүктесіне дейінгі өлшем.
Пішімдер қалыпты мүсінді (аса толық емес) адамға арналған және кестелерде көрсетілген өлшем бірліктеріне сәйкес келеді. Өздеріңнің өлшемдеріңді кестеде берілген мәліметтермен салыстырыңдар. Егер ауытқу бар болса, онда пішімге қажетті түзету енгізіңдер. Бірақ естеріңде болсын, пішімді өлшемнен артық үлкейтуге не кішірейтуге болмайды. Үлгінің өлшемдері үш санмен таңбаланады. Мысалы: 170 - 88 - 96. Мұндағы бірінші сан – см - мен өлшенген бой, екіншісі – кеуде орамы және үшіншісі – мықын орамы.

Таңдаған өлшемнің дұрыстығына сенімді болу үшін: қосымша бетті ашу керек, таңдалған өлшемнің бөліктерін кеуде, мықын және бел деңгейінде өлшеу қажет және қағаз пішімдегі көлемді анықтай отырып нәтижесін екі еселеген жөн;
Қағаз пішімде белгіленген өлшемдер бойынша еркін қонымдылық қосымшасының көлемін есептеп шығару керек. Олар әдетте мынандай өлшемде болады:

• Блузка, көйлек – 6, 5 - 7, 5см;
• Астарсыз жакет – 7, 5 - 10см;
• Пальто, халат – 10 - 12, 5см;
Сондай – ақ еркін қонымдылық қосымшасы өлшемі пайдаланатын матаға байланысты: қалың маталар жұқа маталарға қарағанда қосымшаны көп, созылмалы маталар созылмайтын маталарға қарағанда аз талап етеді, ал тоқыма маталардан жасалған бұйымдар еркін қонымдылық қосымшасын мүлде қажет қылмайды.

Еркін қонымдылық қосымшасын анықтауда үлгі сұлбасының атқаратын рөлі зор. Егер бұйым созылмалы болса, онда қосымша барынша аз, ал егер спорттық пішінде болса, қосымша барынша көп болады. Қосымшалар арқылы дене құрылысы кемістігін көрсетпей жіберуге де болады.
Сарамандық жұмыс.

Оқушылар сантиметрлік таспамен өлшемдерін өлшеп, сызба құрастырады. Иықты бұйымдарға қажетті өлшемдерді түсіру.
1) Кеуде айналымы - Ка. Кеуденің жоғарғы нүктесі арқылы айналдыра өлшеу;
2) Бел айналымы - Ба. Алдын ала белді баумен байлап алып, сантиметрлік таспаны белге тығыздау етіп, айналдыра өлшеу;
3) Бөксе айналымы - БКа. Таспамен бөксенің шығыңқы жерлерін айналдыра өлшеу;
4) Кеуде биіктігі - Кб. Иықтың жоғарғы нүктесінен кеудеге дейін өлшеу;
5) Алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы - Ап. б. ү. Иықтың жоғарғы нүктесінен кеудеге дейін өлшеу;
6) Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы - Ар. б. ұ.
7) Иық ұзындығы - И. үз. Иықтың жоғарғы нүктесінен қолмен жалғасқан
жеріне дейін өлшеу;
8) Қолдың ұзындығы - Қ. үз. Қолды сәл иіп, оның иықпен жалғасқан жерінен
білезікке дейін;
9) Қолдың жоғарғы бөлшегінің айналымы - Қа. Қолдың ең жалпақ бөлшегін айналдыра өлшеу;
10) Мойын айналымы - Ma. Мойынды айналдыра өлшеу;
11) Өлшемдерді түсіріп, дәптеріңе жазып ал Пішім парағы қалай алынады?

Сабағымызды бекіту үшін өлшем алу жолдарын атаңдар?
1) Кеуде айналымы;
2) Бел айналымы;
3) Мойын орамы;
4) Бөксе айналымы;
5) Кеуде биіктігі;
6) Алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы;
7) Иық ұзындығы;
8) Қолдың ұзындығы;
9 ) Қолдың жоғарғы белшегінің айналымы;
10) Кеудеден белге дейінгі ұзындық;
11) Белден тізеге дейінгі ұзындық.

Үйге тапсырма: өлшем алып келу.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Өлшемді фигура бойынша түсіру

Автор: Кошакова Лаура Мергенбаевна

Дата: 28.03.2019

Номер свидетельства: 505036

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Модельдің көрнекі кескіні бойынша үш көрінісін тұрғызу"
    ["seo_title"] => string(61) "modiel_din_kornieki_kieskini_boiynsha_ush_korinisin_tu_rg_yzu"
    ["file_id"] => string(6) "387557"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486189553"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Blendеr  программасыны? интерфейсі, нысандар"
    ["seo_title"] => string(46) "blendier-proghrammasynyn-intierfieisi-nysandar"
    ["file_id"] => string(6) "312414"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459341190"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Blendеr  программасыны? интерфейсі, нысандар"
    ["seo_title"] => string(48) "blendier-proghrammasynyn-intierfieisi-nysandar-1"
    ["file_id"] => string(6) "312415"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459341198"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Модификаторлар. Mirror – айналы? бейнелеу. "
    ["seo_title"] => string(41) "modifikatorlar-mirror-ainalyk-bieinielieu"
    ["file_id"] => string(6) "212183"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431775783"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "3  цифры мен 3 саны"
    ["seo_title"] => string(16) "3tsifrymien3sany"
    ["file_id"] => string(6) "310330"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1458998704"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства