Просмотр содержимого документа
«Жас технолог - 2016»
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің
«Көпбейінді №3 мектеп – гимназиясы» КММ – нің
технология пәні мұғалімі Усманова Насима Матигулловна
Сабақтың тақырыбы: Жас технолог - 2016
Мақсаты: Оқушылардың жан-жақты ойлау қабілеті мен технология пәні бойынша алған білімдерін тәжірибемен ұштастыру.
Оқушылардың бойындағы икемділік, сымбаттылық, қабілеттілік, инабаттылық, ізеттілік, біліктілік, танымдылық қасиеттерін жетілдіру. Оқушыларды өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау қабілеттілігін дамыту. Өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды қолөнердің эстетикалық мазмұнын бойына сіңіру арқылы шеберлікке, жинақылыққа, икемділікке тәрбиелеу; Бір - бірімен қарым - қатынас орнату, жауапкершілікке, қиыншылықтарды жеңе білуге, ептілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, әдебиет, биология, физика
Қажетті құрал-жабдықтар: мультимедиялық проектор, презентация материалы
Көрнектілігі: суреттер, еңбек құралдары, еңбек формасы, қолөнер туралы нақыл сөздер
Сыныптан тыс шараның барысы Талпынған әр шыңдарға жас таланттар, Білімнің ордасында ән қалықтар, Күтіп тұр арман қуған өрендерді, Шеберлікпен ойға толы сын сағаттар! - Армысыздар құрметті өнер сүйер қауым! Технология пәні бойынша өтетін «Жас технолог - 2016» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Барлығымыз бүгінгі кеште білімді де өнерлі топты бірге анықтайық. Ал енді алдарыңызға бүгінгі сайыскерлерді шақырамыз. Музыка ойналады, қатысушылар ортаға шығады. Әрбір топты аттарымен таныстырып өту.
1 топ: «Сиқырлы моншақтар» тобы 2 топ: «Ақ маржандар» тобы 3 топ: «Алтын оймақ» тобы
Әр сайыста жеңімпаз атанған топқа гүл беріліп отырылады. Сайыс соңында қай топ ең көп гүлді жинаса, сол топ жеңімпаз атанады, яғни анықталған топтың қыз балалары мектебіміздің ең білімді де ең өнерлі оқушылары деп білеміз.
4.«Сал айнытпай, болсаң егер суретші» 5.«Сен сұлу» 6.«Шебер қол ештеңені таңдамайды»
І. ТАПҚЫР БОЛСАҢ ШЕШІП КӨР Сайыстың шарты: мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан жасырылған сөздерді тауып, орыс және ағылшын тілдеріне аудару.
1. Тап, тап, тап жорға,
Табаны жоқ боз жорға.
Желіп кетсе жеткізбес,
Жерге түссе, таптырмас.
(ИНЕ, ИГОЛКА, A NEEDLE)
2. Киім деуге жатпайды,
Киімді кірден сақтайды.
(АЛЖАПҚЫШ, ФАРТУК, AN APRON)
3. Тұмсығы мықты, қырмен ойды тегістеп шықты.
(ҮТІК, УТЮГ, AN IRON)
4. Еңбек адамның екінші несі?
(АНАСЫ, МАТЬ, MOTHER)
5. Қанша жуан болса да, жалғыз .... үй болмас.
(АҒАШ, ДЕРЕВО, TREE)
6. Біреуге киін дейді, ал өзі киінбейді.
(ТІГІН МАШИНАСЫ, ШВЕЙНАЯ МАШИНА, SEWING MACHINE)
ІІ. ЖАҒДАЯТТАН ШЫҒЫП КӨР
Сайыстың шарты: Сенің жақын құрбыңның туған күніне баруың қажет делік. Ал сенде қаржы мүлдем жоқ. Құрбыңа не силайсың? (ән, би, өзің жасаған қолөнер бұйымы т.б. болуы мүмкін)
ІІІ. СТИЛЬДІ ҚУЫРШАҚ
Оқушылар берілген мата қиықтарынан жеребе бойынша таңдап алған киім үлгілерін қуыршаққа тігіп, оны киіндіреді.
1.Классикалық стильдегі киім
2.Спорттық стильдегі киім
3.Романтикалық (фантазиялық) стильдегі киім
КӨРЕРМЕНДЕР КӨҢІЛІ...
Сайыскерлер қуыршаққа киім тігіп жатқан уақытта көрермендермен ойын ұйымдастырылады. Барлық көрермендер орындарынан тұрып, сол жақ қолын бетіне айнадай қаратып қойып, іс – қимылмен бетін әрлейді, шашын тарайды, киімін ретке келтіріп, «айнаға» қарап жымиып, қасындағы көршілеріне қарап жымиып, қолын сілтеп, жақсы тілектерін білдіріп, орындарына жайғасады.
ІҮ.САЛ АЙНЫТПАЙ БОЛСАҢ ЕГЕР СУРЕТШІ Сайыстың шарты: Топтағы оқушылар дастарханның суретін салып, қорғайды. Қажетті заттар А3 қағазы, түрлі - түсті қарындаштар, фломастерлер, қара қарындаш, өшіргіш.
Оқушылар тапсырманы орындап жатқан уақытта музыкалық үзіліс беріледі.
Ү. СЕН СҰЛУ
Сайыстың шарты: Әр топтан бұл сайысқа 2 оқушыдан қатыса алады. Бірі шаштаразға келіп, шашын өргізіп, бантик тақтырады. Қай топтың жұмыс нәтижесі талапқа сай, әдемі орындалса сол топ жеңімпаз атанады.
ҮІ. ШЕБЕР ҚОЛ ЕШТЕҢЕНІ ТАҢДАМАЙДЫ
Сайыстың шарты: Үстел үстінде технология сабағында қолданылатын құрал – жабдықтар жатады. (см. таспа, сызғыш, ине, жіп, қайшы, түйреуіш, бау, тігінші боры, кергіш және т.б.). Сайыскерлер қоржыннан орындайтын жұмыс түрін таңдап алады да сол операцияға қажетті құралдарды жылдам таңдап алуы шарт. Уақыт 30 секунд. Таңдап алынған заттың не үшін пайдаланатынын хабарлайды.
1.Бұйымды пішуге қажетті құрал – жабдықтар
2.Бұйымның сызбасын құру үшін қажетті құрал – жабдықтар
3.Бұйымды әрлеу үшін қажетті құрал – жабдықтар
ҚОРЫТЫНДЫ Әр топтың сыныптан тыс шара барысында «терген» гүлдер саны анықталып, жеңімпаздар шығарылады. Сайыскерлер мақтау қағаздарымен қағаздарымен марапатталады.
Міне, бүгін мектебімізде білімді де өнерлі жастар көп екеніне куә болдық. Иә, қадірменді көрермен қауым, сайысымызды көріп тамашалағаныңызға көп - көп рахмет. Сіздердің өмірлеріңізге қуаныш, шаттық тілей отырып шарамызды аяқтаймыз.