kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Средняя школа №272 учитель технология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік: әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру. 

Тәрбиелік: әдептілікке, сыпайылыққа,инабаттылыққа,мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу. Оқушыларды рухани адамгершілік сезімге тәрбиелей отырып, өткен тарихымызды бағалауға, ұлттық құндылықтарымызды сақтауға, өткен ұлылардан үлгі алып, болашаққа ұмтылуға тәрбиелеу.

Міндеттері: 
Ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білу. Иманды да инабатты қазақ қыздарының бейнесін қалыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Средняя школа №272 учитель технология»

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІК БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ

К.Э. ЦИОЛКОВСКИЙ АТЫНДАҒЫ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП












СЫНЫПТАН ТЫС


«Қызым, саған айтам...»

(9-10- сыныптардың қыз балалары)


Технология пәнінің мұғалімі

Жанқуатова С. М.






















Байқоңыр қаласы, 2014 жыл


Тақырыбы: Қызым, саған айтам....

Мақсаты:

Білімділік: әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру. 

Тәрбиелік: әдептілікке, сыпайылыққа,инабаттылыққа,мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу. Оқушыларды рухани адамгершілік сезімге тәрбиелей отырып, өткен тарихымызды бағалауға, ұлттық құндылықтарымызды сақтауға, өткен ұлылардан үлгі алып, болашаққа ұмтылуға тәрбиелеу.

Міндеттері: 
Ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білу. Иманды да инабатты қазақ қыздарының бейнесін қалыптастыру.

Қатысушылар:
Нәзік жанды бірнеше мамандық иелері қонаққа шақырылады (дәрігер, ұстаз, психолог, ата-аналар)
Дөңгелек үстел өтілетін орын: мектептің №0 кабинет
Безендірілуі: шарлар, гүлдер, тақырыпқа орай , ұлағатты сөздер жазылған слайдтар


Негізгі бөлім
(Музыка ойналып тұрады. Әсем әннің ырғағымен ортаға жүргізуші шығады)
Жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ұстаздар, ата-аналар, аяулы құрбылар!
Жүргізуші:
Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер туған айдай, жүзі жарқын
Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
деп, халқымыз «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың белгісі ретінде қолданған, қыздарға керемет әдеби суреттеме берген.
Бүгін мектебімізде осынау нәзік жандар, әсем арулар тақырыбына арналған «Қызым, саған айтам....» атты дөңгелек үстелге «Қош келдіңіздер!» дегіміз келеді, қымбатты қонақтар.


Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,-
деп ақын ағамыз жырлағандай, қазақ қыздары әсем де сұлу ажарларымен, батыл да қайсар ержүректіліктерімен, ұяң да балғын нәзіктіктерімен ғасырдан-ғасырға аңыз болып келе жатқандары баршамызға аян. Кешегі өткен Қарашаш, Жібек пен Баян, Еңлік апаларымыз ажарларына ақылы сай асқан арулар болған болса, Әлия мен Мәншүк апамыз ержүрек батырлық, тайсалмас табандылық көрсетіп батыр атанды.
Бүгінде ел аузынан түспей жүрген үлкен өнер иелері Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Нұржамал Үсенбаева, Айман Мұсаходжаева, Жәния Әубәкірова сынды апайларымыздың өзі бір төбе емес пе?
Ал, бұдан басқа қоғамның ең күрделі салаларында: медицина, ғылым, техника, ауылшаруашылығы, өндіріс, тағы басқа салаларда тер төгіп, еңбегімен озып жүрген апайларымыз қаншама?!
«Жақсы қыз – рулы елдің бағы» демекші бүгінде қонағымыз болып отырған арулар да қоғамда өз орындарын тапқан, өз қамы үшін емес, рулы ел үшін еңбек етіп жүрген асыл жандар.

Осындай ізгі жандармен бүгін бөлісер ой – пікір:
1. «Алып – анадан туады».
2. «Қыз – өмірдің гүлі».
3. «Тәрбие басы – тал бесік».
4. «Қызым саған айтам, келінім, сен тыңда!»
5. «Қызға қырық үйден тыю»
деген бағыттарда болмақ. Ендеше, пікір алмасу, ой бөлісуге кезек берейік, құрметті қонақтар.

Келесі сөз кезегі аяулы ұстаз, білікті басшы, сүйікті әже болып отырған қымбатты апайымызға беріледі.
Мектеп оқу ісінің меңгерушісі Жанна апай!
«Тәрбие басы – тал бесік», дейді халық даналығы. Өзіңіз ұзақ жылдар бойы ұстаздық ету барысында тәрбие бесіктен басталатынына, отбасына байланысты болатынына мың мәрте көз жеткізген болатынсыз. Осы мәселе жөнінде пікір бөліссеңіз деп едік.
Жүргізуші:
Қадірлі, қазақ қызы!
Мен сені жырлап өтем өле – өлгенше,
Қабірім гүл шоғына бөленгенше.
Ақшамғы ақша бұлттай қалқып ұшып,
Аспанның аржағына жөнелгенше.
Деп жырлайды қайран ақын жүрек,
Қазақ қызының болмысына ғашық жүрек.
Бүгін арамызда мектеп әдіскері Данасұлу апайларымыз қонақта отыр. Апай «Жақсы қыз – рулы елдің бағы» деген түйінді сөз төңірегінде әңгіме қозғамақшы.
Сөз кезегі өзіңізде, құрметті апай!


Жүргізуші:
Қызды «жат жұрттық» деп, оны қонақ деп есептеген бабамыз қызға қатты сөз айтпай, ақ төрінен орын сайлап, тәуірін кигізіп, гүлдей мәпелеп баққан. Бүгінгі аққудың көгілдіріндей әлпештеген құсың ертең-ақ өзге шаңыраққа келін, болып түсіп, жат жұрттық аталып кете барады. «Қызым, саған айтам, келінім сен тыңда» деген түйінді сөзімен ой бөлісуге келіп отырған, құрметті қонағымыз мектеп психологі Индира апайларымызда
Жүргізуші:
Бөліскен ойыңызға рақмет.
Жүргізуші:
Пендесін қазағыңдай жақтап құдай,
Дархандығын өзге елдер мақтапты ұдай.
Қандай сұлу қыздары қарақат көз
Қыз Жібек,
Баян сұлу,
Ақ Тотыдай.
«Қыздарым, сенің ұятың – ұлтыңның намысы!» деген аталы сөз қыз тәрбиесіне орай айтылса керек, Ұясынан ұшқан құсы қиясына абыройлы қонса, ол- артындағы ата – анасына мерей. Қыз бала тәрбиесі қашанда мәнді. Ата – бабамыз қызды аса қадірлеген, тәрбиесіне аса мән берген. «Адамның мінезін түзетуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім» депті ұлы Абай.
«Қыз намысы – ұлт болашағы» деген түйінді сөзімен ой бөлісуге келген дәрігер апайымыз Гүлсім апай

Сіздің айтқан ақылыңызға рақмет.

Слайд Қыз тәрбиесі

Жүргізуші:
Аяулы асыл армандай,
Жанымда менің жүзді арай.
Танысып өскен талдардай,
Қазақтың ару қыздары – ай!
дей келе бүгінгі келген қонақтарымыз да қалыс қалмасын. Қазақ халқы қыз бала тәрбиесін де өзінің мақал – мәтеліне қосқан. Қазір қонақтарымызды мақал – мәтел сайысына шақырамыз. Біз мақалдың бір жолын айтамыз, сіздер мақалды аяқтайсыздар.


1.«Жақсы қыз – жағадағы құндыз,
(Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз»)


2.«Ата көрген оқ жонар,
(Шеше көрген тон пішер».)

3.Ақылды қыз — (ауыл көркі.)

4.Апасы киген сәукелені (сіңлісі де киеді.)

5.Астың дәмін келтірген тұз әулие 
(Елдің сәнін келтірген қыз әулие)

6.Ән сазымен, (қыз назымен.)

7.Бір жақсы қыз (екі жаман ұлға татиды.)

8.Бір қыздың кесірі (қырық есекке жүк.)

9.Бір қыз күйеуге тисе,    
(басқа қыздар түс көреді.)

10. Жақсы қыздың жасауын
жақын-жаран жасайды.
(Жаман қыздың жасауын
сұрақ-тілек жасайды.)

11. Жақсы қыз біреу келсе есік ашар, 
(Жаман қыз біреу келсе төрге қашар.)

12.Жаман қыз әкесінен аса алмайды,
(аяғын, бойын билеп баса алмайды.)

13.Қыз анадан көрмейінше үлгі алмас,
(Ұл атадан көрмейінше үлгі алмас )(Қоркыт).

14.Қыз ауылдың көркі, 
(Жігіт ауылдың еркі.)

15.Қыз ауыр ма, (тұз ауыр ма?)

16.Қыз бала әкесіне жұлдыз, (шешесіне күн.)

17.Қыз бала өкпеші болса калыңмал көп болар. 
(Ер бала өкпеші болса ырысқа кесір болар.)

18.Қыздың аңқауынан сақта, 
(Ұлдың жалқауынан сақта.)

Жүргізуші:
Жетіп қолы құлпырған қырмызыдай,
Десек керек болса егер хор қызындай.
Көркіне көз тоймай қараған сәт
Қалмайтын жігіт біткен бір қызынбай
Біздің қазақ қыздары осындай-ды,
Жалғандыққа ешқашан бас ұрмайды.
Жотасында қос бұрым белге түскен,
Сұлу қалпын ашпаса жасырмайды.

Мирамбек Бесбаевтің «Қызым-ау саған айтамын» атты әнін тыңдаңыздар.

Мұғалім сөйлейді

Қыз, әйел – өлмейтін тақырып. Өзінің қыры мен сыры көп, көркімен, ақылы- мен, парасаттылығымен, шебердің қолын, шешенің тілін байлайтын сиқырлы құбылыс секілді, оны дүниені тудырған құдірет деуге де болады. Әр шаңыраққа бақыт пен бірлік беретін – ана, берекесін келтіретін – ана. Өмір адамға бір ақ рет беріледі. Сондықтан әр адам қолынан келіп тұрып бақытсыз болуы қиянат.

«Орта түзер ойыңды, ойың түзер бойыңды» деп Абай атамыз айтқандай, құрметті қонақтар ойларыңызды бөліскендеріңізге рақмет.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Средняя школа №272 учитель технология

Автор: Жанкуатова Салтанат Мухитовна

Дата: 25.02.2017

Номер свидетельства: 395523

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(196) "Исследовательская тема: "Использование инновационных технологий при преподавании физики в средней школе" "
    ["seo_title"] => string(116) "issliedovatiel-skaia-tiema-ispol-zovaniie-innovatsionnykh-tiekhnologhii-pri-priepodavanii-fiziki-v-sriedniei-shkolie"
    ["file_id"] => string(6) "161301"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422199945"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Работа с текстом в средней школе"
    ["seo_title"] => string(37) "rabota-s-tiekstom-v-sriedniei-shkolie"
    ["file_id"] => string(6) "273337"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452186458"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Эссе«Я учитель»"
    ["seo_title"] => string(19) "essie-ia-uchitiel-2"
    ["file_id"] => string(6) "298869"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456412423"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Средняя школа имени М,Горького с ДМЦ "
    ["seo_title"] => string(43) "sriedniaia-shkola-imieni-m-gor-kogho-s-dmts"
    ["file_id"] => string(6) "122104"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1414153758"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(172) "Технология использования проектной методики при обучении иностранному языку в средней школе"
    ["seo_title"] => string(105) "tiekhnologhiia_ispol_zovaniia_proiektnoi_mietodiki_pri_obuchienii_inostrannomu_iazyku_v_sriedniei_shkolie"
    ["file_id"] => string(6) "345329"
    ["category_seo"] => string(8) "nemeckiy"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1474573445"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства