kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тігін бұйымдарының жіктемесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Көркем еңбек пәні бойынша тігін бұйымдары жіктемесі тақырыбына ашық сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тігін бұйымдарының жіктемесі»

«Бекітемін» Оқу ісі меңгерушісі: Қайырқұл Ш.С.

Пәні: көркем еңбек

Сабақ №

Мектеп: Х.Есенжанов атындағы ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің есімі - Аралбаева А.Г.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы

Тігін бұйымдарының жіктемесі.

Оқу мақсаттары

Тігін бұйымдары түржиынының жіктелуімен және сипаттамасымен, оларды дайындау технологиясымен таныстыру.

Күтілетін нәтиже

Киім түржиынын жіктейді.

Киімді киілуі мен мезгілдеріне қарай ажыратады.

Киім тігу үдерісі алгоритімін жасайды.

Тілдікмақсаттар


Мата - Ткань - Сloth

Жобалау - Дизайн - Design

Тігін бұйымдары - Швейные изделия - Cloting

Құндылықтарды дарыту



  1. Жұпта, топта бірлесе жұмыс жасауға дағдыландыру.

  2. Өзінің және өзгелердің көзқарастарымен санасу, өзгенің пікірін тыңддай білуге үйрету.

  3. Эстетикалық талғамдарын тәрбиелеу.

Пән аралық байланыстар

Дүниежүзі тарихы, биология пәндері.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану. Тақырып бойынша ғаламтор желісін пайдалану.

Алдыңғы оқу

Тоқыма материалдарды өңдеуге арналған құрал-жабдықтар мен құрылғылар.

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жаттығулар мен тапсырмалар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз )

Ресурстар

Сабақтың басы:

Үй жұмысын тексеру - 5 минут




















Топқа бөлу – 3 минут





Кластер құрастыру – 5 минут


Амандасу. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату:

Өзіңізге тілегенді -өзгелерге тілеңіз!” Оқушылар шеңберге тұрды. Көздерін жұмып, өздеріне жақсы тілек тілейді. Келесі кезекте өзіне тілеген тілегін сағат тілі бойынша келесі сыныптасына арнайды.

Үй жұмысын тексеру:

Серпілген сауалдар”

Сұрақтың дұрыс жауабын тауып, келесі оқушыға сұрақ бағыттаңыз.

Жауап

Сұрақ

Тігіс

Матадағы иненің екі шаншымы арасындағы жіптің өрімі

Тігім

Матадағы қайталанатын тігіс қатары

Тігіс ұзындығы

Шаншылып алынғын инелердің арақашықтығы

Айқас тігіс

Бұйымды, бұйымның етегін, жеңдерін өңдеуде падалатын, бір мезетте жапсыра тігіп, торлайтын тігіс түрі

Көктеу

Киімнің бөлшектерін уақытша біріктіру үшін қолданылатын тігіс түрі

Көшіру тігісі

Сызықтарды бір бөлшектен екінші бөлшекке көшіруге аранлған тігіс түрі

Торлама тігіс

Түйменің ілмегі не қиықтар сетінемеу үшін қолданылатын тігіс түрі

Қол жұмыстары

Бөлшектерді тігін мәшинесімен тіккенге дейінгі біріктіруге бағыттарған іс-әрекет

Топқа бөлу:

Суреттер арқылы екі топқа бөлініңіз.

Жейде, шалбар, белдемше, көйлек, бриджи, пиджак, футболка, шорты.

1-ші топ: иықты киімдер (әйелдер киімдері)

2-ші топ: белдікті киімдер (ерлер киімдері)

Қызығушылықты ояту: киім суреттерінен кластер құрастыру

(киімнің 20 түрі)

Сұрақ: Ұсынылған киім бұйымдарын қарап шығыңыздар.

Киімді қандай белгілері мен қасиеттеріне қарай жіктеуге болады? Таңдауларыңызды негіздеңіздер.










«Серпілген сауалдар» үлестірмесі














Иықты және белдікті киімдер суртетері – 8 дана

Түрлі-түсті киім суреттері

Сабақтың ортасы:

Таныстырылым – 3 минут




Топтық жұмыс

1 – 10 минут
















Топтық жұмыс №2 – 5 минут































Топтық жұмыс №3 – 3 минут

Таныстырылым «Тігін бұйымдары»

Тігін бұйымдары – киім және төсек-орын бұйымдарына арналған материалдан тігін өндірісінде дайындалған бұйымдар.

Киім – адам өзін қоршаған орта әсерінен қорғау мақсатында киетін бұйым немесе бұйымдар жиынтығы.

Тұрмыстық тігін бұйымдары - төсек-орын жабдығы (жайма, сейсеп, жастық тысы, сырылған көрпе) дастархан, сулық, орамалдар кіреді.

Топтық жұмыс:

1-ші тапсырма:Берілген “Киім жіктемесі” кестесін толықтырыңыздар.

Оқушылар берілген үлестірмелерді киім жіктемесі кестесіне орнын тауып орналастырады.

Тақырыптың негізгі сөздері (дауыстап айту, дәптерге жазу)

Мата - Ткань - Сloth (клоуз)

Жобалау - Дизайн - Design (дизайн)

Тігін бұйымдары - Швейные изделия - Cloting (клоузиң)

2-ші тапсырма: Тігін бұйымдарын дайындау үшін алдымен не істеу керек? Тігін бұйымын дайындау технологиялық үдерісінің ретін анықтаңдар. Оқулық – 57 бет.

Оқушылар киім тігу үдерісі алгоритмін жасайды.

Ойсергек:

Шаршадым «уһ» дедім, Ренжідім «туһ» дедім,

Қорықтым «ой» дедім, Өкіндім «ах» дедім,

Шарасыз «еһ» дедім, Таңырқап «О» дедім,

Кейідім «И» дедім, Біліп ап «Е» дедім,

Қуанып «Ха,ха,ха» дедім!

Қызықты деректер:

1-ші дерек: Археологиялық қазбалар киім адамзат қоғамының ең ерте даму кезеңдерінде пайда болғанын көрсетеді. Қолайсыз ауа райы мен жәндіктердің шағуынан қорғану мақсатында адам ерте заманда денесіне балшық, топырақ, май жаққан. Содан соң мұндай жағындыларға өсімдікті бояулар – жоса, құрым, кармин, индиго, әк қосатын болған. Адам денесін эстетикалық мақсатта түрлі тәсілдермен, түстермен бояйтын болған.

Киім адам денесін ыстық-суықтан, жауын-шашын мен желден қорғай отырып, адамның күнделікті қажетін өтесе, көркемдігімен сән-салтанатын арттырады.

2-ші дерек: Әлемдегі ең үлкен көйлекті кәріс дизайнері, тігінші Ааму Сонг көпшілікке таныстырды. 550 метр матадан тігілген қызыл көйлек рекордты жаңартқан көрінеді. Көйлектің атын "REDDRESS" (қызыл көйлек), көйлектің түсіне байланысты атаған. Хельсинки қаласында тігілген көйлек Лондон мен Нью-Йорктегі дизайн фестиваліне қарасты көрмелерде баршаға таныстырылды. Көйлектің "қалталарына" 238 адам отыра алады екен.

3-ші тапсырма: «Активити» ойыны

Киім бөлшектерін модельге жинау. Топтар қуыршақ моделіне киім бөлшектерін жинақтайды.

1-ші топқа: сіздің досыңыз Айнұр бүгін құрбысының туған күніне бару керек. Айнұрға киім таңдауға көмектесіңіз.

2-ші топқа: сіздің досыңыз Баян бүгін паркке сереуендеуге барады. Баянға киім таңдауға көмектесіңіз.

Бағалау: «Досыма СМС жазу» әдісі. Оқуышлар топтағы оқушыларды СМС жазу арқылы бағалайды.

Слайд «Тігін бұйымдары»








Киім жіктемесі ресурстары.












Слайд, дәптер





Оқулық – 57 бет.




























«Активити» ойыны ресурстары



«СМС» әдісі ресурсы- телефон суреті

Сабақтың соңы (бекіту)

5 минут

Жаңа тақырыпты бекіту: жеке жұмыс. Кестені өз бетіңізше толтырыңыздар.

Киімнің суреті

Киімнің атауы

Пайдалану тәсілі

Түржиыны

Жасы , жынысы

Маусымы

Талаптары









Оқушылар өз бетінше кестені толтырады, сыныпқа жұмыстарын таныстырады.

Кесте

Кері байланыс

2 минут

Кері байланыс парағы

Кері байланыс парағы – 8 дана


Рефлексия

Сабақ/оұу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз








Қорытынды бағамдау :

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1

2

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1

2

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқущылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Тігін бұйымдарының жіктемесі

Автор: Аралбаева Актолкин Габбасовна

Дата: 05.04.2018

Номер свидетельства: 465081

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Белдікті б?йымда?ы б?кпелермен ?атпарларды ??деу. "
    ["seo_title"] => string(57) "bieldikti-bu-iymdag-y-bukpieliermien-k-atparlardy-on-dieu"
    ["file_id"] => string(6) "181165"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425308328"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "?ТШТ технологиясыны? ма?ызы"
    ["seo_title"] => string(30) "otshttiekhnologhiiasynynmanyzy"
    ["file_id"] => string(6) "314968"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459793170"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства