Пәнаралық байланыс: биология, физика. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі, сыныпты түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: -Құймақ дайындау үшін қандай азық-түлік қажет? -Құймақ дәмді әрі әдемі болу үшін не істеу керек? -Құймақ пісіретін табаға алдымен тұзды неге сеуіп алады? Жаңа сабақ. Аспаздық жұмыстары кезінде сақталатын жалпы қауіпсіздік ережелерді еске түсіру. Сабақтың тақырыбен таныстыру. Үстел үстіне алдымен дастархан жайылады. Дастархан үтіктелген, түзу жайылған, әрі шеттері бүгілмеген болуы
Просмотр содержимого документа
«Дастарқан жасақтау»
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы
«Құрық ауылы №6 орта мектеп» КММ
Өткізген: технология пәнінің мұғалімі Танбаева Нуржамал Байбакитовна
Сабақтың тақырыбы: Дастарқан жасақтау. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Дастарқан жасақтау өнерін үйрету. Тәрбиелік: Оқушыларды еңбек етуге, өзіне және халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушылардың технологиялық білімін дамыту. Көрнекіліктер: оқулық, суреттер, кестелер, нұсқау картасы. Сабақ түрі: аралас Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап. Пәнаралық байланыс: биология, физика. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі, сыныпты түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: -Құймақ дайындау үшін қандай азық-түлік қажет? -Құймақ дәмді әрі әдемі болу үшін не істеу керек? -Құймақ пісіретін табаға алдымен тұзды неге сеуіп алады? Жаңа сабақ. Аспаздық жұмыстары кезінде сақталатын жалпы қауіпсіздік ережелерді еске түсіру. Сабақтың тақырыбен таныстыру. Үстел үстіне алдымен дастархан жайылады. Дастархан үтіктелген, түзу жайылған, әрі шеттері бүгілмеген болуы шарт. Дастархан барлық жағынан 25 см жерге түсіп тұруы керек. Егер тым қысқа болса, үстелдің аяқтары сырт көзге оттай басылып, дөрекі көрінеді,тым ұзын болса да, қонақтарға жайсыздық тудырады. Дастархан жабдықталуына арнайы тәртіп белгіленген: — Алдымен фаянс ыдыс пен фарфор ыдыстар қойылады; — Келесі ретте ас ішу аспаптары қойылады; — Соңынан барып сусын ішетін шыны стақандар қойылады; — Майлық төселеді. Дастарханды жабдықтау әр түрлі болады. Ол күн мезгілі мен астың құрамына байланысты: — Таңғы ас — Түскі ас — Кешкі ас. Барлық асқа арналған саймандардың қақ ортасына көлемі үлкендеу тәрелке қойылады. Ыдыс-аяқ таңдауда түрі мен түсіне, сапасы мен көлеміне үлкен мән берген дұрыс. Дастарханға қойылған барлық ыдыстар бір-бірімен сәйкес болса, дастарханның ажары болады деген сөз.Енді, негізгі үлкен тәрелкенің үстіне көлемі кішірек немесе сорпаға арналған тостаған қойылады. Тостағанның қойылуы қонақтарға дайындаған ас мәзіріңізге байланысты болмақ.Егер мәзіріңізде сорпа тағам болса, міндеттітүрде үлкен тәрелкенің үстіне тостаған қойылады. Дәмтатымнан алдырып отыру үшін үстіңгі жақтың сол бұрышына бөлек тәрелке қойылады. Енді ең маңызды бөлігі, ол – шанышқы, пышақ және қасықтар. Шанышқыны тәрелкенің сол жағына,ал пышақты оң жағына қояды. Тәрелкенің ең шетінде бірінші қолданатын құралдар қойылады. Мәселен, үлкен қасық ас ішу үшін немесе дәмтатым үшін шанышқы. Десертке арналған кішкентай қасық тәрелкенің үстіне орналасады.Әр түрлі сусынға арналған бокалдар болса, оң жақтың үстіңгі бұрышына орналасады. Тәрелке үстел шетінен 2 см асып барып орналасуы керек. Ал сол жақта үстелден 5-10 см асып бәлішке арналған тәрелке тұрады. Содан соң дастарқанға майлық қойылады. Майлықты үстелге жайдан-жай қоя салу бір бөлек те, оны әрлеп, әдемілеп қою бір бөлек.
Практикалық жұмыс. Майлықты сәндеуді үйренеді.
Сабақты бекіту. -Дастарқан жабдықтауды неден бастау керек? -Дастарқан жабдықтау тәртібі қандай? -Тәрелкелер дастарқанда қалай орналасу керек? Үйге тапсырма:. Дастарқан жасақтау §4