Тілдік мақсаттар | • Өнердің қайта өркендеуі, импрессионизм, экспрессионизм,заманауи өнер, кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері,пейзаж, натюрморт, дақ, штрих, көлем, форма, кеңістік, түс, сызық. • Сіздің ойыңызша суретші не үшін… материалдарды қоладанады? • Сіз сипаттап бере аласыз ба? • Бұл техника сізге не үшін ұнады? • Суретші жұмысы сізді не үшін қызықтырды? • Өз жұмысыңызды қалай жақсартар едіңіз? |
Сабақтың басы 1 кезең Сабақтың ортасы 2 кезең | (Ұ) Оқушылар бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын визуалды салыстыра білуі үшін, сабақты виртуальды көркем галереяда өткізуге болады. (Ұ) Оқушыларға картиналардың репродукцияларын, мүсінші және дизайнерлердің шығармаларын қарап, оларды топтарға бөліп жіктейді. • Картинада не көріп тұрсыз? Олардың бір бірінен қандай айырмашылығы бар? • Картиналардың репродукцияларын, мүсінші және дизайнерлердің шығармаларын қандай белгілері бойынша топтарға бөліп жіктедіңіз? Неге? (Ұ) (Т) (Қ) Бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлерімен оқушылар танысып, олардың ерекшелік белгілерін анықтайды. Бейнелеу өнері түрлеріне қарай қалай ажыратылады? Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары Талдау «Ыстық орындық» орындық әдісі (Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады. Жаттығудың сипаттамасы: Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. | Суретшілер жұмыстарының көшірмелері И.Айвазовский, И.Шишкин, И.Левитан, А. Куинджи, К.Коровин А.Саврасов, А.Пластов, Жорж Сера, К. моне, Уке Ажиев, М. Кенбаев, К. Бекмағанбетов,Ә. Қастеев, М. Тельжанов,С.Кульбеков, Н. Хлудов, Шарденов Ж.,Анар Абжанова Қазақстанның табиғаты бейнеленген картиналар / Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер «Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық. |
Сабақтың соңы | Қорытынды жасау үшін оқушылардың жұмыстарын әрқайсысына төмендегі сұрақтар арқылы бағалау. (Ұ) Мұғалім оқушыларға ұлттық бұйымдарды, олардың атауы мен қолданылуын қарастыруға ұсынады. Ұсынылған бұйымдардың қайсысы сіздерге таныс? Олар қалай аталады?Олардың қолданылуын түсіндіріңіздер. Олар қандай материалдан жасалған?Олардың пішіні, түсі мен фактурасы қандай? (Ө) Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын таныстырып, жұмыста қолданған материалды, техниканы және өз жұмысын бастауға себеп болған суретші туындысын түсіндіреді. | |