Күні:23.11.2016ж
Сынып: 8
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Уақыттың күші
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың морфология саласы туралы алған білімдерін кеңейте отырып, сауатты жазу және сөйлеу мәнерін жетілдіру. Уақытты үнемдей, жоспарлай білуге үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларын арттыру, ізденушілікке, өзіне қажетті білімді өзі алып, нақты да дәл, анық сөйлеу машықтарына баулу.
Тәрбиелік: оқушыларды тілдік- эстетикалық сезімге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, түсіндірме, аудару, мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі:Сөздік, оқулық, суреттер,бағалау парағы
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету. Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Бүгін кім кезекші?
-Сыныпта кім жоқ?
-Қазір қай жыл мезгілі?
-Бүгін ауа райы қандай?
-Бүгін нешесі?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Модуль бойынша өтілген тақырыптарға байланысты сұрақтар қою.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1.Роза Рымбаева қазақ халқының халық әншісі.
2.Қазақ тілінде етістің 5 түрі бар.
3. «Қыз Жібек» жырына фильм түсірілді.
4. Құрмалас сөйлемнің 2 түрі бар.
5. «Көшпенділер» фильмі қазақ халқының тарихы туралы.
6. Қазақ эстрадасының жұлдыздары жоқ.
7.Шаққа қатысын білдіретін етістіктің түрі есімше деп аталады.
8.-мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек жұрнақтары етістіктің болымсыз тұлғасына жалғанады.
9.-ған,ген,-қан,-кен, есімшенің жұрнағы.
III. Жаңа сабақ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
1- тапсырма. Уақыттың күші. 255 бет.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сөздік жұмысы
1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерлеріне жазу.
2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру: а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы; ә) оқушылардың дауыстап қайталауы; б) оқушылардың тізбектеп оқуы.
3. Сөздерден сөз тіркестерін құрау.
4. Сөйлем құрау.
Сөздік
заңдылығы бар — здесь: есть закономерность
өтеді, кетеді — проходит, оказывается в
прошлом
үлгеру үшін — чтобы успеть
бәрінен де қымбат — дороже всего
жаттықтырулар — тренировки
босқа өткізу — зря, без пользы проводить
Уақыттың күші
Уақыттың тез өзгеру заңдылығы бар. Біздің күнделікті жасап жатқанымыздың бәрі де өтеді, кетеді. Бәріміз білеміз, уақытты тоқтата алатын күш жоқ.
Мен бәріне үлгеру үшін уақытты жоспарлаған дұрыс деп ойлаймын. Менің кейбір замандастарым «қашан тұрғым келеді, сонда тұрамын, қашан сабақ оқығым келеді, сонда оқимын» деп айтады. Ал уақыттан қаншалықты ұтылатынын білмейді. Олар көбінесе еш нәрсеге үлгермейді, өкінішке орай, істерін шала жасайды. Расында, бұл – өкінішті. Бірақ біз оны кеш түсінеміз.
Өзіме келсем, күнде алты жарымда тұрамын.Денсаулық бәрінен де қымбат екенін білемін, сондықтан денешынықтыру жаттығуын міндетті түрде жасаймын.
Сағат жеті жарымда жаңалықтар тыңдаймын. Күнім жақсы басталуы үшін жақсылап тамақтанып аламын.
Содан кейін мектепке жиналып, үйден шығамын. Сабақ сегіз жарымда басталады. Түстен кейін сағат екіде аяқталады. Үйге келген соң, түскі асымды ішемін де, анама көмектесемін. Кешкі сағат бесте дзюдоға барамын. Дзюдодан жаттықтырулар аптасына үш рет болады. Сейсенбі және сенбіде екі рет ағылшын тілі курсына барамын. Бос уақытым онша көп болмайды. Уақытым болып жатса, компьютер ойнағанды жақсы көремін.
Менің ойымша, уақытты жоспарлап үйренген адам жинақы болады, тәртіпке үйренеді. Ол көп нәрсеге уақыт табады. Уақытыңды босқа өткізбей, өзіңе пайдалы іспен айналысқан дұрыс деп ойлаймын.
2- тапсырма.Тірек сұрақтарға жауап алу арқылы оқушыларды сөйлету:
- Сен сағат нешеде оянасың?
- Таңертеңгі асты нешеде ішесің?
- Мектепке дейін немен барасың?
- Мектепте сабақ нешеде аяқталады?
- Қай уақытта үйге келесің?
- Қанша уақыт үй тапсырмасын орындайсың?
- Сабақты орындауды қалай жоспарлайсыңдар?
Сергіту сәті.
3- тапсырма. Сурет бойынша мәтін құрастыру. Топпен.
24- қараша
7.30. Таңғы ас 13.30. Түскітамақ 19.00. Сабақ оқу
8.30. Мектепке жиналу 15.00. Мұражайға бару 21.00. Теледидар, демалу
9.00. Мектеп, сабақ 18.00. Кешкі ас 22.00. Ұйықтау
4-тапсырма. Осы сөйлемге морфологиялық талдау жасау.
Уақыттың тез өзгеру заңдылығы бар.
Сағат жеті жарымда жаңалықтар тыңдаймын.
IV. Бекіту
Уақытты үнемдеу үшін не істеу керек?
Уақытты үнемдеген адам қандай болады?
V. Сабақты қорытындылау.-Нені өттік?
-Нені үйрендік?
-Нені білдік?
VI. Үй тапсырмасы. Өздерінің күн тәртіптерің туралы қысқаша мәтін құрастыру.
VIII. Рефлексия. Оқушылардың көңіл – күй жағдайын, әрекетін оқушы мен мұғалімнің өзара қатынасына жағдай жасау.
Бағалау.