Ма?саты:1.Білімділік:?аза? хал?ыны? киіз ?йі,оны? тігілуі,оны? жасауы туралы толы?тай т?сінік бере отырып ,о?улы?та берілген м?тіндерді? мазм?нын, берілген тапсырмаларды игерту ар?ылы с?здік ?орды ке?ейту, с?йлеу тілдерін ?алыптастыру , етістікті? ша?тарын ?айталау.
Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: «Киіз ?й» »
Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББО мектебіндегі орыс сыныптарындағы қазақ тілінен панорамалық сабақ
І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.А Утешева
Жаратылыстану-математика бағытындағы
10- сыныптың оқулығы бойынша жасалған
«Туған өлке» модульдік-тақырыптар жоспары
Модуль саны
Тақырып-модуль
Грамматика
Сабақтың әдісі
1.
Іле өзені
Көмекші есімдер
Модульдік технология
2.
Іле өлкесі
Көмекші етістік
Алгоритм
3.
Киіз үй
Нақ осы шақ
4.
Киіз үйді тігу
Өткен шақ
Деңгейлі оқыту
5.
Ішкі жасау
Келер шақ
6.
Жұлдыздар
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
7.
Шоқан Уалиханов
Бірыңғай мүшенің тыныс белгісі
Іздену
8.
Нәтиже сабақ
Тақырыбы: «Киіз үй»
Мақсаты:1.Білімділік:Қазақ халқының киіз үйі,оның тігілуі,оның жасауы туралы толықтай түсінік бере отырып ,оқулықта берілгенмәтіндердің мазмұнын, берілген тапсырмаларды игерту арқылы сөздік қорды кеңейту, сөйлеу тілдерін қалыптастыру , етістіктің шақтарын қайталау.
Дамытушылық:Ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру,
дүниетанымдарын кеңейту, топпен жұмыс, жеке жұмыс түрлеріне дағдыландыру. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.
3.Тәрбиелік: Қазақ халқының салт – дәстүрлерін, қол - өнерін дәріптей отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Эстетикалық талғам қалыптастыру.
Міндеттері:
Қазақтардың көшпелі тұрмысына бейімделген киіз үйі құрылысын, олардың атауларын,ішкі жасауынан мәлімет беру;
Ш.Уәлихановтың «Ұлы жүз» туралы атты шығармасынан алынған «Киіз үй» мәтіні бойынша тапсырмаларды орындату;
Мәтінді пайдалана отырып,етістіктің шақтарын еске түсіру,пысықтау;
Этнограф –ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың «Жолайрықта» атты кітабынан алынған «Ішкі жасау» әңгімесі бойынша киіз үйдің ішкі жасауын суреттейтін мәтіннің мазмұнын түсіндіру;
Киіз үйдің жабдықтарына байланысты айтылған мақалдар мен қанатты сөздер,тұрақты сөз тіркестерін таныту;
Қазақ халқының салт -дәстүрін ,қол өнерін дәріптеу,оқушыларды қазақ халқының киелі киіз үйін қастерлеуге тәрбиелеу;
Әдісі: мұғалімнің сөзі,топпен жұмыс мәтінді талдау,мәтінмен жұмыс
Көрнекілігі: Киіз үй жабдығы (слайд), интерактивті тақтамен жұмыс, ? суретпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті,тарих,этнография