Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы «Менің Отаным»»
Турғамбекова Орынбасар Мұсақызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
№65 мектеп -гимназиясының
Сабақтың тақырыбы «Менің Отаным»
Сабақтың мақсаты:
1. білімдік: мәтінмен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу,жай сөйлемді практикалық жолмен меңгеру, сөйлем құрастыруға үйрету.
2. дамытушылық: мәтінді мазмұндауға дағдыландыру, сөздік қорын молайту, мәтін бойынша тіл дамыту жұмысын жүргізу.
3. тәрбиелік: Отанға деген сүіспеншілігін арттыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: карта, Қазақстан рәміздері, плакаттар, карточкалар, портреттер мен суреттер
Сабақтың барысы:
1.ұйымдастыру кезеңі
2.сабақтың мақсатын айту
3. « Қазақстан Республикасы» тақырыбы бойынша сөздік жұмысы
4. алған білімдерін тексеру
Жаңа сабақ.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
1. мұғалімнің кіріспе сөзі
Біздің туып-өскен жеріміз – Қазақстан.
Қазақстан-Еуразия құрлығындағы ең үлкен мемлекеттердің бірі. Еліміздің жер көлемі ұлан-байтақ.
Қазақстанның кең даласын, биік тауларын, ормандары мен көлдерін көрген адам оны еш уақытта ұмыта алмайды. Біз жер шарының осындай сұлу, бай өлкесінде тұрамыз.
Ол - біздің Отанымыз.
Қазақ жерін « Шығыс пен Батысы жалғастыратын алтын көпір» дейді. Осы жерден Ұлы Жібек жолы өткен. Республикамыз- пайдалы қазбалар қоймасы. Жас мемлекетіміздің даму қарқыны зор.
Қазақстан 1992 жылы 2 наурызда Бас Ассамблеяның 46 – сессиясы мәжілісінде Біріккен Ұлттар Ұйымыны мүшелікке қабылданды. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруі Республика үшін әлем елдерімен бейбіт өмір сүруге, ғылым мен мәдениет жетістіктерімен алмасуға кең мүмкіндіктер береді.
2. Біздің Отанымыз
Мәтіниен жұмыс оқу, аудару, сұрақтарға жауап беру
Біздің Отанымыз- Қазақстан Республикасы.
Республикамыз үлкен, табиғаты әдемі, жері бай. Қазақстанда терең көл, өзен, асқар тау, қалың орман, кең дала, шөп бар.
Қазақстанның қалалары көп. Ең үлкен қалалары Астана, Алматы, Қарағанды, Өскемен, Ақтөбе, Семей, тағы басқалары. Республикамыздың астанасы- Астана қаласы. Астана Солтүстік Қазақстанда орналасқан.
Сұрақтар:
1. Біздің Отанымыз қалай аталады?
2. Қазақстан қандай Республика?
3. Қазақстанның ең үлкен қалалары қандай?
4. Қазақстанның бас қаласы?
Деңгейлік тапсырма.
I деңгей
1. Сөздердің синонимдерін жаз
Отан-
Көркем-
Астана-
2. Жай сөйлемді практикалық жолдармен меңгеру
Біз Отанымызды сүйеміз.
Бұл жерде Жібек жолы өтеді.
Қазақстан халқының тарихы өте бай.
II деңгей
1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз.
Қазақстан – көм ұлтты ... .
Онда жүзден астам ұлттар ... .
Қазақ жері бай ... белгілі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік ... елтаңбасы, туы, әнұраны.
2. Тапсырма: мұғалім тақтаға сызба іліп қояды. Оқушылар сызба арқылы мазмұнын дайындайды (дайындыққа 5 минут уақыт беріледі)
Қазақстан
Көп ұлтты мемлекет
Қазақ орыс неміс өзбек қырғыз татар грек т.б.
Астана- жас қала
3. Мәтінді оқу, орыс тіліне аудару.
Астана- Қазақстанның жаңа астанасы. Ол Солтүстік Қазақстанның Ақмола облысында орналасқан. Оның жазы салқын, қысы суық. Онда өндіріс орындары көп. Қала үлкен, әдемі. Астанаға қонақтар көп келеді.