Просмотр содержимого документа
«Демеулік шылаулар»
Күні: 06.04.
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 6 класс
Сабақтың тақырыбы: Демеулік шылаулар
Сабақтың мақсаты: Шылаулар жайында толық мағлұмат беру, демеулік шылаулармен таныстыру.
а) Оқушыларға демеулік шылаулар жайында түсіндіру, сол арқылы жаттығу жұмыстарын орындату;
ә) Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету, сауатты жазуға, нақты сөйлеуге дағдыландыру;
б) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына, ана тілімізді сүюге, ана тілін аяққа баспай биік ұстау жөнінде түсіндіру, соған дәріптеу, тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: сызба, кеспе қағаздары, кесте, т.б.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру – 1 мин
ІІ. Үй тапсырмасы – 10 мин
ІІІ. Жаңа сабақ – 10 мин
ІV. Жаңа сабақты бекіту – 22 мин
V. Үйге тапсырма – 1 мин
VI. Бағалау – 1 мин
І. а) Оқушылармен амандасу
ә) Оқушыларды түгелдеу
б) Оқу құралдарын тексеру
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеремін.
1. Көсемше деген не, және ол қалай жасалады?
2. Есімше деген не, және ол қалай жасалады?
3. Көмекші есімдер деген не?
4. Көмекші етістіктер деген не?
5. Шылау деген не? Оның қандай түрлері бар?
6. Септеулік шылау туралы не білесіздер?
7. Жалғаулық шылаулар жайлы не білесіздер?
ІІІ. Бүгінгі жаңа сабақта «Демеулік шылаулар» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Демеулік шылаулар демеуліктер деп аталады. Олар өзі шылауында тұрған сөзге не сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән сияқты қосымша мағына үстейді, бірақ септеуліктер мен жалғаулықтар сияқты сөздерді де, сөйлемдерді де байланыстыра алмайды. Мысалы: Алдымда тұрған мақсат, толған таңдау. Алайын мынасын ба, анасын ба? (С.Т). Ертең емес, бүгін-ақ, қазір-ақ жүрсек етті (М.Ә). Үлкен үйге кірген соң бәрі де кішірейіп кеткендей, отырғандай құмандай ғана болып қалыпты (Ғ.М.).
Сұраулық демеуліктер:ма, ме, ба, бе, па, пе
Күшейткіш демеуліктер:-ақ, -ау, -ай, әсіресе, да, де, та, те
IV. Жаттығумен жұмыс: 244 - жаттығуда оқушылар мәтіннен демеуліктерді тауып, олар қай сөзбен бірге жұмсалғанын және оған қандай мән үстеп тұрғанын көрсетеді.
Үлгі: ғой – кездесе береді ғой – нақтылау мәнді.
245 - жаттығуда оқушылар мәтінді оқиды, мәтін мағынасы бойынша шахматтың пайдасы жөнінде 30-40 сөзден тұратын ээсе жазады. Мәтіннен демеулік шылауларды теріп жазады.
246 – жаттығуда мәтінді оқып, ішінен шылау түрлерін теріп жазады.
Оқушыларға кесте таратылады. Сол бойынша шылау түрлерін жаттайды.
Білімді бекіту мақсатында:
1. Шылау деген не?
2. Қандай түрлері бар?
3. Әрқайсысына жеке тоқталып мысал келтір
V. Үйге оқушылар ережені жаттай отырып, оқулықта берілген тапсырма бойынша «Суасты әлемнің құпиялары» тақырыбында шағын шығарма жазады.