Дәлелдеу ояту | Мейірімді жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен, Амандасып алайық. Бір жадырап қалайық -Балалар, маған қараңдаршы, менің қолымдағы не? - Қардың түсі қандай ? - Қар қатты ма, әлде жұмсақ па? -балалар бүгінгі көңіл – күйлерің осы қардай аппақ болсын.(балалар бір – бірлеріне ақ тілектерін ұлпа қарды беріп тұрып айтады) | Сәлеметсіздерме? -қар - аппақ -қар жұмсақ -Денсаулығымыз мықты болсын - Заманымыз тыныш болсын - Білімді болайық - Аспанымыз ашық болсын - Барлығымыз тату – тәтті болайық. |
Ұйымдастыру – іздену | Балалар жылдың неше мезгілі бар? Жыл мезгілдерін атайық? Күз мезгілінен кейін жылдың қай мезгілі? - Қыста қандай өзгерістер болады, қандай ойындар ойнаймыз? - Балалар қыста біздер қалай киініп жүреміз? - сырт киімдерді атайық? Ойын: «Қыс қызығы» Ал балалар қыс айларын атап беріңдерші? Желтоқсан қыс айларының бірі, осы айда қандай мерекелерді тойлаймыз? -Жаңа жылда бізге кім келеді? - Не әкеліп береді? Осы кезде Аязата келеді. Балалар бізге қонаққа кім келді? Қыс жыл мезгілдерінің ішіндегі суық мезгіл, -балалар біз қыста серуенге шыққында қандай құстарды көреміз? Балалар қыс мезгілі сендерге ұнай ма? -Қыс туралы қандай тақпақтар білеміз? | жылдың төрт мезгілі бар қыс, көктем, жаз, күз қыс мезгілі - қар жауып жердің беті ақ болады, шанамен сырғанаймыз,шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз. - жылы киініп жүреміз - малақай,тон, етік, қолқап, шәлі. Ойын барысында балалар қыс мезгіліне байланысты суреттерді бояп көрсетеді желтоқсан, қаңтар, ақпан. .-Тәуелсіздігіміздік мерекесі Жаңа жыл мерекесін тойлаймыз. - Аяз ата келеді - сыйлық әкеледі Аязата сауысқан,қарға, торғай. - сұрақтарға жауап беріп, өздері білетін тақпақтарын айтады. |