kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқушылардың «Алғашқы әскери дайындық» пәніне қызығушылығын арттырудың жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

          Мектеп оқушыларына әскери - патриоттық тәлім-тәрбие бере отырып, әскери борышын өтеуге деген ынталарын анықтау.

Егемендігімізді алғалы міне 26 жылдан асып барады. Елбасымыздың көрегенді саясаты арқасында еліміз өсіп өркендеуде. Қазақстан Республикасының шекарасы анық бекітіліп, әскери-қарулы күштердің саласы да көптеген жетістіктерге жетуде. Осы уақыт аралығында елімізде жастарға әскери -патриоттық тәлім –тәрбие беру  маңызды мәселелердің бірі болып келеді. Себебі, еліміздің ертеңін қорғайтын тапқыр әрі ержүрек елқорғаушыларды дайындауда  әскери-патриоттық тәләм-тәрбие беру басты бағыт болып отыр.  Жастарға әскери-патриоттық тәлім-тәрбие беру ісін сәтті болсын десек, міндетті түрде жастарға ұлттық патриоттық тәрбие беретін тарихымыздың батырларына көз жүгіртуіміз қажет. Біздің ата-бабаларымыз Алтайдан Атырауға, Еділ мен Жайыққа дейінгі ұлан-ғайыр мол жерді талай ғасырлар бойы басқыншыны жаудан қорғап, бостандық пен тәуелсіздік жолында жанын пида етті. Сондықтанда біздер халқымыздың қас батырлары- Қабанбай мен Бөгенбайды, Исатай мен Махамбетті, Кенесары мен Наурызбайды, Райымбек пен Қарасайды, Қасымхан мен Абылайханды қадір тұтып, қастерлейміз. Олардың халқы үшін қалтықсыз қызымет еткен үлгі-өнеге етіп, осындай ата-бабаларымыздың болғанын мақтан етеміз. Өз Отанын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу мектептегі әскери-патриоттық жұмыстың басты өзегі болуы керек. Өйткені кез-келген егеменді мемлекет сияқты Қазақстан өзінің қорғаныс қабілетін сақтауды маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі және бүкіл халықтың ісі деп санайды. Алғашқы әскери дайындық пәнін жүргізгенде жоғарыда аталғандай батырлардың ерліктері әңгімеленіп отырса болашақ ұрпағымыз сол арқылы ерлікке, шыншылдыққа, әділеттілікке, сыпайылыққа және т.б. адами қасиеттерімен танысып отырады.

Елімізде Отанның қорғаушысы болуды армандайтын ұлдар мен қыздар білім алуда Олар Қазақстан тарихын тереңдетіп оқиды, алғашқы әскери дайындық сабағына аса бір ынтамен қатысып, болашақта тәуелсіз еліміздің мақтанышы тұтар аяулы ұлдары-Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Тоқтар Әубәкіріов сынды халқының құрметті азаматы болуды армандайды. Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгілікке, өз елін сүюге баулып келеді.

Елімізде оқушыларға әскери-патриоттық тәлім-тәрбие сонау Совет Одағы кезінен бері беріліп келуде. Сол себепті алғашқы әскери дайындық пәні маңызды пәннің бірі болып отыр. Оқушыларға әскери-патриоттық тәлім - тәрбие беруде төмендегідей талаптарды ескеруді ұсынамын:

  1. Жас мөлшерін есепке алу.
  2. Болмыс ерекшелігін ескеру.
  3. Патриотық сезімін ұғу.
  4. Жасына сай ақыл-ойын дамыту.
  5. Тәрбие мазмұнының біртұтастығы.
  6. Тәрбиенің үзіліссіздігі.
  7. Ұжымдық тәлім-тәрбие.

Алғашқы әскери дайындық пәнін оқыту барысында ұстаздар оқушыларды:

  • Моральдық физикалық тұрғыдан дайындауы;
  • Еліне және Елбасына деген құрмет пен махаббаттарын нығайтуға;
  • Заң мен тәртіпке бағынуға үйретуге;
  • Әскери қатар және әскери саланың қыр сырымен таныстыруы қажет.

Сонымен қатар, Алғашқы әскери дайындық пәнінің тағы бір артықшылығы оқушыларғы төтенше жағдайлар кезінде  және алғашқы медициналық көмек көрсету жағдайларында өздерін қалай ұстап қандай іс-шаралар жасалатына туралы да оқытылатыны. Әсекри түрде сәлемдесу, рапорт беру, бұйрық беру, әскери қатарда тұру, әскери жүру т.б. үйретіледі.

Еліміз егемендігін алғалы бері Қарулы күштер саласы нығайып келуде. Соған бірден бір себеп ол, мектептерде Алғашқы әскери дайындық пәнінің жүргізілуі деп білемін. Дегенмен әскери-патриоттық тәлім тәрбие беруге аса назар бөлінген кезең ол, ҰОС жылдарында болды. Сол кездегі жастардың  барлығы дерлік әскери дайындықтың алғашқы нысандарын  білуі керек еді. Себебі, сол кездегі жағдай соны талап етті.

Қазіргі күнге дейін Алғашқы әскери дайындық пәні оз маңыздылығын жоғалтқан емес. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында төмендегідей іс-шараларды ұйымдастырудың маңызы зор болар еді деп ойлаймын.

  • Жас әскерлер отрядын құру
  • Жас космонавттар секциясын құру
  • Жас теңізшілер секциясын құру
  • «Ел қорғаған батырлар» бұрышын құру
  • Әскери-патриоттық тәлім тәрбие беру тақырыбында дөңгелек үстелдер, конференциялар мен ардагарлермен кездесулер ұйымдастыру.

Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыру үшін қажетті жолдарды да атап көрсеткім келіп отыр. Оны төмендегі кестеден көруге болады.

Әскери-патриоттық тәлім - тәрбие берудің түрлері.

 

I  топ

Жалпы саяси тәрбие беру. Мысалы: Жас Ұлан, Жас Отан т.б. патриоттық ұйымдарға мүше болуға ұмтылу. Ол үшін

  • Дәріс оқу
  • Әңгімелесу жүргізу
  • Баяндау
  • Тарихи деректі фильмдер көрсету.

II топ

Сыныптан тыс жұмыстар.

  • Әр облыстың өзіне тән әскери тарихи жерлері болса, сондай жерлерге танымдық серуендерге шығу
  • Әскери спорттық ойындар ұйымдастыру және оны мектепаралық, облысаралық деңгейде өткізу
  • Маусымдық әскери лагерлер құру

III топ

Адамдардың көңіл күйі мен эмоциясына әсер ететін түрлері.

  • Оқу-жаттығу митингілері, жаппай театрландырылған көріністер өткізу
  • Ардагерлермен кездесулер
  • Әскери мұражайлармен, қарулармен, техникалармен танысу

IV топ

Практикалық іс-әрекет түрлері

  • Әскери техникалық білім беретін материалды техникалық базалар ұйымдастыру, стендтер жасау
  • «Мәңгі алау» алеясында, батырлар ескерткіштерін күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу
  • Мұражайлық экспонаттар жинау
  • ҰОС және Еңбек ардагерлерін қамқорлыққа алу және т.б.
  • Әскери бөлімшелердің жұмыстарымен танысу, экскурсиялар жасау.

Қорытынды

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың дамыған заманында, әскери –қарулы күштер қатары жоғары білікті және идеологиялық астарлы ойлай алатын, кез келген бұйрықты бұлжытпай орындайтын мамандарға тапшы екені анық. Сол себепті де біз өсіп келе жатқан жстарымызға әскери-патриоттық тәрбие бере отырып, оларды Отансүйгіштікке тәрбиелеуіміз керек.

Жоғарыдағы зерттеулер нәтижесінде оқушылардың  спортқа, АӘД, тарих, география пәндеріне деген қызығушылықтарының жоғары екенін көруге болады. Мұның себебі тарих пәндерінде жастар өздерінің ата-бабаларының мақтаныш ететін ерліктерімен таныса отырып оларды үлгі тұтады. География пәнін оқуда оқушылар Отанының жер шарында алатын орнын, Елінің шекарасын, қай елдермен көршілес екендерін біліп, танып отырады. Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып жастардың Отанының  алдында  әскери борыштарын өтеуге деген ынталарының жоғары 4,30 балл  екенін көріп отырмыз. Жастардың өздері де әскери салаға бару үшін физикалық дайындықтарының, моральды-психологиялық дайындықтарының жоғары деңгейде болуы керектігін түсініп отыр. Дегенмен біз, ұстаздар қауымы әскери патриоттық білім беруді әрі қарай жандандыра түсуіміз керек. Ол үшін төмендегідей іс-шараларды көптеп ұйымдастыруды ұсынамын.

Ұсыныстар

  • Жастарды өз Елінің батырлары мен патриоттары туралы, жасаған еңбектері мен ерліктері туралы деректермен таныстыру. Әсіресе өз өңірлерінің батырлары болса.
  • Мектептер мен колледждер ішінен әскери-патриоттық тәлім тәрбие беретін ұйымдар мен секциялар ұйымдастыру.
  • Әскери – спорттық ойындар ұйымдастыру.
  • Ардагерлермен кездесулер, конференциялар, дөңгелек үстөлдер ұйымдастыру.
  • Театрландырылған жаппай көріністер ұйымдастыру. Әсіресе мерекелерде.
  • Әскери бөлімшелермен тығыз қарым-қатынаста бола отырып, олардан, әскери –материалдық база құру мақсатында көмек алу және т.б.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқушылардың «Алғашқы әскери дайындық» пәніне қызығушылығын арттырудың жолдары»

Оқушылардың «Алғашқы әскери дайындық» пәніне қызығушылығын арттырудың жолдары


Мектеп оқушыларына әскери - патриоттық тәлім-тәрбие бере отырып, әскери борышын өтеуге деген ынталарын анықтау.

Егемендігімізді алғалы міне 26 жылдан асып барады. Елбасымыздың көрегенді саясаты арқасында еліміз өсіп өркендеуде. Қазақстан Республикасының шекарасы анық бекітіліп, әскери-қарулы күштердің саласы да көптеген жетістіктерге жетуде. Осы уақыт аралығында елімізде жастарға әскери -патриоттық тәлім –тәрбие беру маңызды мәселелердің бірі болып келеді. Себебі, еліміздің ертеңін қорғайтын тапқыр әрі ержүрек елқорғаушыларды дайындауда әскери-патриоттық тәләм-тәрбие беру басты бағыт болып отыр. Жастарға әскери-патриоттық тәлім-тәрбие беру ісін сәтті болсын десек, міндетті түрде жастарға ұлттық патриоттық тәрбие беретін тарихымыздың батырларына көз жүгіртуіміз қажет. Біздің ата-бабаларымыз Алтайдан Атырауға, Еділ мен Жайыққа дейінгі ұлан-ғайыр мол жерді талай ғасырлар бойы басқыншыны жаудан қорғап, бостандық пен тәуелсіздік жолында жанын пида етті. Сондықтанда біздер халқымыздың қас батырлары- Қабанбай мен Бөгенбайды, Исатай мен Махамбетті, Кенесары мен Наурызбайды, Райымбек пен Қарасайды, Қасымхан мен Абылайханды қадір тұтып, қастерлейміз. Олардың халқы үшін қалтықсыз қызымет еткен үлгі-өнеге етіп, осындай ата-бабаларымыздың болғанын мақтан етеміз. Өз Отанын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу мектептегі әскери-патриоттық жұмыстың басты өзегі болуы керек. Өйткені кез-келген егеменді мемлекет сияқты Қазақстан өзінің қорғаныс қабілетін сақтауды маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі және бүкіл халықтың ісі деп санайды. Алғашқы әскери дайындық пәнін жүргізгенде жоғарыда аталғандай батырлардың ерліктері әңгімеленіп отырса болашақ ұрпағымыз сол арқылы ерлікке, шыншылдыққа, әділеттілікке, сыпайылыққа және т.б. адами қасиеттерімен танысып отырады.

Елімізде Отанның қорғаушысы болуды армандайтын ұлдар мен қыздар білім алуда Олар Қазақстан тарихын тереңдетіп оқиды, алғашқы әскери дайындық сабағына аса бір ынтамен қатысып, болашақта тәуелсіз еліміздің мақтанышы тұтар аяулы ұлдары-Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Тоқтар Әубәкіріов сынды халқының құрметті азаматы болуды армандайды. Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгілікке, өз елін сүюге баулып келеді.

Елімізде оқушыларға әскери-патриоттық тәлім-тәрбие сонау Совет Одағы кезінен бері беріліп келуде. Сол себепті алғашқы әскери дайындық пәні маңызды пәннің бірі болып отыр. Оқушыларға әскери-патриоттық тәлім - тәрбие беруде төмендегідей талаптарды ескеруді ұсынамын:

  1. Жас мөлшерін есепке алу.

  2. Болмыс ерекшелігін ескеру.

  3. Патриотық сезімін ұғу.

  4. Жасына сай ақыл-ойын дамыту.

  5. Тәрбие мазмұнының біртұтастығы.

  6. Тәрбиенің үзіліссіздігі.

  7. Ұжымдық тәлім-тәрбие.



Алғашқы әскери дайындық пәнін оқыту барысында ұстаздар оқушыларды:

  • Моральдық физикалық тұрғыдан дайындауы;

  • Еліне және Елбасына деген құрмет пен махаббаттарын нығайтуға;

  • Заң мен тәртіпке бағынуға үйретуге;

  • Әскери қатар және әскери саланың қыр сырымен таныстыруы қажет.

Сонымен қатар, Алғашқы әскери дайындық пәнінің тағы бір артықшылығы оқушыларғы төтенше жағдайлар кезінде және алғашқы медициналық көмек көрсету жағдайларында өздерін қалай ұстап қандай іс-шаралар жасалатына туралы да оқытылатыны. Әсекри түрде сәлемдесу, рапорт беру, бұйрық беру, әскери қатарда тұру, әскери жүру т.б. үйретіледі.

Еліміз егемендігін алғалы бері Қарулы күштер саласы нығайып келуде. Соған бірден бір себеп ол, мектептерде Алғашқы әскери дайындық пәнінің жүргізілуі деп білемін. Дегенмен әскери-патриоттық тәлім тәрбие беруге аса назар бөлінген кезең ол, ҰОС жылдарында болды. Сол кездегі жастардың барлығы дерлік әскери дайындықтың алғашқы нысандарын білуі керек еді. Себебі, сол кездегі жағдай соны талап етті.

Қазіргі күнге дейін Алғашқы әскери дайындық пәні оз маңыздылығын жоғалтқан емес. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында төмендегідей іс-шараларды ұйымдастырудың маңызы зор болар еді деп ойлаймын.

  • Жас әскерлер отрядын құру

  • Жас космонавттар секциясын құру

  • Жас теңізшілер секциясын құру

  • «Ел қорғаған батырлар» бұрышын құру

  • Әскери-патриоттық тәлім тәрбие беру тақырыбында дөңгелек үстелдер, конференциялар мен ардагарлермен кездесулер ұйымдастыру.

Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыру үшін қажетті жолдарды да атап көрсеткім келіп отыр. Оны төмендегі кестеден көруге болады.



Әскери-патриоттық тәлім - тәрбие берудің түрлері.


I топ

Жалпы саяси тәрбие беру. Мысалы: Жас Ұлан, Жас Отан т.б. патриоттық ұйымдарға мүше болуға ұмтылу. Ол үшін

  • Дәріс оқу

  • Әңгімелесу жүргізу

  • Баяндау

  • Тарихи деректі фильмдер көрсету.

II топ

Сыныптан тыс жұмыстар.

  • Әр облыстың өзіне тән әскери тарихи жерлері болса, сондай жерлерге танымдық серуендерге шығу

  • Әскери спорттық ойындар ұйымдастыру және оны мектепаралық, облысаралық деңгейде өткізу

  • Маусымдық әскери лагерлер құру

III топ

Адамдардың көңіл күйі мен эмоциясына әсер ететін түрлері.

  • Оқу-жаттығу митингілері, жаппай театрландырылған көріністер өткізу

  • Ардагерлермен кездесулер

  • Әскери мұражайлармен, қарулармен, техникалармен танысу

IV топ

Практикалық іс-әрекет түрлері

  • Әскери техникалық білім беретін материалды техникалық базалар ұйымдастыру, стендтер жасау

  • «Мәңгі алау» алеясында, батырлар ескерткіштерін күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу

  • Мұражайлық экспонаттар жинау

  • ҰОС және Еңбек ардагерлерін қамқорлыққа алу және т.б.

  • Әскери бөлімшелердің жұмыстарымен танысу, экскурсиялар жасау.


Қорытынды

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың дамыған заманында , әскери –қарулы күштер қатары жоғары білікті және идеологиялық астарлы ойлай алатын, кез келген бұйрықты бұлжытпай орындайтын мамандарға тапшы екені анық. Сол себепті де біз өсіп келе жатқан жстарымызға әскери-патриоттық тәрбие бере отырып , оларды Отансүйгіштікке тәрбиелеуіміз керек.

Жоғарыдағы зерттеулер нәтижесінде оқушылардың спортқа, АӘД, тарих, география пәндеріне деген қызығушылықтарының жоғары екенін көруге болады. Мұның себебі тарих пәндерінде жастар өздерінің ата-бабаларының мақтаныш ететін ерліктерімен таныса отырып оларды үлгі тұтады. География пәнін оқуда оқушылар Отанының жер шарында алатын орнын, Елінің шекарасын, қай елдермен көршілес екендерін біліп, танып отырады. Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып жастардың Отанының алдында әскери борыштарын өтеуге деген ынталарының жоғары 4,30 балл екенін көріп отырмыз. Жастардың өздері де әскери салаға бару үшін физикалық дайындықтарының, моральды-психологиялық дайындықтарының жоғары деңгейде болуы керектігін түсініп отыр. Дегенмен біз, ұстаздар қауымы әскери патриоттық білім беруді әрі қарай жандандыра түсуіміз керек. Ол үшін төмендегідей іс-шараларды көптеп ұйымдастыруды ұсынамын.


Ұсыныстар


  • Жастарды өз Елінің батырлары мен патриоттары туралы, жасаған еңбектері мен ерліктері туралы деректермен таныстыру. Әсіресе өз өңірлерінің батырлары болса.

  • Мектептер мен колледждер ішінен әскери-патриоттық тәлім тәрбие беретін ұйымдар мен секциялар ұйымдастыру.

  • Әскери – спорттық ойындар ұйымдастыру.

  • Ардагерлермен кездесулер, конференциялар, дөңгелек үстөлдер ұйымдастыру.

  • Театрландырылған жаппай көріністер ұйымдастыру. Әсіресе мерекелерде.

  • Әскери бөлімшелермен тығыз қарым-қатынаста бола отырып, олардан, әскери –материалдық база құру мақсатында көмек алу және т.б.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Оқушылардың «Алғашқы әскери дайындық» пәніне қызығушылығын арттырудың жолдары

Автор: Дастанов Айдар Есетұлы

Дата: 18.02.2018

Номер свидетельства: 458136


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1690 руб.
2110 руб.
1690 руб.
2110 руб.
1950 руб.
2440 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства