Отчет предметной недели русского языка и литературы 14-15 учебный год.
Отчет предметной недели русского языка и литературы 14-15 учебный год.
2015 жылды? 26 – 31 аралы?ында мектепте орыс тілі мен ?дебиеті апталы?ы болып ?тті. Апаталы?тын ма?саты: «Орыс тілі мен ?дебиеті саба?тарына инновациялы? технологияларды пайдалану». Апталы?ты? ма?саты орыс тіліні? м?ртебесін арттыру, о?ушыларды? ?з ойларын еркін,на?ты жеткізе білуге баулу, тіл байлы?тарын шы?дау, ?зін-?зі дамыту, коммуникативтік,о?у-танымды? ??зіреттіліктерін дамыту. Осы апталы?ты ?ткізу барысында апталы?ты? жоспары ??растырылып, о?ушылар назарына ?сынылды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Отчет предметной недели русского языка и литературы 14-15 учебный год. »
2015 жылдың 26 – 31 аралығында мектепте орыс тілі мен әдебиеті апталығы болып өтті. Апаталықтын мақсаты: «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарына инновациялық технологияларды пайдалану». Апталықтың мақсаты орыс тілінің мәртебесін арттыру, оқушылардың өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту, коммуникативтік,оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту. Осы апталықты өткізу барысында апталықтың жоспары құрастырылып, оқушылар назарына ұсынылды.
26 қантар күні оқушылардың таңғы саптүзеуінде орыс тілі мен әдебиеті апталығының басталғаны хабарланып, оқушылар жұмыс жоспарымен таныстырылды, Абишева Г. Ш. «Оқу процессіндегі инновациялық технологиялар» тақырыбында стенд жабдықтады, «Сначала Аз да Буки, затем другие науки» атты лездемені Абдимолдаева А.А. 10 «А» сынып оқушыларымен бірге ұйымдастырды, 1-қабаттағы дәлізіне апталық туралы мәлімет жазылған тақта қойылды.
Осы жоспарға сәйкес апталықтың жұмыс жоспары басталды. Апталық басталысымен мектептің бірінші қабатында апталыққа арналған апталықтың жоспары, бастауыш сынып оқушыларына арналған қызықты «Подумаем и поиграем» атты суретті тапсырмалар, жоғары сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын арттыру мақсатында ауыз әдебиеті өкілдері мен ақын-жазушылардың портреттері мен шығармашылығы, сонымен қатар тіл байлығын дамыту мақсатында мақал-мәтел, жаңылтпаштар, ой ұшқырлығын дамыту үшін жұмбақтармен безендіріліп, оқушылар назарына ұсынылды.
Бағдарламаға 5-11-сынып оқушылары қатысты.
9 сынып оқушылары арасында "Орыс тілі халқының ақындарына "реферат жазу деген тақырып пен байқау өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша, орыс тілін қаншалықты жақсы білетіндігін дәлелдей алған 9-сынып оқушылары Амангельді Мөлдір, Көлбай Ақбота, Ақатали Дария, Малдыбаева Бибинур, Қожан Айзат, Ізмухан Анель жеңімпаз атанды.
6-7 сыныптар аралығында «Стихи о зиме» өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өтті. Нусупкул Анель, Сапагова Аружан, Жолтай Нурай, Нурланқызы Айшагуль жеңімпаз атанды.
5 -6 – сынып оқушыларының арасында «Қазақстан- елім менің» суреттер топтамасы ұйымдастырылды. Жарыс нәтижесінде 5-сынып оқушысы Утегенова Томирис,Жақан Нұрсұлтан, Шәкен Алуа жеңімпаз атанды.
Орыстардың ұлттық ойындары деген тақырыпта сайыс өтті. Сайысқа 9-10 сыныптар қатынасты. Орыс ұлттық ойындары: «Петушинный бой», «Колечко, колечко», «Золотые ворота» бойынша сайыс өтті. Жеңімпаздар: Абыхан Абылай, Болатов Эльдар, Абай Абылай, Қырғызбай Мақсат.
Пән мұғалімдері бір үлгілі сабақ және бір сыныптан тыс сабақ өткізді.
Момбаева А.Т. 8 «А» мен 10 «В» сынып оқушыларымен «Пусть будет мир на всей земле» Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 70 жыл толуына әдеби-музыкалық композиция қойды. Сабақ барысында мұғалім тақырыпқа сай бейнероликтерді, фильмдерден үзінділерді тиімді пайдаланды, оқушылар әуенге қосыла отырып ән салды, би биледі, соғыс жайында ой толғап өлендер оқыды. Сабақ өте әсерлі өтті. 8 «А» сыныпта «Н. Заболоцкий. Не позволяй душе лениться» тақырыбында орыс әдебиеті пәнінін урок-мастерская корсетті. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы дұрыс жолға қойылған. Бейнефильм арқылы оқушыларды «жан» деген сөзге түсінік қалыптастыра білді, оқушыларға өз бетінше жұмыс істеуге ізденуге баулыды. Интернет желісін қолдану арқылы еркін ойлауға мүмкіндік берілді. Мұғалім сабақта тек бағыттаушы рөлін атқарды. Сабаққта 7 модульдің бәрі қамытып үлгерді.
Сабитова Р.Р. «Знатоки русского языка» атты 6 «А», «Б» сынып оқушыларымен сабақтан тыс сабақ өткізді. Оқушылар белсенді қатысты. Мүғалімнің дайындаған тапсырмаларының барлығы ойын түрінде өткізілді. Тапсырмалары қызық әрі бағдарламаға сай берілген. Оқушылар орыс тілінде сөйлеуде дағдыланған. Аударма жұмысы қызықты өтті. 9 «А» сыныбында «Сложноподчиненное предложение. Параллельное подчинение» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Оқушылар откен тақырыптар бойынша білім негіздерінің бар екендігін көрсете білді. Постер қорғау арқылы сөздік қорының байлығын көрсетті. Сабақ барысында электрондық оқулық пайдаланды.
Абдимолдаевка А.А. 9 «Б» сынып оқушыларымен «Масленица. Проводы зимы» орыс ұлттық салт-дәстүрімен таныстырды. Оқушылар орыс халқының ұлттық киімімен ән салып, би билеп, мақал-мәтелдер айтып жарысып, ұлттық ойындар ұйымдастырды. Орыс дастарханы бублики, баранки, блины әзірленді. 10 «А» сыныбында «И.С.Тургенев «Стихотворения в прозе» үлгілі сабағын көрсетті. АКТ мүмкінділіктерін қолданды.
Сабақтын ғылымилығы, өмірмен байланыстығы болды, оқушылардың белсенділігі топтық жұмыста орташа болды.
Варисова А.К. 5 «Б» сыныбында «С. Саршак «Сказка про короля и солдата» орыс әдебиетінен сабақ көрсетті. Мұғалім тапсырмаларды түсіндіруде тиімді әдіс-тәсілдерді қолданды. Проблемалық сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойлауын, сынпи тұрғыдан ойлау білуге үйретті. Оқушылар топта бірлесіп жұмыс жасауға дағдыланған.
6 «А» сыныбында Абишева Г.Ш. «Спряжение глагола» сабағын көрсетті. Мұғалім тақтада қатемен жазған оқушыларға қатесін көрсетіп түземеді. Сабақ үлгілі сабақтарына жатпайды, ешқандай жаңалық, қосымша оқушының қызығушылығын арттыратын тапсырмалар болған жоқ.
Апта соңында «Великий, могучий русский язык» атты сабақтан тыс 8-11 сынып арасында іс-шара өтті. апталық қорытындысы шығарылып, апталық барысында белсене қатысқан оқушылар мен жарыс жеңімпаздары аталып, сыйлықтармен марапатталды.
Апталықтың бекітілген жұмыс жоспарындағы барлық іс-шаралар мазмұнды, мағыналы , сапалы өткізілді.
Алматы облысы Жамбыл ауданы
Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп МДШО
Орыс тілі мен әдебиеті пән апталығының қорытындысы