О?ушылар?а с?з таптары, оны? ішінде зат есім, зат есімні? жалпы есім, жал?ы есім т?рлері туралы тере?ірек білім беру.С?з таптары бойынша бастауыш сыныптарда ме?герген білімдеріне с?йене отырып, зат есім туралы т?сініктерін дамыту; сауатты жазу, о?у да?дыларын жетілдіру; о?ушыларды? белсенді ойлау ?ызметтерін жандандыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Зат есім 6 сынып »
Бекітемін:
Мектеп директоры:
____ Ш.М.Қапарова
__ «___» __________
Тақырыбы: Сөз таптары Зат есім
6- сынып
І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Уразбаева Б.М.
2014-2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сөз таптары, оның ішінде зат есім, зат есімнің жалпы есім, жалқы есім түрлері туралы тереңірек білім беру.
Дамытушылық: Сөз таптары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, зат есім туралы түсініктерін дамыту; сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.
Тәрбиелік: қазақ тілінің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып, тілдік-эстетикалық семзімдеріне тәрбиелеу, адамдық қасиеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже: оқушылар зат есімнің грамматикалық категориялары туралы толық меңгереді, сөйлем арасындағы зат есімдерді сұрақ қою арқылы бірден таба алады.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Әдісі: түсіндіру, ізденіс, сұрақ-жауап, талдау.
Көрнекіліктер: слайдтар, сызба- нұсқа, тақырыпқа арналған кесте-плакат, тақта, бор, оқулық
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
*сәлемдесу,оқушыларды түгендеу;
*оқу құралдарын тексеру;
*оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
*оқушыларды топқа бөлу.
І топ: Білім
ІІ топ: Өнер
ІІІ топ: Қыран
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
117- жаттығу, ереже сұрау
Мәтіннен одағай сөздерді тауып, қандай мақсатта қолданылып тұрғанын дәлелдеңдер.
Беу, дүние- ай- шаттану мақсатында қолданған
Апырмай- ұнату мағынасында қолданған.
Ережені сұрау:
Атауыш сөздер дегеніміз не?
Мысал келтір
Атауыш сөздер қанадай мағына береді?
Көмекші сөздер қандай мағына береді?
Көмекші сөздер дегеніміз не? Мысал келтір
ІІ.Жаңа сабақ.
Сөз таптары. Зат есім
Заттың атын білдіріп, кім? Не? деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы: әке (кім?), тау (не?), Оқушы ( кім?), іні (кім?) Зат есім жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді. Біркелкі заттардың жалпы атауын жалпы есім дейді. Заттардың ішінде бір түрінің өзіне ғана қойылған аты жалқы есім деп аталады. Мысалы: кісі, адам деген жалпы атаулыға тән болса, Байжан , Гүлнар деген сөздер жалпыға емес, жеке кісіге ғана қойылған.
Заттың, ұғымның атын білдіретін сөз табы.
Сұрақтары: кім?не?кімдер?нелер?
Тұлғасына қарай
Құрамына қарай
Негізгі зат есім
Туынды зат есім
Дара зат есім
Күрделі зат есім
Бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім.
Мысалы:
у, ат, ант, бата, құдық, жапырақ
Түбір зат есімге және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім