kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" Жарасымды қарым-қатынас" Сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығының  мәнін  ашу  арқылы жарасымды  қарым-қатынас  туралы  оқушылардың  түсінігін кеңейту.

Міндеттері:

1. Әдептілік, мәдениет туралы оқушылардың түсініктерін тереңдету.

2.Өз-өзіне сенімді болу жетістікке жетудің бастауы екенін  ұғындыру.

3. Өмірдегі  ситуацияларды талдау арқылы оқушыларды  өз парызын атқаруға  тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" Жарасымды қарым-қатынас" Сабақ жоспары»

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп: Құрық орта мектеп –гимназиясы

Мерзiм: ақпан

Мұғалiм: Даукиев Сайран Еламанұлы

Сынып: 10

Тақырып: Жарасымды қарым-қатынас

Құндылық:_Дұрыс әрекет құндылығы Қасиеттер: Әдептілік, өз-өзіне сенімді болу, парыз


Мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу арқылы жарасымды қарым-қатынас туралы оқушылардың түсінігін кеңейту.

Міндеттері:

1. Әдептілік, мәдениет туралы оқушылардың түсініктерін тереңдету.

2.Өз-өзіне сенімді болу жетістікке жетудің бастауы екенін ұғындыру.

3. Өмірдегі ситуацияларды талдау арқылы оқушыларды өз парызын атқаруға тәрбиелеу.


Ресурстар: (Оқулық,интербелсенді тақта,Қазақстанның картасы)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылыардың күнделік,оқулық дәптер, бейджик, пеналын тексеру. Оқушылармен бірге 5 «Т» ережесін еске түсіру. Т-тәртіп

Т-тазалық

Т-тыныштық

Т-талап

Т-татулық

  1. Тыныштық сәтi. Орманға саяхат (баяу музыкамен «Хрустальная грусть» Алексей Захаренко)

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықтағы С.Б.Дорженовтың мәтіні. 82-83 бетте.

1.Үлкенді құрметтеудің қандай рәсімдерін білесіңдер?

2. «Ақсақал» «Ел ағасы» деп кімдерді айтады?

3.Қазақ халқындағы үлкенді сыйлау рәсімдері қандай құндылыққа жатады деп ойлайсыңдар?

4.Үлкенді сыйлауға байланысты досыңа кеңес берген кезіңіз болды ма? Мысал келтір.


Ескерту

  1. Дәйексөз.

«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы»

А.Линкольн

Дәйексөзді ұлдарға, содан кейін қыздарға және хормен қайталату.

Оқушылардан дәйексөздің мағынасын ашу, дәптерге жазу.



  1. Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат)

Мұғалім сыйы.

«Кәрі шешей» әңгімесі


  1. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

«Үлкендер» мен «Кішілер» берілген ситуация бойынша келіссөз жүргізеді.


  1. Топпен ән айту.

Сөзі: О.Әубәкіровтікі

Әні: Ә.Бейсеуовтікі

Ағаларым!
Құшағы оттай ыстық Сахарадай
Көңілі алып ұшқан шағаладай 
Алдымнан көкем ай деп шығатұғын
Сендерді сағындым ғой
Сендерді сағындым ғой Ағаларым!

қайырмасы
Қажымас қара нарым
Кең байтақ даналарым
Күнім деп еркелетер
Аман бол Ағаларым 2 р

2 Аңқылдақ айналайын ағаларым
Сағынсам іздеп барар паналарым
Ініңе ізіңдегі қарап жур деп 
Қалдырған өздеріңді
Қалдырған өздеріңді бабаларым
қайырмасы

3 Өзіңе сыйынамын қандай жақсы
Сөзіңе суйсінемін балдай тәтті
Ерлердің ағасы бар-жағасы бар!
Алдыңда ағаң болған
Алдыңда ағаң болған қандай жақсы!
қайырмасы!


  1. Үй тапсырмасы.

С.Ақатайдың жазғандарынан үзінді. 88-90 бетте.



  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Тыныс алуға зейін қою.

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады.
































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
" Жарасымды қарым-қатынас" Сабақ жоспары

Автор: Даукиев Сайран Еламанұлы

Дата: 15.02.2017

Номер свидетельства: 392164

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Туында тарауын ?айталау ж?не жа?ымды ?арым-?атынас орнату"
    ["seo_title"] => string(64) "tuynda-tarauyn-k-aitalau-zh-nie-zhag-ymdy-k-arym-k-atynas-ornatu"
    ["file_id"] => string(6) "300476"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1456740062"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Туында тарауын ?айталау ж?не жа?ымды ?арым-?атынас орнату"
    ["seo_title"] => string(66) "tuynda-tarauyn-k-aitalau-zh-nie-zhag-ymdy-k-arym-k-atynas-ornatu-1"
    ["file_id"] => string(6) "300477"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1456740070"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "Саба? жоспары:?зін-?зі тану п?ні"Бірлігі жарас?ан халы?пыз.""
    ["seo_title"] => string(53) "sabakzhosparyozinozitanupnibirlighizharaskankhalykpyz"
    ["file_id"] => string(6) "331651"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464694865"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) ""Мен ғажайыппын" тренинг сабақ."
    ["seo_title"] => string(33) "mien_g_azhaiyppyn_trieningh_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "431077"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1507285940"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "?лкенге –??рмет, кішіге-ізет"
    ["seo_title"] => string(31) "ulkienghiekurmietkishighieiziet"
    ["file_id"] => string(6) "280205"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453348435"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства