kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мінез - адам көрсеткіші

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мінезі бірқалыпты адамдардың өмірі де жаймашуақ болады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мінез - адам көрсеткіші»

Іле ауданы Боралдай кенті №40 орта мектеп

Пән мұғалімі: Муратбекова Клара Байжановна


Сабақтың мазмұны

Сабақтың құрылымы


Сыныбы, пәні

9 «а», өзін-өзі тану,

Мерзімі

14.12.16

Сабақ реті

6 сабақ

Тақырыбы

Мінез адам көрсеткіші

Мақсаты

Оқушылардың адалдық, шындық туралы түсініктерін кеңейту. Адамгершілікке, кішіпейілділікке баулу.

ресурстар

Мұғалімге арналған нұсқаулық, аудио жазба,оқулық,дәптер, постер, маркерлер,тақта, стикерлер, таратпа тапсырмалар

Күтілетін нәтиже

Оқушылар бүгінгі тақырыпты жан-жақты қарастырады, өз ойларын ашық айтуға бейімделеді, шығармашылықпен жұмыс жасауға үйренеді.





Ұйымдастыру әрекеті

уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Күтілетін нәтиже

Тыныштық сәті.Нұрға бөлену.


Баяу музыка ойнап тұрады. Мұғалім музыка ырғағымен мәтінді мәнерлеп оқиды.

«РАУШАН ГҮЛІ»

Ыңғайлы отырып, көзімізді жұмамыз, бірнеше терең дем алып, босаңсыған қалыпқа енеміз.

Раушан гүлінің бұтағында бірнеше енді ғана бүршік жарған гулдермен және әлі де бүршік жара қоймаған гүлдің ең алғаш түйнегін көз алдымызға елестетейік... Енді өз зейінімізді сол бір түйінектің біріне шоғырландырамыз. Ол әлі де гүл түйнегі аша қоймаған жап-жасыл, бірақ ең жоғары бөлігінде раушан гүлінің түсі көрінердей шеттері байқалады. Барлық көңілімізді сол бір ашылып келе жатқан гүлдің біріне аударайық және оны өз сезімімізбен сезінейік

Енді жасыл түйін жайлап ашыла бастайды. Тіпті оның бөлек-бөлек жапырақшалардан құралғанын, бір-біріне жайлап байланысып әлі де ашылмаған раушан гүлі де көрінеді.

Жапырақшалардың өзі жайлап ашылып, әдімі толық гүлдеген раушан гүліне айналуда. Оның өзіне тән керемет иісін сезінейік.

Ал енді раушан гүліне күннің сәулесі түскенін елестетейік. Ол барлық сәулесін, жылуын гүлге беруде. Күн сәулесіне бөленген раушан гүліне зейінімізді аударып, біраз уақыт ұстап тұрайық.

Гүлдің ең жүрегіне мұқият қарап, өзімізді сол раушан гүліне теңеңейік. Сол гүл мен жапырақшаларды сезінейік. Раушан гүлінен ұялмай, өзіңді толғандырып жүрген ойларыңмен, сезіміңмен бөліс. Бұл раушан гүлі өте ақылды бейне әрқашан өзіңмен бірге, кез келген уақытта ол сені тыңдайды, оның осындай кереметтігін ұмытпа. Раушан гүлі мен оның жапырақтары ол –өзіңсің. Сонымен қатар раушан гүлі барлық адамдарды керемет қуанышқа бөлегеніндей өз бойыңдағы шабытың мен сезіміңді әрқашан дамытып, өзіңді әрқашан қуанышқа бөле.

Енді жайлап ортаға оралайық.


Оқушылар жүйке-жүйелерін тыныштандырып, жайлылыққа бөленеді.

Үй тапсырмасы


Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.


Дәптермен жұмыс №2 тапсырма.Үйден орындап келген тапсырмаларын айтады.


Талдау,түйіндеу

Топпен жұмыс. Оқушылар 4 топқа бөлініп отырғызылған.Топтар бойынша тапсырма беріледі


Әр топқа бір-бірден дәйексөз беріледі. Үлестірмелер арқылы дәйексөздер таратылып беріледі.

Оқушылар берілген дәйексөздің мағнасын топ мүшелерімен талқылап, араларынан бір оқушы түйінді ойды көпшілікке жария етеді.

1-топ «Адалдық-ардың ісі»

2-топ «Адалдық деген ашық,шыншыл қарым-қатынас»

3-топ «Адалдық-адамдықтың белгісі»

4-топ «Жаман туғаның болғанша, жақсы жолдасың болсын»

Оқушылар бірден төрт дәйексөздің мағнасын түсінеді.Түйіндейді, талдайды.

Мәтінмен жұмыс


Зейін Шашкиннің

«Темірқазық» мәтінін оқыту

Әр топ өздіктерімен мәтінді оқиды,бір-біріне түсіндіреді. (диалогтық оқыту). Топтар бір-біріне сұрақтар қояды.

1-топ – Мақаш атай Қайдардан не деп сұрады?

2-топ – Қайдардың жауабы қандай болды?

3-топ – Жақсылық дегеніміз не екен?

4-топ – Не себепті Мақаш атай «Адалдық-өмірдің Темірқазығы деді».

Оқушылар мәтінді диалогтық оқу арқылы,өздіктерінен түсініп,талдайды.

Шығармашылық жұмыс. Топпен жұмыс.Постер жасау.


Мұғалім әр топқа төмендегі тақырыптарды ұсынады.

1-топ «Қоғам әділеттігінің негізі болады...

2-топ «Адамдардың ізгілікті қарым-қатынас жасауына ықпал етеді.

3-топ Жеке тұлға мінез-құлқының жағымды қалыптасуына әсер етеді....

4-топ Адал,шыншыл болу қасиеттерін қалыптастыруда өзіне тұжырымдама жасау.





Қоғам әділеттігінің негізі болатын нелер? Өз ойларын ортаға салып шығармашылықпен жұмыс жасайды.


Адамдардың ізгілікті қарым-қатынас жасауына ықпал етеді,қандай жағдайлар?


Жеке тұлға мінез-құлқының жағымды қалыптасуына әсер ететін факторлар, ашып, таладап көрсетеді.



Адал,шыншыл болу қасиеттерін қалыптастыруда адам не істеу керек немесе нелер кедергі болады.


Оқушылар берілген тапсырманы барынша ашып қарастырады. Бір мезетте төрт тапсырманы орындауға мүмкіндіктері болады.

Жағдаятты талдау


Әр топқа бір-бірден жағдаят таратылып беріледі

Оқушылар жағдаятты топта талқылып,ортақ ойларын ортаға салады,пікір алмасады.

Жағдаят 1- топ


Талғат теледидардан спорттық бағдарламаны қарап отырған еді.Сол мезет інісі жүгіріп келіп «Сізді досыңыз Самат телефонға шақырады" деді. Талғат бағдарламаны үзгісі келмей «Мені жоқ деп айта салшы» деді.

  • Талғаттың әрекеті туралы не айтасың?

  • Сіз Талғаттың орнында болсаңыз не істер едіңіз?


Жағдаят 2- топ

Асан көрші досы Маратқа үйін көшірісуге көмектесемін деп,уәде беріп қойған еді.Сол күні мұғалім бақылау жұмысына дайындалып келуді тапсырады. Асан Маратқа көмектесіп келіп,шаршап ұйықтап қалуы себепті,бақылау жұмысына дайындала алмады.Таңертең Асан ұйқыдан турған соң «бақылау жұмысынан құлаймын» деп ойлап, «Неге сабаққа бармайсың? деген анасына «басым ауырып тұр» деп айта салады.Оның өзіне де басы ауырып тұрғандай болып көрінеді.

Сіз Асанның орнында болсаңыз не істер едіңіз?

Жағдаят 3- топ

Әсем туған күніне жаңа көйлек киіп келді.Әсемнің көйлегі өзіне қонымсыздау тұрды.Сыныптасы Алма Әсемге «Көйлегің тамаша жарасып тұр» деп айтты.

Алма неліктен Әсемге «Көйлегің өзіңе тамаша жарасып тұр» деді.

Жағдаят 4-топ

Сенбілік.Сынып жетекшісі тазартуға тиісті орындарға 10 оқушыдан бөліп, әр топқа бір оқушыдан жауапты етіп қойды. Сіз сол жауапты оқушының бірісіз.Оның бесеуі жұмыс істейді де,бесеуі әңгімелесіп отыра береді.

Сіз не істер едіңіз?


Бұл тапсырма сыныи тұрғыдан ойлай отырып, диалогтық оқу арқылы жүзеге асады.оқушылар аз уақытта көлемді мәліметті игереді.Өзара пікір алмасады.

Кері байланыс «Екі жұлдыз,бір тілек» (екі ұсыныс және бір тілек жазу)


Мұғалім оқушыларға сабақтан алған әсерлерімен бөлісуді,

сабақтың ұнаған тұстары немесе ұнамағандығын. Келесі сабақты басқаша түрлендіріп өткізуге деген ұсыныстарын білдірулерін өтінеді.Өзіне немесе достарына арнап бір тілек жазуды ұсынады.

Оқушылар таратылып берілген стикерлерге ұсыныстары мен тілектерін жазады. Оқығысы келген оқушыларға оқып берулерін сұрайды. Барлығы тілек ағашқа барып тілектерін іледі.

Оқушылар ұсыныс айтуға,тілек білдіруге үйренеді.

Үйге тапсырма


Оқушыларға тапсырманың орындалуын түсіндіріп өтеді.

№16 сабақ дәптердегі №1 тапсырманы орындау

Оқушылар тапсырманы орындау жолын түсінеді.Өздіктерінен тапсырманы орындауға төселеді

Соңға тыныштық сәті


Баяу музыка қосылады

-Көзімізді жұмып,тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік.Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Әрдайым жақсыны көруге,жақсыны естуге үйрнейік.Айналамыздағы адамдарға,жан-жануарларға ,құстарға риясыз жақсылық жаайық,ешкімге ешуақытта қиянат жасамайық.Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар.Көздеріңіз-ді ашуға болады.

Оқушылар көздерін жұмып,оқылған мәтінге сәкес іс әрекет жасайды.

Оқушылардың шаршағандары басылып,тынышытық сезімі билейді.
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мінез - адам көрсеткіші

Автор: Муратбекова Клара Байжановна

Дата: 14.03.2017

Номер свидетельства: 400045

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Мінез- адам к?рсеткіші""
    ["seo_title"] => string(22) "miniezadamkorsietkishi"
    ["file_id"] => string(6) "310470"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459019435"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Мінез- адам к?рсеткіші""
    ["seo_title"] => string(23) "miniezadamkorsietkishi1"
    ["file_id"] => string(6) "310471"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459019442"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Мінез- адам к?рсеткіші""
    ["seo_title"] => string(23) "miniezadamkorsietkishi2"
    ["file_id"] => string(6) "310472"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459019449"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Мінез – адам көрсеткіші"
    ["seo_title"] => string(24) "miniez_adam_korsietkishi"
    ["file_id"] => string(6) "398789"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489081760"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Мінез - адам к?рсеткіші (Т?рбие са?аты) "
    ["seo_title"] => string(40) "miniez-adam-korsietkishi-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "203513"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429510896"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства